«Оттегі. Химиялық элемент және жай зат, оттектің қасиеті, алынуы»
Алматы қаласы Наурызбай ауданы
«№174 мектеп – гимназия» КММ
Химия пәнінің мұғалімі
Муханова Гулмира Рашитовна
Сабақтың тақырыбы: «Оттегі. Химиялық элемент және жай зат, оттектің қасиеті, алынуы»
Сабақтың мақсаты:
Оттегі-химиялық элемент жайлы, оттектің қасиеттері, алынуы және қолданылуын қарастырып, білімдерін одан әрі жетілдіру.
Ой – өрісін, танымдық көкжиегін жаңа технология элементтерін қолдана отырып кеңейту, тапсырмалар көмегімен белсенділігін арттыру, бағыт – бағдар бере отырып, өз бетінше қорытынды жасай білуге дағдыландыру;
Шапшаңдыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу, ұжым арасынан өз ойын ашық жеткізуге, өз өздерін басқаруға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: 1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. 2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. 3.Оқытуды басқару және көшбасшылық . 4.Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту. 5.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, Акт.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайд, су, балауыз, шыны, тәрелке, тест, стикер, жетон, маркер, жеміс-жидектер, лента, кәмпит, шар т.б
Оқыту формасы: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Пәнаралық байланыс: биология, орыс тілі, ағылшын тілі
Күтілетін нәтиже: Оттегі-химиялық элемент жайлы, оттектің қасиеттері, алынуы және қолданылуын қарастырып, білімдерін одан әрі жетілдіреді. Оттегінің пайдасын зиянын біледі, «Оттексіз тіршілік жоқ екенін біле отырып,өмірдің химиямен байланысын ұғындыра отырып қызығушылық туады. Табиғатты аялауға, ауаны ластамауға, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиеленеді.
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
-Сәлемдесу.
-Оқушыны түгендеу.
-Құрал-жабдықтарын тексеру.
Топқа бөлу (Оқушыларды түрлі-түсті кәмпиттер арқылы топқа бөліп, топ басшысын, уақыт сақшысын сайлау)
Сары кәмпит – І топ;
Көк кәмпит – ІІ топ;
Қызыл кәмпит – ІІІ топ;
Сыныптағы жағымды ахуалды қалыптастыру. «Өрмекшінің торы» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айту арқылы сыныптағы жағымды ахуалды қалыптастырады.
ІІ Қызығушылығын ояту
Оқушыларға шар үрлету арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
ІІІ Жаңа білімді меңгерту
Оттегі (латынша Oxygenium), O – элементтердің периодты жүйесінің VI-тобындағы химиялық элемент. Реттік нөмірі 8, атом массасы 15,999. Оттегі –химияның ең маңызды элементі және Жер бетіндегі көптеген тірі ағзалардың тыныс алуын қамтамасыз етеді. Оттегісіз біз бірнеше минут қана өмір сүре аламыз. Жасушалар мен талшықтар өмір тіршілігіне қажетті өздеріндегі энергияны босата отырып, органикалық заттарды тотықтыру үшін оттегіні пайдаланады. Оттегінің физиологиялық әсері өте көп қырлы, алайда, оның емдік әсерінде маңызды рөлді ағза талшықтардағы оттегі жетіспеушілігін орнына қайта келтіру қабілеті атқарады.
Адам ағзасының барлық мүшелері мен талшықтары қалыпты жұмыс істеуі үшін біздің айналамыздағы ауаның құрамында кем дегенде 21% таза оттегі болуы керек. Үлкен қала – бұл өте жылдам өмір ырғағы (біз күн сайын энергия жоғалтамыз), газдалған ауа (созылмалы гипоксия)! Ірі мегаполис тұрғындарының оттегіне мұқтаждықтары орасан зор. Экологиялық ахуалдың жалпы деңгейде нашарлауы ірі қалаларда ауадағы таза оттегі мөлшері кейде 10-12%-дан артпауына алып келді. Осының салдарынан гипоксия (оттегі жетіспеушілігі) туындайды.
Оттегін өнеркәсіпте ауаны қысып сұйылтады да, азот пен оттегінің қайнау температураларының айырмашылығына қарай буландырып бөліп алады. Осылайша алынған оттегі көгілдір түсті баллондарда сақталады, себебі сұйық оттегі ашық-көгілдір түсті болады. Ал зертханалық алу әдістері кейбір оттегіге бай күрделі қосылыстарды айыруға негізделген (8-сурет).
1.Тұрмыста жиі қолданылатын «марганцовканы» айыру. Ол үшін құрғақ сынауыққа аздаған түйірлерін салып, оның аузын газ шығатын түтігі бар тығынмен жауып қыздырамыз. Сонда мына реакция жүреді:
Шоқтанған шырпыны түтіктің аузына апарсақ, ол лап етіп жанады, себебі оттегі жануды қолдайтынын сендер бұрыннан білесіңдер.
2. Калий хлоратын айыру. Бұл реакцияның жүруін тездету үшін марганец (IV) диоксидін (өршіткі) қосамыз, сонда оттегі көп мөлшерде бөліне бастайды:
Өршіткі – реакцияның жылдамдығын өзгертетін, бірақ өзі жұмсалмайтын зат (МnO2 — өршіткі (катализатор)).
Бөлінген оттегін екі әдіспен жинауға болады.
- Ауадан сөл ауыр болғандықтан (Мr(O2)=32, Мr(ауа)=29) ауаны ығыстыру арқылы (8, а-сурет).
- Суда нашар еритіндігінен суды ығыстыру арқылы жинау (8, ә-сурет).
Оттегін сынап (II) оксидін (HgO) айырып ағылшын ғалымы Д. Пристли алған (1774).
Газдарды зертханада жинайтын құрал газометр деп аталады. Ол қалың қабырғалы шыныдан жасалған екі бөлімнен тұратын ыдыс, оның сол жағында табанына жақын жерде (1) және оң жақ иығында (2) тығындалатын екі тесігі бар. Ал үстіңгі бөлігі (тубус) ұзын түтікті құйғы сияқты болып жасалған, ол астыңғы бөлігіне кигізілген. Оған газ жинау үшін тубустың шүмегін (А) ашып сумен толтырамыз. Одан кейін тубустың шүмегін жауып, астыңғы тығынға кигізілген шүмекті ашамыз да, осы жерден оттегін жібереміз, ол суды ығыстырып шығарады. Газды жинап болғаннан кейін астыңғы шүмекті жабамыз. Тәжірибеге оттегі керек болғанда тубустың шүмегін ашамыз, одан аққан су оттегін ығыстырады, ол жоғары оң жақ, иықтағы шүмектен (Б) шығады, оны бір ыдысқа жинап алу керек (9-сурет).
ІVТоптық жұмыс. Оқушылар топтық жұмыс жасау арқылы берілген тақырыптар бойынша өз жұмыстарын қорғайды.
І топ: «Оттегі»
ІІ топ: «Оттектің қасиеті»
ІІІ топ: «Оттектің алынуы»
Видеоролик көрсету. Оқушылар тақырыпқа сәйкес видеоролик көріп, «Түртіп алу» әдісі арқылы жаңа ақпаратты дәптерлеріне жазады.
V Деңгейлік тапсырмаларды орындау (ауызша).
Ұпай саны аз оқушы интербелсенді тақтадан ұяшықтарды таңдап, деңгейлік сұрақтарға жауап береді.
VІ Сергіту сәті
Адамның мінез-құлқын анықтау мақсатында әр түрлі жеміс-жидектерді таңдатамын.
VІІ Сабақты бекіту
Жаңа сабақты бекіту барысында топ басшылары іс-тәжірибе жүргізу арқылы алған білімдерін шыңдайды,ауаның құрамында оттегінің бар екенін дәлелдейді.
VІІІ Сабақты қорытындылау.
Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардан тест жұмыстарын аламын (оқушылар тест парақшаларын алмастыру арқылы бір-бірінің жұмыстарын тексеріп, бағалайды).
Үйге тапсырма беру.
§ 31. С тобындағы есептер шығарып,жұмыс дәптерлеріне орындайды.
Рефлекция
