Адамдар жануарлардан не алады?

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: жаратылыстану Мектеп:М.Мақатаев атындағы №13 орта мектеп

Ұзақ мерзім жоспары: Жануарлар Мұғалімнің аты-жөні: Акчулакова Гульнара Батырхановна

Күні: 01.06.2018 жыл Қатысқандар саны:31

Сыныбы: 1 Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы Адамдар жануарлардан не алады?
Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына

сілтеме)

1.2.2.2 жабайы және үй жануарларын ажырату, үй жануарларынан және үй құстарынан алынатын өнімдерді білу, анықтау;
Сабақтыңмақсаты Жабайы және үй жануарларымен танысу,адамдар азық ретінде қолданатын өнімдерді анықтау.

Барлық оқушылар: Жабайы және үй жануарларын ажыратады, адамдар жануарлардан қандай өнімдер алынатыны туралы айтады..

Көптеген оқушылар: Үй жануарлары мен үй құстарын салыстырады, олардың немен көректенетіні туралы әңгімелейді .
Кейбір оқушылар: Үй жануарлары және үй құстарының адам өміріндегі маңызын тұжырымдайды және оларға күтім қажеттігін түсінеді.
Бағалау критерийі

Білу

Қолдану

Түсіну

Жабайы және үй жануарларын ажыратып, адамдар жануарлардан қандай өнімдер алынатыны туралы біледі.

Үй жануарлары және үй құстарының адам өміріндегі маңызын және оларға күтім қажеттігін түсінеді.

Үй жануарлары мен үй құстарынан алынатын өнімдерді өмірде пайдаланады.

Тілдік мақсаттар Оқушылар жануарлардан қандай өнімдер алынатыны туралы зерттеу арқылы көз жеткізіп түсіндіреді.

Тірек сөздер:Тері,жүн,сүт,жұмыртқа,ет, шұбат, қымыз, құрт,

 Қандай жануарларды білесіндер?

 Жануарлар бізге не береді?

Үштілділік: Сүт-молоко- milk

Тері-кожа-skin

Жұмыртқа –яйцо-egg

Құндылықтарға баулу Өзара әркетпен ынтымақтастық атмосферасын құру, бірігіп жұмыс істеуге дағдыландыру. Оқушыларды жануарларды аялауға, қамқор болуға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Сауат ашу:«Көркем жазу» әдісі Дәптермен жұмыс жүгрізу барысында, каллиграфиялық,орфографиялық нормаларды сақтауды қадағалау.Оқушыларға өз қателерін табуға, түзетуге мүмкіндік беру.

Музыка: Интербелсенді тақтаны пайдаланып, «Қошақан» әніне караокемен билетіп,ән айтқызып эстетикалық талғамын жетілдіру.

Акт қолдану дағдылары Интербелсенді тақта арқылы жажайыжәне үйжануарларын көрсету, салыстыру.Жануарлардан алынатын өнімдерді бейнежазбадан көрсету
Тақырып бойынша алдыңғы білім Жануарлардың қандай түрлері болатынын біледі
Сабақбарысы
Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

40 минут

Сабақтағыжоспарланғанжаттығутүрлері Ресурстар
Сабақтың басы

3 минут

5 минут

Білу

І. Ұйымдастыру кезеңі

Ынтымақтастық атмосферасын құру.

Өзіңізге тілегенді-басқаларға тілеңіз!

Әр оқушыға ішінен өзіне бір немесе бірнеше ізгі тілек тілеу тапсырылады.Содан кейін қатысушылар жұпқа бөлініп,бір-бірінің қолынан алып,жаңағы өзіне тілегенді жұптасына айтады.

1-тапсырма «Ойшылдың қалпағы» әдісі арқылы алдыңғы білімінжаңа сабақпен байланыстыру мақсатында қолданамын. Себебі,мұғалім мен оқушы,оқушы мен оқушы арасында ашық сұрақтар қою арқылы,ойларын дамытамын.

Сары қалпақ таңдағандар үй жануарлары туралы әңгімелейді.

Қара қалпақ таңдағандар жабайы жануарлар туралы әңгімелейді.

-Жануарлардың қандай түрлерін білесіңдер?

-Жабайы жануарлар қалай тіршілік етеді?

-Үй жануарларына адамдар қандай қамқорлық көрсетеді?

Бағалау критерийі:

1.Жабайы және үй жануарларын айтады, ажырата біледі.

Дескриптор:

1.Жабайы және үй жануарларының мекендейтін жерін айтады.

2.Үй жануарларынан алынатын өнімдерді атайды.

Интербелсенді тақтадан слайд

арқылы көрсету

Үй жануарлары мен жабайы жануарлардың суреті

Сабақтың ортасы

15 минут

Түсіну

Сергіту сәті:

Рефлекция

2-тапсырма. (Ұ) Белсенді оқыту әдісі «Сұрақ қою және талқылау тәсілі»

Барлық оқушылардың сабаққа қатысып отырғанына бақылау үшін сұрақ қою арқылы қабілеті жағынан әртүрлі оқушылардың пікірталасқа қатысып отырғанына көз жеткізу.

Ой шақыру. «Миға шабуыл» әдісімен жетелеуші сұрақтар арқылы тақырыпқа бағыттаймын.

Тақтаға «Жабайы жануарлар», «Үй жануарлары» деп кеспе қағазға жазылған атауларын екі бағанға іліп қою. Оқушылар кезекпен ұсынған белгілерін қажетті бағанға орналастырады.

Үй жануарлары Жабайы жануарлар

адам асырайды ормандарды мекендейді

адам оларға қора салады тауларды мекендейді

оларды қоректендіреді далаларды мекендейді

оларды бағады өзін-өзі қорғайды

төлдерін адам күтіп-өсіреді өзін-өзі емдейді

қорада тұрады өздері қорек табады

оларды арнайы маман емдейді өздері мекенін салады

Бағалау критерилері: ОТ

Барлық оушылар: Үй жануарлары мен жабайы жануарлардың ерекшеліктерін айтады.

Көптеген оқушылар: Үй жануарлары мен жабайы жануарлардың мекенін айтады.

Кейбір оқушылар: Жабайы жануарлардың негізгі белгілерін атайды.

Дескриптор

  • Тақырып бойынша мәлімет іздеді.
  • Мәліметтерді топта талқылады;
  • Сұрақтарға жауап берді;
  • Постер қорғады.

Қ Б:бағалау парағы:

Алмалар» әдісі

  • Мен түсінемін.
  • Мен түсінгендеймін
  • Мен түсінбедім.

3-тапсырма.(Ж) Саралау әдісі «Қарқын » тәсілі. Кейбір оқушылар басқаларға қарағанда жылдам жұмыс істейді,қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолданамын. Сөйлеу әрекетінің түрі –оқылым.

Оқулықпен жұмыс

Оқушыларға оқулықтағы сюжеттік суретке мұқият қарауды ұсыну,сурет бойынша сұрақтарға толық жауап алу.

– Анасы не сатып алды?

– Өнімдер қайдан алынады?

– Адамдар жануарлардан қандай азық түлік өндіреді?

– Азық-түлік өнімдерінен басқа жануарлардан тағы не алынады?

– Кім шұбат, қымыз ішіп көрді?

– Шұбатты, қымызды немесе құртты қалай жасайтынын көргендерің бар ма?

– Не себепті ірі үй жануарларынан қаланың пәтерінде емес, ауылда асырайды?

– Кім жұмыртқаның ақуызын жақсы көреді?

– Жұмыртқадан тағы қандай ас әзірлеуге болады?

Адам үй құстарынан тағы не алады?

Бағалау критерийі:

Барлық оқушылар:Үй жануарларынан қандай өнім алатынын біледі. Көптеген оқушылар:Үй жануарлар терісінен,жүнінен жасалатын киім түрлерін атайды.

Кейбір оқушылар: Адам ағзасы үшін азық түлік күш-қуат көзі екенін айтады.

Дескриптор

1.Үй жануарларнан азық –түлік өнімдерін алынатынын айтты

2. Жануарлар терісінен,жүнінен жасалатын киімдер түрлерін айтты.

ҚБ:«Шапалақтау» әдісі (әр оқушының жұмысы шапалақтау арқылы бағаланады.)

Сергіту сәті: Караокемен «Қошақаным» әнін айтады

Саралау әдісі «Жіктеу» тәсілі арқылы аралас гендерлік топ құру.

Топқа «Мозайка» әдісі арқылы бөлу.

( «Өнім», «Азық-түлік», «Сусын») деген сөздер шығады. Оқушылар шыққан сөздер бойынша топқа бөлініп отырады.

5- тапсырма. (Т) Саралау әдісі «Тапсырма» тәсілі

Білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған тапсырмалар

Топта постермен қорғап,дәлелдейді.

1-топ Жүннен жасалған өнімдер 2-топ Сүттен жасалған өнімдер

3-топ Теріден жасалған өнімдер

Дескриптор

1. Топтың «алтын» ережесін сақтады.

2. Оқушылар өнімдердің қай жануардан алынғанын

анықтады

3. «Адам үй жануарларынан өте көп бұйым алады» деген қорытындыға келді.

4. Жануарлардан алынған өнімдерді зерттеп, оның адам

өміріндегі маңызына көз жеткізді.

ҚБ: «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы бағаланады.

5- тапсырма (ЖЖ) «Көркем жазу» әдісі Дәптермен жұмыс жүгрізу барысында, каллиграфиялық,орфографиялық нормаларды сақтауды қадағалау.Оқушыларға өз қателерін табуға, түзетуге мүмкіндік беру.

Үй жануары Тұратын мекені Қандай өнім алады?
Сиыр
Жылқы
Қой
Тауық
Түйе

Түсінгендерін кестеге түсіреді.

Бағалау критерийі:

Барлық оқушылар:Оқушылар үй жануарларының мекендейтін жерін біледі.

Көптеген оқушылар: Үй жануарларынан қандай өнімдер алатынын ажырата алады.

Кейбір оқушылар: үй жануарларынан алынатын тағамдардың адам денсаулығына пайдасын айтады.

Дескриптор

1. Каллиграфиялық,орфографиялық нормаларды сақтады.

2.Қажетті сөздерді пайдаланып, кестені толтырды.

3. Жұмысты жұппен тексерді.

ҚБ: «Бағдаршам» әдісі

Белсенді оқыту «Бекіту және қолданысқа енгізу» тәсілі. Жаңадан меңгерген дағдыларды тәжрибеде қолдану. Өз жұмыстарының жазбасын жүргізу.

6- тапсырма. Оқушыларға әр түрлі тағамдардың суреттері беріледі. Сол тағамдардың ішінен үй жануарларынан алынатын тағамдарды анықтап, бояйды.

Критериалды бағалау:

Барлық оқушылар: Суреттегі тағамдарды атайды.

Көптеген оқушылар: Үй жануарларынан алынатын тағамдарды анықтап, бояйды.

Кейбір оқушылар: Үй жануарларынан алынатын тағамдарды басқа тағамдармен салыстырып, әңгімелейді.

Дескриптор:

  • Суреттегі тағамдарды атады.
  • Үй жануарларынан алынатын тағамдарды анықтады
  • Үй жануарларынан алынатын тағамдарды басқа тағамдармен салыстырды.

Оқушылар бағалау парағын толтырады.Оқушының аты-жөн: ______________________________

«+» «-»
Үй жануарларының түрлерін білемін
Үй жануарларынан алынатын қнім түрлерін білемін
Үй құстарының пайдасын білемін
Үй құстары мен жануарларын күту туралы

Білемін

Кері байланыс: «Смайликтер”

Барлығы түсінікті.

Жартылай түсінікті.

Түсініксіз.

лайд, жүн мен мамықтан, теріден жасалған бұйымдар

Караоке,экран

Қосымша мәліметтер
Саралау – Сіз қандай тəсілмен

көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда

қабілетті оқушыларға тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз

оқушылардың

материалды игеру

деңгейін қалай тексеруді

жоспарлапотырсыз?

Пәнаралық байланыс. Денсаулықжəне

қауіпсіздіктехникасын

сақтау.АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс

1.Жануарлардан не алынатынын біледі.

2.Үй жануарларынан және үй құстарынан алынатын өнімдерді ажырата біледі.

3.Жабайы жануарларға қарағанда үй жануарларының адам өмірінде маңызы зор екенін түсінеді.

Тапсырмаларға берілген дескрипторлар арқылы оқушыларды бағалаймын. Сұрақтарды ауызша талқылау барысында оқушылардың жауаптарын қадағалап, смайликтер беріп отырамын. Сабақ барысында оқушылардың белсенділігіне қарай мадақтаймын. Топтық бағалауды қолданамын. Кері байланыс арқылы өзін-өзі бағалауды ұйымдастырамын. Техника қауіпсіздігін, өмір қауіпсіздігін сақтауды ескертемін.
Сабақбойыншарефлексия

Сабақмақсаттары

Немесеоқу

Мақсаттарышынайы,

Қолжетімдіболдыма?

Барлықоқушылароқу

мақсатынақол

жеткіздіме? Егер

оқушылароқу

мақсатынажетпеген

болса, неліктендеп

ойлайсыз? Сабақта

саралаудұрыс

жүргізілдіме?

Сабақкезеңдерінде

уақыттытиімді

пайдаландыңызба?

Сабақжоспарынан

ауытқуларболдыма

жəненеліктен?

Оқушылар тапсырмаларды орындай отырып,сабақтың мақсатына жете білді.

Мәтінді тыңдай отырып,мазмұнын әңгімелей білді.

Сұрақтарға дұрыс жауап берді.Өз ойларын ашық бөлісе білді,дәлелдей білді.

Сабақта уақытты үнемді пайдалана білдім.Жоспарланған саралау шаралары орындалды.Оқушылар сабаққа белсене қатысты.

.

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: Топтық жұмыстың ұйымдастырылуы

2: «Ойшыл қалпағы» арқылы үй тапсырмасын пысықтау

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: «Саралау» әдістері және «Бағалау» әдістері

2: Топтық, жеке жұмыстар

Осы сабақтыңбарысында мен сыныптуралынемесежекелегеноқушылардың

жетістіктері/ қиыншылықтарытуралыненіанықтадым, келесісабақтарда не нəрсегеназараударуқажет?

Сабақта қабілеті жоғары оқушылардың белсенділіктерін арттыру үшін тапсырмаларды жиынын күрделендіру.

Қысқы мерзімді сабақ жоспары

Пән: Жаратылыстану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4A бөлім: Жануарлар

№13 М.Мақатаев атындағы орта мектеп
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:Ақшолақова. Г.Б
Сынып: 1 Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы Адамдар жануарлардан не алады?
Оқу мақсаттары 1.3.1.4 Үй жануарларынан алынатын өнімдерді анықтау
Сабақтың мақсаттары Барлық оқушы:Адамдар жануарлардан қандай өнімдер алынатыны туралы біледі.

Көбі: Жануарлардан адамдардың қажетіне алынатын өнімдердің түрлерін біледі, қосымша ақпаратты алады.

Кейбірі:Үй жануарларынан алынатын өнімдер туралы білімдерін кеңейтіп, ұлттық өнімдердің аттарын біледі.

Жетістік критерийлері Жануарлардан адамдардың қажетіне алынатын өнімдердің түрлерін біледі.Ұлттық өнімдердің түрлерін біледі
Тілдік мақсаттар Оқушылар жануарлардың негізгі белгілерін тұжырымдап түсіндіреді

Тірек сөздер:Тері,жүн,сүт,жұмыртқа,ет, шұбат, қымыз, құрт,

 Қандай жануарларды білесіндер?

 Жануарлар бізге не береді?

Үш тілдік: тері-кожа-skin

Жұмыртқа –яйцо-egg

Құндылықтарды дарыту Оқушыларды жануарларды аялауға, қамқор болуға тәрбиелеу.
АКТ қолдану дағдылары Интербелсенді тақтадан бейнежазба,суреттер көрсету
Пәнаралық байланыстар Дүниетану,бейнелеу
Алдыңғы меңгерілген білім Кейбір жануарларды атай алады. Үй жануарларын күту туралы біледі.
Сабақтың кезеңдері Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет Ресурстар
Сабақ

тың басы

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал

Өзіңізге тілегенді-басқаларға тілеңіз!

Әр оқушыға 10 -15 секунд уақыт аралығында ішінен өзіне бір немесе бірнеше ізгі тілек тілеу тапсырылады. Содан кейін қатысушылар жұпқа бөлініп, , бір- бірінің қолынан алып, жаңағы өзіне тілегенді жұптасына айту керек.

2.Топқа бөлу. Қағаз қиындылары

Бірнеше құттықтау қағаздарының әрқайсысын топ құрамындағы оқушылар саны бойынша жыртып, оларды араластырып, оқушыларға таратып беру керек, Оқушылар қиықтардан бүтін құрастырып, сол бойынша топ құрайды.

ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын анықтау.

-Өткен сабақта не үйрендік?

– Жануарларды қандай екі топқа бөлуге болады?

-Қандай үй жануарларын атай аласыңдар?

– Қандай жабайы жануарларды білесіңдер?

-Үй және жабайы жануарлар несімен ұқсас?

-Айырмашылығы неде?

– Үй жануарларлары қайда тұрады?

Өсімдіктер мен

жануарларды салыстыруға

арналған жауаптары бар

үлгілер.

Сабақ

тың ортасы

ІІІ. (Ұ) Кіріспе тапсырма. Ой шақыру. «Миға шабуыл» әдісімен жетелеуші сұрақтар арқылы тақырыпқа бағыттаймын.

Тақтаға «Жабайы жануарлар», «Үй жануарлары» деп кеспе қағазға жазылған атауларын екі бағанға іліп қою. Оқушылар кезекпен ұсынған белгілерін қажетті бағанға орналастырады.

Үй жануарлары Жабайы жануарлар

адам асырайды ормандарды мекендейді

адам оларға қора салады тауларды мекендейді

оларды қоректендіреді далаларды мекендейді

оларды бағады өзін-өзі қорғайды

төлдерін адам күтіп-өсіреді өзін-өзі емдейді

қорада тұрады өздері қорек табады

оларды арнайы маман емдейді өздері мекенін салады

Бағалау критерилері: ОТ

.1.Үй жануарларының қандай ерекшелігі бар?

2.Үй жануарлары үшін қандай жағдай керек?

3. Жабайы жануарлардың негізгі белгілерін ата?

Дескриптор

  • Тақырып бойынша мәлімет іздейді;
  • Мәліметтерді топта талқылайды;
  • Сұрақтарға жауап береді;
  • Постер қорғайды.

ҚБ. «Серпілген сауал» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды

ІҮ. «Ойлан, тап » тәжірибе жасау

(Ұ)«Тағам және сусын» ортақ тақырыбы аясында жұмыс ұйымдастыру. Тағамдардың түрлерін ұсынып ұрақтар қою арқылы анықтау::

.Тағамдарды атауды сұрау:

ірімшік, айран, сүт, құрт, ет, жұмыртқа.

Қайсы сусынды күнделікті ішіп жүрсің?

Осы тағамдар қайдан әкелінеді?

Бұл тағамдардың қандай пайдасы бар?

Ұ.Оқулықпен жұмыс:Сабақтың тақырыбын түсіндіру мақсатында суретпен жұмыс жасау.

– Анасы не сатып алды?

-Олар қайдан алынады?

-Жануарлар азқ-түлік өнімдерінен басқа не береді?

– Сатушы ұлға не ұсынды?

– Ол неден жасалынған?

-Дүкеннің сөресінде жануардан алынған қандай заттар бар?

Топпен жұмыс:1- мәтінді оқып,сөздерді өқыған белгілерге қарай табуды ұсыну:

Бұл түйенің сүтінен жасалған қышқыл сүтті сусын. Ол ақ түсті, майлы, және қою болады. (ШҰБАТ)

Оны бие сүтін ашытып жасайды. Ол көп ауруға ем болатын сусын.(ҚЫМЫЗ)

Ашыған сүтті қайнатып, қоюланған соң жасалынатын тағам (ҚҰРТ)

ШҰБАТ, ҚЫМЫЗ, ҚҰРТ сөздерін айтқызып жаттықтыру.

Бейнефильм. «Үй жануарлары»

–Қандай үй жануарлары мен үй құстарын білесіңдер?

-Адамдар оларды не үшін асырайды?

  • Ал қаз,үйрек,түйетауық,туықтарды не үшін асырайды?

(Т) Әр топқа тізбектің бөлшектері бар үлестірмелі материал жинағын ұсыну. Оларды дұрыс тәртіппен қоюды ұсыну.

Жұмыртқа алу тізбегі:

ТАУЫҚТАН –ФЕРМЕРГЕ, ФЕРМЕРДЕН – ДҮКЕНГЕ, ДҮКЕННЕН ҮЙГЕ, ҮЙДЕ ТАҒАМ ДАЙЫНДАЛАДЫ.

(Уақыт артылса. «Үй жануарларының хоры» ойынын ойнату. Әр топқа бөлек.

1.Қымыз беретін жануар.

2. Сүт беретін жануар.

3. Жұмыртқа беретін жануар.

4. Қуаныш сыйлайтын жануар.

Жұмыс дәптері

«Өсімдіктер» және

«жануарлар» жазуы бар

бейджиктер немесе

суреттер.

Оқулық.

Интербелсенді тақтада үй жануарлары мен үй құста-рының бейне-суреттері

Интербелсендітақта «Үй жануарлары»

бейнежазба

Сабақтың соңы ҮІІ. (Т) Топта ақылдасып, азық-түліктер мен тағамдарды қалай өндіріп алатыны туралы постер дайындап қорғайды. .

Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.

-Біз бүгін не үйрендік?

Блум таксономиясы бойынша саралау тапсырмасын орындау

Білу Түсіну Қолдану
Үй жануарларын ата? Үй жануарларынан қандай азық-түлік алынады ? Тері мен жүнен жасалған қандай киім киіп жүрсің?
Талдау Жинақтау Бағалау
Үй құстарының қандай пайдасы бар? Үй құстарынан тағы не алынады, ой бөлісіңіз. Үй жануарларының күтімі туралы айтып беріңіз?

Дескриптор:

-ұяшықты дұрыс таңдай біледі;

-ұяшықтағы тапсырманы толықтай түсінеді;

-өз ойын айта алады.

ҚБ.Оқушылар өзін-өзі бағалайды.

Оқушылар бағалау парағын толтырады.

Оқушының аты-жөн: ______________________________

«+» «-»
Үй жануарларының түрлерін білемін
Үй жануарларынан алынатын қнім түрлерін білемін
Үй құстарының пайдасын білемін
Үй құстары мен жануарларын күту туралы

білемін

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Өзіндік жұмысы барысында қиындық туындаған оқушыларға көмек көрсету. Оқушылардың жұмыс жасау барысын бақылау жүргізіп бағалау. Комментарий беру арқылы бағалау. Сергіту сәтін өткізу.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше