ІІ санатты тәрбиеші Едильбаева Тойжан Батырбековна
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ ауылы,
«Айгөлек» бөбекжай-бақшасы
Құрметті ата-аналар! Бүгінгі өтілетін ата-аналар жиналысына қош келдіңіздер! Азамат баласының ең негізгі мақсаты-дүниеге келген ұрпағының болашағына жауапкершілікпен қарау. Бала- ата-ананың көз қуанышы,болашағы. Педагог ғалымдардың тұжырымына сүйенсек: тұлғаның қалыптасу нәтижелігі ең алдымен отбасындағы өнегеге байланысты екенін білеміз.Тәрбиенің алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшамен байланыс арқылы одан әрі жалғасады.
Тәрбиенің негізі балаға ана тілімен,ана сүтімен, бесік жырымен, әлдиімен беріледі. Балабақша мен ата-ана ынтымақтастығы бірін-бірі қос өзеннің сағасындай толықтырады десек болады. Сондықтан бала бойына құнды қасиеттерді сіңіріп, бақытты балалық шақ сыйлауда отбасы мен балабақшаның ықпалы зор. Міне, тәлім-тәрбие ұштаса жүргізілгенде ғана қойылған мақсатымыз нәтижелі болары сөзсіз.
Бүгінгі жиналысымыздың тақырыбы: : «Бала тәрбиесі- баршамызға ортақ» деп аталады. Бүгінгі жиналысымыздың жоспарымен таныстырып өтейін.
Тақырыбы: «Бала тәрбиесі- баршамызға ортақ»
Өтілу түрі: (ой бөлісу,пікір алмасу)
Мақсаты: Әр отбасымен серіктестік қарым-қатынас орнату. Ата-аналар тарапынан бала тәрбиесі мен білім берудегі жауапкершіліктерін, белсенділіктерін арттыру.Педагогикалық ағарту жұмыстарын жүргізу арқылы тығыз қарым-қатынас орнату. Бірлесіп жұмыс жасауға ынталандыру.
Жоспары:
1.Шаттық шеңбері: «Менің атым,немесе есімдер сыры»
2.Ата-аналарға арналған тренинг «Алма ағашы»
3.Миға шабул. «Қос шеңбер» арқылы сұрақ-жауап
4. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» ата-аналарға тапсырма (Өз топтарын берілген тапсырма бойынша постер қорғайды.Жағдаяттар шешу. Ертегіні талдау).
5.Сергіту сәті.
6.Әдістемелік жәрмеңке.Үйге берілген тапсырма бойынша
7.Рефлексия. «Айтылмаған ой»
1.Шаттық шеңбері: «Менің атым,немесе есімдер сыры»
Ата — аналарды қолымыздан ұстап, шаттық шеңберіне тұрғызу. Сіздердің ата-аналарыңыз сіздерге ат қойды, есім берді. Әр адамның аты бір мағынаны білдіреді. Адам өз атын құрмет тұтады. Атын атап шақырған кімге де ұнайды. Ал енді сіздер өз аттарыңыз туралы не білесіздер? «Менің атым немесе есімдер сыры» арқылы жақынырақ танысқым келіп тұр. Бұндағы мақсат: Ата-аналар өз аттарын айтады да оның қандай мағына беретінін түсіндіреді.Енді кезекпен атымызды атайық.Келесі адам алдыңғы аталған есімдерді қосып атайды.Осылай жалғаса береді.
2. Ата-аналарға арналған тренинг «Алма ағашы»
(ата-аналарды топқа бөлу)
Құрметті ата — аналар, «Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші адам табиғатпен тығыз байланысты табиғаттағы ең маңызды нәрсе ағаш, енді сол ағаштың несі болар едіңіз тамыры ма, әлде діңі ме, әлде жапырағы ма? Әркім өз қалауы бойынша тамыр, жапырақ, діңі болып бөлінеді.
Ал енді ата — аналар тамырлар бір бөлек, жапырақтар бір бөлек, діндер бір бөлек отыруымыз керек. Сіздердің бұл таңдауларыңыз кездейсоқтық емес, психологиялық сәйкестік. Тамыр таңдағандар істің нәтижесіне мән беретін адамдар. Діңгекті таңдағандар берік, мықты біреуге тірек бола алатын адамдар. Жапырақ таңдағандар сұлулықты, әсемдікті, ұқыптылықты қалайтындар.
3.Миға шабул. «Қос шеңбер» арқылы сұрақ-жауап
Ата-аналар сіздер әр қайсыңыз бала тәрбиесіне байланысты үш сұрақтан дайындап алыңыздар.Ортаға шығып қос шеңберге тұру.Сыртқы шеңбер сұрақ қояды.Ішкі шеңбер сұраққа жауап береді.Бір адым аттай отырып шеңберіміз айналып отырады.Енді ішкі шеңбер сұрақ қояды.Орын ауыстырады.Сыртқы шеңбер жауап береді.
-Кімнің сұрағы өте маңызды болды?
-Кімнің жауабы дұрыс сіздерге ұнады?
Ата-аналар өздері талдайды.Жақсы жақтарын айтады.Ұсыныс,тілектерін айтады.
4. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» ата-аналарға тапсырма(Өз топтарын берілген тапсырма бойынша постер қорғайды.Жағдаяттар шешу.Ертегіні талдау).
1. Ата-аналар сіздерге әр топқа тапсырма беремін.
Тамыр тобына-отбасы тақырыбында. Діндер тобына-балабақша тақырыбында.Жапырақ тобына-бала тақырыбында бірігіп ақылдаса отырып постер қорғайсыздар.
2.Жағдаяттар шешу.
3.Ертегілер елінде.
Тамыр тобы-ертегіні қазіргі заман талабына сай құрастырады.
Діңдер тобы -сол ертегіге байланысты өлең шумақ шығарады.
Жапырақ тобы-ертегі кейіпкеріне хат жазады.
Әр топ өздерінің жауаптарын талдайды.
5.Сергіту сәті.
6.Әдістемелік жәрмеңке.Үйге берілген тапсырма бойынша ата-аналар бала тәрбиесіне байланысты өз қоржындарынан дайындап әкелген жұмыстарын бөліседі.Басқа ата-аналар өздеріне ұнаған әдістерді өз тәжірбиелеріне қосып алады.Яғни сатып алады.
7.Рефлексия. «Айтылмаған ой»
1.Бүгін мен білдім ….
2.Маған қиындық туғызды ….
3.Енді мен ….
4.Мен үйрендім ….
5.Маған маңызды болып көрінеді ….
- Енді ата-аналар алдарыңыздағы алма ағашына алмаларын өз тілектеріңізді жазып іліңіздер.Меніңше отбасы ағашқа көбірек ұқсайды.
- Жемістер – ол балалар.
- Ал жеміс неде өседі?
- Бұтақта
- Жемістер кімге риза болып өседі?
- Ата-анаға. Бұтақ – ата-ана.
- Ал бұтақтар неде өседі?
- Ағаш діңінде өседі. Ағаш діңі – ата-әже.
- Ағаштың мықты болып өсуі неге байланысты?
- Тамырына байланысты.
- Тамыры – үлкен ата-әжелелеріміз.
- Міне, жиналысымыз да соңына жетті. Бала дегеніміз-болашақ. Балаларымызды қалай тәрбиелесек болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің болашағы балаларымызды білімді де мәдениетті,тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда.
- Ұлт тәрбиесі-ұлт болашағы. Егеменді елеміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді денсаулығы мықты, жан-жақты дамыған балаларды өсіру үшін балабақша болып, ата-ана болып ынтымақтасып ат салысуымыз қажет. Баланы кішкентайынан дұрыс тәрбиелеуге, бала бақытының шынайы бағбаны болуға атсалысқан жөн. Бала бақытының кепілі-ата-ананың өнегелі тәрбиесінде.