XXI ғасыр мұғалімі қандай болуы керек?
Мұғалімдік – ең алдымен жоғары дәрежедегі тұрақты моральдык және педагогикалық-психолгогиялық даярлықты қажет ететін еңбектің бірі. Бүгінгі таңда мұғалім қандай болуы керек? Оның кәсіби біліктілігі қандай жолдармен көрінеді? Мұғалім ең алдымен бала жанының тамыршысы болуы тиіс. Бала жүрегінің пернелерін дәл тауып , оны ойната білу оңайлықпен келмейді. Бұл ұстаздың өз мамандығына деген сенімділігінен, бейімділігінен,айқын мақсатынан және бала жүрегіне жол таба білуінен көрінеді. Осы үшеуі мұғалім мейірімділігімен ұштасқанда ғана нағыз тамыршы бола алады. Оқытуға деген ынта,өзіндегі барды асқан шеберлікпен жеткізе білу-ұстаз шеберлігінің бір қыры.
Мектептерді қазақ тілі мен әдебиетін оқыту, оқушыларға сапалы білім беру- біріншіден, оқу бағдарламасы мен оқулықтарға байланысты болса, екіншіден, тікелей мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Осы орайда белгілі ғалым Ахмет Байтұрсынұлының «Шеберліктің белгісі-түрлі әдісті болу»-, деген өткен ғасырда айтылған сөздері ойға оралады. Бір сабақтың әр кезеңдерінде түрлі әдістерді орнымен пайдалану арқылы көп нәтижеге жетуге болады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Білім және Ғылым қызметкерлерінің II сьезінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе,Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстаздарға жүктелетін міндет ауыр»,-деген болатын.
Қазіргі уақытта білім беру жүйесіндегі өзгерістер –олардың талаптарына жылдам жауап бере алатындай икемді, өз ісінде құзырлы,шығармашыл мұғалімнің ролін көтеруде. Қазіргі заман мұғалімдеріне қойылатын талап-мұғалім өз пәнінің терең білгірі ғана емес, тарихи танымдылығы, педагогикалық-психологиялық сауаттылығы,саяси –экономикалықбілімділігі жоғары болу керек.
Егер «Нені оқыту керек?»деген сауалға мемлекеттік білім беру стандарттары жауап беретін болса, «Қалай оқыту керек?» дегенге жауапты «тек мұғалімнің кәсіптік даярлығынан, жаңа технологияларды пайдалана білуінен, өзінің нақты мақсатын айқын көре алуынан және сол арқылы баланы әлемдік ақппараттық қоғамның толыққанды мүшесі ретінде қалыптастыра білу шеберлігінен іздеу қажет» деп жауап берген болар едім.
Осы тұрғыдан алғанда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр. Қай кезеңде, қай замандаболмасын мектептегі басты тұлға мұғалім десек, дүниежүзілік даму деңгейінен кем түспей, иық тірестіре алатын , алған білім мен тәрбиесін туған еліне жұмсай алатын, саналы азаматты жетілдіруде мұғалімге жауапты міндет жүктеледі. Ол үшін мұғалім ең бастысы-оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыратын ұйымдастырушы,бағыт беруші болуы қажет.
Ұстаздың қоғамдағы миссиясы –адамзат баласын жаңа сапаға көтеретін, оның болмысын өзгеріске енгізетін ғажайып миссия.
Шәкірттеріне нұр құятын ,үнемі ізденісте жүретін ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады.
Сөзімді қорыта келе айтарым:
Ұстазға екі нәрсе керек тегі,
Бірі- білім. Бірі-сезім жүректегі.
Өзің білмей не нәрсе үйретерсің,
Бала көңілін сезбей қандай тәлім берерсің.
Ұстаз деген –баланың ақылшысы,
Қорғанышы, дем берер сүйеніші.
Бала жанын түсініп,байқайтұғын,
Ұстаз деген тәлімгер аға сыңды….
Сонымен мен үшін XXI ғасыр мұғалімі еліміздің гүлденуі, ұлт болашағы үшін аянбай еңбек ететін, оқудың жаңа үрдісін меңгерген, ісіне жан-тәнімен берілген инабатты, адамгершілігі мол, ақылды, сонымен қатар бірнеше тілді меңгерген білгір жан болуы керек.
Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, № 10 мектеп.
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Бектемирова Салтанат Жолдыбаевна

