Тақырыбы: «Математика және табиғат»
Зерттеу жұмысын жүргізгендер: Ақтөбе қаласы, № 40 жалпы орта білім беретін
мектебінің 10 «Ә» класс оқушылары – Жансерік Баубек Абатұлы, Ергазина Аксаним Руслановна,
Шаштыгарина Дана Муратбековна.
Жетекшісі: Оразова Гульмира Саиновна
Математика өте ертеден дами бастаған ғылым. Математиканың алғашқы ұғымдары адамдардың күн көріс құралдарын іздестіру жолында пайда болған. Математиканың дамуында әсіресе табиғат тану үлкен әсер етеді. «Табиғатты терең зерттеу математикадағы ең жемісті жаңалықтардың көзі болып табылады» – деді француз ғалымы Фурье. Табиғат – адамға қажет баға жетпес байлық. Ол мол қазынаның қайнар көзі.
Сондықтан, халқымыз «Табиғат адамзаттың өмір нәрі, қажеттінің содан бәрі» – деп дәріптеген. Табиғат бұл біздің санамыздан тыс, бізге бағынбайтын, біздің өмірімізге тірек болып тұрған болмыс, әсем дүние. Табиғат – адам басына адамгершілік абзал қасиеттерді қалыптастыратын ұлағатты ұстаз, тәлімі мол тәрбиеші. Дүние жүзінде өмір сүріп жатқан барлық адамдар өздерінің өмір сүруіне қажетті заттарды табиғаттан алады. Табиғат байлықтары деп адамдар табиғаттан алып өз қажетіне жарататын табиғи заттарды атаймыз. Қоршаған ортадағы табиғи байлықтарға жер, су, ауа, орман, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, күн энергиясы, пайдалы қазбалар және т.б. жатады.
«Таза ауа – дертке дауа» демекші ауа адамға, жануарларға, өсімдіктерге тыныс алу үшін, яғни тіршілік үшін қажет. Ауаның ластануы оған әртүрлі шаң – тозаң, түрлі газдардың араласуынан болады. Қоршаған табиғи ортаның ауа кеңістігі әртүрлі жолмен ластануда. Ірі өнеркәсібі дамыған қалалардың үстін 1500 – 2000 метр биіктікте әртүрлі газдар қоспасынан құралған қара қошқыл түсті шаң басып тұрады. Олардың адам денсаулығына ғана емес, өсімдіктермен жан – жануарлардың өмір сүруіне, тіршілік етуіне үлкен зиянын тигізеді.
Табиғат – адам үшін ерекше қасиетті ұғым. Сол табиғаттың бір бөлігі – өсімдіктер. «Бағбан болсаң, бақ өсір, балама деп тағы өсір» деген аталы сөздер бекер айтылмаған. Ағаштар мен бұталар ауа құрамының тазалығын сақтайды. Бір гектар жерде өсетін ағаштар сағатына 8 кг көмірқышқыл газын өз бойына сіңіреді. Қалалардың ауасы кәсіпорындардан, көліктен шығатын түтінмен, газбен ластанады. Ауадағы зиянды қосындылардың 13 – 48 пайызы адамның тыныс мүшелерінде тұтылып қалады. Қоршаған ортаны ластанудан сақтау үшін, оны қорғау шараларын жүргізу керек. Атмосфераның тазалығына жасыл өсімдіктер көп пайдасын тигізеді. Ескіріп, үлкейген, өсуі нашарлап кеткен ағаштарды кесіп, орнына жас көшеттерді отырғызу жылына 2 рет жүргізілуі қажет.
Математиканың табиғатты мәңгілікке таза, мол қазыналы, сұлу қалпында сақтап қалуға қосатын үлесі мол. Демек, математика ғылымын қолданбай табиғатты ұрпақ игілігіне сақтап қалу мүмкін емес. Сондықтан табиғат пен жер – ананы аялап, оларды қамқорлық пен қорғау – әрбір адамзаттың міндеті.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Адам – табиғат пен жер – ананың өз перзенті. Табиғат пен жер – анаға өз перзенті адамның аялы алақаны, жүрек жылуы қажет. Табиғат пен адамдардың арасындағы байланыстың нәзік сезімдерін, оны нақты материалдар арқылы сезіндіру.
Зерттеу жұмысының міндеті:
Табиғат қорғау проблемаларын математикалық есептеулер арқылы көрсетіп, туған өлкеміздің табиғатын таза, уланбаған күйде сақтап қалуға үлес қосу.
Зерттеу жұмысының әдістемесі:
Ақтөбе облыстық табиғат қорғау қоры және ғылыми арнайы әдебиеттер, газет, журналдардан алынған мәліметті математикалық есептеу тұрғысынан анализдеу.
Гипотеза
1. Жасыл желектер ауаға оттегін бөліп, шаң-тозаңды өзіне сіңіреді және көшедегі шуды бәсеңдетеді. Сондықтан «Тамаша табиғат – денсаулық пен қуаныш негізі» бөліміндегі есеп шешімі бойынша Ақтөбе қаласының халқы үшін 262500 гектар, Ақтөбе облысының халқы үшін 471100 гектар ағашты жер болуы тиіс.
2. Атмосфераға шығарылатын зиянды қалдықтардың мөлшерін орташа есеппен есептегенде Ақтөбе қаласының автокөліктер күніне атмосфераға 960т зиянды қалдықтар шығарады.
Зерттеу жұмысының жаңалығы:
Аймақтық экологиялық проблемаларды мөлшерлік тұрғыдан көрсету.
Зерттеу жұмысының нәтижелері:
Зерттеу тақырыбындағы құрастырылған, жинақталған есептерді шығару нәтижесінде төмендегі мағлұматтарды алуға болады.
1. Оттегі адам өмірі үшін өте қажет екендігі белгілі. Жылына әр адам тыныс алу үшін 173 мың литр оттегі қажет, ал өсімдіктер жылына (ғаламшарда) 400млн. тонна оттегін бөледі. Сондықтан «Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жасыл желек отырғызу жөнінде жұмысты жалғастыру керек.
Ол үшін:
а) орман шаруашылығының ережесі бойынша жылына 1га орман алқабынан 1,38м2 көлемде ғана ағаш кесіледі.
ә) кесілген ағаштардың орнына қайтадан ағаштар отырғызылуы тиіс.
2. Су көздерін таза сақтау үшін:
а) Су көздеріне төгілетін өндіріс қалдықтарын тазартатын құралдар болу керек.
ә) Тазартқыш құралдар дұрыс жұмыс жасауы қажет.
3. Атмосфераға шығарылатын зиянды қалдықтардың таралу мөлшері артса, жаңа
технологияны пайдалану қажет.
Зерттеудің барыстары, кезеңдері:
§ 1 Тамаша табиғат – денсаулық пен қуаныш негізі.
§ 2 Таза ауа – дертке дауа.
§ 3 Су – тіршіліктің қайнар көзі.
§4. Атмосфераға шығарылатын зиянды қалдықтардың мөлшері.
§ 1 ТАМАША ТАБИҒАТ- ДЕНСАУЛЫҚ ПЕН ҚУАНЫШ НЕГІЗІ.
БӨЛІМНІҢ МАҚСАТЫ: Табиғи ортаға жанашыр көзқарасты, табиғатты қорғау, көркейту, оның сұлулығын ұғынатын жауапкершілікті сезіну.
1.1 есеп.
Егер Қазақстан Республикасындағы тұратын адамдардың әрқайсысына 0,7 гектар ағашты жерден келетін болса, өздерің тұратын қала мен облыс халқына қанша гектар ағашты жер қажет? Ақтөбе қаласының халқы 375 мың. Ақтөбе облысындағы халық 673 мың.
Шешуі:
1) 375000 х 0,7 = 262500 (га)
2) 673000х0,7=471100 (га)
Жауабы: 262500га қала халқына, 471100 га облыс халқына ағашты жер болуы қажет.
1.2.-есеп.
Орманшы 2875 га жерге ағаш отырғызды. Барлық жердің 80 % қайың, қалған жердің 75% -іне емен, одан қалған жердің 24 % қарағай, қалған жерге жеміс ағаштарын отырғызды. Жеміс ағаштары қанша ауданға отырғызылды?
Шешуі:
1) 2875 80/100=28754/5=2300 ( га қайың);
2) 2875-2300= 575 (га қалған аудан);
3) 575* 75/100=575*4/3 = 431 4/3 ( га емен );
4) 575 – 431 ¼ =143 ¾ (га қалған аудан);
5) 143 ¾ * 24/100 = 575/4 * 6/25 = 6/25 = 34 ½ (га қарағай);
6) 143 ¾ – 34 ½ =109 ¼ ( га жеміс ағаштары).
Жауабы: 109 ¼ га жеміс ағаштары отырғызылды
1.3.есеп.
Мектеп айналасын көгалдандыру үшін ағаш көшеттерін әкеліп, сыныптарға таратты. 5 сынып оқушылары барлық көшеттердің 20-ін, 6 және 7 сынып оқушылары таратылды. Жоғарғы сынып оқушылары 5-сынып оқушыларына қарағанда 120 түп ағаш артық отырғызды. Барлығы неше түп ағаш әкелінді?
Шешуі:
1. 20+10 = 30 (%)
2. 100-(20+30)=50 (%)
3. 50-20=30 %
4. = , Х = , Х= 400
Жауабы: 400 түп ағаш әкелінді.
1.4.есеп.
1 гектар самырсын орманы ал 1 гектар жерге егілген тозаңды жұтады. Самырсынға қарағанда 6 есе шаң тозаңды артық жұтады екен. 3,2 гектар самырсын орманы қанша, 2,3 гектар жерге егілген қарағаш қанша шаң тозаңды жұтады?
Шешуі:
1) 3,2х6=192 (т қарағаш)
2) 3,2х32=102,4 (т шаң тозаңды самырсын орманы жұтады)
3) 192х2,3=441,6 (т шаң тозаңды қарағаш орманы жұтады)
Жауабы: 3,2 гектар самырсын орманы102,4, ал 2,5 гектар жерге егілген қарағаш 441,6т шаң тозаңды жұтады.
1.5.есеп.
Бір адамның таза ауамен дем алуы үшін 45мІ жерге өсімдік өсіруі керек. Сонда ол үшін өлшемдері натурал сандар болатын қандай тік төртбұрыш жерді көгалдандыру керек?
Шешуі:
1 – сурет
Жауабы: 5 м х 9 м , 3 х 15 м , 1 м х 45м
1.6. есеп.
Орман шаруашылығының ережесі бойынша жылына 1 га орман алқабынан 1,38 мІ көлемде ғана ағаш кесуге болады және оның орнына ағаш отырғызылуы тиіс. Егер бір гектар орман алқабынан 5,52 мІ ағаш кесілсе:
1) ол нормадан неше есе артық?
2) 10 жылда орман алқабының әр гектарынан нормадан тыс қанша көлемде ағаш кесіледі?
Шешуі:
1) 5,52:1,38= 4 (есе артық)
2) 5,25-1,38 х10=41,4 (мІ)
Жауабы: 10 жылда әр гектардан 41,4 мІ көлемде ағаш кесіледі. (нормадан тыс)
1.7. есеп. Көгалдандыру үшін екі көше бойына ағаштар отырғызылды. Бірінші көшедегі ағаштар саны екінші көшедегі ағаштар санынан 1,4 есе көп.
13 ағашты бірінші көшеден екінші көшеге ауыстырып отырғызғанда, екі көшедегі ағаштар саны бірдей болады. Алғашқыда әр көшеге қанша ағаш отырғызылды?
Шешуі:
Алғашқыда әр көшеге х ағаш отырғызылды деп алайық. Есептің шарты бойынша теңдеу құрып, оны шешйік.
1,4х-13=х+13
1,4х-х=13+13
0,4х=26
х=26:0,4
х=65
Жауабы: 65 ағаш отырғызылды.
1.8. есеп. Ағаш білеушінің (тікбұрышты параллелепипед тәріздес) ұзындығы 5,5 дм, ені 2,6 дм, биіктігі 1,2дм. Ағаштың 1 дмі-нің массасы 0,7 кг. Өлшемдері берілген ағаш білеушенің массасын тап.
Шешуі:
1) 5,5х2,6х1,2=17,16 (дмі)
2) 17,16х0,7= 12,012 (кг)
Жауабы: 12,012 кг.
1.9. есеп.
Саяжайдағы ағаштардың 30-ы жеміс ағаштары. Бұл барлық ағаштардың 75 %-і. Саяжайда барлығы қанша ағаш бар?
Шешуі
30/x=75/100 , x=30.100/75 , x=40.
Жауабы: 40 ағаш
1.10 есеп. Бағбан бақшасының шетіне 4 алма ағашын отырғызып, көп жылдар бойы күтіп, мәпелеп өсірді. Біраз жылдан кейін, ол квадрат пішіндес бақшасын тағы да 2 есе үлкейткісі келді. Бағбан алма ағаштарын кеспей бақшасының бұрынғыдай шаршы түрде болып қалуы үшін не істеуі керек?
Шешуі:
2 – сурет
ABCD-алма ағаштары;
EFMN-жаңа шаршы бау;
SАВҒ = SАВО , SАДЕ = SАДО
S DCH = S DCO S CBM = S CBO
S EFMH =S FBF + S FDE + S DCH + S ABCD + S ABCD = 2 S ABCD.
1.11 есеп. Бақтағы 120 ағаштың 1/5-і шырша ағаштары. Бақта неше шырша ағашы бар?
Шешуі:
120 х =24
Жауабы: 24 шырша ағашы.
1.12 есеп. Балалардың отырғызған ағаштарының 80-і көктеді. Бұл барлық отырғызылған ағаштардың 5/6- індей еді. Балалар неше ағаш отырғызды?
Шешуі:
80:5/6=80х6/5 =96 ағаш
Жауабы: 96 ағаш.
1.13 есеп.
Қалада 150 мың адам тұрады. Биіктегі орташа 1 ағаш 3 адамды оттегімен қамтамасыз етеді. Ағаштың қоректену ауданы 12 шаршы метр. Қала халқын оттегімен қамтамасыз ету үшін қалада қанша ағаш өсіру керек және ол ағаштар қандай ауданға (га) егілмек?
Шешуі:
1) 150000:3=50000 (ағаш)
2) 12×50000=600000 (м) =60 (га)
Жауабы: 150000 адамды 50000 ағаш оттегімен қамтамасыз етеді. Ол ағаштар 60 га ауданға егілу керек.
1.14 есеп. Ұзындығы 12,5м ағаштың 2,15м-і жерге көмілді. Ағаштың жердің бетіндегі бөлігінің ұзындығы қанша?
Шешуі:
12,5-2,15=10.35 (м)
Жауабы: 10,35 м
1.15 есеп. Алаңға отырғызылған тал қайыңнан 3 есе артық. Барлығы 72 ағаш отырғызылған болса, қанша тал, қанша қайың отырғызылған?
Шешуі:
Қайың –х
Тал -3х 72
x+3x=72
4x=72
x=18 (қайың) 3х18=54 (тал)
Жауабы: 18 қайың, 54 тал отырғызылған.
§2 ТАЗА АУА – ДЕРТКЕ ДАУА.
БӨЛІМНІҢ МАҚСАТЫ: Ауаны зиянды газдармен ластамау, атмосфера тазалығын сақтау мен жалпы ауаның құрамына есептер шығару.
2.1 есеп. Адам демімен бірге тәулігіне 400 л көмір қышқыл газын шығарады. 1 м3 көмірқышқыл газының массасы 1,98 кг. Адам демімен тәулігіне неше килограмм көмірқышқыл газын шығарады?
Ескерту: 1л=1дм3.
Шешуі:
400 л=400 дм3=0.4 м3;
0,4х1,98=0,792 (кг).
Жауабы: 0,792 кг
2.2 есеп. Ауаның 78%-і азот, 21% оттегі қалғаны әр түрлі газдар. Ауадағы азоттың, оттегінің, түрлі газдардың дөңгелек диаграммасын сыз.
Шешуі:
100% -3600;
1% -3.60;
3.60 x 78 = 2810 (азот);
3.60 x 21 = 760 (оттегі;)
3600 – (2810 + 760)=3600-3570=30 (әр түрлі газдар)
2.3 есеп. Ересек адам минутына 16 рет дем алады және бір дем алғанда 0,5 литр ауа жұтады. 1 литр ауаның массасы 1,23 грамм болса, ересек адам 1 минутта неше грамм ауа жұтады?
Шешуі:
1) 16 х 0,5 =8 (л);
2) 8 х 1,23 =9,84 (г)
Жауабы: 9,84 грамм.
2.4 есеп. 1 м3 ауаның массасы 1,3 кг. Бөлменің өлшемдері: 7,5 м; 5,4 м; 3,2 м. Бөлме ішінде ауаның массасын табыңдар.
Шешуі:
1) 7,5 х 5,4 х 3,2 = 129,6 (м3);
2) 129,6 х 1,3 =168,48 (кг).
Жауабы: 168,48 кг.
2.5 есеп. 1 га орман жаздыгүні тәулігіне 280 кг көмірқышқыл газын жұтады да, одан 1,28 есе аз оттегі бөліп шығарады. 5 га орман жаздыгүні тәулігіне қанша оттегін бөліп шығарады?
Шешуі:
1) 280 : 1,28 = 218,75 (кг);
2) 218,75 х 5 = 1093,75 (кг).
Жауабы: 1093,75 кг.
2.6 есеп. Ауаның 21% -ін оттегі құрайды. Ұзындығы 5 м, ені оның 0,9 -ына тең, биіктігі енінен 1,5 м кем бөлмедегі ауаның құрамында қанша оттегі бар?
Шешуі:
1) 5 х 0,9=4,5 (м бөлменің ені);
2) 4,5 – 1,5=3 (м бөлменің биіктігі);
3) 5 х 4,5 х 3=67,5 (м3 ауаның көлемі);
4) 67,5 х 0,21=14,175 (м3 оттегінің көлемі).
Жауабы: 14,175 м3
2.7 есеп. Адам ауыр жұмыс орындаған кезде, оның дем алуы 5 есе жиілейді. Қалыпты жағдайда адам 1мин уақытта 10,32 г ауа жұтады. Адам 1 сағат уақыт ауыр жұмыспен айналасқанда қанша ауа жұтады?
Шешуі:
10,32 х 5 =51,6 (г);
51,6 х 60 =3096 (г).
Жауабы: 3 кг 96 г.
2.8 есеп. Көлемі 122,5 м3 бөлмедегі ауаның салмағын есептеңдер.
Ескерту: 1 м3 ауаның салмағы 1,3 кг.
Шешуі:
122,5 х 1,3 =159,25 (кг)
Жауабы: 159,25 кг
2.9 есеп. Сынып бөлмесінің өлшемдері 8 м х 5 м х 3м. Бөлмеде ауаның 78%-і -азот, 21%-і-оттегі. Сынып бөлмесіндегі азоттың, оттегінің көлемдері қанша?
Шешуі:
1) 8 х 5 х 3=144,5 (м3 бөлменің көлемі);
2) 144,5 х 0,78 = 112,71 (м3 азоттың көлемі);
3) 144,5 х 0,21= 30,345 (м3 оттегінің көлемі).
Жауабы: 112,71м3 – азот; 30,345м3 – оттегі.
§3 СУ – ТІРШІЛІКТІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ.
БӨЛІМНІҢ МАҚСАТЫ: Адамзат баласының әл-ауқатын, тұрмысын, мәдениетін жақсартуда су қажеттілігін математикалық тұрғыда көрсету.
3.1 есеп. Жер бетіндегі су қорының 96,5%-і дүниежүзілік мұхиттардың, 1,7%-і мұздықтардың үлесіне тиеді. жер бетіндегі су қорының мұхиттарға, мұздықтарға тиісті үлестерінің дөңгелек диаграммасын сыз.
Шешуі:
100%-3600
1%-3,60
3,60 х 96,5=347,40
3,60 х 1,7=6,120
3.2 есеп. Тірі организмнің өмір сүруі үшін организмдегі судың қалыпта мөлшерін сақталуы қажет. Адам массасының 65%-і, жануарлар массасының 59%-і, үйректер массасының 70%-і, балықтар массасының 75%-і және медуза массасының 99%-і су. Аталған организмдердегі судың проценттік мөлшерін бағанды диаграммада көрсетіңдер.
1) Судың проценттік шамасы ең азы қай организм?
2) Судың проценттік шамасы ең көбі қай организм?
Шешуі:
1) Судың проценттік шамасы ең азы – жануарлар.
2) Судың проценттік шамасы ең көбі – медуза.
3.3 есеп. Сыйымдылығы 200 л бөшкедегі бензиннің массасы қандай болса, сондай суды құю үшін сыйымдылығы қандай ыдыс керек?
1 дм3=1л бензиннің массасы 710 г
1дм3=1л судың массасы 1 кг .
Шешуі:
1) Бөшкедегі 200 л бензиннің массасын килограмм есебімен табамыз:
200 х =142 (кг)
2) Табылған шамаға тең судың массасы көлемі қандай ыдысқа сыяды?
142 : 1=142 (л).
Жауабы: 142 л.
3.4 есеп. Хауызға үш құбыр жүргізілген. Бірінші және екінші құбырлармен хауызға су құйылса, үшінші құбырмен су хауыздан ағады. Бірінші құбыр хауызды 6 сағатта, ал екінші құбыр 8 сағатта толтырады. Үшінші құбырмен толық хауыздағы су 10 сағатта ағып бітеді. Құбырлардың үшеуінен де су ағып тұрса, 1 сағаттан соң хауызда қанша су болады?
Шешуі:
1) Бірінші құбыр 1 сағатта бассейннің қандай бөлігін толтырады?
бөлігін толтырады.
2) Екінші құбыр 1 сағатта бассейннің қандай бөлігін толтырады?
бөлігін толтырады.
3) Үшінші құбырдан 1 сағатта бассейннің қандай бөлігіндей су ағады?
бөлігіндей су ағады.
-=
Жауабы: су болады.
3.5 есеп. Картоптың 80%-су. 25 кг картопта неше килограмм су бар?
Шешуі:
Жауабы: 20 кг.
3.6 есеп. Қарбыздың 98% -і су. 5 кг қарбызда қанша су бар?
Шешуі:
Жауабы: 4,9 кг
3.7 есеп. Аквариумның -сіне су құйылған. Оның неше процентіне су құйылған?
Шешуі:
х 100=70(%)
Жауабы: 70%
3.8 есеп. Бір тамшы судың массасын білу үшін әуелі бос ыдыстың массасы өлшенді. Содан кейін ыдысқа 50 тамшы су тамызылып, тағы өлшенді. Содан бос ыдыстың массасы 45 г, ал суы бар ыдыстың массасы 48,5 г болды. Бір тамшы судың орташа массасы неше грамм?
Шешуі:
1) 48,5 – 45 =3,5 (г)
2) 3,5:50 =0,07 (г)
Жауабы: 0,07 г
3.9 есеп: Тік бұрышты параллепипед пішінді аквариум ішіне көлемі 245,18л су құйылған. Аквариумның табан ауданы 29,9 дм2. Аквариумдағы судың биіктігі неше дециметр?
Шешуі:
245,18:29,9 = 8,2(дм)
Жауабы: 8,2 дм
3.10 есеп: Бассейнде 320 м3 су бар еді, одан секундына 0,2 м3 су сыртқа ағызылады.
t секундтан соң бассейнде қалған судың көлемі (V) неге тең болады?
Шешуі: Бассейннен секундына 0,2 м 3 су ақса, t секундта 0,2 t м3 су ағады. Сонда бассейнде барлығы
V=320 -0,2 tм3 су қалады.
Мысалы, егер t=20болса, V= 320 – 0,2х20 =316;
Егер t = 40 болса , V = 320 – 0,2 х 40 = 312.
Айнымалы t- ның кез келген бір мәніне функция V – ның бір ғана мәні сәйкес келеді. Демек, функция V=320 – 0,2 t
Формуласымен беріледі.
§ 4 АТМОСФЕРАҒА ШЫҒАРЫЛАТЫН ЗИЯНДЫ ҚАЛДЫҚТАРДЫҢ МӨЛШЕРІ.
БӨЛІМНІҢ МАҚСАТЫ: Атмосфераға шығарылатын зиянды қалдықтардың мөлшерін математикалық есептеу арқылы көрсету.
4.1-есеп. 2002 жылы Ақтөбеде 48000 автокөлік болды. Әрбір автокөлік күніне 25кг жанармай
жағады, оның 80%-ы атмосфераға газ түрінде таралады. Қала автокөліктері күніне атмосфераға қанша зиянды қалдықтар шығарады?
Шешуі:
1) 48000•25=1200000кг=1200т
2) 1200т – 100%
Х – 80%
Сондықтан х==960 (т)
Жауабы: Қала автокөліктері күніне атмосфераға 960т зиянды қалдықтар шығарады.
4.2-есеп. Ақтөбе ферросплав заводында атмосфераға зиянды заттар шығарудың 112 көзі бар. Олардың 53-і ғана газ – шаң ұстайтын қондырғымен жабдықталған. Неше проценті газ – шаң қондырғымен жабдықталған?
Шешуі:
1) 112 – 100%
53 – х%
Сондықтан 112х=5300
х=47,32 (%)
Жауабы: 47,32 %-ы газ – шаң ұстайтын қондырғымен жабдықталған.
4.3-есеп. Жеңіл автомобильдің двигателі күн бойына 20 кг жанғыш қоспа жақса, қоршаған ортаға қанша көлемде улы (зат) газ бөліп шығарады? Жанғыш қоспаның о0С температурада тығыздығы 0,002кг/м3.
Шешуі:
V=m/p=20/0,02=10000 (м3)
Жауабы: 10000 м3 улы газ бөлінеді.
4.4-есеп. 1988 жылы Ақтөбе облысының 172 кәсіпорны атмосфераға 121600т ластанған заттар шығарған, бұл көрсеткіш 1989 жылы 166636 т-ға жетті.
1) Қанша тонна артық шығарған?
2) Қанша процент артық?
Шешуі:
1) 166636-121600=45036 (тонна)
2) 37,04%
Жауабы: 1) ластанған зат 45036 тонна артық шығарылған.
3) 37,04% артқан.
4.5-есеп. Егер өзен суының 1 секундтағы жылдамдығы 0,2м болса, сол өзенге төгілген улы лас қалдықтардың бір тәулікте қаншалықты жерге тарайтынын есепте.
Берілгені: су жылдамдығы -0,2 м/сек;
1 тәулік – 24 сағат. S-?
Шешуі:
s=v• t
1-тәсіл. 24 сағ=24•3600сек=86400сек;
s=0,2м/сек•86400сек=17280м=17км280м.
2 – тәсіл. 0,2м/сек =0,2•0,0,001•3600=0,72 (км/сағ)
s=0,72км/сағ•24сағ=17,28км=17км280м.
Жауабы: 1 тәулікте 17км280м жерге тарайды.
4.6-есеп. 2002 жылы Ақтөбе облысында 68000 автокөлік болды. Осы кезеңде облыс бойынша автокөліктен шығаратын зиянды заттар 30800 тонна құрады. Бір автомобиль жылына 1 кг резина шаңын шығарады. Облыс бойынша автокөліктен шығатын резина шаңы барлық зиянды заттардың қанша процентін құрайды?
Шешуі:
Жыл бойына облыстағы автокөліктен шығатын резина шаңы:
68000•1=68000=68 (т).
Олай болса, мынадай пропорция аламыз:
30800 – 100%
68т – х%
Сонымен х=0,22(%)
Жауабы: автокөліктен шығатын 38т резина шаңы барлық зиянды заттардың 0,22% -ын құрайды.
ҚОРЫТЫНДЫ.
Адам табиғаттың құрамдас бөліктері: су, ауа, жасыл желектер және жер қойнауындағы табиғи байлықтарынсыз тіршілік ете алмайды.
Зерттеудің тақырыбы тіршіліктің негізі ауа, жасыл өсімдіктер, орман ағаштары, ауаға шығарылып жатқан шаң-тозаң, су көздерінің ластануы, өндіріс қалдықтарының мөлшерлеріне құрастырған есептерді шығару арқылы мынадай міндеттерді бөліп алуға болады.
1) Қоршаған ортаның экологиялық жағдайларын түсініп, оның ластануымен, бұзылуымен күрес жүргізу;
2) Табиғаттың көп қырлы құндылығын түсіну;
3) Экологиялық жағдайларын жақсарту жөнінде дұрыс шешім қабылдай білу.
Ата-бабамыз бала бойында сәбилік шақтан бастап қоршаған ортаға, табиғатқа деген дұрыс көзқарас, құрмет сезімін қалыптастырып отырған. Демек, қазақ түсінігінде: Отан-атамекен, ел, елдік, салт-сана дәстүр табиғаттан бөлек дүние емес, табиғатпен біртұтас қасиетті ұғым.
” Ұшқан құс, жүгірген аң, өзен, көл, тау-тас, өсімдік дүниесі бәрі де адамға ләззат береді. Ес білгеннен бастап ата-анасының үлкндердің айтқан өсиетімен тәрбиеленген ұрпақ, өзі де табиғатқа нұқсан келтірмейді және өзгеге де жол бермейді” деп жазды Шоқан Уәлиханов.
Сөйтіп туған халқының табиғатты шексіз қадірмей білетіндігін таныды.
Ыбырай Алтынсарин “Өзен” өлеңінің:
“Таулардан өзен ағар сарқыраған
Айнадай сәуле беріп жарқыраған,
немесе
“Тасыған өзен судың қуатымен
Көк шалғын шөп бітпеген жай қалмайды”
деген жолдарында табиғаттың сұлу көркі-көкорай шалғыны, сылдыраған суы шебер суретеліп, жастарды сұлулықты сезіне білуге, табиғатты құрметтеуге тәрбиелейді.
Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік
Бір-бір ағаш егейік.
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,
Таза ауа үшін терімізді төгейік.
Табиғатпен Жер-Ананы сүйіп, оны аялап, қамқорлыққа алу, әр адамның бойына оның сәби кезінен-ақ сіңіре білу парыз.Сонда ғана адам мен табиғат арасында тепе-теңдік сақталып, Жер-Ана өз байлығын келер ұрпақ игілігіне жаратары сөзсіз. Сондықтан зерттеу жұмысын мына өлең жолдарымен қорытындылауға болады.
Білсең егер табиғатта зор мән бар,
Онда аң, құс, жануар, ормандар,
Жерің, суық, таза ауаң қажетті
Шын жүректен оны сендер қорғандар!
Қолданылған әдебиеттер :
1. «Қазақстан географиясы және экология мектепте» журналдары
2. География , биология журналдары
3. Математика және физика журналдары
