Кітап-сенімді досым

Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі

Нургалиева Асель. Жетекшісі: А. А. Жумабекова

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» – деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі.

Міне осы асыл қазынаны оқу қазіргі таңда төмендеп отыр. «Кітап маған тақтан да қымбат», – деп атап көрсеткен Шекспир. Өкінішке орай көркем әдебиетке деген өз бетімен балалардың қызығушылығы азайды. Әдебиетке деген құлықсыздық пайда болды. Оның себептерін күнделікті қолданысқа енген ғалам торабын , компьютер секілді құралдардың әсері деп білеміз. Бұдан соңғы себеп, аттаған әр қадамыңыз ақша керек болатын күнделікті тіршілік қамы адамдардың кітапқа деген ынтасын төмендетіп жіберетіндігі. Бала кітап оқып, ойын қорытудың орнына теледидардан дайын өнімдерді көруге бейім. Мұның барлығы балалардың кітап оқуына үлкен кедергі келтіреді. Ал ата – аналар тым жұмысбасты. Баланың теледидар қарауын белгілі бір уақытқа ғана шектеп, кітап оқуына арнайы көңіл бөліп, қадағалап отыруға олар уақыт таппайды. Әрине, мұны жауап деуге де келе қоймас, өйткені, бұл себеп көзіқарақты адамның бәріне мәлім. Қоғамымыздың рухани әлемін жұтаңдатып әкетіп бара жатқан осы мәселеге ден қоюымыз да тегін емес. Мақсатымыз – кітап неге оқылмайды деген сауалдың жауабын жан – жақты іздеу. Қазақ балаларын қазақ әдебиетінен алыстатып алмаудың амалын бірлесіп табу. Кітапқа деген баланың қызығушылығын арттыру. Менің ойымша қазіргі кезде оқырман баланың қызығушылығын арттыру үшін «балабақша – мектеп – кітапхана – мұғалім – ата – ана» деген ара – жігі ажырамайтын схемамен жұмыс жасау қажет. Бала балабақша табалдырығын аттаған күннен бастап кітаптың құдіретін ұғындыру. Жыртпауға, сызбауға, боямауға үйрету. Бірінші сыныпта өзінің алғаш бастап оқыған пән оқулығы туралы мағлұмат беру. Мысалы: мектептегі бірінші сыныпта әліппе пәнін оқып бітіргеннен кейін кітапханашылар мұғалімдермен тығыз байланыстағы бағдарламаны жыл көлеміне ұйымдастырса. Алғашқы күннен бастап «Біздің кітапхана» деген балалар кітапханасында жыл көлемінде акция ұйымдастырылса.. Кітапханашыларға көмекші ретінде оқушылар арасынан кітапханашыларды сайлап қойсақ. Барлық оқушы кезекпен кітапханашы болып шыққаны дұрыс. Акцияға кезекші баланың ата – анасының біреуі айына бір – рет баласының жұмысын кітапхана келіп көрсе, танысса. Мүмкін болған жағдайда бірге бір күн жұмыс жасасса. Ол апта сайын ауысып, кезек келе береді. Бұл жұмыс оқушылардың кітапханаға деген қызығушылығын арттырады деп ойлаймын. Олар өзімен бірге басқа оқушыларды тартары сөзсіз. Кітапханаға деген дұрыс көзқарасы қалыптасып өседі, кітапты ұқыптап ұстауына, уақытында алған кітапты қайтаруына, кітпаханашы маманыдығына деген үстірт ой, жаңсақ мінез қалыптаспауына болысады. Сыныптың білім сапасы жоғарылайды, жолдастық сезімі оянады. Ата – ана жауапкершлігі артады.

Кітап – біздің досымыз. Онсыз адамның өсуін де мүмкін дей алмаймын. Көпшілік адам жас қосылған сайын өседі дейді. Алайда, менің ойымша, адамды жас ұлғайған сайын емес, ақыл ұлғайған сайын өседі. Ал ақылдың ұлғаймағы үшін біліммен сусындау қажет.

Мен бала күнімнен кітапқа құмартып өстім. Кітап оқи отырып ондағы әлемге саяхаттап, таным-түсінігіңді арттырасың. Тіпті, көркем әдебиетті оқи отырып, адам тануды үйренесің. Бәрінен бұрын, кітап адамгершілікке үйретеді. Ақылыңа ақыл қосар кітаптың руханиятыңды гүлдендіріп, көкірегіңе нұр шашатыны анық.

Айналаңа қарап отырсаң. Кітап оқитын жандар мен кітап оқымайтындардың арасында жер мен көктей айырмашылық бардай көрінеді. Кітапқа құмар жан кез-келген тақырыпта еркін сөйлесіп, танымыңды арттырып, көкейіңе білім сәулесін түсіретіндей. Онымен емен-жарқын сөйлесе отырып қаншама мағұлмат алып, құнды пікірлермен бөлісіп, ой алмасасың. Жақсы кітап адамды тек жақсылыққа баулып, дүниеге көзқарасын кеңейтеді. Сондықтан оны адамның жанашыры, жақын досы деуге болады.

Мен әдеби кітапты сүйіп оқимын. Кітаптың берер пайдасы өте көп екеніне көзім анық жетті. Кітап менің ой- өрісімнің дамуына, сауатымның ашылуына, өзіндік көзқарасымның қалыптасып, өмірге бейімделуіне үлкен әсерін тигізуде десем артық айтқаным емес. Кітап кейіпкерлері маған жақсы мен жаманды, дос пен дұшпанды, жауыздық пен адамгершілікті, өтірік пен шыңдықты ажырата білуді үйретті. Кітап маған қуануды, күлуді, ұялуды, қайғыны бөлісуді, сырласуды үйретті, тіпті жүріс-тұрысымның түзелуіне де көмектесті. Кітап біреулер секілді бөлінбейді, әрқашан жаныңнан табылады, әрқашан көмекке дайын тұрады, тек оның қадірін білсең болғаны. Мүмкін “Жақсы кітап – жан азығы” деген осы шығар. Кейбіреулер кітап оқудан қашады, тіпті, керек нәрсең ғаламторда толып тұр кітап оқудың, оны көтеріп жүрудің не қажеті бар деп мазақ қылатындар да бар. Мұны мен жалқаулықтың салдары деп түсінемін. Мұндайлардың ақыл-ойы таяз, өзіндік пікірі жоқ, білімі төмен болатыны сөзсіз. Оқушылар мұғалімнің берген тапсырмасын орындап келеді. Бірақ, олар кітапханаға барып ізденбейді, бәрін ғаламтордан көшіріп алады. Меніңше, кітап пен ғаламтордың айырмашылығы жер мен көктей. Шіркін, өзіңнің ойындағы кітабіңді тауып, оның бетін сипалай отырып, парақтап оқығанда шынайы сезімге бөленгенге не жетсін. Бұл сезімді тек, кітапты көп оқитын жандар ғана түсінетіні өкінішті. Мен мұны ғаламтордан аулақ болсын деп айтып отырғаным жоқ. Оқушылар заманмен ілесе отырып, рухани байлығымыз кітап оқуды да ұмытпаса екен дегім келеді. Кітап – таусылмайтын қазына.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше