Киіз үй – көшпелілердің баспанасы

Сыныбы: 6 сынып

Пәні: Ежелгі Қазақстан тарихы

Пән мұғалімі: Мукашева Айгуль

Сабақтың тақырыбы: §26 Киіз үй – көшпелілердің баспанасы.

Мақсаты: Орталық және Орта Азия халықтарының көшпелі тұрғын үйі – киіз үйдің тарихы, этимологиясы, көшпелілердің киіз үйінің тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік құрылыс әрі күнделікті өмір салтына негізделгенін, киіз үйдің негізгі бөліктері, түрлері, отырықшы және көшпелі өмір арасындағы айырмашылықтары мен жалпы көшпелілік мәдениеттің адамзат тарихындағы атқарған рөлін насихаттау.

Күтілетін нәтиже: Өз бетінше қорытынды жасайды. Тақырып бойынша сызба-кестелер құра алады.

Пікірін дәлелдей біледі.

Жетістік критерийі:

Көшпелілік мәдениеттің адамзат тарихындағы атқарған рөлін түсіну арқылы шығармашылық жұмыстармен айналысуға дағдыланады.

Сілтеме:

Х.Ермұханова «Қазақстан тарихы» Шың-кітап А.2009-2010 жыл

Ғ.Базарбеков «Қазақстан тарихы» Талапкерге 2008 жыл

Қазақстан ұлттық энциклопедиясы 4 -7 томдары

www.Google.com
Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990

Ш.Уәлиханов «Киіз үй оның құрылымы, ішкі безендірілуі»

Көрнекіліктер: Сынып тақтасы, АКТ, оқулық, А3 форматы, маркерлер, смайликтер, стикерлер, Киіз үйдің шығу тарихы туралы бейнебаяндар.

Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту сабағы

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап әдісі, тест, карта, сәйкестендіру, Венн жүйесі, топтық жұмыстар

Пәнаралық байланыс: Халықтық педагогика, әдебиет

Кейінгі оқу: §26 Киіз үй – көшпелілердің баспанасы

Ұйымдастыру- 2 минут. (Оқушылардың сабаққа қатысын, дайындығын назарға алу )

Психологиялық тренинг «Мен сені көргеніме қуаныштымын»

Мақсаты:

Оқушылардың жағымды жақтарын анықтау.

Алгоритмі: Әрбір қатысушы өз көршісіне келесі сөздерді айтады: «Мен сені көргеніме қуаныштымын, себебі….». Бұл сөйлемді адамның сыртқы келбетіне байланысты емес, мінез ерекшелігіне байланысты сөзбен аяқтау керек.

Кері байланыс:

  • Бұл жаттығуды орындау саған қиын болды ма?
  • Сыныптасың «Сені көргеніме қуаныштымын» деген сөзді айтқан кезде сіз қандай сезімде болдыңыз?

Үй тапсырмасын сұрақ-жауап әдісімен бекіту-8 минут.

  1. Тас құралдар пайдаланылған кезең? Тас дәуірі
  • Қола құралдар өндіріске енген кезең? Қола дәуірі

  • Адамзат тарихындағы аса маңызды өзгерістерді дүниеге әкелген жаңа кезең? Темір дәуірі

  • Біздің еліміздің тарихында ерте темір дәуірінің қамтитын хронологиялық шеңбері? б.з.б VIII- б.з-дың VI ғасырына дейінгі аралық.

  • Алдыңғы ерте темір дәуірінің қамтитын хронологиялық шеңбері? Б.з.б. VIII- III ғғ

  • Кейінгі ерте темір дәуірінің қамтитын хронологиялық шеңбері? Б.з.б III- б.з VI ғғ

  • Б.з.б I мыңжылдықтың басында дамыған шаруашылық? Көшпелі мал шаруашылығы.

  • 8.Темір дәуірінде пайда болып қалыптасқан тайпалық одақтар? Сақтар, сарматтар, ғұндар, үйсіндер, қаңлылар

    9.Ежелгі Қазақстан тұрғындарының көшпелі мал шаруашылығымен айналысуға көшу себебі? Климаттың өзгеруі.

    1. Мал шаруашылығына көбірек қолайлы өлкелер? Үстірт пен Маңғыстау, Бетпақдала, Орталық Қазақстан, Алтай мен Алатаудың таулы аудандары
  • Тебіндік жайылым деген не? Жылқы малының қар астынан керек азығын тұяғымен аршып жеуі.

  • Батыс Қазақстанның шөлді аудандарында маңызы зор төрт-түлік малды атаңыз? Түйе

  • 13.Жартылай көшпелі мал шаруашылығымен қатар бірге отырықшы өмір салты, егіншілік қатар дамыған өңірлер? Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан.

    1. Кестені толтырыңдар

    Ат әбзелдерін жетілдіру жылқыны көлік ретінде пайдалануға мүмкіндік берді.

    Табиғаттағы құрғақшылық, Мал басының көбеюі жаңа

    жауын-шашынның азаюы

    жайылымдарды қажет етті.

    1. Малшылар ұстаған төрт түлікті атаңдар? Жылқы, қой, сиыр, түйе.
  • Тебіндеп жайылуға икемсіз төрт түлік малдың бірі? Сиыр.

    • Көшпелілердің баспанасын атаңдар?

    • Киіз үйді орысша, ағылшын тілінде сұрау. (юрта)

    Миға шабуыл әдісі

    -ҚР-ның қай мемлекеттік нышанында киіз үйдің қандай бөліктерінің бейнесі кездеседі? /Елтаңбада/

    -Кім суреттеп айтып бере алады?

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi.

    Суреттемесі

    Рәмiздiк тұрғыдан Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбаның негiзi – шаңырақ. Ол – елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ – мемлекеттiң түп-негiзi – отбасының бейнесi. Шаңырақ – Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ – киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Түндік -таза көк аспанын бейнелейді. Үш-санды айқыш-ұйқыш келген күлдреуіштер қазақтың үш жүздін бірлігі бекемдігін көрсетеді. Шаңырақтан шыққан уықтар күн арайларын еске салады. Бес бұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Тұлпар – дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар – қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Төменде таспа белдігінде ірі әріппен «ҚАЗАҚСТАН» деген жазуы бар. Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасының авторлары – Жандарбек Мәлiбеков пен Шота Уәлиханов.

    Жаңа сабақтың жоспары :

    1. Көшпелілердің баспанасы

    2 .Киіз үйдің түрлері

    1. Отырықшы және көшпелі өмір арасындағы айырмашылық

    Жаңа ақпарат- 10 минут. Бейнебаян арқылы толық мәлімет беру.

    Киіз үй– Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы; Орталық және Орта Азия халықтарының көшпелі тұрғын үйі. Ол – көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі. Көшпенділердің киіз үйі – тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да, туристер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүр. Киіз үй-көктем, жаз және күз мезгілдерінде қоныстан қонысқа көшіп жүру жағдайына қолайлы құрама үй. Оның қабырғасы торлап көктелген керегеден тұрғызылады. Кереге әдетте екі түрлі болады. Оның бірі кең көзді кереге « желкөз» деп аталады. Бұл артуға жеңіл, бірақ сәнсіз, сүйегі жеңіл болғандықтан желге төзімсіздеу болып келеді. Екінші түрі тар көзді кереге – «торкөз» деп аталады, ол артуға ауырлау болғанымен, желге өте төзімді. Кереге жиналмалы бөлек-бөлек қанаттардан жасалады. Ал керегеден жоғары сидам, жіңішке ағаштан жұмырлап жасалып, қарны иілген уықтардан қаусырыла күмбез шығарылады. Уықтардың басы дөңгелене жайылған керегенің аша басына айқастырыла байланып, ұшы (қаламы) шаңырақтың көзіне шаншылады. Шаңырақ- үй күмбезінің төбесі әрі терезесі. Керегенің сыртынан әр алуан бояулы жүн оралып, өрнек түсіріліп тоқылған шымши немесе жалаңаш шиден тоқылған ши ұсталады. Кереге мен уықтар уықбау, кермебау, басқұр, құр және басқа да бау-шулармен бекітіледі. Үйдің ағаштан жасалғандарын «сүйегі» деп атайды. Үй ағашының сыртынан арнаулы үй киіздері – қабырғасына туырлық, үстіне үзік, төбесіне түндік жабылады. Бұл үй киіздері бау-шулар арқылы ұштастырылады. Киіз үйдің есігінің биіктігі бір жарым метр,ені 0,8 метр келеді.Оған ағаштан оюлап жасалған «сықырлауық»деп аталатын жарма есік орнатылады. Сықырлауық сыртынан ораулы шиден тоқып, оюлы киіз қаптаған жаппа есік түсіріледі. Үйдің ортасында тамақ пісіретін ошағы болады.Үйдің оң жағында төсек, оның тұсына тұскиіз ұсталып, төсекті қоршап шымылдық тартылады. Үйдің төріне жұқаяқ қойылып, оның үстіне абдыра, көрпе-жастық жүктер жиналады. Үйдің сол жағына кебеже , қазанаяқ, саба сияқты ыдыстар қойылып, шыптамен қоршалады. Талай ғасырлық көшпелі тұрмыс тәжірибесінен туған қазақтың киіз үйі – күннің аптабы мен түннің дым-сызынан, жауын-шашын мен аңызақтан, бораннан сақтануға ыңғайлы, әрі ауалы, әрі жарық болудың үстіне көші-қонға қолайлы, оны жарты сағат ішінде жығып-артуға да, жарты сағат ішінде көліктен түсіріп, тігіп алуға да болады.

    Тарихы

    Киіз үйдің пайда болуы қола дәуірінен басталады екен. (б.з.б. 3-мың жылдық). Киіз үй біздің заманымыздан бұрынғы 7-ғасырда кеңінен пайдаланып, киіз басу белгілі бір кәсіпке айналды. Киіз үйдің сол кезден бастап кең таралғанын сол замандағы тасқа қашап түсірілген Алтай Сібірдегі Қызылжар тасынан, Қырымдағы суреттерден айқын байқауға болады. Көшпелі сақ тайпаларының киіз үйде тұрғанын алғаш рет ежелгі грек тарихшысы Геродот жазды.

    Киіз үй 3 бөліктен тұрады:

    Шаңырақ– үйдің бас бөлігі.

    Уық– шаңырақ пен кереге ортасын қосатын иінді ағаш.

    Кереге– жиналған кереге (үй қабырғасы).

    Сықырлауық– киіз үйдің ағаштан жасалған жарма есігі.

    Маңдайша– екі босағаны жоғары жағынан ұстап тұратын берік ағаш.

    Босаға– маңдайша мен табалдырықты қосатын және кереге бекітілетін ағаш.

    Киіз үйге қазақ үй, қара үй, боз үй деп үшке бөлінеді. Оның себебі – батысы мен шығысы, түстігі мен терістігі мыңдаған шақырымға созылған қазақ жерінің географиялық жағдайы киіз үйдің сырт пішіні мен жасалу технологиясына да аздаған өзгешеліктер енгізген. Себебі жыл мезгілдеріндегі ауа райының өзгеруінен бөлек оңтүстік және шығыс аймақтар жылы болғандықтан ол жерлердегі киіз үйлердің сыртқы қабаттары жұқалау, ал, солтүстік және батыс аймақтарда ауа райы салқын болатын болғандықтан ондағы киіз үйлердің де сыртқы қабаттары жылы жақтағы ағаш үйлерден гөрі қалың болып жабылатын болған. Жалпы киіз үйдің үлкен-кішілігін санына қарай белгілейді. Киіз үйдің екі, үш, он сегіз, отыз қанатқа дейін жететін түрлері болған. Киіз үй керегесінің басы 70-80-нен 360-қа дейін барады.

    Киіз үй түрлері

    Орда – салтанатты, жоғары мәртебелі адамдар басын қосатын, елдік мәселе шешетін немесе аса құрметті хан, би, сұлтандар отыратын үй. Мұның да бірнеше түрі бар.

    Алтын орда – 30 қанаттан (керегеден) тұратын мәжіліс ордасы.

    Алтын үзік – 24 қанаттан тұратын аса лауазымды хан отбасы тұратын үй.

    Ақ ала орда – 8 қанатты дәулетті бай үйі.

    Ақ үй – 6 қанатты дәулетті бай үйі.

    Боз үй, қоңыр үй – 4-5 қанатты орташалар үйі.

    Қараша үй – кедей үйі.

    Отау – жас жұбайлар үйі.

    Жолым үй, абылайша, жаппа – уақытша ғана отыратын шағын немесе жартылай тігілетін үйлер.

    Қос – ауылдас ас сақтайтын, далада малшылар тұратын немесе кедейлер үйлері.

    Үй киіздері

    Киіздер– киізден тұратын бөлшектер.

    1.Түндік–- шаңырақ үстінен жабылатын төртбұрышты киіз.

    2.Туырлық–- ордада кереге бойы, шағын үйде шаңыраққа дейтін жабатын киіз.

    3.Үзік – уықтардың үстін ала жабылады

    Киіз үйдің баулары, басқұр мен арқандары

    Киіз үйдің сүйегін бір-бірімен ұластыру мақсатында бау-құрлар қолданылады.

    Таңғыш – екі керегенің сағанағын (жігін) кіріктіріп таңатын өрнекті жіңішке құр. Таңғыш – үй тіккенде керегелерді бір-біріне қосып байлайтын терме бау.

    Бас арқан – керегенің басын сыртынан бастыра орап таңатын қыл – арқан. Бас арқан – үйдің барлық салмағын ұстап тұратын , кереге басын орай маңдайша бекітілетін берік арқан.

    Шалма – уықтарды ығып кетпеуі үшін шалмалап байлайтын құр.

    Желбау – өрнекті, төгілме шашақты құр, шаңыраққа үш жерден байланып, керегеге асылады, киіз үйге сәндік жиһаздық сипат береді.Оның негізгі міндеті – дауыл кезінде шаңырақты салмамен басып тұру.

    Басқұр – киіз үйдің ішін безендіру үшін, әр туырлықтың кереге басына үйкелмеу үшін уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып тағатын, өрнекті жалпақ құр. Басқұр – кереге басы туырлықты тесіп кертеу үшін үй айнала жүргізілетін (тартылатын) жалпақ оюлы құр.

    Үзік бау – үзіктің екі жиегінен екі немесе үш жерден айқастыра тартып керегеге байлайтын жалпақ терме бау. Үзік – ордада кереге мен шаңыраққа дейін жабатын туырлық бөлігі.

    Бел-бау – туырлықтың керегеге тығыз жатуы және жел көтеріп кетпеуі үшін сыртынан бастырып буатын қыл арқан.

    Белдеу – жел тұрғанда туырлық көтеріліп кетпес үшін үй сыртынан екі жерден тартылатын арқан.

    Киіз үйдің негізгі бөлмелері

    Төр – мұнда жүк жаналады, қонақтар орналасады. Бұл үйдің жоғарғы әрі қымбатты орыны деп саналады. Жас келіндер бұл жерді баса бермейді.

    Сол жақ – (кіргенде оң жақ) үй иесінің отыратын және жататын орны. Босаға жақта азық-түлік, ыдыс аяқтар тұрады. Оны шимен жауып қояды.

    Оң жақта – (кіргенде сол жақ) балалары орналасады. Босаға жаққа қарай ер-тұрмандар, киімдер ілінеді.

    От орны қасиетті орын саналады. Мұнда от жағылады, қазан асылады.

    Киіз үйде отыру тәртібі

    Сүйеніп, тіреліп отыруға болмайды.

    Таянып отыруға болмайды.

    Жағын таянуға, маңдайды тіреуге де тыйым салынады.

    Қолын төбесіне қойып немесе желкесіне қойып отыруға болмайды.

    Тізені құшақтап немесе қолдарын айқастыра, тізені тартып отыруға болмайды. «Тізеңді құшақтама, керме».

    Жұртқа қарап керілуге болмайды.

    Киіз үйде жастардың жамбастап жатуына болмайды.

    Жатып ішуге болмайды.

    Киіз үйдің ішінде жүрелеп отыруға болмайды.

    Киіз үйге бірдеңені шайнап, жеп кіруге болмайды.

    Киіз үйге қолына қамшы ұстап кіру жөнсіз саналады.

    Қазақта ер адамның дұрыс отыруы «малдас құру» арқылы отырады.

    Күйеуі бар әйел, бәйбіше — ошаққа қарап, оң аяғын астына басып, сол аяғының тізесін бүгіп отырады.

    Салт атты адам киіз үйге артқы жағынан келуі керек.

    Киіз үйге байланысты қандай ұғымдарды білеміз?

    Ұлттық ұғымда киіз үй және оның әрбір құрамдас бөлшегі қасиетті деп саналады. Соған орай ата-бабаларымыз әрбір затқа лайық ұлықтау, теңеу, бейнелеу сияқты ойлы ұғымдармен бірге тәрбиелік мәні бар қағидалы, қанатты сөздер де шығарған.

    Ол қанатты сөздер шаңырақтан басталады.

    Шаңырақ – киелі мүлік. Атадан балаға мұра болып келе жатқан үйді қара шаңырақ деп құрметтейді. Қара шаңыраққа сәлем беру, одан дәм тату- ежелгі халық жоралғысы. Шаңырақ деген сөз «үй, отбасы» деген тұтас ұғымды да бейнелейді. Жаңа үйленгендерді «шаңырақ көтерді» дейді. «Шаңырағың биік болсын!» деген батаның ең үлкені болса, «Шаңырағың ортасына түссін!» деген қарғыстың ең ауыры болып саналады. Шаңырақты аттамайды, көшкенде жеке түйеге артып, ол көш басында жүреді. Қыз ұзатылғанда мініп келген көлікті «шаңырақ түйе» дейді. Бұл көлікке ұзатылатын қыздың шешесі, жеңгесі, сіңлілері ғана ортырады. Тыныш отыр, шамаңды біл дегенді білдіру үшін: «Шаңыраққа қара!» – деп, ескерту жасайды. Мысалы, үлкен іске үлес қосты, қала, зауыт салысты дегісі келсе «Шаңырағын көтеріп, уығын қадасты», – дейді.

    Керегеге байланысты сөздер де көп. «Керегең кең болсын» деген бата – үйің кең, қонағың көп, берекелі үй бол деген сөз. Біреу ақталу үшін: «Керегенің көгін жейін», – деп қарғанады.

    Тілге тиек етіп айтылатын сөздер туырлыққа да орай айтылады. Мал семіз болса, «Іш майы туырлықтай туырылып түсті», – деп мақтайды. Махамбет батырдың: «Туырлығын тілгілеп, тоқым етсем деп едім. Керегесін кескілеп, отын етсем деп едім», – дегені – кегімді алсам, дұшпанымды жеңсем дегені.

    Бақан арқылы қазақ мықтылықты меңзейді. «Бақандай бес жігіт» дегені қарулы мықтылықты ұқтырса, «барымды киіп, бақанымды таянып» дегені әзірленіп, күтініп отырмын дегенін білдіреді.

    Қазақ түндік арқылы көп жайды аңғартады. «Түндігің түтінді болсын» деген ақ батада ырыс, береке деген мағына бар. Жас әйел түндігін ерте ашса, оның шаруақор, пысық екендігі, басқа үлкен үйлердің түндігін ашса, әдептілігі көрінеді. Салақ, жалқау әйелдерді «түндігі кеш ашылатын келін» деп теңейді. Ал «Түндігі ашылмай қалды» деген сөз сол үйдің адамдарының барлығының қайтыс болып кеткендігін білдіреді.

    Киіз үйдің есігіне байланысты айтылатын ұғымдар өте көп. Әркім өз үйін алтын босағам деп дәріптейді. «Табалдырық аттады» деген өте жақсы сөз «келін болып түсті» дегенді сыпайылап, құрметтеп айтқаны. Босағаны керме, табалдырықты баспа деген тыйымдар әдептілікке шақырады. Бөтен үй деудің орнына жат босаға деген ұғымды қолданады. Кіріп келе жатқан бала табалдырыққа сүрініп жығылса, оны жақсы ырым деп жориды.

    Ал енді өзімізге ұнайтын математикалық фигураларды таңдап алайық (Топқа бөлу, «Т» ережесін құру)

    Т-талапшылдық

    Т- табандылық

    Т-тапқырлық

    Т-төзімділік

    Т-талант

    Топтық жұмыстар- 5 минут

    1-топ Көшпелілердің баспанасы

    2- топ Отырықшы және көшпелі өмір арасындағы айырмашылық

    Жеке жұмыстар-15 минут

    Киіз үйде отыру тәртібі

    Киіз үйдің негізгі бөлмелері

    Суреттеңдер

    Шаңырақ- Киiз үйдегi кеңiстiк – қазақ дүниетанымының тоғысқан жерi. Осында адам дүниеге келедi, үйленедi және соңғы сапарға аттанады. Яғни адамның түздегi тiршiлiгiн қоспағандағы өмiрi осында өтедi. Киiз үй – ғаламның моделi. Бүкiл ғалам мен адам арасын байланыстырушы. Рухани мәдениет ретiнде қарастырсақ, киiз үй баспана ғана емес арғы әлеммен байланыстырып, қаскөй рухтардан қорғайтын киелi орын. Қазақ үйдiң киесi шаңырақтан бастау алады. Шаңырақ -қасиеттi. Шаңырақ -күннiң символы. Шаңырақ көтерiлiп жатқанда ешкiм сөйлемейдi. Өйткенi ұлы iс атқарылып жатқанда үнсiздiк орнауы тиiс. «Жетi уық шаншылғанша жетесiз ғана сөйлейдi» деген сөз осының дәлелi.Шаңырақтың төрт күлдiреуiшi – төрт тарапты бiлдiредi. Уықтарды күннiң шашырандысы деп ұғыңыз. Ертеректе шаңыраққа үрлеген қарын байлап қоятын болған. Оның мәнiсi, құт құйылады деп есептеген. Шаңырақтың астында ошақ орналасады. Ошақ – адамның оты. Шаңырақтың үстiнде Алланың оты маздаса, төменде адамның оты лаулайды.

    Уық – кереге мен шаңырақ ортасын қосатын негізгі бөліктің бірі. Уық алақан, иіні, қары және қаламы деген атаулардан тұрады. Ол иінінен ішке иіле жасалады, яғни үйдің күмбезді үлгісі осы уықтан басталады. Уық алақандағы уық бау арқылы кереге басына байланып, қаламы шаңырақтың қаламдығына сұғылады. Қалам мен қаламдық төртбұрышты қырланып, ойылады. Мұндай уық берік болады, әрі ауып, қисайып кетпейді. Қанат санына қарай уықтың саны да, ұзындығы да өсе береді. Әр үйде көлеміне қарай 60-160-тай уық болады.

    Кереге– киіз үйдің негізін құрайды. «Керегең кең болсын» деген тілек осыдан шыққан. Өйткені үйдің берік болуы, кеңдігі осы керегеге байланысты. Кереге құрайтын ағаштарды желі, оның ұзынын ерісі, қысқаларын сағанақ, балашық деп атайды. Желілердің басы мен аяғына әдемілік үшін ойып, сызықтар (ыру) жүргізеді. Желілерді тесіп, түйенің мойын терісі немесе өгіздің бас терісінің сірісі (қайыстары) арқылы көктейді. Керегенің басы мен аяқ жағы сәл шалқайтыла, ал ортасы дөңестеу жасалады. Дайын керегені қанат деп атайды, яғни 18 қанат үйде 18 кереге болады. Кереге көзінің үлкен-кішісіне қарап торкөз, жел көз деп бөледі. Торкөзді кереге әдемі әрі берік болады.

    Үй киіздерін жазыңдар

    Киіздер– киізден тұратын бөлшектер.

    1.Түндік–- шаңырақ үстінен жабылатын төртбұрышты киіз.

    2.Туырлық–- ордада кереге бойы, шағын үйде шаңыраққа дейтін жабатын киіз.

    3.Үзік – уықтардың үстін ала жабылады

    Жұптық жұмыстар Сәйкестендіру кестесі

    1. Уық – шаңырақ пен кереге ортасын қосатын иінді ағаш.
  • Басқұр – кереге басы туырлықты тесіп кертеу үшін үй айнала жүргізілетін (тартылатын) жалпақ оюлы құр.

  • Жел арқан – дауылды күндері үйді бастыра тартатын арқан.

  • Аяқбау – уыққа сәндік үшін байлайтын түрлі жіптер шоғы

  • Ши – киіз үй бөлшегін, тұрмыс бұйымын жасайтын өсімдік.

  • Үзік – ордада кереге мен шаңыраққа дейін жабатын туырлық бөлігі.

  • 7. Таңғыш – үй тіккенде керегелерді бір-біріне қосып байлайтын терме бау.

    1. Түндік–- шаңырақ үстінен жабылатын төртбұрышты киіз.
  • Туырлық– ордада кереге бойы, шағын үйде шаңыраққа дейтін жабатын киіз.

  • 10.Тастама –-киіз есігін жоғарыдан шаңырақ арқылы маңдайшаға байлайтын бау.

    11.Желбеу – сәндік үшін шаңыраққа байланатын шашақты баулар

    12.Күлдіреуіш– түндікті көтеріп тұратын, ағаштан иіп жасалған бөлшек.

    «Киіз үй» тренингі

    Дөңгеленіп тұрайық,

    Керегені құрайық,

    Уықтар боп иіліп,

    Шаңыраққа киіліп,

    Киіз үйді құрайық.

    Суреттеңдер

    Бір сөзбен айтқанда (пікірлерін айтады)

    1.Киіз үй – қазақтың өз өміріндегі ұстанар салты мен дәстүрінің де таңбасы, белгісі. Оның дүниетанымының, сан ғасырлық мәдениетінің жарқын айғағы.

    2.Киіз үй – Қарлығаштың ұясындай баспана.

    1. Киіз үй – қазақ халқының шағын мұражайы.
  • Киіз үй – Тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік құрылыс

  • 5.Халқымыздың бата-тілектері де киіз үй жабдықтарымен тікелей байланысты. «Шаңырағың шайқалмасын, керегең кең, екі босағаң тең болсын» деген нақыл сөзі бар.

    1. Киіз үйді мен Жер шарына теңер едім.

    Киіз үйге байланысты қандай ұғымдарды білеміз?

    Шығармашылық жұмыстар қорғау.

    Бағалау-2 минут (Өзін-өзі бағалау парағы)

    Бағалау парағы

    Үй тапсырмасы Қосымша

    сұрақтар

    Топтық жұмыс Жеке жұмыс Жұптық

    жұмыс

    Шығармашылық тапсырма Ұпай

    “3”- 3- 7 ұпай

    “4”- 8-11 ұпай

    “5”- 12-15 ұпай

    Үйге тапсырма: Киіз үйдің маңыздылығы қандай? Шығармашылық жоба үлгісін дайындау

    Рефлексия-3 минут «Мен үшін бүгінгі сабақтың құндылығы»

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

    Больше на

    Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

    Читать дальше