Ильясова Зейнеп

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Қоныс ауылы

Қоныс орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Ильясова Зейнеп

Пән:Әдебиеттік оқу
Күні:8.11
Сынып:2 Қатысқандар саны:10 Қатыспағаны:0
Бөлім Менің мектебім
Сабақтың тақырыбы Әнуарбек Дүйсенбиев.Ақылшым-мұғалім
Сабақтың оқу мақсаттары 2.1.3.1 шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне(бастапқы бөліміне)сүйеніп,оқиғаның соңын болжау;

2.2.2.1мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба білу;

2.3.3.1 шығармашылық жұмысын мұғалімнің көмегімен сурет,каллиграмма,аппликация,фотосуреттер арқылы ұсыну.

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды.Тақырыпты меңгереді.
Оқушылардың көпшілігі:тақырыпты болжайды,ұстаз жайлы әңгіме құрастырады;
Кейбір оқушылар:өз ұстазы жайлы әсерлі өлең құрастырады.
Бағалау критерийі Жеке,жұптық,топтық тапсырмаларды орындай алады.Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Пәнаралық байланыс Музыка,қазақ тілі,көркем еңбек
Өткен сабақтардан алған білім Мектеп-біздің анамыз

Сабақтың барысы:

Жоспарланған Уақыт Жоспарланған жұмыс түрлері Ресурстар
Сабақтың басы

5 минут

Топқа бөлу.2 минут

Себетпен конфет әкелу.Оқушылардан себеттен конфет алуларын сұраймын.Кқнфеттің түріне қарай топқа бөлемін.

Психологиялық көңіл-күй.

Қолдарыңды көтеріңдер-бір дейік,

Көп отырып қатты шаршап жүрмейік.

Қолды создық,басты бұрдық -екі деп,

Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.

Алға,артқа қарадық та-үш дедік,

Тағы жаңа жаттығулар істедік.

Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,

Отырайық көңілді енді марқайтып.

кәмпиттер
Сабақтың ортасы

30-35 минут

1.Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып,мақал -мәтелдерді дұрыс оқы.Жұмбақ сөздермен торкөздерді толтыр.Жасыл жолақты торкөздегі сөзді дауыстап оқы. Интербелсенді

тақта

«Интервью

әдісі»

1.Оқу-білім …

2.Қына тасқа бітеді,

Білім … бітеді.

3. … өнері білінбес,

Бәйгеге түсіп жарыспай.

4. … -тозбайтын тон,

Білім-таусылмайтын кен.

5.Оқу инемен құдық … .

Аталған мақал-мәтелдерге ортақ тақырып ойлап тап.Осы ортақ тақырыппен ұстаз сөзінің арасында байланыс бар ма? Бар болса,дәлелде.

Тақырыпты болжау.

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Мақсатқа сәйкес оқушылармен бірлесе отырып,жетістік критерийін анықтау.

2.Оқылым.

Өлеңді түсініп оқы.

Әнуарбек Дүйсенов.Ақылшым-мұғалім.

Сызбаға сүйеніп әңгімеле.

Жұптық жұмыс.

Тапсырма.Өлеңді әуенімен айтып үйрен.

Ой сергек.

Жеке жұмыс.

Сурет бойынша әңгіме құрастыр.

Үлгі:Менің ұстазым … .Ол бізге … түсіндіреді, … айтады.Әрқашан … киінеді. Ұстаздың сөзін … тыңдаймыз.

2.Өз ұстазы жайлы әсерлі өлең құрастыру.

«Екі түрлі түсініктеме » күнделігі

Өлеңдегі қатты әсер еткен тұстарды,үзінділерді жазу Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазу
Бағалау. «Бағдаршам» әдісі
Сабақтың соңы

5 минут.

Үй тапсырмасы:ұстаз жайлы нақыл сөздер жазып келу, аппликация жасау.
Кері байланыс. Оқушылар өздерінің көңіл-күйін қарындаш,маркер,бояулармен салады.(смайлик,жапырақтар,гүл,өсімдік,жануар,геометриялық фигуралар,күн,бұлт т.б.)
Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай

Жоспарлайсыз?

Сіз қабілетті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Ұстаздар жайлы өлең құрастыру

Бағалау-Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

«Екі түрлі түсініктеме » күнделігі

«Бағдаршам» әдісі

Пәнаралық байланыс.

Музыка,қазақ тілі,көркем еңбек

АКТ-мен байланыс.

Тақырыпқа қатысты көрнекі құралдар интербелсенді тақта арқылы көрсетіледі.

Құндылықтардағы байланыс

Ынтымақтастық,құрмет

Тәрбиелік мәні:ұстазға құрмет сезімге баулу

Сабақтың тақырыбы:

Қаңқа құпиясы

Мұғалімнің аты-жөні:Утешева М

Күні:8.11

Пәні:Жаратылыстану

СЫНЫП: 2 Қатысқаноқушылар саны: 10 Қатыспағаноқушылар саны: 0
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 2.2.3.1 – адамның тірек-қимылжүйесінің қызметін анықтау

2.2.3.2 – дұрыс дене сымбатынсақтаудың маңыздылығын түсіндіру;

Сабақ нәтижесі: Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі.
Сабақтың жоспары
Жоспарланғануақыт Сабақ барысы : Бағалау түрлері
Басталуы

5 минут

Бағалау парақшасымен таныстыру

Топтарға бөлу.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Аялы алақан»

Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.

Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі сабақтан не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын оқушыларға қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. (Тренинг соңында қатысушылар дөңгеленіп қолдарын ұстайды)

Оқушылар қорапшадан өздеріне ұнайтын түске сай маркерлер алады.

«Аялы алақан»

Тренинг.

Жаңа білім

10 минут

Білу және түсіну

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

«Қолдың бөліктерін атаңдар»

(Білек,қар,шынтақ,иық)

Адамның қолдары қандай қызмет атқарады?

Аяқтың бөліктерін білесіңдер ме?

(Жамбас,тізе ,балтыр,табан)

Оқушыларға дене мүшелерін ұстатып,не бар екенін дәлелдеуге негіз болу.

Топтық жұмыс.

«Не үшін керек?»

1-топ.Киіз үйді салыстыру.

2-топ.Итті салыстыру.

2-тапсырма.Қаңқаның суреттерін бірнеше бөліктерге бөліп таратып,оларды қайта құрату.

3-тапсырма.Ересек адам мен баланың қаңқаларын салыстыру.»Қаңқа өсе ме?»сұрағына жауап алу.

Жұптық жұмыс.

Бейнекөрініс көрсету.Өздерінің көршілерінің қлай отырғанын талқылау.

2.Зерттеу жұмысы.

*Бір оқушы орнынан тұрып қабырғаға сүйенеді.Желкесі,иығы ,жамбасы,өкшелері міндетті түрде қабырғаға тиюі қажет.Осындай қалып ыңғайлы болды ма,әлде ыңғайсыз ба?

*Екінші оқушы бақылап,алынған нәтижелерді жазып тұрады.

*Енді рөлдерін ауыстырады.

*Оқушылар жұп болып,денені дұрыс ұстауға жаттығулар ойлап табады.

*Сыныпқа жаттығуларды жасап көрсетеді.

«Көшбасшы және тыңдаушылар» әдісі

Берілген жаңа тақырыпты түсіндіру үшін сыныптан өз еркімен бір оқушы Көшбасшы ретінде өзін ұсынады. Көшбасшының қалауынша мәтінмен жұмыс жүргізу.

Денеге қандай күтім керек?

Дене сымбатын қалай жақсартуға болады?

Оқулық,

мәтіндер.

«Көшбасшы және тыңдаушылар» әдісі

«Адамның қаңқасы»

кестесі

Бейнекө

рініс

Ортасы

10 минут

Қолдану

Дәптермен жұмыс.

Қаңқа неден құралады?

Жауап:бас сүйек,қабырғалар,омыртқа,қол сүйектері,аяқ сүйектері,жамбас,төс сүйек.

Қаңқаның қызметі.

Жауап:Бас сүйек бастың пішінін береді.Төс сүйек,қабырғалар мен омыртқа кеуде қуысын құрайды.Қол мен аяқты қол сүйектері мен аяқ сүйектері құрайды.

Дене сымбаты.

Жауап:2,4,6.

Талдау

«Ыстық орындық» орындық әдісі

(Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады.

Жаттығудың сипаттамасы:

Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады.

Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер

«Ыстық орындық» орындық әдісі, сұрақтар, орындық.

Сергіту сәті

2 минут

«Күн» Оқушылар би билеп сергіп қалады.
Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Синтез

“Таңда да таста” әдісі

“Таңда да таста” әдісі
Бағалау

5 минут

Кері байланыс

3 минут

«Жетістік» баспалдағы. Кері байланыс парағы.«Жетістік» баспалдағы.
Үйге тапсырма: Мазмұндау.
Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілетіжоғары

оқушыларғатапсырманы

күрделендірудіқалай

жоспарлайсыз?Қаңқаның суреттерін бірнеше бөліктерге бөліп таратып,оларды қайта құрату.

Бағалау – Оқушылардың

үйренгенінтексеруді

қалайжоспарлайсыз?

.

Ыстық орындық»

“Таңда да таста” әдісі

Жетістік» баспалдағы.

Пəнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері кестелер арқылы.

АКТ-мен байланыс

Бейнекөрініс көрсету.

Құндылықтардағы

Байланыс

Ынтымақтастық,денені күту

Рефлексия
Қорытындыбағамдау

Қандайекінəрсетабыстыболды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:»Не үшін керек ?» тапсырмасы өте сәтті орындалды.

2:Дене сымбатын салыстыру жұмыстары

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:Зерттеу жұмыстары.

2:Жұптық жұмысқа берілген тапсырмалар

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге қаңқа туралы қызықты материалдар көбірек болуы керек деп ойладым.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше