«Ата-ананың бала алдындағы міндеті» Баяндама
Алматы облысы, Іле ауданы, Екпінді ауылы
«№ 48 орта мектебі» МКМ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Серікқызы Жанар
Ата –ананың бала алдындағы міндеттері:
« Баланы жастан », « Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген даналық сөздердің мағынасы өте терең. Себебі, есейіп кеткен соң баланың теріс мінезін, қалыптасқан қате көзқарасын өзгерту өте қиын. Осы кезде « Балаңыздың тәрбиесін бастамас бұрын, өзіңіздің мінез — құлқыңызды, өмірге көзқарасыңызды ой елегінен өткізіп, бақыладыңыз ба» деген сауал туады.Көздеген мақсатқа жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді.
— Отбасында баланың өсуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, тазалықты қалыптастыру.
— еңбексүйгіштікке баулу, тұрмыстағы, үй шаруасындағы еңбекке құлшынысын арттыру, өзіне — өзі қызмет етуге үйрету.
— Отбасы мүшелерімен тіл табысып, дұрыс қарым — қатынас жасауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге үйрету.
— Әдебиетке, мәдениетке, өнерге тәрбиелеу. Бұл міндеттер жүзеге асу үшін бала дүниеге келген күннен бастап отбасында, қоғамдық орындарда, мектепте тәлім — тәрбие беріледі. Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиесінің жемісі.
Балаларды адамгершіліке тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашанда халық тәрбиесін үлгі ұстайды. Ал, адамгершілік тәрбиелеудің бірден-бір жолы осы іске көзін жеткізу, сенімін арттыру. Осы қасиеттерді балаға жасынан бойына сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттердің берік ірге тасын қалағанымыз. Адамгершілік- адамның рухани арқауы.
Ата — аналар бала бақытының шынайы бағбаны болуы тиіс .
Бала бақыты білімде.«Білім бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не жасаса да келістіріп жасайды », — дейді А.Байтұрсынов. Сондықтан білімді ұрпақ келер күннің кепілі болмақ.
Ата-ана құқығы мен міндеттері
62-бап. Ата-аналардың балаларды тәрбиелеу және оларға білім беру жөніндегі құқықтары мен міндеттері:
- Ата-аналар өз балаларының денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті.
-
Ата-аналардыңөз балаларын тәрбиелеуге құқығы бар және оған міндетті.
Ата-аналардың басқа да барлық адамдарға қарағанда өз балаларын тәрбиелеуге басым құқығы бар.
Бала тәрбиелеуші ата-аналар өздерінің қабілеттері мен қаржылық мүмкіндіктерінің шегінде, оның дене, психикалық, адамгершілік және рухани жағынан дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілікте болады. -
Ата-аналар балалардың орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті.
Ата-аналардың балалардың пікірін ескере отырып, орта білім алғанға дейін білім беру мекемесі мен балаларды оқыту нысанын таңдауға құқығы бар. -
Балалардың тәрбиесі мен білім алуына қатысты барлық мәселелерді балалардың мүдделерін негізге алып және балалардың пікірін ескере отырып, өзара келісімі бойынша ата-аналар шешеді. Ата-аналардың арасында келіспеушілік болған жағдайда олар (олардың біреуі) бұл келіспеушіліктерді шешу үшін ќорғаншы және қамқоршы органға немесе сотқа жүгінуге құқылы.
63-бап. Балалардыңқұқықтары мен мүдделерін қорғау
жөніндегі ата-аналардыңқұқықтары мен міндеттері
- Ата-аналар өз балаларының заңды өкілі болып табылады және кез келген жеке және заңды тұлғаларға қатысты, оның ішінде соттарда арнаулы өкілеттіксіз олардыңқұқықтары мен мүдделерін ќорғайды.
Егер қорғаншы және қамқоршы орган ата-аналар мен балалар мүдделерінің арасында қайшылық барын анықтаса, ата-аналардыңөз балаларының мүдделерін білдіруге құқығы жоқ. Ата-аналар мен балалардың арасында келіспеушілік болған жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган балалардыңқұқықтары мен мүдделерін қорғау үшін өкіл тағайындауға міндетті.
64-бап. Ата-ана құқықтарын балалардың мүдделерін көздей
отырып жүзеге асыру
Ата-ана құқықтарын балалардың мүдделеріне қарама-қайшы жүзеге асыруға болмайды. Балалардың мүдделерін қамтамасыз ету олардың ата-аналары қамқорлығыныңнегізгі мәні болуға тиіс.
Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру кезінде ата-аналар балалардың дене және психикалық денсаулығына, олардың адамгершілік жағынан дамуына зиян келтіруге құқығы жоқ. Балаларды тәрбиелеу әдістерінде адамныңқадір-қасиетін кемсітетін немқұрайлылық, қатыгездік, дөрекілік, балаларды қорлау немесе қанау болмауға тиіс.
Ата-ана құқықтарын балалардыңқұқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіре отырып жүзеге асыратын ата-аналар заңда белгіленген тәртіппен жауап береді.
65-бап. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана
құқықтарын жүзеге асыруы
- Баласынан бөлек тұратын ата-ананың баласымен қарым-қатынас жасауға, оны тәрбиелеуге және баланың білім алуы мәселелерін шешуге қатысуға құқығы бар.
Бала бірге тұратын ата-ана, егер мұндай қарым-қатынас жасау баланың дене және психикалық денсаулығына, оның адамгершілік дамуына зиян келтірмесе, баланың екінші ата-анасымен қарым-қатынас жасауына кедергі болмауға тиіс.
Ата-аналары бөлек тұрып жатқан жағдайда балалардың тұратын жері ата-аналарының келісімімен белгіленеді.
Келісім болмаған жағдайда ата-аналардың арасындағы дауды балалардың мүдделерін негізге алып және балалардың пікірін ескере отырып сот шешеді. Бұл орайда сот баланың ата-аналардыңәрқайсысына, аға-інілері мен апа- сіңлілеріне (ќарындастарына) үйірлігін, баланың жасын, ата-аналардың адамгершілік және өзге де жеке қасиеттерін, ата-аналардыңәрқайсысы мен баланың арасында орын алған қатынастарды, олардың дамыту және тәрбиелеу үшін балаға жағдай жасау мүмкіндігін (ата-аналар қызметінің түрі, жұмыс режимі, материалдық және отбасылық жағдайы және т.с.с) ескереді.
Ата-аналар баладан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқығын жүзеге асыру тәртібі туралы жазбаша түрде келісім жасасуға құқылы.
Егер ата-аналар келісімге келе алмаса, ата-аналардың (олардың біреуінің) талап етуі бойынша дауды ќорғаншы және қамқоршы органныңқатысуымен сот шешеді.
Соттың шешімі орындалмаған жағдайда кінәлі ата-анаға заңдарда көзделген шаралар қолданылады.
Сот шешімі қасақана орындалмаған жағдайда баладан бөлек тұратын ата- ананың талап етуі бойынша сот баланың мүдделерін негізге алып және баланың пікірін ескере отырып, баланы соған беру туралы шешім шығара алады.
Баласынан бөлек тұратын ата-ананыңөз баласы туралы тәрбие, емдеу мекемелері мен басқа да мекемелерден ақпарат алуға құқығы бар.
Ақпарат беруден ата-ана тарапынан баланың өмірі мен денсаулығына қатер болған жағдайларда ғана бас тартылуы мүмкін. Ақпарат беруден бас тартуға сот тәртібімен дау айтылуы мүмкін.
Балаға жақсы тәрбие беру керек! Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Балаға жақсы тәрбие беру, баланың әкесіндегі ақыларынан.» (Бәйһақи)
«Балаларыңа игілік етіңдер, оларды әдепті, тәрбиелі етіп өсіріңдер!» (Ибн Мажә)
«Баланы тәрбиелеу, немерелерге садақа беруден де асқан сауап.» (Тирмизи)
4) Балаға мейірімді мәміле жасау керек! Сүйікті пайғамбарымыз немересін сүйген кезде, біреу көріп: «Йа Расулаллаһ! Менің он бала-шағам бар. Бірақ ешбірін сүймеймін.» – деді. Оған: «Мейірімділік етпеген, мейірімділік көре алмайды» – деп жауап берді. (Бұхари)
Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Балаларыңды көп сүйіңдер, әр сүйгендеріңде жәннаттағы дәрежелерің өседі.» (Бұхари)
«Баланың иісі – жәннат иісі.» (Табарани)
Бала балиғат жасына келіп, ес тиып, үйленгеннен кейін оған былай деу керек:
«Балам, саған тәрбие бердім. Оқыттым, үйлендірдім. Дүниеде пәлекетке ұрынбауың үшін, ал ақыретте азапқа ұшырамауың үшін Аллаһу та’алаға сиынамын. Есіңді жиып, осы айтқаныдарым бойынша өміріңді ретте!» (И.Хиббан)
10) Хазіреті Ахнеф бин Қаис айтады:
«Бала-шаға үшін қиыншылықтарға төзу керек, олардың аяғының астына жұмсақ жер, бастарының үстіне көлеңке болуымыз керек! Оларға қатал болмайық, бізден алыстамасын. Бізден жалығып өлімімізді күтпесін. Дұрыс қалауларын орындап, ашулы, өкпелі кездерінде жұбатуға тырысуымыз керек!»
