Алматы облысы, Талдықорған қаласы № 12 орта мектеп-гимназиясы
Педагог-психолог Аслан Эльвира Асланқызы
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын білім беруді дамыту тұжырымдамасы мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайды. Бұл тұжырымдамада көрсетілгендей ағымдағы жағдай және білім беруді дамытуды тежейтін факторлар бөлімінде негізгі мәселе мектеп жасындағы кезеңде эмоциялық дағдарыстар деп көрсетіледі. Сондықтан, соңғы жылдары мектеп жасындағы балалардағы қорқыныш, сенімсіздік, мазасыздық, үрей сезімі бой көрсетіп келеді. Осы бала бойындағы қорқыныш әрекеттің пайда болуын психологтар жан жақты түсіндіреді. Қорқыныш сезімінің қай түрі болса да, бұл өзіне сенімсіздік көрсету деңгейді байқатады. Қорқыныш сезімінің қай түрін зерттейтін психологиялық бағыт болмасын әр қайсысы өзінше түсіндіреді. Психоаналитикалық бағытты ұсынғандар: З.Фрейд, А.Адлер. А.Фрейд, Э.Фромм, К.Юнг, К.Хорни, және т.б. анықтауы бойынша қорқыныш – инстинкті әрекет, адамның психологиялық қорғанысының бір түрі.
Бүгінгі таңда, әлеуметтік тұрақсыздық жағдайына байланысы балаларға көптеген жағымсыз факторлар қарқынды түрде әсер етуде. Осы факторлар адамның қабілеттерінің дамуын тежетпей қоймайды, сонымен қатар, даму процесін кері қайтаруы да мүмкін. Сондықтанда балалардың қрқыныш мәселесін ерекше орынға алуда.
Балаллдыық шақтағы қорқыныштар жастық және невротикалық болу мүмкін.
Жастық шақтардағы қорқыныш әдетте, барлық балаларға тән болып келеді. Әсіресе, ол эмоционалды сезімтал балаларда психикалық және тұлғалық ерекшелігін көрсеткіші ретінде жиі көрінеді.
Олардың пайда болу себептеріне келесілерді жатқызуға болады[1]:
- Туған адамдарына қорқыныштың болуы. Қорқынышардың көбі ата-аналарынан бей саналы түрде беріледі, сонымен қатар, сендірілетін қорқыныш категорияларыда бар (мәселен, Жалмауыз кемпір, өрмекші, жылан және т.б.). Бұл категорияға белгілі бір тәртіпке қол жеткізу мақсатныда, ата-аналардың өз балаларын қорқытатын кейіпкерлер жатады;
-Балаға қарым-қатынас таныту барысында туындайтын үрейлік;
-Қауіптен қорғау барысындағы әсершілдік;
-Тыйымдардың көп болуы;
-Отбасындағы ересек адамдардың жүзеге асырылмайтынымен көп қорқытулар;
-Шошу, шок тәрізді психологиялық жарақат;
-Отбасылық ролідерді ауыстыру нәтижесінен туындаған, анасының жүйке-психикалық тозуы;
-Отбасында қақтығыстық жағдайлар;
Ғылыми педагогикалық-психологиялық әдебеттерді талдау барысында балалар қорқыныштарының көптеген түрлері бар екені анықталды. Қорқынышты психосоматикалық симптомдары арқылы анықтауға болады және де, егер бала өз қорқыныштарын балалық шақта жеңе білсе, онда бұл оның келешектегі үйлесімді дамуына әкеледі.
Ст.Холл кез-келген пән, қандайда бір құбылыс қорқыныш обьектісі ретінде бола алтынының сенімді түрде көрсетеді. Бұл әсіресе, қараңғыдан, қатты дауыс естігенде, таныс емес адамдар мен жерден, жануарлардан, судан, оттан, найзағайдан тіпті кейбір балалар анасының үмітін ақтамай қалудан және тағы сол сияқты құбылыстардан қрқатын балалар ерекше көрінеді. Өз тәжерибесіне негізделген қорқыныштарымен бірге, қоршаған орта сендірген қорқыныштарда қосылады (баланы тыныштандыру барысында ата-аналары баланы тыныштардырамын деп, бірақ, бала қорқынышын одан бетер күшейтіп алады). Балаларға айтылатын ертегілер де баланың санасында жаңа қорқыныштарды тудырыды. Осыған орай инстинктивті сақтық, жеке тәжірбие, әлеуметтік қоғамның әсері қорқыныштың қайнар көзі болып табылады[2].
Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерде қорқыныш дамуның әлеуметтік-мәдени және психологиялық алғы шарттары қарастырылады[3]. Адам психикасының дамуына қарай және оның өмірдегі формасының күрделенуіне байланысты қорқыныш әлеуметтік жанамалық сипатқа ие бола бастайды. Сонымен бірге, сезім мен уайымның рухани-этикалық кемелденуін көрсетеді. Адамның ерте әлеуметтік дамуы сияқты, бала өмірінің алғашқы кезеңдерінен бастап-ақ барлық жаңа және ол үшін әлі белгісіз заттар мен құбылыстардан қорқады, мәселен, ертегі кейіпкерлерін және түрлі заттарды тірілтеді, белгісіз жануарлардан сақтанады және өзі, ата-анасы мәңгі өмір сүретініне сенеді.
Л.А.Петровская, Т.М. Мишина, А.С. Спиваковская бала қорқынвштарының пайда болу себебтеріне отбасыдағы баланы дұрыс емес тәрбиелеу, қиын отбасылық жағдайды жатқызады [4]. Отбасыдағы жалғыз балалар көбірек қорқыныш сезіміне бейім болып келеді, олар ата-ананың қамқорлығымен және алаңдаушылығының эпицентрі болып табылады. Жалғыз бала ата-аналармен тығыз эмоционалды байланысты болады және олардың алаңдауын тез өзіне қабылдап алады. Ата-аналарды балалар тәрбиесінде бір нәрсені жасап үлгермеу алаңдаушылығы билейді, сондықтан да, олар баладан үміт күте отырып, оның дамуын интеллектуалдандыруға ұмтылады. Соның тәтижесінде балаларда ата-ананың қойған талаптарына сәйкес келмеу, үміттерін ақтай алмау қорқынышы пайда болады. «Ата-аналардың жасы балаларға алаңдаушылықтың пайда болуына айтарлықтай маңызды. Жас әрі, өмірге ғашық ата-аналарда, балаларында алаңдаушылық пен мазасыздануға бейімділігі аз. Ал «жасы үлкен» ата-аналардың (35-45 жас) балалары әдете, мазасыз болып келеді. Балалар ата-аналарының алаңдатушылығын сезетіндікен, олар алаңдаушылықтың белгілерін ерте таныта бастайды, ал бұл балалардың өз өзіне сенімділігін төмендетеді» [5].
Бала дамуның басты тенденциясы жоғарғы психикалық функциялардың қалыптасуымен байланысты. Л.С.Выгодскийдің тарихи-мәдени теориясының негізінде онтогенездің негізгі бөлігі психикалық процестердің белгілік жанаманың дамуымен байланысты [6].
К.Э.Изард жастық және невротикалық қорқыныштарды бөліп көрсетеді [7]. Жастық қорқыныштар эмоционалды сезімтал балаларда байқалады, яғни олардың психикалық пен тұлғалық даму ерекшелікерінің негізінде көрінеді. Олар келесі факторлардың әсерлерінен пайда болады: ата-аналарда қорқыныштардың болуы, аса қатты қамқор таныту, баламен қатынастағы үрейдің болуы, құрдастарынан изоляциялау, сол жыныстағы ата-аналардың тыйм салуларының көп болуы немесе басқа жыныстағы ата-ананың баласына тым көп еркіндік беру, шошу сияқты психикалық жарақаттар және т.б.
Баланың жасы | Қорқыныштары |
1-3 жас | Жалғыз қалу, жақындарының қасында болмауы, кенеттен пайда болған дыбыстардан, кенеттен болған өзгерістерден, бөтен адамдардан, кері ықылас туғызған адамдардан және оқиғалардан (мысалы, дәрігерден) |
2-4 немесе 3-5 жас | Жалғыз қалудан, қараңғыдан, жабық кеңістіктерден, «бір жерін ауыртып алудан» |
4-6 немесе 5-7 жас | Ажалдан қорқу, осыдан – қоңыздан, өрмекшіден, қаннан, жарадан т.б. қорқыныштар басталады.
Өзі үшін, одан кейін жақсы көретін адамдары үшін қорқу. Өлшемге келмейтін қорқыныштар (жалмауыз кемпірлерден, құбыжықтардан, аңыздардан т.б.). бұл қорқыныштар баланың қиялында туындайды. Себебі ол ажалдың не екенін білмесе де оның бар екенін түсінді. Ол басқа адамдардың өлуі және өзінің өліп қалуы мүмкін екендігін біледі. |
5-8 немесе 6-7 жас одан үлкен | «Жаман бала» болудан, жұрттың ойындағыдай болмай шығудан қорқу. Осы қорқыныштан – төмен баға алу, кешігіп қалу, тақта алдында жауап беру, т.б. қорқыныштар туындайды.
Соғыстың, апаттың, аурулардың болуы мүмкіндігінен қорқу. |
Жасөспірімдер | Шет қалудан қорқу.
Өзін-өзі (жеке тұлғалығын) жоғалтудан қорқу. |
Қорта келгенде, егер ата-аналар жиі ұрысатын болса, онда олардың қорқыныштары көбейе түседі. 6-7 жастағы қыз жіне ұл балалар ата-аналарының қақтығыс жағдайына қорқыныш пен үрей сезімдерімен қарайды. Балалардың жасы есе келе, олардың эмоционалды сезімталдығы да өсе келеді. 7 жастағы қыз бен ұл балалар толық есем отбасындығы балалармен салыстырғанда қорқыныш сезімдері көбірек болады, яғни бұл ата-аналар арасындағы өзара қатынастарға сезімталдығын көрсетеді.
ӘДЕБИЕТТЕР
-
Овчарова Р.В. Практическая психология образования. М., «Академия». 2003.
-
http://artpsy.kz/category/gylymi-zertteuler/psihologiadagy-innovacialyk-adister/
-
Нетреба С. Влияние коррекции тревожности на формирование адекватной самооценки младшем школьном возрасте с учетом этническо й принадлежности детей. //Ұлт тағылымы. 2004. №3, 122-126б.
-
Жуманкулова Е. Тревожность как предпосылка девиантного поведения подростка. //Бастауыш мектеп. 2005. №2. 47-50б.
-
Абрамова Г.С. “Введение в практическую психологию” – Екатеринбург: “Деловая книга”, Москва: Издательский центр “Академия”, 1995
-
“Альманах психологических тестов” – Москва: “КСП”, 1995 – с. 333-336
-
Алякринский Б.С. “Общение и его проблемы” – М.: Знание, 1982 – 64 с. (Новое в жизни, науке, технике. Сер. “Молодежная”, №7)