Махмадияров Амир

Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі

Махмадияров Амир. Жетекшісі: А. А. Жумабекова

Жалғыз жандар барма екен бұл жалғанда,

Жансыз жан боп кетеді екен армандарға.

Жалғыздықтың азабын тартқаннан соң,

Жалғыздықтың жолын іздер аңсағанда.

Жалғыздықты ұстанбайтын жұп бар десек,

Сенер ме едің кезекті маған келсек.

Онда мен сөз бастайын сол жұп жайлы,

Оқырсың қызық болса сол бір кезек.

Бастайын оқиғаны өзім мақтап,

Алматының қызығын есте сақтап.

Айрылмас екі жұпты айтайын деп,

Келдім міне үстелге қалам ұстап.

Сол жұбымыз қосылған Алматыда,

Аты Айдын жігіттің жамағанда,

Қыз есімі ұқсас екен ұл атына

Аты Айым,шын айтам,расындада.

Ұқсас болып атымен,мінезі де

Қосылыпты екі жұп осы түнде.

Бірін-бірі тапқанына шын қуанып,

Армандарға асықты бірге күнде.

Күнделікті бос уақытын бірге өткізіп,

Сырласыпты табиғатпен екеуіде.

Саябақтың ағашына атын жазып,

“Жанымау,сені сүйем”,-деген күнде.

Бұл қылығы ұнапты қызға күнде,

Хабарласыпты жігіті сөзсіз түнде.

“Алло,жаным”,-деген сөзін ұмыта алмай,

Ғашық болған ес-түссіз екеуіде.

Осылайша ай өтіп, жыл өтіпті,

Екеуінің жүргеніне жыл толыпты.

Екеуіде жібере алмас қос ғашыққа,

Әскерден сол Айдынға xат келіпті.

Қаралы xабар екеуінде бір мұңайтып,

Қойыпты қыз байғұсты бір жылатып.

Сондағы не десеңіз енді тыңда,

Әскерге шақырыпты сол бір қашық.

Біраз-біраз күндер өтті арада,

Қыз байқұс-ау енді қарап қалама.

Қимастықтан неше жерден сұрапты,

“Кетпеші”,-деп мен енді жалғыз қаламба.

Не деседе жігіт жанның кеткісі жоқ,

Бірақ-бірақ амал барма ғаламда.

Өмірдің қатал заңы тек осы деп,

Жан достары жұбатыпты қалада.

Сонау жатқан Алматыдан Зайсанға,

Көктем келсе жігіт кетпек аманда.

Осы мезгіл екі жұпты айырғанды,

Сондықтанда қызға көктем ұнамайды.

Жігіт айтар әскерге кету борышым,

Отан қорғау нағыз менің жұмысым.

Қанша дегенмен болашағым осыда

Кешір жаным жіберерсің не болсада.

Бір жыл күтші шын сүйсең адал жаным,

Сен мендіксің,жанымау,ақ арманым.

Уәде берем xабардасам саған нәрім,

Дауысыңды бір есту мендік антым.

Тек сен жаным қарамашы өзге жанға,

Мендік жүрек шыдамас осығанда.

Келген соң сөзсіз жаным үйленеміз,

Бақытты боп болашақта біз жүреміз.

Деп жігіт қызға қарап тіл қатыпты,

Қыз байқұс көз жасына ие болмапты.

“Не шара, басқа амал жоқ,енді қайтем?”

Деген сөзді қайталап тұрып қапты.

Обал-ау,Айым ғада Айдын ғадп,

Келісер Айымжанда не бар шара.

Қиналғаннан құшағына қысып алып,

Уәде берем деді қыз осы маңда.

Кетті жігіт мамыр айдың жиырмасында,

Қалды қыз жасын тыймай ел қасында.

Жұбатпақ жыламсыған ұл анасын,

Көре алмай Айым шырақ ана жасын.

Осылайша уақыт өтті бірақ-бірақ,

Қыз күтіп жүр солдатын күнде шыдап.

Қайтермін,мына Айдын xабарсыздан,

Кетті ғой деп уайымдап жүрек сымақ.

Неде болса күтемін деп

Қыз отыр телефонды шын досым деп.

Сол сәтте бақытқа қарай шыр етті да

Қызда кетті асығыспен жерден құлап.

Алды міне қуанды телефонды ұстап,

“алло”,-деді нәзік дауыс қобалжырап.

Біраз отырды шүйіркелесіп сонда бірақ,

Кім дерсіз қүпия жан,Айдын қымбат.

Екеуі де сағынысып,екеуі де қуанды,

Екеуі де құдайдан тек осыны сұрады.

Бірін-бірі сүйемін деп,

Осы күн оған думанды.

Арада осылай бір жыл өтті,

Көктем айы жеңіпті.

Көптен күткен сәт жетіп

Айдын әсекрден келіпті.

Сағынысып,қуанысып,маxвббат оты лаулады.

Кім не десін бұл екеуін құдай өзі жалғажы.

Бірін-біріне ұзақ қарап,тұла бойы тулады,

Айтарғвда сөз таба алмай,бақыттан басы айналды.

Арада тағы күндер өтті

Дерсің бұлар бақытты.

Өкініштау,бірақ-бірақ

Сағынғандай құлайпты

Жігіт дейді суындым

Жалғастыру қиын-ақ

Ал енді жаным мені ұмыт

Шешімім енді осы-ақ.

Қыздың көзі жасаурап,

Кетті жүреу жаралы.

Көрді уайым басқа қызбен

Бақытты екенін байқады

Не дерміз, бұлда ұзаққа созылмай,

Келді Айдын Айымға

Деді жаным кешірші

Ұмытпаптым соңында

Деді,Айдын қайта отар,

Боламыз бірге бақытты.

сен мендіксің шынында,

Мен сендікпін расында.

Айымшырақ не десін,

Жүрегі оның келісті.

Қарсы бола алмас

Расында ия деген сияқты.

Тыңда досым қазақтың,

Алма кезек деген сөзі бар.

Бұл жағдаят алдыңа,

Келіп қалса ұғып ал.

Маxабатты ойыншыққа да теңеме,

Сені затқа теңеп қойсам келеме?

Қос ғашық Баянменен Қозыдай

Жақсы көру сенің қолыңнан келеме?

Болшы ғашық

Махаббат деген бір белес,

Оны ешкім түсінбес .

Болар бәлкім түсінген,

Ғашық болған жанға тез.

Біз білеміз ғашықтың ауыр дертін,

Біз білеміз бәріне ол келмес еркін.

Келсе егер сен досым мұңаймашы,

Үлкен бақ қой Алладан берген көркін.

Болшы ғашық сенде бүгін аянбай,

Тап осы Қозы Көрпеш Баяндай.

Сұлулығына күнде тамсана отырсаң,

Керемет қой бақыт табу жаным-ай.

Болшы ғашық бақытың асып-тасып,

Келеді ғашықтарда қадам басып.

Күні құрсын болмасаң өзің ғашық,

Болмайды ғашықсыздың өмірі ашық.

Болшы ғашық атқылап жанартаудай,

Сай-тауды асып соңына баратындай.

Күлімдеп бір-біріңе қарап тұрып,

Күніңді басқа өткізбей қалатындай.

Ана- ертеңімнің бастауы

Ана деген асыл сөз, терең мағына. Оның астарында тамыры терең бір тұңғиық теріздес теңіздей мағына жатыр. Тоғыз ай құрсағында көтеріп, бізді мәпелеп, аялап өсіреді. Бауыр еті баласын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіреді. Жаманын жасырып, жақсысын асыратын ол- ана. Ана деген біз үшін өте қымбат байлығымыз. Оған тең келер ешкім жоқ. Тіпті оның орнын бірде-бір адам баса алмайды. Мысалға алып қарасақ: көңіл күйіміз жоқ болса да біз тек анамызды ғана ойлап еске аламыз. Ана өзінің жылы алақанымен маңдайыңнан сипағанда әлемде сезбеген жылулуқты сезесің. Қарапайым жағдайды алсақ кішкентайымыздан құлап немесе бір жерімізді жарақаттап алғанда ана деп жылаймыз. Осыдан-ақ белгілі бізге қаншалықтықымбат екендігі. Сан жетпес әрі шексіз емес пе? Анасыз өмірімізді елестетіп көрейікші: үйге келсек үйдің іші тып тыныш, бір жылулық сезілмейді. Жоқ, ол үйдің суықтығы емес, ол ананың жылулығының жетіспеуі. Күнде еститін жылы сөздерді естімейміз. «балапаным,құлыным келдің бе?»,-деген сөзді күтіп тұрғандаймыз. Тіпті тамақтан да ас өтуі екіталай. Ең қызыға анамен шүйіркелеспей ұйықтау ең бір сорақы істей көрінеді. Ал енді анамен өткен күннің айырмашылығын байқайсызба? Әрине жермен көктей.

Иә, анамен өткен әрбір таң, әрбір күнде жұмақпен теңдей. Ана біздің өткеніміз,бүгініміз және болашағымыз. «Неге өткеніміз?» деген сұрақ бар шығар сірә. Өйткені құрсағында жатқаннан ол бізді толығынан таниды. Әрі қарай іргетасымызды қалаушысы. Бізді бес саусағында біледі. Ал енді неге бүгініміз? Себебі өткеніміздің іргетасын қаласа, өміріміздің әрі қарай қабырғасын да қалаушысы болады. Яғни, анамыз біздің қазіргі таңда қамқоршымыз. Маңызды емес біздің жасымыз қаншада болсада ол біздің бақытымыздың себепшісі. Ендігісі сол неге біздің болашағымыз. Себебі анамыз өткеніміз бен бүгініздің себепшісі болып тұрса, онда неге біздің болашағымыздың да себепшісі болмасқа. Қабырғасын қалаған соң, енді шаңырақ қалап, әрі сәндеушісі анамыз емес пе? Міне осылай біздің анамыз өмірімізде осындай орын алады.

Кейбіреуіміз анамыздың қадірін білмей жатамыз. «Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің » деп айтып өткендей анамыздың қадірін және парызын бағаламай жатамыз. «Меккеге анаңды арқаңа салып көтеріп апарсаң, онда сен анаңның туылған кезіндегі бір рет емген ақ сүтін өтейсің» деген екен. Сонда өмір бойы бізді бағып өсіргендегі парызын қалай өтейміз? Парыздың аты парыз, ал оны өтеу біздің міндетіміз. Анамызды өз еңбегімізбен қуантып отырсақ, онда кішкене болсын бізге риза болып қалар еді. Сондықтан өз анамыздың және құдайдың алдында жүктелген парызымызды өтейік. Аналарымызды ренжітпей керісінше көңілін көтерейік. Бір марқайтып қойсақ соған не жетсін. Себебі ол ең бағалы, ең бір қол жетпейтін жан!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше