САРАЛАУ ТӘСІЛДЕРІН ДҰРЫС ТАҢДАЙ АЛАМЫЗ БА?

А.К.ШАДЕТОВА

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы

Қарағанды облысы бойынша педагогикалық кызметкерлердің

біліктілігін арттыру институты, Қарағанды қ.

Соңғы уақытта табысты болу үшін оқушыларға білім қандай қажет болса, дағды да сондай қажет деген ойдың жақтастары көбейіп келеді. Бұл оқушылардың ақпаратты есте сақтап, алған білімдерін ұғынуын, түсінуін жəне əртүрлі салада қолдана білуін талап етеді.

Білімді дəл осылай қолдану оқушыларға соңғы кезде ХХІ ғасыр дағдылары деп аталып жүрген кең ауқымды құзыреттіліктерді меңгеруге мүмкіндік береді. ХХІ ғасыр дағдылары деген ұғымның бірнеше анықтамасы бар. Экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымы əзірлеген Құзыреттерді анықтау жəне іріктеу жобасының шеңберінде жасалған құрылымда құзырет «жай ғана білім мен дағдыдан анағұрлым күрделі. Ол белгілі бір жағдайларда психологиялық ресурстарды (оның ішінде дағдылар мен өмірлік ұстанымдарын) жұмылдыра жəне соған сүйене отырып, күрделі міндеттерді шеше білу қабілетін қамтиды. Мысалы, тиімді қарым-қатынас құру қабілеті жеке адамның тіл білуіне, ақпараттық технологиялар саласындағы тəжірибелік дағдыларына жəне оның өзгелермен қарым-қатынас құра алуына сүйенетін құзырет болып табылады».

Бұдан білім беру саласына өзгерістің қажет екенін анық көрсетеді. Технология, коммуникация мен ғылым салалардағы мұндай елеулі өзгерістер əлемдік экономикаға айтарлықтай ықпал ете отырып, ХХІ ғасырда табысты болу үшін əрбір адамға қажетті білім мен дағдыларды алға тартады.

Ал, оқушылардың бойында осы кең ауқымды дағдыларды дамыту үш мұғалім не істеуі керек? Дағдыларды дамытуда, әрі әр оқушының қажеттілігін ашуға негіздей ала ма? деген сауалдардың бір жауабы оқыту үдерісі мен мазмұнды дұрыс саралау және олардың түрлерін тиімді таңдай алу [4].

Үдерісті саралау – бұл жаңа материалды ұсыну жолдары, оқушылар орындайтын жаттығулар, қойылатын сұрақтар, оқыту әдістері мен оқушылардың бойында дамытылатын ойлау үдерісі. Әр оқушы үшін оқу үдерісі – оның өз ұғымын жетілдіру үшін білім беру бағдарламасының мазмұнын игеруі. Үдерісті оқушының өзара әрекеттесу барысында пайдаланатын ойлау үдерісі ретінде қарастыруға болады. Саралау үдерісі анағұрлым жоғары деңгейлі ойлау үдерісін пайдалануды ынталандырады. Мұғалімдер білім беру бағдарламасын тиімді саралау үшін келесі өзгерістерді енгізе алады:

  1. Жоғары деңгейлі ойлау дағдылары: Пайдаланылатын әдістер ақпаратты алуға емес, оны пайдалануға айрықша баса назар аудару керек; оқушылар мәліметтерді жаңа жағдайларда қолданып, оларды жаңа идеялар құру үшін пайдалануы, орындылығын бағамдауы және оны жаңа өнім жасау үшін пайдалануы керек.
  2. Ашықтық: Жаттығулардың басым бөлігі ашық жаттығудан, яғни жалғыз дұрыс жауабы болмайтын, одан әрі ойланып, зерттеуге жетелейтін тапсырмалардан тұруы керек.

  3. Жаңалық ашу: Жаттығулардың басым бөлігі оқушылардың заңдылықтарды, идеяларды және негізгі қағидаттарды аңғару үшін ойлау үдерісін пайдалана алатын түрлі жағдаяттардан тұруы керек.

  4. Ой-пайымдарының дәлелі: Оқушыларға өз қорытындыларын ғана емес, осы қорытындыны жасауға негіз болған пайымдарын да айтуды ұсыну керек.

  5. Таңдау еркіндігі: Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі берілуі керек.

  6. Қарқын және әралуандылық: Жаңа материалды таныстыруда мүмкін болса қарқынды жылдамдату және оқушының қызығушылығын қолдайтын және әр түрлі оқу стильдерін қамтитын әдіс-тәсілдерді пайдаланған дұрыс.

Мазмұнды саралау. 1. Мазмұн – бұл идея: оқушыға түрлі нысанда ұсынылған тұжырымдамалар, сипаттамалық ақпарат және нақты деректер. Саралау үшін білім беру бағдарламасының мазмұнын түрлендірудің көптеген тәсілдері бар.

  1. Абстрактілік: Пікірталастың, таныстырылымдардың, материалдар мен зерттеулердің негізгі бағыты пәндер арасында берілетін түсініктер мен қорытындыларға негізделуі керек. Фактілер мен нақты ақпарат абстрактілі идеялардың үлгісі немесе бейнесі ретінде келтіріледі.
  • Күрделілік: Тұжырымдаманың күрделілігі мен көлемі, ұғымдар мен түсініктер арасындағы байланыс, сонымен қатар идеяны түсіну үшін оқытылатын пәннің көлемі мен әр түрлілігі бойынша анықталатын абстрактілі идеялар мүмкіндігіне қарай күрделі болуы керек.

  • Әралуандық: Ағымдағы білім беру бағдарламасында қозғалмаған иеяларды енгізу және оның мазмұнын байытуды білдіреді.

  • Әдістерді зерделеу: Дарынды оқушылар өзге балалар пайдаланатын зерттеу әдістерін зерделеуі керек, осы әдістерді және басқа да зерттеу әдістерін пайдалана отырып, тәжірибеде сынап көруі керек.

  • Ұйымдастыру және экономика: Білім көлемі тез ұлғайып, тез өзгереді және мектептегі оқушылардың уақыты да шектеулі. Сол себепті, әр оқу тәжірибесі мүмкіндігінше өте құнды болуы керек. Экономика оқуды беруге арналған түйінді идеялар мен тұжырымдамалардың мазмұнын ұйымдастыруды, абстрактілі ұғымдар мен түсініктерді есте сақтауды әрі түсінуді қажет етеді.

  • Адамдарды зерделеу: Оқушылар өзінің таланты мен ықтимал табыстарын қарастыру үшін оқудағы әлеуетті арттыру мақсатында шығармашыл және табысқа жеткен тұлғаларды зерделеуі керек.

  • Кең ауқымды дағдылар негіздерін меңгерген білім алушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуына қолайлы білім беру кеңістігін жасаудың бірден-бір жолы төменде берілген саралау түрлерін тиімді таңдай алу. Сыныптағы саралау жұмысының жалпы ортақ қабылданған жеті тәсілі бар:

    Тапсырма: мұның құрамына білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған тапсырмалар кіреді, оқушылардың қажеттіліктеріне қарай (көмек керек пе, әлде күрделі тапсырмалар беру керек пе) түрлі кестелерді немесе жаттығулар мен тапсырмаларды жасау, күрделілігіне қарай алға ілгерілеп отыратын тапсырмалары бар карточкаларды пайдаланыңыз.

    Дереккөздер: кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады, дереккөздердің ауқымы талқылауға негіз болатын мәтіндерден бастап, анағұрлым қиын сөздерді және күрделі идеяларды түсіндіретін мәтіндерге дейін ауытқып отырады, баспадан шыққан және электронды дереккөздер де пайдалануы мүмкін. Бұл материалды пайдаланудың анағұрлым ауқымды көлемін көрсетеді.

    Қарқын:кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді, қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолдануға болады,негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.

    Қорытынды:барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады, мұғалім тапсырма береді, бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты және әлсіз тұстарына қарай жауап береді, барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу керек.

    Диалог және қолдау көрсету: кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады, мұғалім оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюына болады. Бұл әдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру да маңызды рөл атқарады.

    Бағалау: оқушылар үнемі бағаланып отырады, осылайша педагогикалық қызмет пен саралаудың басқа да түрлері оқушылардың қажеттіліктеріне қарай үнемі түзетіліп отырылуы мүмкін. Педагогикалық қызмет табыстылықты, жақсартуды, түзетуді қажет ететін салаларды анықтайтын әмбебап үдеріс болуы керек, сонда ғана біз пәнді оқытудан оқушыны оқытуға қарай жылжи аламыз.

    Жіктеу: Оқытудың болжалды міндетіне қарай топ құруда пайдалы көптеген тәсілдер бар:мүдделері ұқасас оқушылар (мысалы, қиындық деңгейі немесе қолдау деңгейі), талаптары әртүрлі оқушылар, джигсо топтары, кәсіби дағдыларына қарай бөлінетін топтар немесе сарапшы топ, гендерлік топ, аралас гендерлік топ, ұйымшыл топ.

    Саралау түрлерін тиімді қолдану әр оқушының қажеттілігін ашу мен қолдауға, оқыту процесін жетілдіруге, оқу бағдарламасының қойған мақсат, міндеттеріне жетуге және кең ауқымды дағдыларды игеруіне мүмкіндік береді.

    Мұғалімдерге сабақты жоспарлауда дағдыларды дамытуға негізделген саралау тапсырмаларын анықтау, саралау түрлерін алдын-ала жоспарлау мен қолдауды қажет ететін оқушыларға бағыттау үшін әдіс-тәсілдерді қолдану қиындық тудырады. Жоғарыда көрсетілген саралау түрлері осы кездескен қиындықтарды шешуге көмек бола алды.

    Қалыптасқан кең ауқымды дағдылар оқушылардың өз білімдерін кез-келген жағдайға қалай бейімдеу керек екенін біліп, болашақта кездесуі мүмкін кез-келген күрделі тапсырмаларды шешуге кепіл бола алады. Ал, бұл дағдыларды дамыту оқу бағдарламаларының жүйелі түрде жүзеге асуына байланысты болмақ.

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

    Больше на

    Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

    Читать дальше