Тіл
11 сынып оқушысы Тұрдахан Ералхан Батырбекұлы
Түркістан облысы Арыс қаласы Абылай Тілеубердин атындағы жалпы орта мектебі
Жетекшісі: Шойбекова Нурипа Темирбековна
Тілім менің-жүрегімімнің бөлшегі,
Тілім менің – тағдырымның өлшемі .
Тіл болмаса қазақ елі құралмас,
Жүзіп жүрген аққудай бір көлдегі.
Тілім менің –тағдырымның айғағы.
Тіл болмаса өмір болар қайдағы.
Тіл болса көңіліңде кір болмас.
Айтарсың сен ақылыңды ойдағы.
Тіл арқылы көтерілді ,қазағымның байрағы.
Тілімен шешкен ата –баба,қаншама қиын жағдайды
Тілің болса сайрап тұрған алдыңда ,
Келтіреді шабытыңды бойдағы.
Тіл болмаса сөйлеу тіпті білмейді.
Қазақ жұрты опасыздықты көрмейді.
Опасыздық жасаған кім екенін,
Ақын ағалар айтпаса, халқымыз оны сезбейді.
Тіл арқылы білімді сен аласың.
Тіл арқылы тау-тасты да жарасың
Тіл арқылы жеңіп бәрін қиынның,
Керектің бәрін өн бойыңа жиасың
Тіл арқылы бар нәрсені ұғасың.
Тіл арқылы сөз тауып, біреуге сен жағасың.
Тіл арқылы көптеген жұмыс атқарып ,
Ата-анаңды сен осылай бағасың.
Тіліңді сен жүрегіңдей сүйесің,
Тілің үшін қыйыңдықты жеңесің.
Тілің үшін тіпті бұл жалғанда,
Өз өміріңді қияда сен білесің.
Тіл тағдыры ұлт тағдыры білесің.
Тілің үшін бар нәрсеге көнесің.
Тілің барда әрқашанда тіпті сен,
Бақытыңды шаттығыңды сезесің.
Тілімізді құрметтеп біз жүрейік.
Әр қашанда бақытты болып күлейік.
Ата-баба сақтап келген ұлт тілін,
Қастерлейік, қадірін оның білейік.
Тілімізді құрметтейік анадай.
Тілімізді әлпештейік баладай.
Қазақ тілін асқақтатып өз даңқын,
Көтерейік әлемде сұлу қаладай.
