Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Бестамақ ауылы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Наурызалина Гулнур Амановна
Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбей бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалім іс — әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Бүгінде Қазақстанның өзіне ғана тән ұлттық сипаты бар білім беру жүйесін одан әрі дамыту, білім беру сапасында әлемнің алдыңғы қатарлы беделді де белді елдерімен қатар жұмыс атқару, бүкіл әлемдік деңгейге көтеру, білім беру ісінде әлеуеттік кеңістікке шығу — келелі міндеттер.
Сондай -ақ, еліміздің егемендік алуы нәтижесінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында, соның ішінде , білім беру салаларында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру мектепті осы күнге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты. Жаңа талпынысы, жаңа ашылған жолдардың бірі — білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы. Білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым -қатынас, жаңаша ойлау қалыптасуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу — тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Нәтижесінде білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым -қатынас, өзгеше менталитет пайда болады.
Білім берудің жаңа мазмұны оқушы мен мұғалімді үздіксіз білім алуға қажеттілігін, жаңа білім игерудегі шығармашылық қарым — қатынасын, өз еркінше білім мен іскерліктерін қалыптастыруға негізделеді. Жаңа заман ұстазы өз білімін қолданумен қатар, шәкірттерінің зерттеушілік — ізденушілік әрекетін ұйымдастырудың әдіс — тәсілдерін меңгеру керек. Алдыңғы сатыда ұстаздың өзі іздемпаз болғаны аса маңызды. Барлық әдіс — тәсілдердің тиімдісін мұғалім өзі таңдайды. Заман талабына сай шәкірт шығармашылығын дамытуға, мұғалімнің қажеттіліктеріне жан -жақты жауап беретін ұтымды технологиялар шексіз. Тәжірибеде сол технологияларды қолдану, оңын — солын тану, зерттеу, пысықтап талдау жасау — әр ұстаздың басты міндеті.
Түсіндірме сөздікте «Технология — бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы» делінген,ал М.В.Кларин «Педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім,амалдар мен әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті» деп жазды.
«Педагогикалық технология тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жағдайға сай қолданылатын әдіс — тәсілдер оның құрамды бөлігі ғана» деп В.П.Беспалько анықтама береді.
В.В. Воронов «Педагогикалық технология — бұл тиімді оқыту жүйесін құрумен айналысатын жаңа бағыт» деп есептейді.
В.М. Шепель «Технология — бұл өнер, шеберлік, ептілік, іскерлік, әдістердің жиынтығы, жағдайдың өзгеруі десе, М.Чошанов «Технология — бұл дидактикалық жүйенің құрамды бөлігі» деп анықтамасын береді.
Жоғарыда аталған авторлардың пікірі бір — бірлерінен онша алшақтамайды, олар педагогикалық технологияның біршама әр түрлі белгілеріне назар аударуды ұсынады.
Бүгінгі оқыту жүйесінде әр түрлі жаңа технологиялар пайдалану тәжірибелеріне еніп, нәтижелер беруде. Әсіресе, технологиялық бірліктердің арнайы жүйесі, олар педагогикалық нәтижеге бағытталған және оқытудың жаңа технологияларын мемлекеттік стандартқа және білімдік өзгерістерге қарай төмендегіше топтастыруға болады.
- Тілдік өріс. Бұл топ өте жас кезден бастап кубиктер арқылы жылдам оқуға үйретуге арналған Н. Зайцевтің, каллигрфияны дұрыс қалыптастыру, сауатты жазуға үйретуге арналған Е.Н. Баталова және басқа да технологиялармен сипатталады.
-
Математикалық өріс.Бұл топқа П.М.Эрдниев жасаған технологияларын жатқызуға болады.
Бұлардан басқа „Ұжымдық оқыту әдісі„ „Вальдорф педагогикасы„, „Дамыта оқыту технологиялары„ мектеп практикасында кең тараған тәсілдер.
Сондай –ақ барлық пәндерде де сабағында оқытудың жаңа технологиялары мен интерактивті әдістер, сондай -ақ, даралай және деңгейлеп оқыту әдістерін қолданған жөн. Инновациялық әдіс — тәсілдерді ретімен ендіру арқылы мұғалім оқушының қызығушылығын күшейтіп, белсенділігін арттыру арқылы сабақтың сапасын көтереді.
Қазақстан мұғалімдері танысып, қолдау көрсетіп, өз тәжірибесіне кіріктірген шетелдік танымал технология, бағдарлама, әдістемелер бүгінгі таңда ізденісімізге арқау болуда. Менің тәжірибемде қолданылып жүрген технологиялардың бірі „Оқыту мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту„ бағдарламасы. Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы — білімнің дайын берілмеуі. Нақты жағдайда „Мынаны былай жазу немесе айту керек„ деп көрсетпей, оқушының өзінің шығармашылық ойлауының орын алуына мүмкіндік беру, шешім қабылдауға үйрету, жауапкершілігін арттыру пайдалы.
Сабақты ойын элементтерін кірістіре отырып, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру да — мұғалімнің міндеті. Оқушыларға нақты мысал келтіре отырып, олардың алған білімдері маңызды практикалық мәселелерді шешуге қажет екендігін түсіндіру керек. Сонда ғана оқушылар білімнің өмірлік маңызын түсінеді, теория мен практиканы тығыз байланыстырады, пәнге ынтасын арттырады, жасанды элементтерді жояды. Оқушылардың білімге деген ынтасының болуы олардың білім алу кезінде белсенділігінің артуына, білім сапасының жоғарылауына, білім алудың пайдасын түсінудің қалыптасуына мүмкіндік береді.
Білім беру ісінде ойынды ұйымдастырғанда оқушылар бір — біріне көмектесетіндей, бір — бірімен бірігетіндей жағдай жасау керек. Осы әрекет іске асқанда ғана сабақ тек білім беру қызметін ғана емес, тәрбиелеу қызметін де қоса атқарады.Мұндай сабақтардың өтілуі нәтижесінде оқушыларда бір — бірімен сөйлесе білу мәдениеті, тәртіптілік, топқа және бір — біріне жауапкершілік сезімінің болуы қалыптасып, менмендік пен жалқаулықтан арылады.
Оқытудың жаңа технологияларын пайдалануда мектептің алатын орны ерекше. Өйткені білім де, тәрбие де, дүниеге көзқарас та мектепте қалыптасып орнығады.
Ақпараттық технология салтанат құрған дәуірде жалпы білім беретін мектептің түріне, типіне,тіпті орналасқан жеріне де қарамастан білім берудің сапасын одан әрі жетілдіру ең негізгі әрі маңызды мәселеге айналды. Қалалық жердегі бала саны көп және ауылдық жерде бала саны аз білім ошақтарын бір — бірімен салыстыру орынсыз. Соған қарамастан осындай жалпы білім беретін мектептердің алдына қойған талап та, мақсат та — бір.Ол — балаға сапалы білім мен саналы тәрбие беру.Әрине, әр істің өз қиындығы, сонымен бірге артықшылығы, жалпы айтқанда, кез келген жағдайдың өзіне тән ерекшеліктері бар.Бұл ерекшеліктерді осы салада үзбей жұмыс атқарып жүрген, өз істеріне шын берілген, тәжірибе жинақтаған мамандар ғана жақсы біледі, жас ұрпақ алдындағы ұстаздық парызына адалдығын танытады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Қазақ тілі мен әдебиеті журналы,3/2014 ж. 23-26- беттер
- Қазақ тілі мен әдебиеті журналы, 12/2002 ж. 3-6 -беттер