ГАБДУШЕВА БИБИГУЛ ТУЛЕГЕНОВНА
БҚО, Орал қаласы № 10 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі.
Мақсаты: «Жаңартылған білім жүйесінің алғашқы басылымдағы кандай нәтиже бергенін зерттеп, зерделеу»
Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді. Қазіргі таңда пәнді жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын, әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды білу іскерлігі, оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс-амалдарын, құралдарын еркін меңгеретін, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы. Ал оның негізі бастауыш сыныптарда қаланбақ. Сондықтан да бастауыш сыныпта әр сабаққа әр түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру ең басты мәселе.
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу. Жаңа білім беру бағдарламасы сыни тұрғыдан ойлауға, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) үйретеді. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі.
Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялық бағалау жүйесіне өтеді.Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Бұл бағалау түрлері баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады. Критериялық бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған елдерде пайдаланылады. [3] Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасынның бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады.
Кіріктірілген білім беру бағдарламасында қазақ тілі пәнінің берілу жайы да өзгеше. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір –бірімен тығыз байланысты. Яғни, жыл бойына бірнеше рет қайталанып отырады және сынып өскен сайын тілдік мақсат та күрделене түседі.
Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс –тәсілдермен оқытып, ой –өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы көңілді қуантады.
Қорыта айтқанда, жаңа бағдарламаның мәні, баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған.Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек.
Осы мақсатта бағдарлама ұсынып отырған оқулықтармен жұмыстанып, оқу мақсаттарын зерделей отырып тапсырмалар ұсындық. 1 сынып оқушыларымен бірден қалыпты жұмыс жүргізіп кету әрине қиын. 6-жасар балаға бәрі жаңалық. Олардың бірден даусын шығарып сөйлеп кетудің өзі бір мәселе. Жүрексініп, қорқақтай қарап, сәл нәрсеге жылап қойғысы келіп тұратын кішкене балдырғанның өз-өзіне деген сенімділігін қалыптастыру – басты мәселе ретінде күнделікті сабағымызда жоспарлап отырдық.
Міне қазір оқу жылының соңғы тоқсанына келдік. Балалар да қалыпқа түсіп, қатарға ілесіп қалды. Осы бір жыл уақыт ішінде көптеген нәтижелі жұмыстар жүрді деп ойлаймын. Осындай нәтижеге жету үшін жаңа буын оқулықтарының, жаңа бағдарламаның зор ықпалы болды. Мысалы сауат ашу пәні бойынша айтатын болсам, сол күнгі мақсатқа байланысты бірінші ширату өткіземін. Ширатудан кейін балалар бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасай алады.
Содан кейін тыңдалым дағдысы бойынша дискіден мәтінді тыңдайды. Мысал С дыбысын өткенде мәтінді тыңдай отырып жыланның «ыс» деп дыбыс шығаратынын қайталай отырып С дыбысымен танысатынын, оның дауыссыз екенін тапты. «Сағат» — деген сөзге дыбыстық талдау жүргізді. Әр топ алдарында жатырған кеспе әріптерден С-дан басталатын сөздер құрастырып жазды. «Автобус аялдамасы» әдісі бойынша әр топ орындарынан ауысып басқа топтың құрастырған сөздерін оқыды, қатерлерін түзетті. Сөйтіп өз орындарына келгенде қандай өзгеріс болғандығын тапты. Бұл баланың есте сақтау қабілетін дамытады. Ортақ тақырып «Сыныптан тыс уақытта» болғандықтан «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы бір-біріне сабақтан тыс уақытта немен айналысатындары туралы, қандай қызықты бағдарламалар көретіндері туралы айтты. Бұл айтылым дағдысын дамытады.
Сонымен қатар «кір жаятын жіп» әдісі арқылы баланың оқылым дағдысын дамыта аламыз. Алдарыңда жатқан бірнеше сөздің ішінен бір сөзді оқып кір жаятын жіпке дауыстап айтып іледі.
Жұмыс дәптерлеріне әріптің жазылуын әдемілеп жазып, қызыл және көк түсті текшелермен берілген сөздерді өзіне сәйкес суреттермен сәйкестендіреді. Бұл жерде баланың жазылым дағдысы дамиды. Тек жазып қана қоймай логикалық ойлау қабілеттерін де қатар дамытып отырады.
«Менің отбасым» тақырыбын өткен кезде әр топ алдарында жатқан плакатқа үстел басында отырған отбасы мүшелерін орналасытырып жапсырады. Бұнда балалар келісе отырып, бір-бірімен ақылдасып, ортақ шешімге келіп жұмыстанады. Соңында әр топ мүшелері тақта алдына шығып ауызша айтып қорғайды. Не үшін олай отырғызғаны туралы айтып ой бөліседі.
Сауат ашу оқулығындағы әр тапсырма балаға ойын ретінде берілгенімен, әрқайсысы оларды ойландыратындай логикалық тапсырмалар. Сонымен қатар оқушыларды көшеге алып шығып сол күні өтіп жатырған дыбыстан басталатын сөздер тапқызып, сыныпқа кіргесін соның суретін салғыздым. Мысалы О дыбысын өткенде: орман, орындық, автобус, жол, сияқты суреттердің суретін салды.
Барлық пәндерге ортақ сегіз тақырып берілген. Осы тақырыптар бір уақытта қатар өтіліп отырады.
Өзім туралы
Менің мектебім
Менің отбасым және достарым
Бізді қоршаған әлем
Саяхат
Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті
Тағам және сусын
Дені саудың жаны сау
Мысалы «саяхат» тақырыбын өткен кезде сауат ашудан орманға саяхат жасап, қоңыздың саяхаты туралы мәтін оқыса ал математикада Астана қаласына саяхаттап, ондағы Ханшатырдың, Ақорданың, Парламент үйінің, Бәйтеректің ұзындығын, енін өлшейді. Бұлардың ішінен үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, цилиндр, конус, пирамидаларға ұқсас ғимараттарды атайды. Орыс тілі пәнінен саяхат туралы орыс тілінде айтып үйренеді. Ағылшын тілінде ағылшыншасын айтады. Дүниетауда алғашқы адамдардың қай жерде пайда болғанын, қалай өмір сүргенін, адамдардың не үшін саяхат жасайтынын түсінеді. Жаратылыстану пәнінен осы кезде ғарыш дегеннің не екенін, астрономия нені зерттейтінін, Жердің қандай екенін түсінеді.
Көркем еңбектен адамдар не үшін саяхат жасайтынын, көрікті орындар дегеніміз не және ол қандай болатынын, бейненің пішіммен байланысын, коллаждың не екенін үйренеді.
Осылай ортақ тақырыпта әр пәннен қайталап отыру кезінде бір тақырыпты жан-жақты қырынан ашып, терең меңгеруге үйретеді. Балаға тез түсініп ұғып алуға ыңғайлы. Өздеріне таныс тақырып болғандықтан тапсырманы тез түсініп, тез орындайды.
Математикадан көбіне «Серпіммен сауал» әдісін көбірек қолданамын. Себебі мысалдарды ауызша тез орындауға көмектсеседі. Әр топтың адарында жатырған ермексаз жағылған қағазға моншақтарды жапсыру арқылы екі таңбалы сандар жазып шығады. Бұдан ондықтар мен бірліктерді айырып үйренеді.
«Құпия зат» әдісін пайдалану арқылы геометриялық фигуралардың атын тез жаттауға үйренеді. Мысалы бір оқушы дөңгелекті немесе цилиндрді жасырады. Ортаға шығады. Оған басқалары сұрақ қояды.
-Бұл төртбұрыш па?
-Бұл дөңгелек пе?
-Бұл пирамида ма?
-Бұл текше ме? – деген сияқты сұрақтар қойып тауып алады. Сонда отырған балалар сұрақ қоямыз деп отырып, фигуралардың атын жаттап үлгереді.
Сонымен қатар, бастауыш сыныптарға арналған оқу бағдарламаларының маңызды қағидаты білім беру бағдарламасының спиральділік қағидаты болып табылады. Ол оқу бағдарламалары спиральді білім беру бағдарламасы (Джером Брунер) моделіне негізделген. Оның негізінде оқушылар келесі сыныпқа ауысқанда зерделенген материалдар мен білім қайталанып отырады деген тұжырым жатыр.Спиральді білім берудің негізгі ерекшелігі : әрбір қайталанып оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі; жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады; оқушы пәнді қайталап оқыған сайын ақпарат толықтырылып бекітіліп отырады; спиральді білім беру бағдарламасы жеңіл идеялардан күрделі идеяларға қисынды жолмен ауысуға мүмкіндік береді; оқушыларды соңғы оқу мақсатына қол жеткізу үшін бұрын алған білімдерін қолдануға жетелеу ұсынылады. Бастауыш мектептің оқу бағдарламаларындағы өзгерістер: кең ауқымды дағдылардың негіздерін меңгерген оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасып дамуына қолайлы білім беру ортасын құру болып табылады. Коммуникативті оқыту ұстанымы: тілдік дағдыларды дамыту. Төрт дағдыны ескере отырып Ж. Аймауытовтың «..бала әуелі тәжірибеге талпынып , нәрсемен танысып, сонан кейін сол нәрсе туралы сөйлесін, тыңдасын, жазсын, оқысын, тілге үйренсін» деген сөзін еріксіз еске түсіреді