Калинбаева Галия Арыстановна

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

№ 56 «Жұлдыз» бөбекжайы

Тәрбиеші: Калинбаева Галия Арыстановна

Тақырыбы: «Ойнап жүріп ойланамыз»

Мақсаты: Балалардың жыл бойына алған білімдерін тиянақтап, қорытындылау. Ақыл-ойын, жылдам ойлауын, ептілігін, шығармашылығын дамыту. Балалардың сөздік қорын молайту, қабілетін анықтау. Дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд, текшелер, үлестірмелі материалдар, суреттер, шарлар.

Ұйымдастыру бөлімі:

Шаттық шеңбері: Армысың, қайырымды аспан ата,

Армысың, қайырымды жер ана.

Армысың, шұғылалы алтын күн,

Армысың, ардақты ата, асыл әже.

Армысың, қамқор әке, қамқор ана,

Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар!

-Балалар, енді <кім ұшқыр?> ойынын ойнайық. Мен сендерге сұрақ қоямын,

Ал сендер нақты жауабын беріп, допты лақтырасындар.

  • Жыл мезгілдерін ата.
  • Қазір қандай мезгіл?

  • Көктем айларын ата.

  • Қазір қандай ай?

  • Апта күндерін ата.

  • Ел басымыз кім?

  • Ел рәміздерін ата.

  • Ел ордамыз қай қала?

  • Қай қалада тұрасың?

  • Бөбекжайыңның аты қалай?

  • Қай топқа келесің?

-Жарайсыңдар балалар, енді менің қолымдағы парақшалардан өрнектің мәнін табу арқылы, орнымызға жайғасамыз.

0+1 3+2 6+3

1+1 4+2 5+5

2+1 4+3 6+5

2+2 4+4 6+6

Балалар, бүгін біз жарысамыз , жарысу арқылы қонақтарымызға өз білімімізді көрсетеміз. Ол үшін екі топқа бөлінеміз.

1)Бәйшешек тобы

2)Қызғалдақ тобы

-Енді топ басшыларын сайлап, бір-бірімізге сәттілік тілейміз.

Негізгі бөлім:

Сауат ашу іс-әрекеті төрт тапсырмадан тұрады:

1) Суретпен жұмыс

2) Буындардан сөз құрау.

3) Ребус шешу.

4) Шатасқан әріптен сөз құрау, дыбыстық талдау жасау.

Сергіту сәті: Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Алақанды ашайық,

Бесті беске қосайық.

Кел санайық ал мұны,

Нешеу болды барлығы?

Он саусақ.

Математика оқу іс-әрекеті төрт тапсырмадан тұрады:

1) Бірден жиырмаға дейін тура және кері санау.

2) Санның құрамын табу.

3) Логикалық есеп шығару.

4) Қалдырылған санды табу.

Айналамен танысу оқу іс-әрекеті төрт тапсырмадан тұрады:

1) Табиғат дегеніміз не?

2) Тірі және өлі табиғатқа не жатады?

3) Үй жануарларының пайдасы қандай?

4) Үй құстарының пайдасы қандай?

Тіл дамыту оқу іс-әрекеті:

1) Жұмбақтар

2) Жаңылтпаштар

Қорытынды бөлімі:

-Екі топтың балалары да алда болады. Бүгінгі сайысымызда достық жеңді.

Мен сіздерге ақ жол тілеймін. Енді өз білімдеріңді мектепке шыңдайтын боласыңдар.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше