Тілім менің
8 сынып оқушысы Тұрсынәлі Азамат Нұралыұлы
Түркістан облысы Арыс қаласы Шағыр ауылы Абылай Тілеубердин атындағы жалпы орта мектебі
Жетекшісі: Шойбекова Нурипа Темирбековна
Тіл дегенде ой түседі жүрекке,
Тіл дегенім адамзатқа керек пе?
Тіл болмаса бұзыламыз бәріміз,
Тілдің күші біріккенде білекте.
Қазақ тілі намысым ол әрдайым,
Керек болса берер едім жан дайын.
Ұлттық тілді құрметтейік бауырлар.
Ағызайық тілдің барлық тер майын
Қазақ тілі , дана тіл негізінде,
Тұрады екен жүректің лебізінде.
Тіл болмаса қураймыз замандағы,
Шөп секілді тапталып елімізде
Тілім менің тас жүректі бұзады,
Сөйлемесем көкірегім қозады,
Қазақ тілі бай тіл десем бәріне,
Әрбір тілден тек біздіңкі озады.
Тастап кетті бізге барлық мұрасын,
Абай ата жүректе мәңгі тұрасын.
Қара тіл бар асатын қара сөзден,
Естіп оны қайран қазақ жаласын.
Көркем сөйлеп дамытайық қазақты,
Көрмейікші ешбір қиын азапты.
Тілді сыйлап тек жүрекпен ниетпен,
Естімейік жұрттан жаман мазақты.
