Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы.
Аты- жөні: Белбаева Ботагоз Жумажановна
Мектебі: №21 мектеп Қызметі: Тәрбиеші.
Сыныбы: Шағын орталық «Күншуақ» тобы
- Тақырыбы: Қайдан келдің бауырсақ?
- Тақырыбы: «Жұмыстың бәрі жақсы» (өлең)
- Тақырыбы: «Шалқан» ертегісі.
11.04.2018 Білім беру саласы: «Коммуникация». Ұйымдастырылған оқу қызметі:Көркем әдебиет Тақырыбы:Қайдан келдің бауырсақ? Мақсаты: Балалардың нан туралы білімдерін толықтыру. Үлкендердің еңбегін ардақтап, бағалай білуге тәрбиелеу.Ұннан ұлттық бауырсақ шелпек тағамдарды әзірлеуді үйрету.Балалардың ойлау, ұқыптылық, қызығушылық қабілеттерін арттыру.Үлестірмелі материал:Нан туралы әртүрлі суреттер.
Оқу іс-әрекеті
кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Ұйымдастырушы қозғаушы қызмет түрі | Шаттық шеңбері:
Амансың ба алтын күн. Амансыңба көк аспан. Амансыңба жер ана. Амансыңба достарым. Сендерді көрсем қуанам! |
Балалар шаттық шеңберін орындады. |
Ұйымдастыру-
шылық-ізденістік |
Кіріспе: Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Көктем мезгілінде неше ай бар? Қандай айлар атап көрейікші. Дұрыс айтасыңдар. -Балалар үйде сендерге аналарың қандай нан түрлерін пісіріп береді? Дүкенде сатылатын нандарды қай жерде пісіреді? Ұн бидайдан жасалады. Бидай диірменде тартылады. Диірмен ол ұн тартылатын жер. Диірменге бидайды диірменшілер дайындайды. Бүгінгі сабақта біздер «Қайдан келдің бауырсақ» өлеңімен танысамыз»Мен өлеңді оқимын сендер мұқият тыңдап отырыңдар. Дастарханда шашылып, Жатыр аппақ бауырсақ. Бауырсаққа қызығып, қарап тұрып көзін сап, -Қайдан келдің бауырсақ? Деп сұрады қуыршақ. Дүкеннен кедім нан сатқан, -деді оған бауырсақ Дүкенге келдің қай жақтан? Наубаудан келдім нан жапқан. Наубайға келдің қай жақтан? Диірменге келдім ұн тартқан Диірменге келдің қай жақтан? Даладан келдім кең жақтан. Жер- анам менің көсілген Диқандар мені өсірген. Сергіту сәті: Жайқалады ақ бидай, Басын иіп аққудай Трактор мен комбайн, Жүргізуге мен дайын. «Сөйлемді жалғастыру» ойыны. Апам дүкеннен ……. (бөлке сатып әкелді) Мен қарындашпен ….(тоқаштың суретін салдым) Мен кітаптан……(нан туралы суреттер көрдім) Менің апам… (наубайханашы) Біз дастарханға ….(нан қойдық) Мен құстарға …. (нан қиқымын шашамын) Нан таситын машина дүкенге… (нан әкелді) Дидактикалық ойын: « Не жасырылғанын тап? Тақтаға ұннан жасалған суреттер ілінеді. Тәрбиешінің белгісіннен кейін балалар көздерін жұмады. Тәрбиеші бір суретті алып тастайды ,балалар қандай суреттің алынғанын табады. Орындарын ауыстырып қайталайды. Бүгінгі сабағымызда біз не білдік ? Ұннан әртүрлі тағамдар әзірленетінін. Нан қастерлі ас оны жерге тастамау керек екенін білдік. |
Күн
Тоқаш, шелпек, бауырсақ, тәтті нан. Балалар өлеңді мұқият тыңдайды. |
Жетекші
жөндеуші |
Сұрақ- жауап:
Нанды неден пісіреміз? Нанды жерге тастауға боламайтынын. Бүгінгі сабағымызда біз не білдік ? Ұннан әртүрлі тағамдар әзірленетінін. Нан қастерлі ас оны жерге тастамау керек екенін білдік. |
Күтілетін нәтижие: Біледі:Нанды қастерлеу керек екенін.Білуі керек: нанның адам еңбегімен келетінін, оған көп күш жұмсалатынын білді. Жасай білуі: жаттығу кезінде қимылдарды дұрыс жасай білді
Технологиялық карта.
Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Жұмыстың бәрі жақсы» (өлең)
Мақсаты: қоршаған ортаның жан-жақтылығы жайлы түсініктерін көркем туындылар, мамандық арқылы кеңейту.Туынды кейіпкерлерінің іс-әрекетін бағалау, өз ойлары мен алған әсерлерін айта білу білігін дамыту.
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
Ұйымдастырушы қозғаушы
Ізденістер ұйымдастырушы Жетекші жөндеуші |
Ұйымдастыру кезеңі.
-Балалар, бәріміз ортаға шығып, «Шаттық шеңберін» құрайық. Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен, Бізге келген қуаныш нұр іздеген. Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз, Үлгі алсын көрген жан мына бізден. -Ал енді мен сендерді ыңғайланып отыруға шақырамын. -Бүгінгі оқу қызметінде ақын Мұзафар Әлімбаевтың «Жұмыстың бәрі жақсы» өлеңімен танысамыз. Кіріспе әңгіме. Құрылысшы: Қолда темір қалағым, Содан сарай қаладым. Алматыдан аумайтын Әсем қала саламын. Шахтер: Орны бөлек елдегі, Шахтердің көп еңбегі. Тау-тау болып үйілген, Оның қазған кендері. Ұстаз: Оқу-білім ордасы, Ұстаз оның арнасы. Ұстаздық деген ұлы іс, Адардардың айнасы. Ғарышкер: Тұңғышты-ғарышты, Тұнып тұрған алысты, Орындалып арманы Ғарышкерлер шарлады. Сұрақ жауап. -Өлең шумағында не жайлы айтылған? -Кім білім береді? -Автобусты кім айдайды? -Тұрғын үйлерді кім салады? -Балаларды кім емдейді? Дид. Ойын «Кім болам?» |
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.
Жайғасып отырады. Мұқият тыңдайды. Ұстаз Жүргізуші Құрылысшы Дәрігер Ойын ойнайды. |
Сурет арқылы қорытындылау. Кімдерді көріп тұрсыңдар? Суретте қандай мамандық иелері бейнеленген?Тағы қандай мамандық түрлерін білесіңдер?Сендер өскенде кім болғыларың келеді? | Балалардың жауабы. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі:мамандық туралы білімдерін кеңейту.
Игереді: болашақ мамандыққа байланысты ұғымын тереңдетуді.
Меңгереді: өлең мазмұнына қарай мамандық түрлерін ажыратуды.
Тәрбиеші: Белбаева Ботагөз Білім беру саласы: «Таным». Ұйымдастырылған оқу қызметі: ҚМҰҚ. Тақырыбы: Реттік сандар туралы өткенді пысықтау. Үлгі бойынша санау, геометриялық пішіндер. Үлкен, кіші.. Мақсаты: реттік санау қабілетін нығайту (5 саны көлемінде) сандық және реттік санауды ажырата білуге үйрету; «қанша?», «нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беруге үйрету; Геометриялық пішіндер; «үлкен,» «кіші» ұғымдарын ажырата білуді үйрету; Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, демонстрациялық материал,түсіндіру.
Оқу қызметі
кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Ұйымдастырушы қозғаушы қызмет түрі | Шаттық шеңбері:
Амансың ба алтын күн! Амансың ба көк аспан! Амансың ба жер ана! Амансың ба достарым! Сендерді көрсем қуанам. |
Балалар шаттық шеңберін орындайды. |
Ұйымдастыру-
шылық-ізденістік |
Тәрбиеші балаларға 1-ден 5-ке дейінгі сандарды рет-ретімен тақтаға іліп шығуды тапсырады.
Тәрбиеші балаларға тақтаға ілінген сандарды рет-ретімен тура және кері санатады. Балалар мына жерде 3 санында қандай сурет бар және нешеу. 5 санында қандай сурет орналасқан және нешеу? Тақтада қанша алма ілініп тұр? Партада қаншасы ілінбей қалды? Барлығы қанша алма болды? Алманың пішіні қандай? Тәрбиеші екі баланы тақтаға шығарып біріншісіне аққалаларды екіншісіне фигураларды санатады. Барлығын санап болған соң сол бала заттың санына сәйкес келетін цифрды табуы тиіс.Содан соң балалар өз цифрларын топқа көрсетеді.Топтағы балалар кімнің нені санағанын табуы тиіс. Балаларға суреттер көрсетіледі . Бұл суретте қандай жануар үлкен қайсысы кішкентай екенін және қайсысы ұзын қайсысы қысқа екенін ажыратуы тиіс. Тәрбиеші тақтаға суреттер іледі.Бұл суреттегі Қоянның неше сәбізі бар екенін, ал кірпілерге қанша алма керек екенін айтады. Сергіту сәті: Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ. Екі қолды қосқанда Болады екен он саусақ. Ойын: Пішіндерден үй құрастыр. Тәрбиеші балаларға пошташы ағай конверт әкеліп тастағанын айтады. Ішінде пішіндер бар. Ол пішіндерден үй құрастыруымыз керек. Балалар кезекпен кезек ойынға шығады. Суреттен жайбасарлар мен желаяқтарды ажырат. |
1-ден 5-ке дейінгі сандарды тақтаға іледі.
Барлығы бірге тура және кері санайды. Үшінші тұр Бесінші тұр 4 1 5 Дөңгелек Балалардың жауаптары Піл, Тышқан 5 сәбізі барКірпіге 4 алма керек. Сергіту сәтін орындайды |
Жетекші
жөндеуші |
Өзін-өзібақылаужәнеөзіақарғанжұмысқабаға беру.
Сұрақ-жауап: Суреттегі жайбасарлар мен желаяқтарды ата. Тәрбиешібалалардымадақтайды. |
Балаларөзжұмыстарына баға береді.
Сұрақтарғажауапбереді. |
Күтілетіннәтижие:
Біледі:1-ден 5-ке дейінгіцифрларды; «үлкен», «кіші»
Игереді: сандықжәнереттіксанаудыбір-біріненажыратуды, «қанша?», «нешінші?» сұрақтарынадұрысжауапберуді, оқиғаныңретінанықтауды;
Меңгереді:реттіксанаудағдысын (5 саны көлемінде); реттіксандартуралыбілімді.
Вариативті компонент: Ертегілер елінде
Тақырыбы: «Шалқан» ертегісі
Мақсаты: Балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеттерін,жүріс- тұрысын талдауға
оларға қабылданған ережелерге сәйкес баға беруге үйрету.
Көрнекі құралдар:атрибуттар,суреттер.
Сөздік жұмыс:шалқан.
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
Ұйымдастырушы қозғаушы
Ізденістер ұйымдастырушы Жетекші жөндеуші |
Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері: Достар,достар,жүрсің қайда, Бірге еді ғой жанымыз. Көмек сұрап бір бірінен Жеңіп шықтық бәріміз. Кіріспе әңгіме. Балалар,бүгін біз оқу қызметінде «Шалқан» ертегісін алдымен оқып,одан кейін мазмұнын талдап,әрбір бала осы ертегіні,өз ойларын,қанша лықты түсінгенін жеткізеді.Ертегіні оқып беру. Сұрақ -жауап арқылы әңгімелеу. -Балалар қандай кейіпкерлерді естеріңде сақтай алдыңдар? -Шалқан қайда өседі? -Атай көмекке кімді шақырды? -Әжей кімді шақырды? -Немере қыз кімді шақырды? -Күшік кімді шақырды? -Мысық кімді шақырды? -Сонымен,бәрі бірігіп не істеді? -Ендеше,балалар,осы ертегідегі кейіпкерлердің атрибуттарын алып,ойынды сахналаймыз. Ертегіні сахналау. |
Балалар шеңбер бойына
тұрып орындайды. Зейін қойып тыңдайды. Балалардың жауабы. Әжейді Немере қызды Күшікті Мысықты Тышқанды Рөлге бөліп сахналайды. |
Қорытындылау.
Қазақтың мақал- мәтелдерін айтқыза отырып, оқу қызметін аяқтау. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»демекші,бірліктің арқасында шалқанды жұлып алады. Жақсы бала еңбекшіл Ер азамат болады, Қиындықты жеңсе кім, Құшағы гүлге толады. Еңбекшіл осындай Болайықшы,досым ай. |
Мұқият тыңдайды. |
Қорытынды нәтижелер:
Біледі:ертегінің мазмұнын.
Игереді:кейіпкерлердің іс- әрекеттеріне талдау жасауды.
Меңгереді:сахналау арқылы ертегіні көрсете білуді.