Іске сәт, жас маман!

«Ұстаз болу жүректің батырлығы…»

Бала білімін, бала тәрбиесін, бала қиялын алға тартып жүруде мұғалімнің атқарары ерен. Дамыған ел, дамушы білім, озат жас ұрпақ қалыптастыруда міндетті қызмет болып келеді. «Жас келсе іске…» -деген халық даналығына сүйену, сену, сенім арту керек қазіргі таңда. Білім беру үрдісі жаңашалануымен бірге, жаңашыл жас мамандар да көбейе, толықтырыла түсуде. Қызмет ететін ортамыздағы жас мамандарымыз еселене түскен сайын, жақсы жұмыстар да , ерен бастамалар да қосыла түсуде. Биылғы келген жас мұғалімдердің қатарына қосылған маман – Сәкен Тұрсынай Сәкенқызы.
Маңғыстау ауданы, Ұштаған ауылының тумасы Тұрсынай 2013 жылы Ұштаған орта мектебін (қазіргі А.Өтепбергенов атындағы мектеп) бітіреді. 2013-2017 ж.ж. М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-да қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын меңгереді. Мектеп қабырғасынан басталған тілге қызығушылығы кейін де бірнеше жетістіктерге жетуге септігін тигізгенін көріп келеміз. Униаерситет іші мен Тасқала (Орал қаласы) бойынша мүшәйра жеңімпазы (I,II,III) болған жас ақын. Мемлекеттік педагогикалық сараманнан өту барысында Қызан ауылындағы Ә.Жангелдин мектебінен өткен машықкер жоғары көрсеткішпен бағаланды. Сараман барысында жас мамандармен сайысқа түскен машықкер «Ізденімпаз маман» дәрежесімен мадақталды. Мектеп әкімшілігі ұйымдастырылған келіндер сайысы шарасында II дәрежелі диплом иемденді. Жоғары білім бакалаврын 2017 жылы тәмамдап, алғашқы еңбек жолында Ә.Жангелдин мектебінде қатарымызға қосылып отыр. Алғашқы жұмыстың алғашқы жеңісі мен нәтижесі қазақ тілі бірлестігімен ұйымдасып аудандық «Әбіш оқулары» сайысында сахналық көрініс бөлімін әзірлеп II орын, жетекшілік танытып мүшәйра бөлімінен оқушысы I орынды алды. Еткен еңбектің жемісін шәкірттерің арқылы көру үлкен жеңіс екенін тағы да көрсеткен жетістік жалғасын тапты. Балаларды сахна өнеріне, игі мәдениетке дайындауда, Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында аудандық білім үйлестіру орталығы ұйымдастырған «Нашақорлық – қоғам дерті» жарысында әзірлеген қойылымы «Бас жүлдеге» ие болса, облыстық білім басқармасымен ұйымдастырылып жалғасын тапқан жетістігі Маңғыстау ауданына II орынды әкеліп қосты. Жыл сайынғы дәстүрлі өтіп отырған «Үздік сынып жетекші-2018 » сайысында мектепішілік бөлімде бірінші орынға ие болып, аудандық сайыста 4 орынды иеленді.
Кезегі келгенде тақымын қысып талапты дайындалатын жас маманымыздың тек білімді жинаған маман емес, таланттының шамын жағуға құмар ұстаз болуға талпынысын байқадым. Жол көрсету бізге міндет болса, жолымызда ықылас танытар жастар тұрса ғажап-ақ. Мұғалім деген ұлы есімнің нағыз шыңына жетуіңе еткен ұзақ жылғы еңбек жолымды алға тартып сәттілік тілеймін.
Іске сәт, жас маман!
Ақ жол, жаңа әріптес!

Маңғыстау ауданы, Қызан ауылы, Ә.Жангелдин атындағы орта мектебінің
тарих пәні мұғалімі Изтурганова Айнагүл Жоламановна

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше