Мектепке өзгеріс қажет пе?

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Қабанбай ауылы
«Жарбұлақ орта мектебі» КММ физика және информатика
пәнінің мұғалімі Худайбергенова Сайраш Тахмасовна

Мектеп-жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беретін, білім ордасы, бірнеше ғасырлар бойы жиналып сақталған ел мұрасын келешек ұрпақ игілігіне жеткізе алатын мәдени ошақ, ұлттық тәлім-тәрбие орталығы. Ұлттық мектеп тағдыры қай қилы заманда да, қай ұлттың болсын көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды азаматтарын толғандырып келген ең өзекті мәселелердің біріне саналды.
Қазіргі таңда Қазақстан бүкіл әлемдік білім кеңестігіне ену табалдырығында. Өмір ағымына қарай білім беру жүйесінің моделі күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Сондықтан заман талабына сай жаңа мазмұнда білім беруді ұйымдастыру күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселе. Әлемдік білім кеңістігіне шығудағы Қазақстанның жаңа ұлттық білім моделін қалыптастырудың тиімді жолдары да қарастырылуда.
Оның негізгі ұстанымы-12 жылдық білім беруге көшу болса, негізгі мақсат – еліміздегі білім беру жүйесінің құрылымы мен мазмұнын толықтай өзгерте отырып, заманына сай мектеп құру. Оқушылардың білімді де, білікті, парасат пайымы мол саналы азамат боп жетілуі тәлім мен тәрбие беретін мұғалімге тікелей байланысты. Мұғалімге артылатын сенім жүгі соншалық ауыр екендігін және оның ұлағатты жол екені анық.
Мысалы Назарбаев зияткерлік мектептері Кембридж университетінің бағдарламасы бойынша екі жақты келісіммен жұмыс жасайды. Осындай өзгерістерді енгізу болашағымыздың жарқын болатынын көрсеткендей. Енді осындай өзгерістерді неге жалпы білім беретін мектептерге енгізбеске, әрине барлық түгелдей болмаса да кейбір элементтерін қолданып көруге болады. Осындай түбегейлі өзгерістерді енгізу үшін алдымен кадрларды жақсылап дайындау қажет. Жалпы менің ойымша бізде кадрлар жеткілікті әрі білімді, бірақ соларға дұрыс бағыт-бағдар беру, яғни әртүрлі әдіс-тәсілдерді оқушылардың білім сапасын, өзіндік көзқарастарын дамытуда пайдалануды үйрету. Осындай өзгерістер енгізуге материалдық база жағынан дайын болмаса да рухани адамгершілік жағынан дайын деп ойлаймын. Білім беру саласына өзгеріс енгізу үшін барлық нарсе төменнен басталуы қажет, мысалы мектептердегі бастауыш буынында. Дегенмен зерттеулер көрсеткендей бастауыш буынның білім деңгейлері жақсы, мәселе орта буын мен жоғары сынып болып отыр. Оның себебі бастауыш сынып кезінде ата-анамен тығыз байланыста жұмыс жүргізіледі, ал орта буынға келгенде оқушы өзі алып кетеді деп ата-ана мұғаліммен қарым қатынасы нашарлайды. Жоғарғы сыныпқа келгенде оқушылар тіпті ата-анасын ұстаздарын тыңдаудан қалады.Олардың қорытындысы ҰБТ-дің нәтижесі, ОБСЖ –ның нәтижесі. Біздің оқушыларға не жетпейді? Деген сұрақ маңайында ойланып көрсек, ментаритетімізге тән ұяңдық, өз ойын ашық айтып ортаға салмау, өздігінен оқу, сыни ойлау. Міне осынның барлығының орнын толықтырсақ әрине бізде алдыға қойған мақсатымызға толық жетеміз.
Осы мәселерді шешу мақсатында педагогикалық шеберлік орталығында мұғалімдердің біліктілігін арттыру деңгейлік курстар жүргізілуде. Курстан алған білімдерінің арқасында мектепке, жеке пәндерді оқытуда көптеген жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану оқушылардың жан-жақты білім алуына көмектеседі. Сонымен бірге мұғалімдер шығармашылық ізденіспен жұмыс жасайды. Осының барлығы біздің елбасымыздың халыққа жолдауындағы өзекті мәселелерінің бірі. Осы мәселелерді жүзеге асыру әрбір педагог мұғалімнің Қазақстанның болашағы үшін қосқан үлесі болар еді.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше