Әкеге арнау
Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі
Асқар тауым,биік шыңым өзің едің.
Саған ғана еркелейтін қызың едім.
Жүрегім зар жылайды сені іздеп,
Көк аспанға неге кеттің-?!
Түсінбедім…
Сағыныштан көзден ағар тамшы нұр,
О дүниемен
Бұл дүниенің арасын
Байланыстырар пенде деген жыршымын.
Ешкімнің жоқ білем бірақ таласы,
Тағдрымнан болып тұрар аласы,
Жүрегіме жара болып қадалған,
Асқар таудай Әкешімнің қазасы…
Әке-ана баласының данасы,
Асыл көздің ағыменен қарасы,
Барын көрер қарасынан айрылған
Анашымның болмай жүр-ау шарасы.
Жүк түсіріп ойда жэоқта төбемнен,
Оиландырып қойды менен тереңнен,
Тағдыр мені осылайша сынамақ,
Алланың дегеніне көнем мен.
Сағынамын кей кезде бірақ мен
Сіз бар жерде биіктерден құлаппем?
Сіз бар жерде енсем түсіп жылаппем?
Құламадым,
Жыламадым ешқашан.
Маңдайдағы жарқыраған шырақты ен…
Камал Талшын. Жетекшісі: А. А. Жумабекова
