ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТИ ІМДІЛІГІ
ТОНКАЕВА ЖАНАР АУЕЛХАНОВНА
Алматы қаласы Алатау ауданы
«№ 152 мектеп – гимназия»КММ
Орыс тілі, әдебиеті пәнінің мұғалімі
«Білім берудің инновациялық технологиясы – бірыңғай мақсатпен біріккен және оқыту мен тәрбиелеудегі инновациялық технологияларды қамтыған,оқыту,тәрбиелеу және басқару түрлерінің , әдістері мен оқу құралдарының жиынтығы».
Инновациялық технология әрқашанда даму жағдайында жүзеге асырылады.Инновациялық технология шығармашылық ізденісті талап етеді.Білім беру технологиясын өзгерту қажеттігі Қазақстанның жаңаруына себеп болады.Инновациялық оқыту ерекшеліктері мыналарды қамтиды:
- Жеке тұлғаға бағдарланған технологияны оңтайлы қолдану арқылы инновациялық білім берудің дамуы;
- Ғылыми мектеп негізіне сай кәсіби құзыретті мамандар даярлау жүйесін жасау;
- Кәсіби білім беру және инновациялық қызметті кіріктіру қабілеттілігі;
- Оқу орнының отандық және шетелдік өзекті ортамен ынтымақтастық инфрақұрылымын дамыту;
- Оқу орнында жалпы және кәсіби құзыреттілікті дамытуда бәсекелестік қалыптастыру;
- Жаңа мақсаттарға сәйкес ұйымдасытру құрылымын және басқару мен өзін-өзі басқару әдістерін жасақтау.
Инновациялық оқытудың тиімділігі оқушылардың өз бетінше жүргізілетін жұмыс дейгейімен анықталады, өз бетінше тиімді жұмыс істеуіне қажетті тапсырма үш түрге бөлінеді:
- Теориялық білімді тәжірибеде қолдана білуге үйрететін тапсырмалар;
- Белгілі заттар мен құбылыстарға іс жүзінде әсер етуге дағдыландыратын тәжірибелік тапсырмалар.
- Теориялық білімді тәжірибеде шығармашылықпен қолдануға дағдыландыратын тасырмалар.
Бұл мұғалім мен шәкірттердің арасында өзара ынтымақтастықпен өзін-өзі тану,өзін-өзі анықтау, өзін- өзі басқару, өзін-өзі жүзеге асыру үрдісінің тиімділігін арттыруға, педагогикалық және әлеуметтік –мәдени қызметін тиімді ұйымдастыруға бағытталады.
Инновациялық оқыту жағдайында кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруда ескерілетін мәселелер:
- ғылым жетістіктері мен оларды педагогикалық тәжірибеде пайдалану үрдісін тиімді қолдануға негізделген жаңашылдық;
- оқу үрдісінде артық жүктеме түсірмей , жоғары сапаға қол жеткізу;
- инновациялық оқытуда тұлғаның шығармашылық мүмкіндігін қолдану.
Оқытудың тиімді әдіс-тәсілін ,қазіргі заманауи инновациялық технологияны білу – әр ұстаздың міндеті.Сабақта оқытудың тиімді әдістерін пайдалану білім сапасын арттыратыны сөзсіз.
Инновациялық технологиялардың бірі- ақпараттық технология.
“Инновациялық технологияларды қолдану арқылы жалпы білім беру ,жалпы техникалық және арнайы пәндерді кіріктіру жолдары.Ақпараттық технологияда ұстаз ақпарат беруші, бағыт-бағдар көрсетуші болып саналады.Ақпараттың дәстүрлі әдістері,ауызша және жазбаша , телефон және радио байланыс қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ауыстырғандай.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз- берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған үрдіс, еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық мәселелерде кәдімгі технологияларды тиімді, жаңаша компьютерлік ақпараттандыру технологияларына алмастыру, оларды дамыту, нақты жүзеге асыру.Ақпараттандырудың негізгі міндеті- мектепте компьютерді оқыту құралы ретінде пайдалану.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы- оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық -құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.Ал, адамның ақпараттық мәдениеті дегеніміз- бұл адамның қоршаған ортадағы ақпараттық үрдістер туралы көзқарасын және білімін бейнелейтін, ақпараттық құралдармен бірге компьютерлік білімдерінің жиынтығы.
Ақпараттық біліктілік дегеніміз- адамның ақпараттық мәдениетінің ең жоғары деңгейі.Ақпараттық технологияны оқыту – технологияның бір түрі.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының міндеттері- білім беруді басқаруды одан әрі демократияландыру негізінде қазақстандық білім беру моделінің жұмыс істеуінің заңнамалық , нормативтік, құқықтық базасын жетілдіру; білім берудің мазмұны мен материалдық- техникалық базасын жаңарту; білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру; білім беруді, ғылым мен өндірісті ықпалдастыру; кәсіптік білім берудің сапасын арттыру үшін нақты экономика салаларын тартудың тетіктерін құру; әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдасу.
Жалпы айтқанда, ақпарат- қығызушылық тудыратын , тіркеу, өңдеуді қажет ететін деректер мен құбылыстар, оқиғалар жиынтығы.
Ақпараттық үрдістер- ақпаратты жинау, жіберу,жинақтау, сақтау, іздеу, беру.Оқыту ісінде ақпараттық технологияны қолдану едәуір тиімді.
Ақпараттық технологияның жиі қолданылатын түрінің мағынасына тоқталсақ:
- оқыту технологиялары;
- оқытудың заманауи ақпараттық технологиялары.
- мультимедиялық технологиялар;
- ақпараттық ,білім ортасына байланысты түсініктердің әр түрлері.
Жаңа ақпараттық технологиялар құралдары кәсіби мақсатқа лайық қолдануды қамтамасыз ететін оқу- әдістемелік , нормативтік – техникалық және ұйымдастыру-инструктивтік материалдармен бірге білім беруді ақпараттандыру құралдарын жасайды.
Инновация жаңалық жеткізуші , жаңаланып жатқан жүйеге өзгеріс беретін құрал.
Инновацияның түрлері: модификациялық, комбинаторлық түбірлі.
Модификациялық инновация- педагогикадағы әдіс- тәсілдерді жетілдіру.
Комбинаторлық инновация- белгілі әдістердің элементтерінен бір – біріне қосу.
Қорыта айтқанда, оқушыға сапалы білім беру үшін , инновациялық технологияны енгізу орта білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі болып табылуда.
