konkurs042018

Білім беру мекемесінің жетістіктері «Заманауи басшы: табыс формуласы»

КЕНЖЕКОВ САНСЫЗБАЙ ДОНБАЕВИЧ

Батыс Қазақстан облысы. Орал қаласы,А.Байтұрсынов атындағы
№10 ЖОББМ директоры, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

«Мұғалімі қандай болса – мектебі де сондай болмақ». А.Байтұрсынов

Қазақтың кемел талантты ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек», -деген екен. Мемлекет болашағының кепілі – жастарға білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екені белгілі. Әр бала – жеке тұлға. Біріне-бірі ұқсамайды, жаңалықты асыға күтетін талант иесі.Сол талантты бала жүрегіндегі ізгілік пен шынайылық, білімділік пен дарындылық мектеп қабырғасынан танылады.

Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – басшы. Басшы басқару үдерістерінің табиғатын түсінуі, басқару тиімділігін арттыру тәсілдерін, персоналдарды басқаруға қажетті ақпараттық технологиялар мен құралдарды білуі тиіс, ол үшін басшы еңбек ұжымының қызмет етуінің, әртүрлі жағдайлар мен ортада басқарушылық шешімдерді қабылдаудың, адамдармен жұмыс істеудің психологиялық ерекшеліктерін ескеруі қажет. Басшылардың психологиялық басқарушылық мәдениетін қалыптастыру мен дамытуға, қызметкер тұлғасының ерекшеліктері, тұлғааралық қарым қатынастар мен еңбек ұжымының қызмет ету заңдылықтарын теоретикалық түсіну мен басқаруда қолдануға қажетті негіздерді құруға бағытталған ғылым мен іс-тәжірибе ретінде басқару психологиясы көмек көрсете алады.

Педагогикалық ұжымды басқару ісі ерекше еңбекті қажет етеді. Қызметтестеріңмен тығыз қатынаста болу, олардың күшті немесе әлсіз жақтарын білу, болып жатқан жағдайды түсіну қатаң басқару стилінен арылтады. Байсалдылық пен өзіңе деген сенімділік басшыны тартымды етеді, айналасындағы адамдардың қалыпты еңбек етуіне жағдай жасайды. Қандай жағдай болмасын, істің жалғыз дұрыс шешімін табуға жұмсаған еңбегіңді ешкім білмегені абзал. Себебі, мәселені шешу барысында өз ой-өрісіңді дамытасың, шыдамдылыққа үйренесің.

Білім беретін мекеменің заманауи басшысы – ерекше шешім таба алатын, ақылымен, мәдениеттілігімен, кәсіби біліктілігімен, тіпті келбетімен де өзіне тартатын тұлға. Ол халықтың мұқтажын өзінікіндей көреді, адамға қолдау көрсетіп, керек жерде ескертіп, қатаң сұрау сала алады, сонымен қатар мақтау, мадақтау лайық жерде одан да қалыспайды. Сондай ортада әріптес ұстаздар өздерінің тәжірибесі, энергиясы, білімі пәрменіне сай бағаланатынына сенімді болады, сондықтан толықтай жұмысына беріліп еңбек етеді.

Заманауи басшы – бұл, ең алдымен, басқару психологиясын меңгерген өз ісінің маманы. Әрбір ұжымда даулы жағдайлар тууы мүмкін. Мұндай кезде жетекші ата-анаға да, тәлімгерлерге де тиімді, қызықты әрі бірегей шешім табуы тиіс. Мектеп өміріңнің жартысына, сүйікті үйіңе айналады, жұмыс уақыты мөлшермен реттелмейді. Ал басшының ең басты жетістігі деп педагогикалық ұжымның жоғарғы кәсіби біліктілігін атауға болады.

Заманауи басшы — өз әріптестерін жетістіктерге, инновацияларға жетелейтін, балалардың дүниетанымын арттыратын, ата-аналарды ортақ шығармашылыққа шақыратын адам. «Табиғат ана әр адамға әуестігіне қарап қабілет береді. Әуестігі болмаса, күші де болмайды. Өз мүмкіншіліктеріңді көру үшін көрегендік қажет». Оған қосарым – көрегендік басқалардың да мүмкіншілігін бағалауға, олармен ортақ жетістіктерге жетуге септігін тигізеді. Менің ойымша, білім беру мекемесінің басшысы қазіргі өмірдің қойған талаптарын ескере отырып, өзіндік педагог моделін құруы тиіс. Сондағы алдыңғы шарттардың бірі болып педагогика мәселелері шығады.

Табысты көшбасшы алдына мақсат қоя білу керек. Ол болған жағдайды тек ақылға сүйеніп емес, ішкі түйсігімен сезінуі керек. Ішкі түйсігі басшыны алдамайды, себебі ол жылдар бойғы тәжірибесінен жинақталады.Дегенмен, ішкі түйсігінен басқа, басшы мектептің қалыпты жұмыс істеуі үшін, көбіне қаржы мен шаруашылық қызметке көңіл аударуы тиіс. Бұл да — басшы қызметінің маңызды құрамдас бөлігі. Биік көрсеткіштерге жету үшін, басшының оқушыларға, қызметкерлерге қолайлы тұрмыстық жағдай жасауы қажет. Мектеп ұжымын басқару деген – бұл қырлары көп, қиын, сонымен қатар қызықты әрі шығармашылыққа толы жол.

Осындай қиыншылығы мен қызығы мол мамандықты таңдап келгеніме биыл 29 жыл болды. Еңбек жолымды 1981 жылы Зеленов ауданы Володаркажалпы орта білім беретінмектебінде жас маман болып жұмысқа қабылданып, директордың тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі, 1982 жылы мектеп директорлығы қызметіне тағайындалып, жұмысымды жалғастырдым.

2011жылдан бастап А.Байтұрсынов атындағы №10 ЖОББ мектебінде басшылық қызмет етіп келемін. Осы жылдарда үлкен ұжымды бағыттап басқару – менің басты міндетім болды.

«Мектеп басшысы қандай болу керек?»-деген ой туындайды. Жауапкершілігі зор, өз әрекетінде істі аяқтауға деген ұмтылысы, мақсатқа жетуге деген табандылығы, мәселелерді шешуде сенімділігі, айналасындағыларға әсер ету қабілеті бар, өзгелерге жол көрсете алатын, қиындықты жеңе білетін белсенді тұлға. Осы қасиеттерге сай болуым үшін көп тер төгіп, еңбек етудемін.

Өткен істер мен бүгінгі жұмысыма талдау жасасам,
білім беру мекемеміздің қарамағында 229 ұстаздар қызмет атқарып, 2828 шәкірт білім алуда. Әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың бір түрі Жас ұстаздар мектебін ұйымдастыру. Жас ұстаздар мектебінің жетекшісі-Галимова А.А. Бұл бағытта жас мұғалімдерге арналған «Жас мамандарға бағыт-бағдар беру және әдістемелік көмек беру», «Жас маманның кәсіби біліктілігін дамыту, сабақтарына қатысу, тәлімгер ұстазының сабағына қатыстыру», «Оқу мен оқыту үрдісінде ақпараттық коммуникатиті технологияны қолдану негізінде мұғалімдерді кәсіби дамыту»,»Өзгенің және өзінің сабағыңды талдау» тақырыптарында отырыстар өтті. Бұл отырыстарда әдістемелік оқулықтарға шолу, мектеп құжаттарымен жұмыс жасай білу, теориялық және машықтық сабақтар, өзара сабаққа қатысу, оны талдау білу жұмыстары жүргізілді.

Озат тәжірибелі мұғалімдер мектебі жетекшісі-Елеусинова Лаура Мукашевна. «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы жүйелі сабақ түрлері» атты он күндік семинар өтті. Жас мамандарға ОТМ мұғалімдері-тәлімгерлер сабақтың әдістемелік үлгілерін, педагогикалық этика мен мәдениетті сақтау маңыздылығын көрсетті.

Мектепішілік «Жас балдырған Жолдан сақтан» тақырыбында бастауыш сыныптар арасында семинар өтті.Төтенше жағдайлар, жолда жүру ережесі, қауіпсіздік әліппесі бағытында суреттер, диктанттар байқауы өтті. 3-4 сынып оқушылары қалалық байқаудан жүлделі орындар алды. 16-21 қыркүйек аралығында Гуманитарлық бағыттағы пәндер(қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі) бойынша «Тілім-елдіктің, ерліктің алтын діңгегі» тақырыбында тілдер онкүндігі өтті. Қазан айында 1-10 сыныптар арасында «Алтын күз» апталық ұйымдастырылды. Қараша айында «Қазақ хандығына 550 жыл» толуына орай тарих пән бірлестігі кеш өткізді. 9-14 желтоқсан аралығында «Тарих, құқық» пән бірлестігінің «Желтоқсан желі ызғарлы» тақырыбында апталық ұйымдастырылса, «Діни экстремизмнің алдын-алу бағытында кеңесі оздырылды. Сонымен бірге бастауыш сыныптар арасында «Тәуелсіздік тірегі» атты апталық оздырылды. Ақпан айының он күндігі «Мейірімге толы жүрек» тақырыбында өзі-өзі тану бірлестігі апталық өткізді. 04-13 ақпан аралығында «Қызықты математика» математика-физика апталығы өтті. Великий,могучийрусский язык» тақырыбында наурыз айында орыс тілі пәні бойынша апталық жүргізілді. 7-12 сәуір аралығында «Құстар қанатты досымыз»» атты жаратылыстану пәндерінің апталығы өтті. «21-30 сәуір аралығында Құқық бұзушылықтың алдын-алу бағытында онкүндік өтті. «Өз құқығынды білесінбе?», «Жасөспірімдер арасында қылмыстың әсеріне қоғам кінәлі ме?»атты дебат өтті. Мектепалды даярлық сыныптар арасында «Ынтымағы жарасқан-Қазақстан» тақырыбында мамыр айында сыныптан тыс шара өткізілді.

2.Марапатталған мұғалімдер саны:

-Үкімет: 0

  • ҚР білім беру ісінің үздігі: 0
  • Облыстық білім беру бөлімі: 1

  • Қалалық білім беру бөлімі: 10

  • Қала әкімшілігі:

Мұғалімнің аты -жөні Қалалық білім беру бөлімі Қала әкімшілігі Облыстық білім беру бөлімі ҚРбілімберуісініңүздігі Үкімет
1 Сакказов Н.Г Құрмет Грамотасы (2017ж.)
2 Қатешов Б.Н Құрмет Грамотасы (2017ж.)
3. Доргожиева Л Құрмет Грамотасы (2017ж.)
4 Мусина Р.С Құрмет Грамотасы (2017ж.)
5 Қарагойшиева А. Құрмет Грамотасы (2017ж.)
6 Қалиева Ш Құрмет Грамотасы (2017ж.)
7 Наурызгалиева Ж.С Құрмет Грамотасы (2017ж.)
8 Танирбергенова А.М Құрмет Грамотасы (2017ж.)
9 Калмурзина А.У Құрмет Грамотасы (2017ж.) Құрмет Грамотасы (2017ж.)
10 Сарсенова Ж.Б Құрмет Грамотасы (2017ж.)
11 Батырова Г.Қ Құрмет Грамотасы (2017ж.)

Авторлық, бейімделген курстар мен бағдарламалар:

Деңгейі Мұғалімнің аты-жөні Пәні Басылым тақырыбы Кітапша (брошюра) хаттама номері, жылы,
1 Қалалық- Бисенгалиева Б.Е тарих «Мәңгілік Ел» 01.11.2016 Хаттама №1
2 Қалалық- Кабдуллина Ләззат, Танирбергенова Ақслу. Қазақ тілі «4-сыныпқа арналған қазақ тілінен тест жұмыстары» Хаттама№3 01.2017ж
3 Облыстық Елеусинова Л. М Қазақ тілі «Жазу шеберлігі» 07.03.2017
4 Қалалық- Хамзина Рысханым, Жумагалиева Назгүл. Әдебиеттік оқу «Ата мұраң- асыл қазынаң» Хаттама№3 01.2017ж
5 Қалалық- Калиева Ш. Ғ Әдебиет Ілиястану «Сан қырлы талант иесі» Хаттама№3 01.2017ж
6 Республикалық Лукпанова Л.С Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал Білімнің кілті бастауышта

. Шығармашылықтоптардыңжұмысы ( ОТМ, ЖҰМ)

1.1 ОТМ 1

1.2 Жұмысбағыты: «Оқытудыңжаңатехнологияларынсабақүрдісінеенгізу»

1.3 Мақсаты: Жаңабағыттағыоқутәрбиежұмысынзерттеу, жинақтау, таратужұмысынжетілдіруарқылыбілімберусапасынарттыру.

1.4 Құрамы: топтыңжетекшісіЕлеусиноваЛ.М

Мүшелері:БайтеноваБ.Б, ХамзинаР.М, СейткалиеваҚ.Р, ЕсентемировТ.Н

1-шісаты: топтыңжылдықжоспарынқұру.

2-шісаты: тәжірибеалмасубағытындаіс-шараларөткізу (семинар, дөңгелекүстел).

3-ші саты: сабақтарда, тыс шараларда қолданылған жаңа технологияларды талдау.

4-ші саты: топ мүшелерінің жылдық шығармашылық есебін тыңдау.

2.1 ОТМ 2

2.2 Жұмыс бағыты: «АКТ –ның тиімділігі, мультимедиялық кабинетті пайдаланудың сабақ маңызына әсері»»

2.3 Мақсаты: Мұғалімдердің АКТ құзіреттілігін арттыру, сабақ сапасын жақсарту.

2.4 Құрамы: топтың жетекшісі: Хамитова А.Г

Мүшелері: Зулхаева А.Т, Бекетаева А.Б, Наурызгалиева Ж.С

1-ші саты: топты жылдық жоспарымен таныстыру.

2-ші саты: оқушылардың тәжірибелік іс –әрекетінде ақпараттық мәдениетін мен копьютерлік-интерактивті сауаттылықтарын дамыту.

3-ші саты: жаңа электрондық құралдарды қолдану арқылы жаңа бағыттағы сабақтың негізін құрастыру.

4-ші саты: АКТ қолдану арқылы дидактикалық материалдардың электондық қорын жинақтау.

3.1. ОТМ 3

3.2. Жұмыс бағыты «ҰБТ мен ОЖСБ-ға дайындықты жетілдірудің тиімді жолдары»

3.3 Мақсаты: «Білім сапасын жақсаруына жағдай жасай отырып, оқушылардың танымдық қабілетін, қызығушылығын күшейтіп, жаңа ақпараттық технологияны дұрыс қолдану жолдарын меңгерген тұлға тәрбиелеу».

3.4. Құрамы: топтың жетекшісі:Айткалиева С.А

Мүшелері: Бисенгалиева Б.Е, Темірғалиева К.Х, Давлетова Р.И, Елеусинова Л.М

1-ші саты: ҰБТ мен ОЖСБ-ға дайындық жұмыстарының базасын жинақтау.

2-ші саты: жаңа технологиялық әдіс тәсілдері негізінде тақырыпты тест сұрақтарын талдау.

3-ші саты: Оқушы меңгере алмаған тақырыптармен жүйелі жұмыс түрлерін ұйымдастыру.

4-ші саты: Оқушы деңгейін анықтау барысында мониторинг жасақтау.

4.1. ОТМ 3

Жұмыс бағыты «12 жылдық білім беру, сабақтастық мәселесі»

Мақсаты: «Екі саты арасындағы сабақтастықты қалыптастыруда кейбір әдіс-тәсілдерді пайдаланып, практикада іске асырып, саралап, оңтайлы, пайдалы жағының нәтижелерін бөлісу».

Құрамы: топтың жетекшісі: Кабдуллина Л.С,

Мүшелері:Оңалова З.С, Ахметова Б.Е, Садыкова Қ.А, Амангалиева Г.М

  • Бастауыш сатыдан ортаңғы буын сатысына өтуіне алдын ала даярлау
  • Пән мұғалімдерімен олардың сабақ беру әдіс-тәсілдеріне бірте-бірте көшуіне ықпал жасау.

  • Сабақтастықты тиімді ұйымдастыруда жүйелі жұмыстану.

    1. 1.ЖҰМ

    Тақырыбы: Жас мамандарға бағыт- бағдар беру және әдістемелік көмек беру».

    Мақсаты:

    А)Жаңа педагогикалық технологияларды оқып үйрену, саралау және тиімдісін талдау

    Ә)Қазіргі өмір талабына сай жеке тұлғаның тәрбиелі және білімді болуына күш салу

    Б) Жақсы нәтижеге бағытталған, жеке тұлғаның қ ызығушылығы мен деңгейіне негізделген жұмыс болуын қамтамасыз ету

    Құрамы: топтың жетекшісі: Галимова А.А

    Мүшелері: Зулхаева А.Т, Елеусинова Л.М, Карменов М.Ш, Кусегенова С.Е, С.У, Калмурзина А.У

    Жұмыс сатыларын жоспарлау:

    • жас мамандарға тәлімгерлер тағайындау, пән бойынша бағдарламаны зерттеу, сабақ жоспарын, тәрбие жұмысының жоспарын құруға көмектесу, нормативтік құжаттармен танысу.
  • әдістемелік бірлестіктің жұмысына жас мамандарды тарту, қатыстыру, әдістемелік тақырып тандауға көмектесу.

  • -жас ұстаздардың әдістемелік дағды мен шеберлігін қалыптастыру, кәсіби өсуіне көмектесу.

    -тәлімгерлердің, бірлестік жетекшілерінің, әкімшіліктің жас ұстаздардың сабақтарына қатысуы, талдауы.

    • жас ұстаздарға кездесетін қиыншылықтарды анықтау үшін тест өткізу.

    Топтың жұмысының күтілетін нәтижесі: жас мамандардың кәсіби шеберлігінің өсуі.

    1. Озат тәжірибені жинақтау.
  • Сарапшылар кеңесінің құрамы:

    • Хамзина Рысханым Мақсотқызы бастауыш сынып пәнінің жоғарғы санатты мұғалімі.

    -Лукпанова Лайлим Сериковна бастауыш сынып пәнінің жоғарғы санатты мұғалімі.

    • Байтенова Багира Бакишовна орыс тілі пәнінің жоғары санатты мұғалімі.
  • Елеусинова Лаура Мукашевна қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғарғы санатты мұғалімі.

  • Давлетова Роза, математика пәнінің бірінші санатты мұғалімі.

  • Сейткалиева Қарылғаш Рахатовна, химия пәнінің жоғары санатты мұғалімі.

  • А.Ұстаздардың шығармашылық жетістіктері.

    А. 1. Қалалық байқау

    Бас жүлде-

    І орын- 4

    ІІ орын-2

    ІІІ орын –

    А.Х.- 2

    Пәні Байқаудың атауы Мұғалімнің аты-жөні Марапаттау,орны
    1 дене шыныктыру 2016 жылы казан айында 30 мектепте волейболдан Командалық дене тәрбиесі мұғалімдері 1-орын
    2 дене шыныктыру 2107 жылы Наурыз мерекесіне орай

    Калалык іріктеу ойны волейболдан

    Командалық дене тәрбиесі мұғалімдері 1-орын
    3 дене шыныктыру 2017 жылы Орал қаласының мұғалімдері мен қызметкерлері атасындағы іріктеу ойында теннис Булатов А 1-орын
    4 Технология «Шеберлік сыры» атты мұғалімдердің шығармашылық көрмесіне Абишова Л.Б ІІ-орын
    5 Технология «Шеберлік сыры» атты мұғалімдердің шығармашылық көрмесіне Нугманова Б.Н ІІ-орын
    6 Технология «Шеберлік сыры» атты мұғалімдердің шығармашылық көрмесіне Саққазов Н.Г І-орын
    7 Технология «Шеберлік сыры» атты мұғалімдердің шығармашылық көрмесіне Насиров М.А Алғыс хат
    8 Орыс тілі «Лучший видеоурок-2017» Губайдуллина Т.Ж. Алғыс хат

    Ж.4. Халықаралықшығармашылық конференциялар-

    Конференция атауы Өткен орны, уақыты Мұғалімнің аты-жөні Пәні
    1 Қазақстанда тиімді білім беру жүйесін дамыту Атырау қаласы Қазан 2016ж Абишова Л.Б Технология
    2 «Қазіргі заманғы ғылым мен білімнің дамуы мен келешегі» халықаралық ғылыми – практикалық конференция 2017 жылы . Алматы. 30.04.2017. №15 Лукпанова Л.С Бастауыш сынып
    3 «Білім-ғылым-инновация: Ұлттық жаңғырулар мен Интеграциялық Үдерістер» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция 2017 жылы

    № IC-02/54 Талдықорған

    Лукпанова Л.С Бастауыш сынып
    4 «Ұлтымыздың бүгіні ертеңі білімді ұрпақ қолында» Республикалық педагогикалық конференцияда 2018 жылы №0181 Астана Мақтау қағазы Лукпанова Л.С Бастауыш сынып

    Жаңа оқу жылына қойылатын мақсаттар:

    1. Білім беру үрдісін әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету.

    Мектептің педагогикалық ұжымы іс-әрекетінің жаңашылдық бағыттылығын қалыптастыру.

    Мұғалімдердің теориялық және педагогикалық –психологиялық даярлық деңгейін көтеру;

    Оқыту мен тәрбиені ұйымдастырудың жаңа формаларын, әдістерін педагогикалық технологиялармен байыту;

    Мұғалімдерге педагогикалық білімін өз бетінше көтеру жолдарына бағыт беру;

    Өз білімін көтеру, кәсіби шеберлігін арттыру жолдарын анықтау;

    Педагог қызметін ғылыми-әдістемелік тұрғыдан талдау, бағалауда көмек көрсету

    Мұғалімдер мен оқушыларды ғылыми-зерттеушілік, шығармашылық жұмыстарға баулу.

    Шығармашылықпен жұмыстанатын оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың жаңа технологияларын қолданатын мұғалімдердің тәжірибелерін жинақтап, қорытып, тарату.

    Дарынды балалармен жұмысын жетілдіру.

    Назарбаев Зияткерлік Мектебінің іс-тәжірибесін енгізу, тарату бағытында «Мектеп әріптестігі» жобасы бойынша №47жалпы орта білім беретін мектебі және

    №42 «Ақ ниет» гимназиясымен біріккен жұмыс жоспарын құру, жүзеге асыру.

    Осындай үлкен контингентті басқаруда олардың жай-күйі, жағдайлары мектеп басшысы ретінде мені көп толғандырады. Үлкен ұжымды айрандай ұйытып басқару, оқушыларды сапалы біліммен қаруландыруға жағдай жасау – менің басшылық қызметімдегі ең негізгі міндеттерімнің бірі.

    «Бүгінгі күн – кешегінің жемісі, ертеңгінің болмысы», — дейді дана халқымыз. Қай мемлекеттің болсын ертеңi – бiлiмдi жастардың қолында. Алдыңғы толқын аға буынның орнын басар, ізін жалғастыратын кейінгі толқын жастар. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев осындай жан-жақты дамыған білімді, елжанды, еңбекқор, өзінің атқарған ісіне жауапкершілікпен қарауды азаматтық парызы санайтын ұрпақ тәрбиелеуді білім беру саласы қызметкерлеріне жүктеді. Бұл үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай да жасалуда.

    Мектеп басшысы үшін ең күрделі мәселе: ол — қағидатты тәжірибеге көшіру, абстрактілі негіз құрып, ынтаны тәжірибеге айналдыру болып табылады. Осының салдарынан, мектеп басшысы ретінде ынта мен тәжірибенің барынша сәйкес келу мүмкіндігін арттыру мақсатында бірқатар стратегияларды қолдануым қажет. Қазіргі күні мектеп мұғалімдері мен оқушыларының бойындағы өзгерістерді байқадым. Мектептегі және оның материалдық базасын дамытуға арналған нақты жоспар мен тұжырымдаманы жасап, енгізу үшін басқалармен, яғни көшбасшы мұғалімдермен бірлесіп жұмыс істедім. Тиімді және қауіпсіз оқу ортасын құру және ресурстарды оңтайлы пайдалану мақсатында мектептің қызметкерлері әдістерді тиімді пайдалануына мүмкіндік жасадым. Мектеп ұжымымен, ата-аналармен және басқалармен тиімді ынтымақтастық орнату арқылы табысты орта құруға ұмтылып келемін.

    Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Қазіргі таңда қазақ тілі – мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану – заман талабы болып отыр.

    Оқыту жүйесі өзгерді. Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім қажет. Осы орайда көптеген ұстаздарымыз жаңартылған білім беру бойынша семинарларға қатысып, оқуларды оқып келді. Жаңартылған білім беру бойынша мектебіміз семинарлар өткізіп, облыс, аудан көлеміндегі ұстаздармен өз тәжірибелерін бөлісу-табысты мектептің нәтижелі іс-әрекетіне айналды.

    Мен үшін адам баласына берген «бақыттың» бірі осы басшылық қызметтің ұжыммен бірлесе еңбек етуінде деп білемін.

    Басшы – ұжымға өмірлік азық боларлық пайдалы білім мен жанына ізгіліктің нәрін себуші, жақсы мен жаманды үйретіп, адамгершілік қасиеттерді сіңіруші, ең жақын жанашыры әрі ақылшысы. Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі қоғамды ертең алға сүйрейтін озық ойлы адам және жаңашыл педагог мамандарды тәрбиелеуші, өз уақытын аямай, өзгенің бақытын аялаушы.

    Біздің ұрпағымыз — бүкіл адамзат болмысының тірлігінің мәні. Қай заманда, қай ғасыр, қай қоғамда болмасын адамдар тірлігінің мақсаты, болашаққа жалғастырар алтын көпірі, аманат етер асылы- оның ұрпағы. Сондықтан да күллі адамзат дүниесіне ортақ мүдде- ұрпақ тәрбиесі. Ал сол ұрпақтың азамат болып шығуына бағыт-бағдар беріп, үнемі қадағалау – бүгінгі ұстаздар қауымының жауапты жұмысы деп білемін.

    Халқымызда «Көп жас жасағаннан емес, көп игілікті ісі бардан сұра»-демекші ұжымды жетістікке жеткізуге дем беретін басшының ықпалы мен бала тәрбиесіне үлкен мән беретін жаңа жобалар дүниеге келіп педагогтардың қызу қолдауына ие болуда.

    «Заманауи басшы: табыс формуласы»: Қазіргі заманауи білім беруді оқытудағы 9 айлық көшбасшылық курстан өттім.Курстан алған білімімді мектептің даму жоспарына өзгеріс енгізу арқылы жүзеге асырудамын. Көшбасшы ретінде мектеп оқытушыларын бірінші деңгей бойынша 3, екінші деңгей бойынша 3, үшінші деңгей бойынша 16 мұғалімді деңгейлік курсқа жіберіп, білімдерін жетілдіре түсті. Мұғалімдердің бойындағы көшбасшылық қасиеттерді тәлімгерлік үдерісі арқылы дамытуға болатынын тәжірибе барысында түсіндім. Өйткені, көшбасшы мұғалім – тәжірибелер мен ақпарат көзі. Ал мұғалімдер арасындағы ынтымақтастық, бұл- мектепті жетілдіру мен өзгертудің кепілі.

    Басшылық етіп отырған мектебім – өнер тұнған білімнің ордасы. Қалалық, облыстық, республикалық деңгейде танымал болған «Ай-Наз» бишілер тобы, «Балдәурен» ұлт-аспаптар ансамблі, спортшылар командасының жетістіктерін және өнерлі, шығармашыл, білімді оқушыларды мақтанышпен айта аламын.

    Мақсатым мен міндетімді айқын білетін қарапайым адаммын. Күш-жігер, талабымның арқасында көш басында жүруді және үнемі үш қасиетті бойыма сақтауды мақсат еттім. Олар:талап, еңбек, терең ой… Талабым дұрыс шешім қабылдауға, еңбекқор болуым басшылыққа алып келді, терең ой жаңашыл болуға үйретті.

    Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Бізге ой-өрісі жоғары дамыған зерделі, жан-жақты, парасатты, дені сау ұрпақ керек екені бұлтартпас шындық, бұлжымас ақиқат. Тәрбие мен оқу –бір-бірінен бөлек алынып қаралмайтын үрдіс. Жаңа заманның жаңашыл басшысы екі үрдісті бірдей теңестіріп алып жүруі оның шеберлігі мен іскерлігін көрсетеді.

    Халқымызда «Ер айнасы – еңбегі» деген керемет сөзі бар. Демек, мен бойымдағы жігерімді, күш қуатымды, жаңашылдығымды ұжымды көтеруге жұмсауым керек. Болашақта өз ұжымымды биік белестерден көрсем, сол үшін өзімнің кішкене де болса үлесім тиген болса, мен өзімді бақытты басшы, бақытты адам деп білемін.

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.