Кожекеева Гулбаршын Кайпбердиевна
Алматы қаласы Наурызбай ауданы
«174 мектеп –гимназия» КММ
биология пәнінің мұғалімі
Кожекеева Гулбаршын Кайпбердиевна
Сабақ реті_ _ Пәні биология _ Сынып 6 Күні__________
Сабақтың тақырыбы:
§ Теңіздің қоңыр және қызыл балдырлары. Балдырлардың маңызы.
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік мақсаты:
Оқушыларға біржасушалы және көпжасушалы балдырлар туралы алған білімдерімен қоса , теңізде мекен ететін басқа балдырлармен таныстыру.
- Дамытушылық мақсаты:
Таным белсенділігін арттыру, шығармашылықпен жұмыс жасауын дамыту.
- Тәрбиелік мақсаты:
Балдырлардың табиғаттағы және шарушылықтағы маңызын түсіндіре отырып, оларды қорғауға, табиғатты сүйіп бағалауға баулу
Сабақтың түрі:
Аралас сабақ, жаңа білімді қалыптастыру.
Сабақтың Әдіс-тӘсілдері:
Сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау
Сабақтың кӨрнекіліктері:
Интербелсенді тақта,, суреттер, үлестірме қағаздар, слайд,карта,иод,сірке қышқылы,спирт.
Сабақтың барысы:
І. . Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, отырғызу, түгендеу, сабаққа даярлығын тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
Биологиялық почта.
- Балдырлар қайда тіршілік етеді?
-
Таллом деп нені айтамыз?
-
Спирогира, улотрикс не себепті көпжасушалы балдырларға жатады?
-
Хроматофор дегеніміз не ?
5.Хломидомонада мен хлорококк балдырларының айырмашылығы қандай?
- Балдырлар қалай көбейеді?
Біржасушалы балдырдың жасушасының құрылысы қандай?
ІІІ. . Жаңа материалды меңгерту:
Теңізде өсіп тұрған ол бір орман,
Жел соқса теңіз үшін болған қорған.
Ризоиды арқылы бекінеді,
Ертеден халық бұдан иод алған
Бұл не? /балдыр/
Жаңа сабақтың мақсаты:
Теңіз балдырларының түрлерімен танысып ,олардың табиғаттағы және шаруашылықтағы , өнеркәсіптегі маңызын білу
Оқушыларды үш топқа бөлу
- Қоңыр балдырлар
- Қызыл балдырлар
- Балдырлардың маңызы
1-тапсырма
Оқулықпен жұмыс / Әртоп берілген тақырыпты қорғайды/
2-тапсырма
Биологиялық диктант
- Қоңыр балдырлардың жасуша қабықшасының сырты ……… ……….. қабықшамен қапталған
- Хроматофорында хлорофиллмен бірге ……… бояуы болады.
- Ламинарияның сыртқы құрылысы ………. өсімдіктерге ұқсас.
- Балдырлармен ……… , теңіз …….. де қоректенеді.
- Балдырлар тау жыныстарын ыдыратып , ………. түзуге қатысады.
- Ламинария балдырын теңіз ………. деп те атайды:
3-тапсырма
Жаңа сабақты пысықтау / сұрақ-жауап/
- Қоңыр және қызыл балдырлар қайда өседі?
- Қандай теңіз балдырларын білесіндер?
- Балдырлардың түстері неге қоңыр және қызыл болады?
- Теңіз балдырлары қандай жолмен лөбейеді?
- Балдырлардың табиғатта маңызы қандай?
- Балдырлардың шаруашылықтағы маңызы ?
- Балдырларды Қорғау шаралары?
- Саргассум балдырын жергілікті тұрғындар қалай атайды?
ІV. . Жаңа сабақты бекіту.
«есіңде сақта»
Балдырлардың маңызы көп , олардың пайдасын біле тұра оны қорғай білу әр адамның міндеті . Әсіресе , балдырлар өсетін суды ластамау керек . Суға төгілген мұнай, тасталған қоқыстар тек балдырларды ғана емес , судағы барлық тірі ағзаларды жояды. «Балдырлы көлде балық көп» деген халық мәтелінің мәнін естен шығармайық !!!
V. Үйге тапсырма беру.
§ 33 оқу . Біліміңді сына орындау. Сөз жұмбақ құрастыру.
VI. Оқушылар білімін бағалау.
