Каржаубаева Багила Түркпенбаевна

БҚО, Зеленов ауданы, Рубежин жалпы орта білім беретін

мектеп-балабақша кешені

Музыка және технология пәнінің мұғалімі

Каржаубаева Багила Түркпенбаевна

7 «А» сынып технология сабағы

Сабақтың тақырыбы:Құрақ құрау. Түрлері және қолданылуы.

Сабақтың мақсаты: Құрақ туралы мағлұмат беру

Білімділік: оқушыларға құрақтың тарихынан, оның түрлерінен және қолданылуынан мағлұмат бере отырып, нарықтық экономикаға байланысты матаны үнемдеуге, қалдық ұсақ матаны дұрыс пайдаланып іске асыруға үйрету.

Дамытушылық:теориялық білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен дамыту, құрақ құрау барысында алған білімдерін, дағдыларын нығайту.

Тәрбиелік:көне заманнан келе жатқан қазақ халқының өнерін, салт- дәстүрін бағалай білуге, өнер адамдарын құрметтеуге, әсемдікке, ұқыптылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас.

Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, , түсіндіру, сарамандық жұмыс.

Көрнекілік: құрақ түрлеріне арналған альбом, нұсқау карта, слайд, дайын бұйымдар, кішігірім құрақтардан көрме.

Құрал -жабдықтар: ине, жіп, қайшы, сызғыш , бор ,мата қиындылары, іс машинасы үтік,үтік столы..

Пәнаралық байланыс: тарих, математика,сызу, сурет, әдебиет, геометрия.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

II.Оқушылардың назарын сабаққа аудару, мақал-мәтелдердің жасырын сөздерін тауып сәйкестендіру, интерактивті тақтада тірек сызбасы арқылы мақал-мәтелді толықтыру.

1.Шебердің………….алтын (көкке )

2.Жеті рет өлшеп,бір рет………(еңбекшіл )

3.Көз қорқақ қол………….. ( жеміс)

4.Өнерлі істе…………бар .(батыр )

5.Жақсы бала…………… (кес )

6.Өнер………….. .жеткізер ( қолы)

III .Жаңа сабақ. Тақтадағы сөзжұмбақты шешу арқылы ерекшеленген торда біздің

бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады.

Сөзжұмбақ

1.Екі тышқан бірлесіп,

Кесіп-пішіп береді.

Екеуі бірге жүрмесе,

Жоқ қой бізге керегі ./Қайшы

2.Тал басында түндіксіз отау / Ұя/

3.Аузы жоқ,тісі бар,

Тындыратын ісі бар./Ара /

4.Өңсіз дәмді,

Барша адам сіміреді.

Жиып әлді,

Бойға күш қуат сіңіреді./Ауа /

5.Ортасында шегесі,.

Жіп-жіңішке денесі/Қарындаш

– Құрақ туралы түсінік.

Ертеден келе жатқан қолөнердің бір түрі- құрақ құрау. Құрақ құрау әдісі көшпенді халық арасында осыдан 2500-3000 жылдар бұрын дамып, тарады. Құрақ «құрау» деген сөзден алынған. Құрақ өнері белгілі бір наным-сенім негізінде пайда болуы да мүмкін. Әжелеріміз қолына түскен мата қалдықтарын тастамай, іске жаратып отырған. Жаман рухтан қорғау үшін – жаңа туған сәбиге көйлекті қырық құрақтан тігетін, ал ересек балаларға қырық құрақтан шапан, тақия дайындайтын. Құрақ – сан қилы қиықтан құрастырылады. Құрақтың ерекшелігі – ол негізінен мата қиындылары нан геометриялық фигуралар үлгісімен құрастырылып тігіледі. Құрастырылатын мата таза, тегіс үтіктелген болуы керек. Құраққа пайдаланылатын мата жұқа, қалыңдылығы на қарай бірыңғай іріктелініп алынады. Жалпы қазіргі тұрмысымызға құрақтың көпте ген түрлерін пайда лануымызға болады. Мысалы орындықтарға, жиҺаздар бетіне, диванға, креслоға, т.б. әсемдеп тігілген үлкенді-кішілі құрақ көрпешелер, төр көрпелер әрбір үйге сән берері сөзсіз. Ертеден келе жатқан қолөнер түрінде мата қиықтарынан құрақтардан мозайка

түрінде қолмен немесе мәшине тәсілімен тұтас бұйым тігіледі. Халқымызда ежелден келе жатқан бір ұғым бар бұл да жақсылыққа жетелеген,сөздердің бірі деп ойлаймын. Аналарымыздан естіген сөздеріміздің бірі,екі жас отау тіккенде құрақ көрпеше силаған себебі сол отаудың қиыннан-қиыстырып ,ары қарай құралып-жалғасып кетуіне тілекші болған.

Құрақ құраумен барлық жұрт шұғылданады, бірақ оны әр ұлт әрқалай атайды.

Қазақ тілінде құрақ құрау өнері – құрақ

Ағылшын тілінде құрақ құрау өнері -пэчворк

Жапон тілінде құрақ құрау өнері – сашико деп аталады.

Америкалықтар тілінде құрақ құрау өнері-квилт деп аталады.

Орыс тілінде құрақ құрауөнері-лоскутное шитье

Қ «Ай» құрақ

Ұ «шаршы» құрақ

Р «үшбұрыш» құрақ

А «Алтыбұрыш»құрақ

Қ «жұлдызша» құрақ

Т «жапырақ» құрақ

Ү «ши» құрақ

Р «ою» құрақ

І «сегізақ» құрақ

Бұйымдар мен заттарды,

Сәндеу үшін құрайды.

Қиын да болса қиналмай,

Мен де үйрендім құрауды – деп сарамандық жұмысқа дайындаламыз.

Жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережесін еске түсіреміз

Екі топ бір-біріне жұмбақ жасырады, жауабындағы затқа байланысты қауіпсіздік ережесін айту керек. I. 1-1-1-топ.Жарқылдаған қос қылыш қолға тисе жоқ тыныш /қайшы/

II- топ жауабын тауып қайшыға байланысты қауіпсіздік ережесін айтады.

II-топ Тұмсығы мықты, қыр мен ойды тегістеп шықты./үтік/

I-топ жауабын тауып үтікке байланысты қауіпсіздік ережесін айтады.

I-топ Кигізіп ап ұзын жіпті көзіне,Киім тігіп береді ол өзіңе. /ине/

II. топ жауабын тауып инеге байланысты қауіпсіздік ережесін айтады.

II- топ. Басқаға киін дейді, ал өзі киінбейді./тігін машинасы/

I-топ жауабын тауып тігін машинасының қауіпсіздік ережесін айтады.

Әр топқа технологиялық карта беріледі.

I. топқа Алты бұрыш. II. топқа Шахмат құрағын дайындау.

Домбыра екі ішекті бір тиекті.

Үніңнен айналайын қасиетті,-деп жұмыс арасында күй жібереміз.

Оқушылар жұмыстарын жасайды.

V. Сергіту сәті.

Жалғыз саусақ тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым өнерлі,

Құрақ құрап үйренді.

VI. Қорытынды кезеңі.

Құрақ.

Оқушылар құрақ сөзіне қатысты өз ойларын жазды.

Рефлексия.

Құрақтан қандай бұымдар жасалады?

Құрақ дегеніміз не?

Бағалау.

Рубежин жалпы орта білім беретін мектеп-балабақша кешені

Музыка және технология пәнінің мұғалімі Каржаубаева Багила Түркпенбаевна

5 ”a’’ сынып музыка сабағы

Сабақтың тақырыбы: Түркі халықтарына жататын өзбек халқының музыкалық дәстүрі.

Сабақтың мақсаты:Өзбек халқының аспаптары, дәстүрі ,әндері мен билері туралы мағлұмат беру.

Білімділік: Оқушыларды өзбек халықтарының музыкасымен таныстыру

Дамытушылық: Әлем халықтарының музыкасына деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Музыка арқылы эстетикалық тәрбие беру,ән айтуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Салыстыру,талдау,түсіндіру,музыка тыңдау,ән тыңдау.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың көрнекілігі : үнтаспа, домбыра аспабы,суреттер.

Сабақтың жүру барысы: Шаттық шеңбері.

Үй тапсырмасын тексеру.(шеңбер бойымен билеп жүріп, берілген сұраққа жауап беру).

  1. Қазақтың халық әндерін ата? 2. Қазақтың музыкалық аспаптарын ата?

Топқа бөлу. (аспаптардың суретімен топқа бөлу)

Жаңа сабақ (видеобейне)

-Қай ел деп ойлайсыздар?

-Бүгінгі сабағымызда қай елмен танысамыз деп ойлайсыңдар?

Ия,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Өзбек халқының әндері мен билері.

Түркі тілдес халықтар арасында, қазақтарға бір табан жақын, бізге туысқан халықтардың бірі – өзбек халқы. Олар Қазақстанды екінші Отанымыз деп санайды.

Таныстырылым.

1- топ Өзбек халқының ұлттық аспаптары.

2 -топ Өзбек халқының ән өнері.

3- топ Өзбек халқының би өнері.

Сергіту сәті.

Шығармашылық кезеңі.

1.«Ойлан тап» ойын ойнату.(Әуенді тыңдау арқылы аспаптың түрлерін анықтау).

  1. «Чайхона» Өзбек әнінің қайырмасын айтып үйрену.

Дауыс жаттығулары.

«Эи, Азиз юртим» әнін оқушыларға үйрету.

Рефлексия

-Бүгінгі сабақта не үйрендік?

-Ерекше ұнағаны не?

-Сабақ қандай көңіл-күйде өтті?

Кері байланыс:

Қорытынды: Оқушыларды бағалау.

Үй тапсырмасы: Өзбек музыка өнері жайлы ақпаратты оқу.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше