Қазақтың ұлттық «Асық» ойыны
Тақырыбы: Қазақтың ұлттық «Асық» ойыны
Пән аты: Дене шынықтыру
Сынып: 7 «Г»
Мұғалімі: Жиенбаев Жасұлан Мұхамбетқалиұлы
| Сабақ: Қазақтың ұлттық «Асық» ойыны | Мектеп: № 80 МГ Астана қаласы | |
| Күні: 19.01.2018ж | Мұғалімнің аты – жөні: Жиенбаев Жасұлан Мұхамбетқалиұлы | |
| Сынып:7 | Жалпы саны: 23 Қатысқандар саны:23 Қатыспағандар саны:0 | |
| Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: | 7.3.1.1 Асық ойнау барысында дене қозғалыс машықтарының сапасын жақсартады. | |
| Сабақтың мақсаттары: | Барлық оқушылар жасай алады:Асық түрлерін ажыратып,асықты қалай ойнау керек екенін біледі.
Оқушылардың көпшілігі жасай алады: Асық түрлерін біледі. Кейбір оқушылар жасай алады: Оқу нормативі бойынша асық ережесімен толық ойнай алады. |
|
| Тілдік мақсат: | Пәнге қатысты сөздік пен терминдер: алшы,бүк,шік,т.б.
Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер: Асық ойнау барысында ойын ережелерін,асық түстерін бір-бірінен сұрайды. Талқылауға арналған сұрақтар:Асық ойнауда жылдамдықты арттыруға не кедергі болды? |
|
| Жоспарланған уақыт | 40 минут | |
| Жоспар: | ||
| Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар |
| Басы
10-12минут |
Сыныпты сапқа тұрғызу. Мәлімет алу.Сәлемдесу.Сабақтын тақырыбын, мақсатын түсіндіру.
Сап жаттығулары: «оңға», «солға», «кері бұрыл» Жүру және жүгіру жаттығулары:Қозғалыстағы жаттығу топтамасы және орында тұрып орындалатын жаттығулар топтамасы. Түрлі- түсті асықтарды қолдану арқылы оқушыларды топтарға бөлу, арнайы дайындалған дорбаға оқуішылар санына қарай түрлі түсті асықтар салынады. |
Ысқырық, секундомер,асықтар. |
| Ортасы
20-23 минут |
Залда 3 түрлі ойын ойнатылады.
|
|
| Соңы
Минут 4-5 |
Босаңсу жаттығуларын жасау. Оқушыларды сапқа тұрғызу, Оқушыларды асық оунауына байланысты марапаттау. Бағалау. Үй тапсырмасы: Асық ойнаудың тағы да дағдыларын үйрену. Оқушылармен қоштасу. | |
| Қосымша ақпарат | ||
| Саралау. Оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыларға тапсырманы қалай түрлендіресіз? | Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай бағалайсыз? | Пәнаралық байланыс, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері, АКТ- мен байланыс, құндылықтардағы байланыс. |
| Асық ойынын дамытуға үлес қосу. | Математика, геометрия,қазақ тілі. | |
| Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті? Қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге? |
Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орындарды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |
