Алматы облысы. Қарасай ауданы «Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі, Педагог- ұйымдастырушы
Таштанова Эльнара Мамышовна
Пәні: математика | Тақырыбы: Өткенді бекіту. Денсаулықты қалай күту керек? | |
Күні:12 – ақпан | Мұғалімнің аты-жөні: Таштанова Эльнара Мамышовна | Мектебі:
«Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебі» КММ |
Сынып: 2 «А» | Қатысқандар: | Қатыспағандар: |
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: | 2.1.2.2 — көбейту және бөлу — өзара кері амалдар екенін түсіну,
көбейту және бөлу амалдарының компоненттері арасындағы байланысты анықтау 2.1.2.4** — 2; 3; 4; 5 сандарына көбейту кестесін құру, білу және қолдану |
|
Ойлау деңгейлері
Білу, түсіну |
Бағалау критерийлері: | |
|
||
Тілдік мақсат: | көбейту және бөлу амалдарына берілген мысалдарды дұрыс оқиды,
көбейту және бөлу амалдарының компоненттерін атай алады |
|
Пәндік лексика және терминдер:
Жұп-тақ; көбейту, бөлу амалдарының компоненттері |
||
Талқылауға берілген сұрақтар:
1.Денсаулықты қалай күту керек? |
||
Бұған дейін меңгерген білім | 2; 3; 4 сандарына көбейту және бөлу |
Жоспарлан-ған уақыт есебі | Жоспарланған тапсырмалар | Дереккөздер
/ресурстар/ |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Басы
(5-6) 3-4 минут 2минут Ортасы (28-30мин) 3-4 минут 3-4 минут 5-6 минут 6 минут 2 минут 7-8минут 4 минут Соңы 2-3 минут |
– Балалар, «Балмұздақтың таяқшасын» таңдап, денсаулықты күту туралы қандай кеңес беретінін айтып, сыныптасына ұсын (әр оқушы денсаулықты сақтауға байланысты кеңес айтып, таяқшаны жазылған атқа байланысты тиісті балаға ұсынады)
–Осы айтылған ұсыныстарың орындалып, денсаулығымыз мықты болып , жоғары нәтижелерге жетіп жүре берейік. –Балалар бүгін біздің сабағымыз күндегіден ерекше болмақ, бізге бүгін қонақтар келіп отыр қонақтарымызға есепті қалай шығара алатындығымызды көрсетейікАл, сабағымызды үй тапсырмасын тексерумен бастайық. — Сендер жаңа денсаулық мықты болу үшін өз кеңестеріңді айттыңдар, енді біз сабақ бойы денсаулықты қалай күту керек екенін айтып, ережесін құрастыруымыз керек. Ол үшін сендер дұрыс орындаған әр тапсырмадан кейін ереже ашылады. Егер дұрыс орындалмаса ереже ашылмай қалуы мүмкін, сондықтан тапсырманы мұқият орындайық. Ал, бірінші тапсырмадан бастайық. Сендердің алдарыңда өрнек жазылған қағаздар тұр. Амалды орындау үшін белгісіз санды төртбұрыштың орнына қойып, амалдарды жылдам орындауға тырысайық. Мен кубикті лақтырамын шыққан санды белгісіз санның орнына қойып, өрнекті шешуге тырысамыз Жұппен жұмыс: 2 *□ + 2 4 * □ – 4 3 * □ +10 2 * □ + 2 4 * □ + 20 3 * □ – 3 -Осы шыққан сандардың ішінен жұп сандарды атайықшы. (балалардың жауабын тыңдап, дәлелдеу) Тапсырма дұрыс орындалса, 1-ережені ашу, талдау: Күн тәртібін сақта! Топпен жұмыс. «Оқы, есепте»
1-топ:
2-топ:
3-топ:
Тапсырма дұрыс орындалса, 2-ережені ашу, талдау: Дұрыс тамақтан!
Дәптермен жұмыс: Оқушыларға дәптедегі тапсырмаларды оқытып, тақтаға және дәптерге есепті шешу А)Шешуі: 6*2=12 Жауабы: оқушылар 12 шелек алма жинады Ә) Шешуі: 55+(55-25)=85 Жауабы: 85 спор жабдығ сатып алынды Б) Шешуі: 36:4=9 Жауабы: әр командада 9 оқушыдан болды Тапсырма дұрыс орындалса, 3-ережені ашу, талдау: Спортпен шұғылдан!
-Балалар, бір спорт түрін ойнап көрелік, «Баскетбол ойыны». Аты аталған бала мұғалім партасына жүріп келіп, кез-келген допты таңдап, доптың үстінде жазылған мысалды шешіп, допты ұяшыққа тастайды. Тапсырма дұрыс орындалса, 4-ережені ашу, талдау:Ағзаңды шынықтыр!
Сергіту сәті Топпен жұмыс. Постер қорғау Есептің шартын, шешуін, жауабын постерге салу, қорғау -Өзара смайлик әдісі арқылы бағалау Тапсырма дұрыс орындалса, 5-ережені ашу, талдау: Тазалықты сақта! Тез ойлан: Интербелсенді тақтадан өмірге байланысты мысалдарды шешу: 1.Әжей өз немерелеріне арнап қолғап тоқыды. Оның үш немересі бар екен. Әже неше қолғап тоқу керек? 2.Тоқылдақ сағат 1-ден бастап, ағаш қабығының қоңызын жей бастады. Әр сағатта ол 8 қоңыз жеді. Сонда 4 сағатта неше қоңыз жейді? 3.Алмастың туылған күніне 5 досы келді. Алмастың қарындасы олардың аяқ киімдерін санай бастады. Неше аяқ киім бар екен? 4.Үйде мысық пен күшігім бар еді. Оладың аяқтарын кім тез есептеп береді екен? 5.Шаршылардың санын қалай тез есептеуге болады? 6.30 баланы 3 қатарға отырғызу үшін неше баладан бөлу керек?-
Тапсырма дұрыс орындалса, 6-ережені ашу, талдау: Денсаулығыңа зиянды әдеттерден сақ бол! –Жарайсыңдар балалар! Біз бүгінгі сабаққа тиісті тапсырмаларды орындап, ережелердің барлығын аштық. Енді қорытындылап айтайықшы, бүгінгі сабақта не білдік, не үйрендік, нені қайталадық. Кері байланыс: Сабақ ұнаса және тапсырмалардың бәрі сәтті өтсе, тақырыпты түсініп, өзгеге түсіндіре алсаң таяқшаңды бірінші ұяшыққа орналастыр; егер тапсырма орындау барысында бірнеше қателіктер кетсе екінші ұяшыққа; ал егер тақырыпты түсіну мен тапсырмаларды орындауда қиналсан таяқшаңды үшінші ұяшыққа орналастыр. |
Шаттық шеңберінде
Кубизм әдісі Демонстрациялық материалдарды ашу Кестемен жұмыс Демонстрациялық материалдарды ашу Дәптермен жұмыс «Баскетбол» оынының инвентарі Демонстрациялық материалдарды ашу Постермен жұмыс Интербелсенді тақта Демонстрациялық материалдарды ашу |