Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық .
Алматы қаласы Наурызбай ауданы
«№174 мектеп – гимназия» КММ
Физика пәнінің мұғалімі
Райымбаева Гульмайра Садыбаевна
Сабақтың тақырыбы: Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық.
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Акустикалық резонанспен, дыбыстың шағылуымен, жаңғырықпен таныстырып солар жайлы түсінік қалыптастыру.
- Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.Күнделікті өмірден нақты мысалдар келтіру арқылы оқушы білімін дамыту.
- Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, топпен жұмыс істеуге,терең ойлауға,әр түрлі физикалық құбылысқа терең мән беріп,ғылыми пайымдау жасауға үйрету.
Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап,түсіндіру,зерттеу әдістері
Сабақтың көрнекіліктері: Интербелсенді тақта,домбыра,камертондар,балықтың мүсіні,плакат.
Пән аралық байланыс:биология,математика
Сабақтың барысы:
І. . Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлемдесу;
-
Оқушыларды түгендеу;
-
Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
-
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
.
ІІ.. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау
ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру./
ІV. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.
Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша Акустикалық резонанспен, дыбыстың шағылуымен, жаңғырықпен танысамыз.
- Дыбыс дегеніміз не?
- Дыбыс қалай таралады?
- Вакуумда дыбыс тарала ма?
- Дыбыс жылдамдығы таралатын ортаға байланысты ма?
- Дыбыстың қанадй сипаттамаларын білесіңдер?
- Дыбыс қаттылығының деңгейін өлшеу үшін,қандай шкала бекітілген?
- Адамды шудың теріс ықпалынан қорғау үшін,қандай норма бекітілген?
V..Жаңа материалды меңгерту:
Бүгінгі тақырып дыбыс туралы мәліметтерімізді ары қарай толықтыруға арналады.
Камертон арқылы тәжірибе көрсетіледі.Бұдан шығатын қорытынды:2-ші камертонды ешкім тербеліске келтірмегендіктен,оның тербелуіне 1-ші камертон ауа арқылы берілген тербеліс ықпал етті деген қорытынды жасаймыз.Бұл құбылысты акустикалық резонанс деп атаймыз.Осы құбылысты пайдалана отырып,тербелетін денеден шығатын дыбысты кушейтуге болады.Жәшіктің меншікті тербеліс жиілігі мен камертонның шығаратын дыбыс жиілігіне үндестіріледі.Мұндай үндестік-унисонда,яғни бірдей жиілікпен тербелу д.а.Мысалы:домбыра,гитара,қобыз..
Дыбыс қалай шығады?
Домбыраны тартқанда.
Бұралса дұрыс құлағы
Шырқалмай әуен жатқан ба!
Домбыраның даусын шығаратын
Қос ішектің тербелісі.
Шанағы оның кәдімгі резанатор,
Ойлап тапқан бабамның зерделісі.
Музыкалық аспаптың үнінінң сапалы шығуы,оның арнайы ағаштан жасауына және шебердің шеберлігіне байланысты.
Резенаторлар бізде де бар.Адам мен жануарлардың дыбыс көзі дауыс желбезегі болып табылады.Дыбыс желбезегі кеудедегі ауа ағыны әсерінен тербеліп,әлсіз дыбыс шығарады.
Дыбыс көзінен шыққан толқындар барлық бағытта тарайды.Осы дыбыстар тарала отырып,өзінің жолында қандай да бір бөгетті кезіктіретін болса,олар шағылады.Қарапайым бақылау кезінде
Жаңғырық –қандай да бір кедергіден шағылған және бастапқы таралған орнына қайта оралған дыбыс толқындары.
Дыбыс жақын аралықтағы кедергілерден шағылған кезде,ол алғашқы дыбыспен қосылып күшейеді.Тыңдаушылар аз жиналған кең залда баяндамашының сөзі жаңғырып түсініксіз болады.Неге?Себебі қабырғалардан,орындықтардан шағылған дыбыс тыңдаушыға бір мезгілде жетпейді.Осының нәтижесінде алғашқы дыбысқа қарағанда тыңдаушыларға естілетін дыбыс ұзағырақ болып естіледі.
Дыбыстың әр түрлі кедергілерден шағылуы барысында естілу ұзақтығының артуы реверберация деп аталады.
Жұмсақ жихаздары бар,кілем төселген және адам көп жиналған бөлмелерде реверберация аз болады.
Адам құлағы еститін 16 Гц тан төмен дыбыстарды адам құлағы қабылдамайды,бірақ белгілі бір дәрежеде адам организиміне әсер етеді. 5 Гц-9 Гц аралығындағы инфрадыбыстар бауырдың,асқазанның,көкбауырдың тербеліс амплитудасын арттырады, көкірек қуысында ауыртплық туғызады.12-14 Гц жиіліктерде құлақта шуыл пайда болады.Инфрадыбыстардың адам организміне кері әсері болғандықтан,олар техникада кең қолданыс таппаған.
Ультрадыбыстар керісінше,физикалық және технологиялық әдістерде кеңінен қолданыс тауып отыр.Ультрадыбыстың басты ерекшелігі-оларды дыбыс көзінен бір бағытта таралатындай етіп бағыттауға болады.
Дыбыстың шағылу құбылысына негізделген теңіз тереңдігін өлшеуге арналған құрал-эхолот д.а.Шағылған ультрадыбысты пайдалана отырып,нысананың орнын анықтау тәсілі эхолокация деп аталады.
Медицинада ультрадыбыс адам денесін ультрадыбыстық тексеру үшін пайдаланылады.Ультрадыбыстық тексеру жолымен сырқат адамның денесіндегі әр түрлі ауытқуларды анықтайды.
Ультрадыбыстың көмегімен тастар ұнтақталады,металдарды және сас қатты материалдарды кесу және дәнекерлеу жүзеге асырылады.
Ультрадыбыстарды дельфиндер,жарқанаттар және басқа тіршілік иелері шығарады.
Түнде табар керегін
Жарқанат қалай кореді.
Соқтықтықпай түнде ешкімге
Еркін ұша береді!
Түнде ұшқанда жарқанат,
Құлағымен кореді.
Соқтықтырмайды қалқалап,
Ультрадыбыс демеуі.
Сонымен біз бүгін бірнеше жаңа ұғыммен таныстық: акустикалық резонанс,унисонда,эхолот,эхолокация,реверберация.
VІ. . Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
§33,34,35 дайындық сұрақтарын талдау.
- Акустикалық резонанс дегеніміз не?
- Камертон орнатылған жәшікті неліктен резонатор деп атайды?
- Акустикалық резонансты қалай байқауға болады?
- Жаңғырық дегеніміз не?
- Жазық далада жаңғырық пайда болуы мүмкін бе?
VІІ.. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын
жүргізу
- Деңгейлік тапсырмалар.
І деңгей.
- Найзағай кезінде адам күннің күркірегенін найзағай жарқылынан 15с-тан кейін естіген. Разряд одан қандай қашықтықта болған?
- Дыбыс қоңыраудан дыбыс қабылдауышқа қалай жетеді?
ІІ деңгей.
- Дыбыстың ауадағы таралу жылдамдығы 340 м/с болса, жиіліг 340 кГц. Дыбыс көзінен ауаға таралатын ультрадыбыс толқынының ұзындығын анықтаңдыр.
- Ер адамның ең төмен дауысы үшін ауадағы дыбыс толқынының ұзындығы 4,3м-ге, ал әйел адамның ең жоғарғы дауысы үшін 25см-ге жетеді. Осы дауыстардың тербеліс жиілігін табыңдар.
ІІІ деңгей.
- Мылтық атылғаннан соң, дыбыс пен оқ 1360м биіктікке бір мезгілде барып жетсе, оқтың бастапқы жылдамдығы қандай? Мылтық вертикаль жоғары қарай атылған. Оққа әсер етуші ауа кедергісін ескермейік. Дыбыс жылдамдығы 340 м/с.
VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §33,34 ,35 27-жаттығу (1,2,3,4).
28-жаттығу (1,2)
