Электронды оқулықтармен баспа оқулықтардың айыр машылықтары (Ғылыми жұмыс)

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы

«С. Рахимов» атындағы жалпы орта мектебі

қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі

Тажиева Барно Худайбергеновна

Техника дамыған дәуірде интернеттің қолжетімділігі мен әсері күннен-күнге дамып келеді.Ақпаратты технологиялардың даму қарқындылығы соншалықты жылдам,бірер жаңалықты қолданбай тұрып, екінші біреуі саңырауқұлақтай бадырап шығуда.Виртуал желі адамдарға тың мәліметтерді жеткізуде бұқаралық ақпарат құралдарын да артта қалдыруда.Қазірде дүниедегі көптеген баспа оқулықтардың таралымы азайып,олардың онлайн версиясы көбірек оқылуда.Дүниенің ең бай кітапханаларында сақталып келе жатқан баспа оқулықтардың басым көпшілігі электронды түрге енгізілді.

Электронды оқулық құрылғыларын(рейдер) өндіріп шығару күн сайын өсу нәтижесінде өнімнің нарқы арзандауда.Сонымен бірге рейдерлердің мүмкіншілігі де өріс алмақ.Ілгері мұндай құрылғыларда арнайы форматтағы кітаптарды ғана оқу мүмкіншілігі бар еді.Ал енді заманауи рейдерлерде сурет және видео көру, аудио материалдарды есіту функциясы да бар. Жалқаурақ оқушылар үшін құрылғы оқулық мәтінін өзі оқып береді.

Электронды оқулықтардың ерекшеліктері:

  1. Электронды оқулықтар көп орын қажет етпейді. Мысалы, үйдің жиһаздарын ауыстырғанда кітапқа орын іздейсіз және зиян жеткізіп аласыз. Шағын ғана электронды құрылғыға болса, үлкен бір кітапхананы немесе он мыңдаған кітаптарды сыйдыру мүмкін. Саяхатқа шығатын болсаңыз 1-2 кітап емес, рейдер көмегімен сізге мыңдаған кітаптар серігіңіз болады, ең керегі олардың ешқандай салмағы жоқ.
  2. ЭО-ды табу оңай. Қалаған уақытта виртуаль желіден сатып алуға әбден мүмкіндігіңіз бар. Дүкенге барып кітап сатып алуға, іздеуге талай уақыт кетеді. Ғаламторда болса мұны ұзағымен 10 минутта жүзеге асыру мүмкін. Кейде құнды кітаптарды, виртуаль желі арқылы лезде табуға болады. Сонымен бірге ЭО таралымы аздығынан таусылып қалмайды.
  3. ЭО – ды оқу ыңғайлы. Рейдерлерде күндізімен түнде де оқу функциясы бар. Мүмкіншіліктері: мәтінді үлкейтуге, түсін, көлемін пішінін өзгертіп оқуға болады. Түсінбеген сөздеріңіз болса, сөздіктен демде аударып береді. Оқуды келген жеріңізден жалғастырғыңыз келсе, құрылғы қажет болған парағыңызды ашып береді.
  4. ЭО қаржы жағынанда өте тиімді. Ал баспа оқулық ЭО – дан әлде қайда қымбат. Баспа оқулықтар қымбаттаған сайын, ЭО арзандап барады. Қазірде ЭО құрылғыларының ең арзаны 40 АҚШ доллары. Қоса айтсақ, заманауи телефон, смартфон, планшет және ноутбуктарда да ЭО еңгізілген.
  5. ЭО ана табиғатты да асырайды.Дейлік, мәліметтерге қарағанда дүние қағаз өндіріп шығару үшін жылына 125 млн ағаш кеседі.Орташа қалың кітапқа 5кг ағаш жұмсалады.Ал,ЭО-дың салмағы 200 гр келетін химиялық қоспалардан дайындалған құрылғыға он мыңдаған кітап орналастырылады.Егер үлкен көлемдегі чип сатып алынса,электрон кітапханаңыз 2-10 есеге артады.
  6. ЭО бактерия таратпайды,бірақ вирус түсуі мүмкін.Дәрігерлердің айтуынша,ұзақ уақыт шаң мен ылғал ауада қалған оқулықтардан бактериялар көбейіп түрлі ауруларды тудыруы мүмкін.Бұл жағынан да ЭО –ды ұтымды екенін ескерген жөн.

Баспа оқулықтардың ерекшеліктері:

  1. Баспа оқулық рухани байлық.Оның көптігімен мақтануға болады.
  2. Оқулықтан шығатын жағымды иістен нәр алсаң,ал,ЭО-да ондай ләззат жоқ.
  3. Баспа оқулықтың сытырлаған сиқырлы парақтарының ашылуы да қиялы жүйрік, өткір, сыншыл адамның көңілін көтереді.
  4. Оқиғалар шарықтау шегіне жеткенде рейдердің заряды аяқталып қалса, не істеріңізді білмей көңіліңіз біраз жүдеп қалуы да мүмкін. Ал, баспа оқулықтарға электр энергия, телефон, интернет деген құрылғылардың ешқандай қажеттілігі жоқ.
  5. Оқулық ескі болса да оның өмірі ұзақ. Ежелде ата- бабаларымыз бізге көптеген рухани байлықтарды жазу арқылы жеткізген. Ал, электронды құрылғы ұзағымен 10 жылға қызмет етеді. Демде бұзылып, керексіз затқа айналады. Электронды құрылғы, мысалы, ноутбук қолыңыздан түсіп кетсе, жұмыстан шығады. Ал сапалы басылып шыққан оқулықты 4- қабатты үйден тастасаңыз да сынбайды, бұзылмайды.
  6. Электронды құрылғыларға вирус түсетін болса,көптеген мәліметтердің өшіп кету қауіпі бар.Баспа оқулық ғасырдан-ғасырға өтіп,ұрпаққа қызмет етеді.
  7. Баспа оқулықтарды оқу барысындаадам миы көптеген құнды, тың мәліметтерді қабылдайды. Ал, ЭО оқу барысында электромагнит толқындардың әсерінен көптеген мәліметтер естен шығуы мүмкін.
  8. Баспа оқулықтарда адамның ойын шатастыратын ешқандай элементтер жоқ. Ал заманауи құрылғыларда ән-күй, ойындар тағы да оқушының назарын аударатын көптеген мүмкіншіліктер бар.

Құрметті оқырман, міне сіз екі оқулықтың айырмашылығы мен ерекшелігі жайлы таныс болдыңыз. Оны қашан, қай уақытта пайдалану керектігін өзіңіз де аңғарған болуыңыз керек.. Жоғарыда айтылғандарды төмендегі схемамен ( пайыз көрсеткіші 100% ) түсіндіретін болсақ

Екі оқулықтың ерекшелігін пайызбен есептегенде,әрине,заманауи құрылғының әлдеқайда ілгері екенін байқауға болады.

Тақырып бойынша төмендегіше қорытынды жасауға болады:

Келешекте кітап оқу негізінен электрондық желіге енгізіледі.Интернеттен пайдаланушылар жылдан-жылға көбейіп келеді.Өндірудің арзандығынан ЭО-ға сұраныс арта бермек.Дәстүрлі баспа ешқашан керексіз затқа айналмайды дегенмен, нарықтың жоғары болуынан өндіру азаяды.Оқушының келешекте ЭО-ды кітапханаға бармай тұрып , қалаған орыннан тауып, оқуына мүмкіншілігі болады.Бұл да ақпараттық технологиялардың даму қарқынының жылдам өсуінің дәлелі болмақ.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше