Мектеп жасына дейінгі балғындар мен оқушыларды, мұғалімдер, тәрбиешілер мен ата-аналарды «BILIMNUR» білім порталы ұйымдастырған Республикалық шығармашылық байқауына қатысуға шақырамыз.
Оқушыларға арналған байқаулар тізімі
- Арайлы алтын күз
- Ұстаз — ұлт ұлағаттысы
- Мен жазғы демалысты қалай өткіздім?
- Ұлттык валюта күні
- Отан — оттан да ыстық
- Мәнерлеп оку
- Қолөнер
Мұғалімдерге арналған байқаулар тізімі
- Үздік сабақ жоспары
- Үздік ашық сабақ
- Үздік сабақ презентациясы
- Үздік портфолио
Жұмыстар 2018-19 оқу жылының I оқу тоқсанының соңына дейін қабылданады.
Байқау тапсырмалары: Байқауға қатысушы тақырып бойынша эссе, шығарма, өлең, суреттің бірін жолдайды. Эссе, шығарма, өлеңнің бірін word форматында жазып, суретті қылқаламмен А4 форматына салып, сканерлеп жолдайды. Байқау жұмыстары үш тілде қабылданады (қазақ, орыс, ағылшын).
Әрбір қатысушы өз жұмысымен қоса, толық аты-жөнін, жетекшісінің толық аты — жөнін жазып жіберуі міндетті. Егер бір сыныптан бірнеше оқушы қатысатын болса, арнайы тізім жасап төмендегі кесте, жұмыстарын бір құжатпен жолдауы тиіс. Бір оқу орнынан сайысқа қатысатын бірнеше конкурсанттардың жарна төлемін қосып, бір төлеммен жасауға болады.
Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:
Байқауға мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысады.
Бағалау:
- Жеңімпаздар (1,2,3 орындар);
- Қатысушылар;
Байқаудың қорытындысын шығару және жеңімпаздарын марапаттау:
Қазылар алқасы түскен жұмыстарды 2 жұмыс күні ішінде бағалап, қорытындысын шығарады. Қазылар алқасының шешімі талқыланбайды және өзгертілмейді.
Байқау жеңімпаздары 1, 2 және 3 алғандығы үшін дипломмен марапатталады.
Орын алмаған оқушылар, қатысушы сертификатына немесе алғыс хатына ие болады.
Оқушыларын байқауға дайындаған ұстаздар алғыс хатпен марапатталады.
Сертификаттар мен Дипломдардың электронды нұсқалары қатысушылардың жұмыстары қабылданған почталарына жіберіледі. Барлық конкурсант оқушылардың жетекшілеріне міндетті түрде алғыс хат табысталады.
Байқау жұмысы және төлем квитанциясы bilimnur@bk.ru электронды поштасына немесе 87770550590 Whatsapp номеріне қабылданады.
Байқауға келіп түскен жұмыстар қайтарылмайды. Байқаудың ұйымдастырушылары авторды көрсете отырып, жұмысты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға құқылы.
Байқауға қатысу оқушылар үшін тегін, мұғалімдер үшін 1000 (бір мың) теңге әр номинация бойынша төлемақы төленеді.
Төлемақы Билайн байланыс операторына төлем жасау арқылы жүргізіледі:
Beeline мобильдік операторына төлем жасау: +7 777-055-05-90
Анықтама телефоны/Whatsapp: 8(777)055-05-90