Волейбол. Шабуыл соққысын орындау
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Қоныс орта жалпы білім
беретін мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі
Хайруллин Адил Маликович
Сабақтың тақырыбы : Волейбол. Шабуыл соққысын орындау.
10-сынып.
Сабақтың мақсаты : Оқушыларға волейбол ойынының айла-тәсілдерін үйрету, шабуыл соққысының элементтерін үйрету, командалық ауызбіршілікті нығайту.
Сабақтың міндеттері :Білім беру: Шабуыл соққысын орындауды, қорғаныста ойнау әдісін және тактикалық ойын үлгісін үйрету.
Дамыту: Оқушының ой-өрісін, қабілеті мен икемділігін, күш-қуатын дамыту.
Тәрбиелеу. Оқушыларды тәртіпке, командалық ұйымшылдыққа, өз бетімен
спортпен шұғылдануға қызығушылығын арттыруға тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер : ысқырғыш, секундомер, доптар, гимнастикалық орындық, интерактивті тақта, бейнекамера.
Өтетін орны : Спорт зал
| Сабақ
бөлімі |
Сабақтың мазмұны | Уақыты | Әдістемелік нұсқаулар |
| Кіріспе дайындық бөлімі
12 минут |
Сапқа тұру
– кезекші рапорт беру – сәлемдесу – сабақ тақырыбын хабарлау -бір-екіге саналу Жүру жаттығулары – қол жоғарыда аяқтың ұшымен жүр – қол желкеде өкшемен жүр – қол белде табанның ішімен жүр – қол белде табанның сыртымен жүр – қолды алға созып жартылай отырып жүр Жүгіру жаттығулары -бір қатардан екі қатар құрап жүгіру – қол белде аяқты алға сермей жүгір – қол желкеде аяқты артқа сермей жүгір – қол алда тізені жоғары көтеріп жүгір – қол желкеде аяқты тізеден артқа сілтей жүгір – оң қапталмен, қолды иықтан алдыға айналдыра жүгір – сол қапталмен, қолды иықтан артқа айналдыра жүгір – артпен жүгір – шапшаң жүгір – отырып жүр, отырып секіріп жүр – терең дем шығарамыз |
1мин
3мин 8мин |
Спорттық киімдеріне көңіл бөлу.
Оқушыларды түгендеу. Аяқ алысын бақылау. Денені тік ұстаймыз. Басты көтереміз. Дене тік ұстау. Дене тік,ара-қашықтық сақта. Екі қатарға бөліну. Аяқ ұшы тік, аяқ тізеден бүгілмейді. Денені тік ұстаймыз. Өкшені алақанға тигіземіз Тіркеме адыммен. Ара-қашықтық сақта. Ара-қашықтық сақта шапшаң жүгіру. Басты бұрып артқа қара. Денені бос ұстау. |
| Арнайы дайындық бөлімі
8 минут |
Арнайы дайындық.
-допты жоғары лақтырып қағып алу -допты жоғары лақтырып отырып тұрып қағып алу -допты жоғары лақтырып айналып қағып алу -қарама-қарсы тұрып доппен шабуылдау әрекетін орындау |
8мин | Допты биікке лақтыру.
Допты жоғары лақтырып қолды еденге тигізу. Қолды жазып соққы жасау. |
| Негізгі бөлім
20 минут |
Шабуыл соққысын орындау.
-Тордан 5 – 6 метр жерден жүгіріп келіп қос аяқпен серпіле әуеде секіріп соққы жасау әрекетін көрсету. -Секіру әрекетін көрсеткен кезде адымдап келіп аяқты тізеден бүге, қолды артқа сермей лақтырып екпінмен жоғары серпілу керек. -Әуеде оң қолын жоғары алып білектен соққы беруді көрсету. Осы жаттығуды доппен жасау. -Бір оқушы тор түбінен әуелете допты лақтырады шабуылдаушы жүгіріп келіп бар күшімен секіріп соққы береді. -Ұйымдастырушы арқылы соққыны қайталау. -ереже бойынша волейбол ойынын ойнау |
20мин | Оқушылар бірге сызық бойына тұрып. Жаттығуды орындайды,
Торға денені тигізбеу керек. Соққы жасалған соң кейін қарай жүгіріп келесі соққыға дайындалу керек. Тордан қарама-қарсы соққы жасалған кезде кезекпен шабуылдайды. Әрекетті дұрыс орындау. Ережені сақтап ойнау. |
| Шабуылдау кезіндегі қозғалу сәттері. | |||
| Қорытынды бөлімі
5мин |
Қорытынды бөлім.
-Жалпы сапқа тұру -Жаттығуды орындау кезіндегі қателіктерді айту -Оқушыларды бағалау -Сабақты қорытындылау -Үйге тапсырма беру |
5мин | Бір сызық бойын.
Жекелеген оқушыларға нұсқау беру. Сабақтағы белсенді оқушыларға баға қою. Үйге тапсырма беру. |
Оқушысы Мәліков Ерасыл Әділұлы 6 сынып
