Кабылкакова Айжан Заманбековна

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы

КМҚК “Жасұлан” Ясли-бақшасы

Тәрбиеші: Кабылкакова Айжан Заманбековна

Білім беру саласы: Коммуникация.

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: Менің анам дәрігер.

Білім беру саласы: Коммуникация.

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: Құрылыста. (Сурет бойынша әңгіме).

Білім беру саласы: Таным.

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қарапайым математика.

Тақырыбы: 3-ке дейін санау.

Білім беру саласы: Таным.

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Құрастыру.

Тақырыбы: Көлік.

Білім беру саласы: Таным.

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану.

Тақырыбы: «Сумен таныстыру».

Білім беру саласы: Коммуникация.

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: Менің анам дәрігер.

Мақсаты:

Білімділік: Өлең сөздерін естеріне сақтап, мәнеріне келтіре, жатқа айта білуге үйрету.

Дамытушылық: Диалог, монолог түрінде сөйлесе білуін жетілдіру.

Тәрбиелік: Дәрігер еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,әңгіме, көркем сөз.

Көрнекіліктер: тақырыпқа сай мамандық иелерінің суреттері.

Тілдің үш тұғырлығы: дәрігер –врач-docfor, мама-ана-mama

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы кезең

Іздену-ұйымдасты-

рушылық кезең

Ойын

Сергіту сәті

Жылулық шеңбері

– Балалар, көңіл күйлерің қалай?

-Бір-бірімізге жылы сөздер айтып бүгінгі ойын сабағымызды жақсы көңіл күймен бастайық.

-Суреттер бойынша әңгімелесу.

-Әр суретте мамандықтардың иелері көрсетілген.Әр қайсысына тоқталып, кім қандай жұмыс атқарады, қандай киім киіледі түсіндіріле кетеді.Соның арасынан дәрігердің қызметін балалардан сұрау.

– Балалар дәрігер үстіне не киеді?

-Дұрыс айтасыңдар,ақ халатты абзал жанды дәрігерлердің көмегі адамдарға өте көп тиеді.Адамның өмірін құтқарып қалуға дайын мейрімді жандар.

– Балалар, кім дәрігер туралы тақпақ біледі.

Тақпақ

Тіс ауырса,іш ауырса

Мамам дәрі береді

Барлық ана, барлық бала,

Оны жақсы көреді.

– Балалар кімнің анасы дәріргер?

ТілдТілдің үш тұғырлығы:

дәрігдәрігер –врач-docfor, мама-ана-mam mama

Ойын «Дәрігер».

-Ортаға төрт бала шықсын біреуі- тіс дәрігеріболсын.Екіншісі- балалар дәрігеріболсын.Үшіншісі- үлкен,қарт кісілерді емдейтін дәрігер.Қалған балалар емделуші кісілер болып кезекке тұрып дәрігерлерге келеді.Бұл ойында барлық балалар ойнатылады.

Ұшқыш болып ұшайық

Тігіншіге ұқсайық

Дөңгелене би билеп

Бишіге біз ұқсайық.

Балалар жылулық шеңберін орындайды.

Суретке қарап сұрақтарға жауап береді.

Балалар дәрігер туралы білгендерін айтады.

– Ақ халат киеді.

Балалар білетін тақпақтарын айтады.

Тақпақты қайталайды, есте сақтайды.

Балалардың жауаптары.

Балалар қайталайды.

Балалар қызығушылықпен, кезекпен ойынды ойнайды.

Рефлексивті –

түзетуші кезең

– Өскенде кім дәрігер болғысы келеді?

– Дәрігер болғанын несімен ұнайды?

– Мамандықтың бәрі жақсы.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:тақпақты мәнерлеп айта алады.

Нені игеру керек: ойын арқылы диалог, монолог түрінде сөйлесе алады.

Нені біледі:дәрігер еңбегін құрметтейді.

Білім беру саласы: Коммуникация.

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: Құрылыста. (Сурет бойынша әңгіме).

Мақсаты:

Білімділік: Балаларды үлкен адамдар атқаратын еңбектің кейбір түрлерімен таныстыру. Сөйлем құрап айтқанда грамматикалы тұрғаларды дұрыс сақтап сөйлей білуге, сөз қорларын дұрыс пайдалануға үйрету.

Дамытушылық: Үлкендерге әрдайым көмектесем деген тілегін іске асыруға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Үлкендер еңбегін бағалауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап, жұмбақ.

Көрнекіліктер: әр түрлі мамандық иелерінің суреті, құрлыс жүріп жатқан жердің бірнеше түрлі суреттері.

Тілдің үш тұғырлығы: құрлысшы –строитель-sfroyfel, мамандық-професия-profession

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы кезең

Іздену-ұйымдас-

тырушылық

кезең

Сергіту сәті

Рефлексивті –

түзетуші кезең

Жылулық шеңбері

Армысыз, қайырымды аспан – Ата!

Армысыз, мейірімді

жер – Ана!

Армысыз, шұғылалы алтын күн!

– Балалар сендер қандай мамандықтарды білесіңдер? (Мамандық иелерінің суреттері көрсетіледі).

Жұмбақ:

Жылтылдап қалағы,

Салады қаланы.

(Құрлысшы)

– Балалар, бүгін біз осы мамандықтардың ішінде құрлысшы мамандығының жүмысымен тереңірек танысымыз.

– Қалай ойлайсыңдар, құрлысшы қандай жұмыс істейді?

– Мына біздің әдемі балабақшамызды кімдер салды?

– Құрлысшы ағайлар балабақшадан басқа тағы не тұрғызады?

– Ойланыңдаршы, құрлысшылар тағы не істейді?

– Өте дұрысайтасыңдар балалар. Енді мына суреттерге қараңдаршы. Бұл суретте құрлысшы ағалер не істеп жатыр? (Суретке қарап әңгіме).

Орнымыздан тұрайық,

Құстай қанат қағайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Орнымызды табайық.

Тілдің үш тұғырлығы

Құрлқұрылысшы –строитель-sfroyfel, мамамамандық-професия-profession

– Қалай ойлайсыңдар, құрлысшы жұмысын бастамас бұрын қандай киімдер керек?

– Дұрыс айтасыңдар, ең бастысы бас киімі.

– Ал қандай құрал-жабдықтар керек?

Жүк көлігінің, кранның суреті көрсетіледі, балалардан бұлар құрлысшыға не үшін керектігі сұралады.

Тақпақ

Қолда темір қалағы,

Саздан сарай салады.

Астанадан аумайтын,

Әсем қала салады.

– Құрлысшы туралы не білдік?

– Өскенде кім болғың келеді?

Балалар жылулық шеңберін орындайды.

– Дәрігер, жүргізуші, оқытушы, сатушы, өрт сөндіруші, т.б

Жұмбақты мұқият тыңдайды, шешеді, есте сақтайды.

– Құрлыстар салады.

– Құрлысшы ағайлар.

– Көп үйлер салады.

Балалардың жауабы.

Балалардың суретке қарап әр түрлі әңгім құрауы.

Балалардың әр түрлі жауаптары.

Балалар сергіту сәтін орындайды.

Балалар қайталап айтады.

– Күрек, балға, т.б.

– Топырақ, құм, тасу үшін керек.

Балалардың жауаптары.

Тыңдайды, қайталайды, жаттайды.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: құрлысшы мамандығының жұмысы жайлы.

Нені игеру керек: мамандықтарға байланысты суреттерге қарап қысқаша әңгіме құрау.

Нені біледі: үлкендердің еңбегін бағалайды.

Білім беру саласы: Таным.

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қарапайым математика.

Тақырыбы: 3-ке дейін санау.

Мақсаты:

Білімділік: Балаларды 3-ке дейін санауға үйрету, санау арқылы көп, аз,тең, артық ұғымдарын бекіту. Есте сақтау дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық: Достарын тыңдай білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Үлкендер еңбегін бағалауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру.

Көрнекіліктер: жүргізушінің суреті, әр балаға ақ парақ, қылқалам, желім, майлық, түрлі түсті қағаздар (алдын ала қиып дайындалған).

Тілдің үш тұғырлығы: үйрек-утка-duck, балапан-цыпленок-chick

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы кезең

Іздену-

ұйымдасты-

рушылық

кезең

Сергіту сәті

Дидактикалық ойын

Рефлексивті –

түзетуші кезең

Жылулық шеңбері

– Балалар, қане біз шеңберге тұрып, бір-бірімізге күліп, көңіл-күйлерімізді көтерейік.

Балаларға үйрек қонаққа келіп, сурет әкеледі.

Тәрбиешібалаларға үйрек пенбалапандарысалынған суретті қарап шығып, сұрақтарға жауап беруді ұсынады.

– Үйректер қанша?

– Балапандары қанша?

– Не үлкен?

– Не кішкентай?

Тәрбиеші бәрі қосылып: «Үйрек үлкен, ал балапандарыкішкентай. Үйрек біреу, ал балапандар көп» деп қайталауды ұсынады.

– Ал енді балалар, үйректерді санаңдаршы.

– Барлығы неше үйрек?

– Мен қазір геометриялық фигураның суретін саламын, ал сендер мұның қандай фигура

екенін тауып көріңдер.

Тәрбиеші ауада шеңбер салады, балалар оны табады. Бұдан кейін тәрбиеші балалардан үстелдің үстінен дәл осындай фигураны тауып, оны саусақпен сұлбасы бойынша айналдырып шығып, атын атауды сұрайды.

– Шеңбер не істей алады?

– Дұрыс айтасыңдар, міне былай, дөңгелек сияқты.

Бір, екі, үш деп,

Орнымыздан тұрамыз.

Аққу болып ұшамыз,

Төрт, бес, алты, жеті, сегіз деп,

Қайта келіп қонамыз.

ТілңЖаттығу әрбір келесі қайталанғанда бұдан да жылдамырақ екпінмен жасалады.

Соңында тынысты қалпына келтіруге арналған жаттығу жасалады.

ТілдТідің үш тұғырлығы:

Үйр үйрек-утка-duck,

Бала балапан-цыпленок-chick

Тәрбиеші балаларға үйрек бүгінгеометриялық фигура – ұшбұрыш әкелгенін айтады.

– Ол неге ұқсайды?

– Бұл ұшбұрыштың түсі қандай?

– Енді ұшбұрыштың бұрыштарын санап шығыңдаршы?

– Ұшбұрышта неше бұрыш бар екен?

Тәрбиеші бұрыштарды санап шығады да, балалардан ұшбұрыштың әрбір бұрышына саусақты тигізе отырып: «Бір бұрыш, екі. үш. Барлығы үш бұрыш» деп өзінің соңынан қайталауды өтінеді.

«Күн мен түн» ойыны.

Мақсаттары: геометриялық фигуралардың (шеңбер мен ұшбұрыш) аттарын есте бекіту,

уақыт бойынша бағдарлана білу дағдысын дамыту.

Тәрбиеші тақтайға шеңбер мен ұшбұрышты салады. Үйрек «түнде» фигуралардың біреуін

тығып қояды, ал балалар «күндіз» жоғалып кеткен фигура мен оның түсін және көлемін атайды.

– Бүгін сабақта не істедік?

– Санай алдық па?

Балалар жылулық шеңберін орындайды.

– Бір үйрек.

– Балапандары көп.

– Үйрек үлкен.

– Балапандаркішкентай.

– Бір, екі. үш.

– Барлығы үш үйрек.

Балалар шеңберді атап, оны көрсетеді.

– Домалай алады.

Балалар сергіту жаттығуын қимыл-қозғалыспен орындайды.

Балалар қайталап айтады.

– Самсаға, қайықтың желкеніне, пирамидаға, үйдің шатырына.

– 1, 2, 3

– Ұш бұрыш бар.

Балалар тәрбиешінің соңынан қайталап отырады.

Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:балалар үшке дейін санай алады.

Нені игеру керек: достарының пікірін тыңдай біледі.

Нені біледі: үлкендер еңбегін бағалайды.

.

Білім беру саласы: Таным.

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Құрастыру.

Тақырыбы: Көлік.

Мақсаты:

Білімділік: Балаларды көліктің бөлшектерін құрастыруға үйрету.

Дамытушылық: Геометриялық пішіндерді құрастыру қасиеттері туралы ұғымдарын қалыптастыру, құрастыру іскерліктерін дамыту.

Тәрбиелік: Зейінділікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: қатты картоннан алдын ала қиып дайындалған әртүрлі пішіндер.

Тілдің үш тұғырлығы: көлік – машина-acar, жүргізуші-водитель-driver

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы кезең

Іздену-ұйымдасты-

рушылық кезең

Сергіту сәті

Рефлексивті –

түзетуші кезе

Жылулық шеңбері

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Қайырлы күн балалар,

Қайырлы күн достарым.

– Балалар, бүгін бізге мысық қонаққа келіпті. Мысық өзінің ойыншық машинасын таба алмай жүр екен. Ол бізден көмек сұрайды.

– Балалар мысыққа көмектесеміз бе?

– Олай болса мысыққа көмектесіп, көлік құрастырып берейік. Қалай қарайсыңдар?

Тәрбиеші пішіндерді балаларға көрсетеді.

Пішіндердің түсі мен пішіндерін балалардан сұрайды.

– Енді осы геометриялық пішіндерден көлік құрастыру керек.

Тәрбиеші балаларға көлікті құрастыру кезеңдерін көрсетеді.

Енді тәрбиеші балалардан көлікті құрастыруды сұрайды.

Құрастыру барысын қадағалайды. Көмек керектеріне көмектеседі.

Шаршасаңдар, балалар,

Қолдарыңды созыңдар.

Саусақтармен ойнаңдар,

Қолдарыңды сермеңдер.

Денелерің шынықсын,

Саналарың тынықсын.

Тілдің үш тұғырлығы

көлік – машина-acar, жүргізуші-водитель-driver

– Біз мысыққа жаңа машина құрастырып бердік. Мысық сендерге алғысын білдірді.

– Біз бүгін не құрастырдық?

– Көлікті кімге құрастырып бердік?

Балалар шеңберге тұрып тәрбиешінің артынан қайталайды.

Балалардың сабаққа қызығушылықтары оянады.

– Иә, көмектесеміз.

– Иә, машина құрастырып берейік.

Балалардың жауаптары.

Балалар мұқият тыңдайды, құрастыру кезеңдерін есте сақтайды.

Балалар тапсырманы орындайды.

Бір-бірінің жұмыстарын бағалайды.

Балалар сергіту сәтін орындайды.

Балалар қайталап айтады

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: көлік құрастыруды.

Нені игеру керек: бөлшектерден бейне құрастыруды.

Нені біледі: Көлікті жүргізетін адам жүргізуші екенін біледі.

Білім беру саласы: Таным.

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану.

Тақырыбы: «Сумен таныстыру».

Білімділік:Өлі табиғат құбылыстары –сумен таныстыруды жалғастыру.

Дамытушылық. Судың қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту:түсі мөлдірлігі,төгіледі және т.б., адамдарға, өсімдіктерге, жануарларға судың қажеттілігі туралы түсінік бер

Тәрбиелік: Суды төкпей шашпай бағалай білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер:Суға байланысты суреттер.

Тілдің үш тұғырлығы: су-вода -water

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық

қозғаушы

Іздену ұйымдастырушы

Тәжірибелік жұмыс

Сергіту сәті

Дидактикалық

ойын.

Шаттық шеңбер

Балалар кәне шеңбер жасап тұрайық.

-Бәріміз бір- бірімізге достық лебізімізді білдірейік.

Достарды біз қолдаймыз.

Қиын шақта қорғаймыз

Біздің топта ұл- қыздар

Тату- тәтті ойнаймыз

Балалар сендер білесіңдер ме, судың адам үшін қандай орын алады?

-дұрыс айтасыңдар,балалар. Адамдардың әр күні суды қолданудан басталады. Таңертең тұра салысымен, беті –қолын сумен жуады.

-ішетін шайы да судан дайындалады.

-киімі таза болу үшін де суды қолданады.

Сусыз –өмір, тіршілік жоқ. Барлық адамдар балалар аштыққа шыдайды, бірақ сусыз өмір сүре алмайды. Адам өмірінде маңызды орын алады. Адам бір күнде өте көп су ішу керек.

-су қандай?

-судың түсі бар ма?

-мен балалар суға қасық салып көрейінші. Қасық көріне ме?

-дәмі бар ма екен? Қане, енді ішіп көрейікші.

-балалар, қараңдар, қазір мен мына суға сүт құямын, судың түсі өзгереді ме?

-қандай түске өзгерді?

-дәмі өзгерді ме екен, қане, дәмін татып көрейікші.

-енді мына сүт құйылған ыдысқа қасықты салайын, көріне ме екен?

Тілдің үш тұғырлығы: су-вода -water

Гу-гу жел соқты,

Тырс-тырс жаңбыр жауды.

Жаңбыр басылды

Күн ашылды

Балалар, енді біз «Кім көп?» ойынын ойнайық

Тақтада адам, балық, құс, ағаш суреті астында қалташалар. Балаларға сұрақ қоя отырып, қалталарға тамшыны жинау. Кім суды көп қолданады, соны табу.

-кім су ішеді?

-кім суда өмір сүреді?

-кім суға түседі?

-кім тамақ пісіреді?

-кім тісін тазалайды.

Балалар шеңбер жасап тұрады.

Балалар бірге қайталап тұрады.

Судың қасиетін біліп, қайталайды.

Таза, мөлдір.

Түссіз

Иә.

(балалар ішіп көреді)

Иә, өзгереді.

Ақ түске өзгерді

Дәмі өзгерді.

Көрінбейді, өйткені судың түсі өзгерді.

Балалар қайталайды.

Балалар тәрбиешімен бірге қайталап, мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.

Сұраққа жауап ала отырып, тамшыларды қалталарға салады. Кім көп тамшы жинайды, сол суды көп қолданады

Рефлексивті түзетуші Балалар, судың адамға тигізер пайдасы қандай?

Су адамға не үшін қажет?

Балалардың жауабы.


Білуі тиіс:
су-тіршәләк көзі екенін, пайдасы мен маңызы туралы білуі керек.

Нені игерді:судың негізгі ерекшеліктерін.

Нені біледі:суды үнемдеуді, ластамауға, табиғатты қорғау жұмыстарын істей алулары керек

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше