Балгазиева Венера Амангелдиевна

Пәні:дүниетану Мектеп: Батыс Қазақстан облысы

Казталов ауданы Аққурай БЖББМ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Тағам және сусын»
Мұғалімінің аты-жөні: Балгазиева Венера Амангелдиевна

Күні: Қатысқандар саны: 18

Сыныбы: 1 Қатыспағандар саны: 18

Сабақ тақырыбы: Біз қалай тамақтанамыз?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) 1.3.1.1 Көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың өмірі мен тамақтануы туралы әңгімелеу

1.1.4.2 тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсіндіру

Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: ежелгі адамдар мен қазіргі адамдардың өмірі және тамақтану ерекшеліктерін біледі.

Көптеген оқушылар: ежелгі адамдар мен қазіргі адамдардың тамақтану ерекшеліктерін біліп және ежелде тамақтың сапасы жоғары, тамақтар экологиялық жағынан таза,соған орай адамдардың денсаулықтары жақсы болатынын түсінеді

Кейбір оқушылар: Ежелгі адамдар мен қазіргі заман адамдарының тамақтану ережесін талдау жасайды, дұрыс тамақтану ережесін құрады.Мысалдар,деректер келтіреді.

Тілдік мақсаттар: Тамақ және сусынмен, оларды қазіргі уақытта және өткен уақытта сатып алу және дайындаумен байланысты жаңа сөздер мен сөз тіркестерін біле алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

  • базарға бару;
  • сатып алатын заттар тізімі;
  • тамақ үшін қажет өнімдер сатып алу;
  • тамақ дайындау, рецептер, ингредиенттер дайындау туралы ой жүгірту;
  • тамақ дайындау;

дастарқан жаю (үстел жасау)

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Көмекші сөздер нені білдіреді?
  • Дүкен немесе базардан не сатып ала аласыздар?
  • Ас үйде нені табуға болады?

Жазуға арналған ұсыныстар:

  • Тамақдайындауүшінқажеттікөгөністерменжемістердіатаңыз.
  • Тамақ пісіруге арналған ыдыстар және қажетті заттар.
Бағалау критерийлері: Ежелгі адамдардың өмірі бейнеленген көрнекі материалдарды зерттейді. Суреттерге сүйеніп, ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелейді
Құндылықтарды дарыту: Жауапкершілік,белсенді азаматтық ұстаным таныту және өз елінің дамуына үлесін қосу;

Шығармашылық пен сыни тұрғыдан ойлау;

Қазақстандық патриотизм;

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Партада дұрыс отыру ережесі,сергіту жаттығулары
Пәнаралық байланыс: жаратылыстану,көркем еңбек;
АКТ қолдану дағдылары Слайд,бейнежазба
Бастапқы білім .Оқушылар осыған дейін ұлттық және өздері тұтынатын тағамдар мен сусындардың түрлерін біледі. Бөлімге байланысты кейбір тарихи деректермен таныс.
Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

1. «Менің сүйікті тағамым» ойыны

Мақсаты:Жағымды көңіл- күй орнату, дұрыс әрі пайдалы тағамдармен тамақтану туралы ойларын қозғау,өзінің тамақтану салтына көңіл аударту.

2.Таратылған тағам суреттері ішінен оқушылар өзінің ең жақсы көретін тағамының суретін таңдап алады да, сол тағам туралы қысқаша мәлімет береді.

(Мұғалім оқушыларға сұрақ ұсынады және мүмкін төрт жауабын сыныптың төрт бұрышына орналастырады.

Кейін оқушылар «сүт тағамдары», «ет тағамдары», «өсімдіктер», «дайын тағамдар» сияқты атаулар бойынша «Бұрыштар» тәсілімен топқа бөлінеді.

-Ендеше балалар, біз бүгін ежелгі және қазіргі заман адамдарының тамақтану ерекшеліктері және жалпы дұрыс тамақтану режимі туралы айтатын боламыз.

Түрлі тағамдардың атауы жазылған үлестірме парақшалар,
Сабақтың ортасы

12 минут

6 минут

2 минут

5 минут

3 минут

Оқулықпен жұмыс Саралау түрі «тапсырма»

2. «Ойлан-жұптас-бөліс». Берілген тапсырма (сұрақ) бойынша әрбір оқушы жеке жұмыс жасау арқылы өз ойын қорытып, жұп болып пікірлерімен бөліседі; бұл бүкіл топтық талқылауға ұласады.

1-топ (Т)

Суреттерге мұқият қараңыз. Қазіргі және ежелгі адамдардың тамақтануында қандай айырмашылықтарды байқадыңыздар?

Венн диаграммасын толтыру

2-топ (Т)

Асханаға жасаған саяхаттары,аспазшылардың ас әзірлеу барысындағы іс-әрекеттері туралы ойларын постерге түсіреді.

3- топ (Т)

«Тағам және сусын» мәтінімен жұмыс. Мәтінді деректермен толықтыру.Мысалдар келтіру тағамдар мен сусындар тізбегін құру тапсырылады.

Тағам және сусын адам тіршілігі үшін қажет.Олар күш береді және шөл қандырады.Көгөніс,жеміс және ет тағамдарын күнделікті пайдаланған дұрыс.Тағамның алуан түрлі болуы денсаулыққа пайдалы.Тамақтану ережесін сақтау да денсаулық үшін маңызды.

(МК)

-Шипалы сусын дегенді қалай түсінесіңдер?

-Қымыздың қандай емдік қасиеті бар деп ойлайсыңдар?

-Қымыздың отаны туралы не білесіңдер?

-Қазақстанда жасалған тағы қандай өнімдерді білесіңдер?

«Дұрыс тамақтану –салауатты өмір қуанышын ұзарту» тақырыбындағы бейнероликті тамашалау.«Ең пайдалы тағамдар» пирамидасы құрылады

Сергіту сәті.

«Естігеніңді бейнеле»

Мұғалім бір тағамның атын айтады,оқушылар қимылмен,ыммен,эмоциямен көрсетеді

(ОТ) Тамақтану ережесі

(Т) Әр топ мүшелері азық түліктер таңдап салауатты тағам дайындауды тапсырыңыз. Мысалы,

1- топқа –таңғы ас мәзірі;

  1. топқа-түскі ас мәзірі;
  2. топқа-кешкі ас мәзірі;
  3. топқа бесін ас мәзірі;

Дәптермен жұмыс.

1.Сәйкестендіру

2.Таңғы асқа ішетін тағам мен сусынның суретін салу

Үндеу оқылып, таратылады.

Салауатты өмір салты туралы мәліметтер.

«Тағам және сусын» тапсырмасы бойынша А4 көлеміндегі қағаздарға жазылған тағам түрлерінің атаулары.

«Ең пайдалы тағамдар» пирамидасы

Сабақтың соңы

10 минут

2 минут

ҚБ

1-тапсырма

Суреттерге мұқият қараңыз. Қазіргі және ежелгі адамдардың тамақтануында қандай айырмашылықтар бар? Сурет бойынша әңгімелеңіз.

2-тапсырма

Суретке мұқият қараңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз:

Месопотамия халқы қандай шаруашылықпен айналысқан? Суретте қандай тамақ түрлері бейнеленген?

Рефлексия «Бағдаршам»

Әр оқушы қолындағы жасыл,қызыл, сары алманың суреттері беріледі. Тақтадағы үлкен бағдаршамға алмаларын орналастырады.

Саралау түрі «тапсырма»

1-топ «Салыстыру»

2- топ «Аспазшы әрекетін топтастыру»

3- топ «Деректер келтіру»

Білім алушы – ежелгі адамдардың тамақтануы туралы әңгімелейді; – қазіргі кездегі тамақтану туралы әңгімелейді; – тамақтанудағы ерекшеліктерді ажыратады.

Дескриптор: Білім алушы – Месопотамия халқының шаруашылығын анықтайды; – бейнеленген тамақ түрлерін атайды.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сергіту сәті.

«Естігеніңді бейнеле»

Мұғалім бір тағамның атын айтады,оқушылар қимылмен,ыммен,эмоциямен көрсетеді

Сабақ бойынша рефлексия
Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да,оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады? (оқыту туралы да,оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім,келесі сабақтарға неге көңіл бөлу қажет?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше