Жаңа сабақтар

Біріккен сөздер

Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Белоградов орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Байгыдыр Баршан

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер

Сыныбы: 6

Сабақтың мақсаты: Біріккен сөздерді ажыратуға дағдыланады; қандай атауларда кездесетінін анықтайды; жасалу жолдарын біледі.

Күтілетін нәтиже: Біріккен сөздерді контексте таба алады, жасалу жолын түсіндіре алады.

Оқытудың әдіс-тәсілдері: топтық, жұптық жұмыс, әңгімелеу, диалог, сұрақ-жауап

Модульдық мәнмәтін: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (ДО), ОҮБ, Дарынды балаларды оқыту, ЖЕСО, сын тұрғысынан ойлауға үйрету.

Мұғалімнің жазбалары

Мақсаттары Сабақтың кезеңдері блум таксаномиясы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті Бағалау және кері байланыс Уақыт
Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыра отырып, оқушылардың назарын сабаққа аудару Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасамын. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызамын. «Жалғасын тап» ойыны бойынша оқушыларды топқа бөлу.

Сабақтың мақсатын айту, күтілетін нәтижелермен таныстыру.

Оқушылар амандасады.

Шаттық шеңберін құрып бір-бірімен түрліше амандасып (1.бастарын сипап, 2.алақандарымен, 3. Мұрындарымен амандасады, соңында қол ұстасып бір тілек айтады.) Мақалдың басы жазылған оқушылар мен соңы жазылған оқушылар жалғасын тауып, бір топ болады.

5 мин
Біріккен сөз туралы не білетіндіктерін анықтау. біріккен сөздердің қай топқа жататынын сызба түрінде көрсетеді Кіріспе бөлім

Білу.

«Мен білемін…» немесе «Галстук» стратегиясын түсіндіру «Мен білемін…» стратегиясы бойынша Біріккен сөз туралы білгендерін еске түсіреді «Сөздің құрамына қарай түрлері» сызбасын толтырады. Екі топ бір-бірін «бағдаршам» бойынша бағалайды 5 мин
Біріккен сөздер дегеніміз не? Қандай атауларда кездеседі? Қандай жолдармен жасалады? Сұрақтарына жауап алады. Негізгі бөлім

Түсіну

Ойлан-жұптас-бөліс Сызба және мысалдар арқылы, слайдтар арқылы біріккен сөздер және оның түрлерін, жасалу жолдарын түсіндіру. Түсінгендерін қысқа да нұсқа дәптерлеріне жазады. Түсінбеген жерлерінде сұрақтар қояды. «Бас бармақ» пен бағалау 7 мин
Қандай атауларда біріккен сөздер кездесетінін, олардың қалай жазылатындығын біледі Қолдану «Ротация» әдісін қолдану. Біріккен сөздерде кездесетін атауларды кесте түрінде екі флипчартқа жазып, екі топқа беру стратегияның шартын түсіндіру Әр 1 минут сайын топ орындарын ауыстырып, атауларды біріккен сөздер арқылы толтырып отырады. Екі топ екі түрлі қаламмен толтырады. Әр топ қанша сөз жазады, сонша ұпай жинайды. 4 мин
Біріккен сөздердің жасалу жолын анықтап, мағынасын түсіндіре алады. Талдау Сұрақ-жауап (42-жаттығу); (топпен жұмыс) Жаттығуда кездескен сөздер қалай жасалған, мағыналары қандай? Сұрақтарына жауап береді. Критериалды бағалау. Әр топ 8 сөздің жасалуын да және мағынасын да түсіндірсе 2ұпай, жасалуын ғана айтса 1 ұпай.. 4 мин
Біріккен сөзбен аталатын кейбір атауларды көрнекі түрде көз алдарына елестету арқылы есте сақтау, зейінін шоғырландыру, мнемониканы қолдану Жинақтау «Маған керегі осы» (Біріккен сөзбен аталатын сурет бойынша); Оқу кабинетінің әр жерінде ілінген суреттердің ішінен тек атауы біріккен сөзден жасалған суреттерді жинап, сөздердің мағынсын және жасалуын түсіндіреді. Қай топта дұрыс жиналған сөздер көп, сонша ұпай алады. Екі топ бір-бірін бағалайды. 5 мин
Оқушылардың еркін ойлануына ерік беру. Ойын дәлелдеуге дағдыландыру. Қорытынды бөлім

Бағалау

ЖИГСО-Бөлшекте, жинақта!(44 ж);

Мәтін бойынша дәлелдемелер күтетін ашық сұрақ дайындау.

Мәтінмен жұмыс жасайды абзацтарға бөліп әр топ екі абзац бойынша жұмыс жасайды. Әр топ өз пікірін дәлелдейді. 5 мин
Үйге тапсырма 45-жаттығу Үй жұмысын жазып алады. 1 мин
Оқушылардың жиынтық бағасын қою Қорытынды бағалау Оқушыларды бағалауСабақ басында топ басшыларына бағалау парағы беріледі.Топ басшылары әр топ мүшелерін бағалау критерииі бойынша бағалау жүргізеді Қосу – алу – қызықты

+ нені үйренді

  • Сабақ барысында не ұнамады

Қызықты: қай сәттер, қандай мәліметтер қызықты болды.

Оқушылардың сабақты бағалуы 3 мин

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.