Куанышкалиева Гулмира Бактыгалиевна

Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Қарасу ауылы
Ащысай елді мекені, Ащысай бастауыш жалпы білім
беретін мектебі, мектепке дейінгі ұйымның І санатты тәрбиешісі
Куанышкалиева Гулмира Бактыгалиевна

Тақырыбы: Текше, шаршы, цилиндр.
Тақырыбы: «Жапырақ жауғанда»
Тақырыбы: Не сыйлау керек?
Тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы.
Тақырыбы: “Кеңістікті бағдарлау”

Ұйымдастырылғын оқу әрекетінің технологиялық картасы

Мектеп алды даярлық тобы

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі:Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру

Тақырыбы:Текше,шаршы,цилиндр

Мақсаты: Текше,шаршы,цилиндр ұғымдарын тереңдету.Айналаны қоршаған ортаға оған ұқсас заттар көп екеніне балалардың көңілін аудару.Геометриялық пішіндерді ажырата білуге жаттықтыру.Балалардың ойлау қабілетін арттыру.

Қостілділдік құрам:текше-куб, цилиндр- цилиндр,шаршы-квадрат

Іс- әрекет

кезендері

Тәрбиешінің іс- әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңбері

Арайлап таң атты

Алтын шуақ таратты

Қайырлы таң балалар!

Қайырлы таң қонақтар!

Қәнекей балалар бәріміз орнымызға отырайық.

-Балалар шаттық шеңберін қимылмен орындайды.
Ізденушілік

Ұйымдастыру-шылық

Балаларға текше,шаршы, цилиндр туралы түсінік беру.

Цилиндр-тіктөртбұрышты оның қабырғаларының бірінен айналдырғанда шығатын геометриялық фигураны айтады.Шаршы– барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш шаршы деп аталады.Текше – Өзіңді қоршаған ортадағы заттардың ішінен текше,шаршы, цилиндр пішінді заттарды оңай таба аласың.Бұлар-көлемді фигуралар немесе гео

метриялық денелер.

Топтық тапсырма:«Артық пішінді тап» . Үлестірмелі материал ретінде балаларға үйлестіру. Ішінен артық пішіндерді табу.

Сергіту сәті

Топылдатып басайық,

Құсша қанат қағайық.

Иіліп оңға бір,

Иіліп солға бір,

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары-төмен қарайық

Орнымызды табайық.

Дидактикалық ойын:«Кім жылдам»

М:Балаларды үш топқа бөліп пішіндерді (текше,шаршы, цилиндр) тез-тез жинау.

Қостілдік құрамы:

Текше-прямоугольник,

Цилиндр- цилиндр ,

Шаршы-куб

-Балалар мұқият тыңдайды

-Сергіту сәтін қимылмен орындайды

Рефлексивті-

түзетушілік

Балалар бүгін қандай пішінмен таныстық?

Текшенің түсі қандай?

Шаршының түсі қандай?

Цилиндрдің түсі қандай?

Балаларды мадақтау,жұлдызшалар беру.

-Текше, шаршы, цилиндр

Күтілетін нәтиже:

Білу:_Текшемен,шаршымен,цилиндрмен танысты.

Үйрену: Пішіндерді ажыратуды үйренді.

Меңгеру: Пішіндердің қабырғаларын санауды меңгерді.

Ұйымдастырылған оқу-қызметінің технологиялық картасы №

Күні:

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Аппликация

Тақырыбы: «Жапырақ жауғанда»

Мақсаты:Күз туралы түсініктерін нақтылау; күз құбылыстарын атай білуді үйрету; қағаз бетіне заттарды жапсыра білуді үйрету; кеңістікте бағдарлай білу дағдыларына тәрбиелеу.

Алдын-ала жұмыс және оқу іс- әрекетіне дайындық:Серуенге шығып күз мезгілінің құбылыстары жайлы, басқа жыл мезгілінен қандай айырмашылықтары барын әңгімелеп беру.

Сөздік жұмыс: Жапырақ.

Қостілділік компонент: күз- осень, жапырақ- листья.

Қолданатын көрнекіліктер: Үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш, қызыл, сары, жасыл көбелектермен жапырақтар.

Оқу қызмет кезеңдері Тәрбиешінің оқу-қызметі Балалардың оқу-қызметі
Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңбер!

Балаларды шеңбер құрып тұруға шақырады.

-Біздің шеңберіміздің көлемі қандай болады?

-Ол неге ұқсайды?

-Ендеше, біз шар сияқты шеңберімізді үрлеп, үлкен шеңбер жасайық. Қане, бәріміз бірдей үрлейік.

-Жақсы, енді «Деніміз сау болсын!» деп бір-бірімізді емдейік.

-Қайырлы таң, көздерім, сендер ояныңдар!

-Қайырлы таң, құлақтарым, сендер ояныңдар!

-Қайырлы таң, саусақтарым, сендер ояныңдар!

-Қайырлы күн, сенде ояндыңба?

Тағы бір күн артта қалып, тағы арайланып таң атты.

Балалар шаттық шеңберін құрады.

-Үлкен.

-Шеңберге.

-Балалар үрлейді.

Бір-бірін емдеген болады.

Көздерін уқалайды.

Құлақтарын уқалайды.

Шапалақтайды.

Жымиып күледі.

Ізденушілік

Ұйымдастыру-шылық

-Балалар терезеге қараңдаршы, ауа райы қандай?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Ия, дұрыс айтасыңдар, қазір күз мезгілі.

-Ағаштағы жапырақтардың түсі қандай болады?

-Балалар, суретке назар аударыңдаршы, жапырақтардың түстері қандай екен?

-Ия, дұрыс айтасыңдар, күздікүні жапырақтар сарғайып жер бетіне жоғарыдан төмен қарай, яғни жерге түседі.

-Балалар, кәне бәріміз жапырақтардың күзде қалай түсетінін көрсетейікші. Осы көрініс балаларға да түсінікті болу үшін қағаз бетінде жапырақтардың қалай жерге түсетінін жапсырып көрсетейік.

Сергіту сәті.

Желмен бірге шалқайып,

Тербеліп тұр ағаштар.

Кілем болып жайылып,

Жерге түсті жапырақтар.

-Күз мезгілі.

-Сары,қызыл,қоңыр.

-Сары, қызыл.

-Жапырақтар сарғайып, қурап жерге түседі.

Тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды. Балалар әуен ырғағымен күзде жапырақтардың түсуін қимылмен көрсетеді.

Балалар сергіту сәтін тәрбиешімен бірге қайталап айтады және қимылмен көрсетеді.

Оқу қызметінің бағалау кезеңі -Бүгін оқу іс-әрекетінде жылдың қай мезгілінде болатын құбылыспен таныстық?

-Жапырақтар күздікүні қалай жауады екен?

-Күзде жапырақтардың түстері қандай болады?

Балаларды мадақтау.

Күз мезгілі

Жоғарыдан төменге қарай қурап түседі.

Қызыл, сары

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: Күздікүні жапырақтар қалай жауатынын білді.

Түсінеді: Күзде жапырақтар қызыл,сары түсті болатынын игерді.

Қолданады: Суретті мұқият, таза жұмыстану.

Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеттің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: қатынас, шығармашылық, әлеуметтік орта

Білім көздері:көркем әдебиет, сурет салу, қоршаған дүниемен таныстыру.

Тақырыбы: Не сыйлау керек?

Мақсаты: білімділік: отбасындағы ананың рөлі туралы кеңірек әңгімелеу.

Дамытушылық: аналары жайлы әңгімелету арқылы тіл байлықтарын дамытып, дүниетанымдарын кеңейту.

Тәрбиелеушілік: мейірімділікке, кішіпейілдікке, ананы құрметтеуге тәрбиелеу.

Қолданатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу,көрсету

Қажетті көрнекі құралдар: көктем мезгіліне байланысты суреттер, гүлдердің суреттері, әр үстелде қызғалдақ, бәйшешек, сарғалдақтың суреттері, эмблемалар, гүл күлтешелері.

Билингвалды компонент: көктем-весна, ана-мать,mother, қызғалдақ, тюльпан,

раушан-роза,rose

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Себепті қызығушылы ғын ояту кезеңі І. Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып,өлең айтады.

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз.

Қайырлы күн қонақтар,

Қайырлы күн достар!

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем айларын атап беріңдер.

-Бұл мезгілде табиғатта қандай өзгерістер болады?

-Көктемде қандай алғашқы мереке тойланады?

Осы кезде ішке аузына қағаз тістеген Ұзақ құс ұшып келеді.

-Сәлематсыңдар ма, балалар! Мен көктемнің алғашқы құсы – Ұзақпын. Сендерге арнап Көктем –ару жұмбақ жазып жіберіп еді,оқып берейін.

Құлпырса,қадірлейді, аялайды,

Қураса, сыпырғышқа жарамайды.

-Рахмет,балалар!Сабақтарыңа сәттілік тілеймін!

Тәрбиеші балаларды қызғалдақ, сарғалдақ,бәйшешек бойынша 3 топқа бөліп отырғызады.

-Көктем

-Наурыз,сәуір,мамыр

-Күн жылынып, қар ериді.Құстар келе бастайды.Алғашқы гүлдер шыға бастайды.т.б.

-8-наурыз Аналар мерекесі тойланады.

Гүл

Ұйымдастыру

шылық ізденіс кезеңі.

ІІ.Жаңа сабақ.

І топ «Қатынас». 1.Балалар, өмірде үш қадірлі зат бар, ол – күннің нұры, сәбидің күлкісі, ананың ақ сүті!

-Біз жақын арада қандай мерекені тойладық?

2.Ж.Әлмашевтың «Не сыйлау керек?» әңгімесінің мазмұнын балаларға баяндау.

3. «Сұрақ-жауап» кезеңі.

-Балғынға көкесі нені ескертті?

-Балғын қайда келді?

-Ол не туралы ойлады?

-Апайы Балғынға қандай көмек көрсетті?

-Балғын ненің суретін салды?

-Ол анасына қандай сыйлық беретін болды?

4.Әңгіменің толық мазмұнын сұрау.

5.Анашым, бақытым сөздеріне сөйлем құрау.

Сергіту сәті.

Күнге қарап қол созамыз 1,2,3,

Қызғалдақтай ырғаламыз 1,2,3.

Дөңгеленіп би билейміз 1,2,3,

Үлкен болып біз өсеміз 1,2,3.

ІІ топ «Шығармашылық».

1.Суреттегі бәйшешек, қызғалдақ,қалампыр,түймедақ, раушан,қоңыраугүл,сарғалдақ гүлдерімен таныстыру.Олар туралы мәлімет айту.

Бәйшешек – көктемнің ең алғашқы гүлі. Одан кейін сәуір айында қызғалдақ өседі.

Раушан-ежелгі Үндістан,Египет жерлерінде раушан гүлі әсемдіктің, қуаныштың, сұлулықтың белгісі болды.Шығыста раушан гүлінен әртүрлі тәттілер дайындайды. Ал Болгарияда гүл күлтешелерінен иіссу жасап шығарады.

Қалампыр – әсемдік, сәндік үшін өсірілетін, иісі әдемі өсімдік. Қалампырдың хош иісті түрлерінен сабын, иіссу жасайды. Жабайы түрінен жара емдейтін дәрілік майлар алады.

Қоңыраугүл – гүлі қоңырау пішіндес өсімдік. Қазақстанда он шақты жабайы түрлері өседі.Қазақстанда өсірілетін көптеген түрлері Қызыл кітапқа енгізілген.

2.Қызғалдақ гүлін бастырып бояйды.

Сергіту сәті.

Қанат қағып жалма-жан,

Талпынғандай ұшуға.

Иіліп келіп қол созам,

Аяғымның ұшына.

ІІІ топ «Әлеуметтік орта». 1.–Балалар, сендер сабақтан үйге қайтқанда,алдарыңа шәй-тамақ әзірлеп күтетін кім?

-Сендерді «айым», «күнім», «құлыншағым», «айналайын» деп кім еркелетеді?

-Жарайсыңдар,балалар,олай болса бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз «Ана – өмір гүлі».

Адам үшін ең аяулы, ең қастерлі жан – Ана.Ол бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақанын, жылы жүзі, ыстық құшағы мен мейірімін, махаббатын арнайды.

-Неге ананы – өмір гүлі дейміз, балалар? Сендер қалай түсінесіңдер?

– Біздің киімімізді жуатын кім?

-Сендердің сабақтарыңа көмектесетін кім?

-Сендер ауырсаңдар, түнімен ұйықтамай сендердің жағдайларыңды жасайтын кім?

-Сендер ренжісеңдер, көңілдеріңді көтеретін кім?

-Әрине,балалар,ана. Мінекей,біздің әлемде қолынан барлығы келетін өміріміздің гүлі – Ана екен. Сондықтан анаға қарсы сөйлемеу керек,ренжітпеу керек.

2.Дәптердегі ана туралы өлең оқылады, мазмұны түсіндіріледі.

3Ана туралы мақалдар сұрау.

4.Дәптердегі құттықтау хатқа тілектерін жазады.

-Анасының мерекесіне не сыйлауды ойлауды ескертті.

-Балғын балабақшаға келді.

-Ол не сыйлауды ойлап,терезе алдындағы гүлге қызықты.

-Апайы гүлдің суретін салуға кеңес берді.

-Ол қызыл гүлдің суретін салды.

-Ол анасына гүл салып беретін болды.

Анашымды қатты жақсы көремін. т.б.

-Анамыз.

-Анамыз.

-Анамыз әдемі.

-Бізге тамақ істейді.

-Анамыз күн сияқты жып-жылы.

-Ол өте мейірімді, қамқор.

3.Ананың сүті-бал,баланың тілі-бал. Анаға қарап қыз өсер,

Әкеге қарап ұл өсер.

4.Анашым!Мерекең құтты болсын! Ешқашан ауырма!

Іс-әрекетті бағалау кезеңі. Қорытындылау:

1.-Үйде аналарыңа көмектесесіңдер ме? Қалай көмектесесіңдер?

-Аналарыңа қандай сыйлық жасайсыңдар?

-Ана туралы қандай тақпақ білесіңдер?

2. «Кім білгір?» ойыны. Гүлдердің аттарын атап, гүл күлтелерін құрастыру.

Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі сабаққа жақсы қатыстыңдар! Осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар!

Гүлдердің аттарын атап, гүл күлтелерін құрастырады. Қызғалдақ, бәйшешек, сарғалдақ, қалампыр, лалагүл, раушан, райхан, қоңыраугүл, түймедақ.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: гүлдердің көптеген түрлерін біледі.

Қандай түсініктерді игерді: ананың өмірдің гүлі екенін түсініп, оны қадірлеуді үйренді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: әңгіменің мазмұнын меңгерді.

Ересектер тобында ұйымдастырылған оқу іс -әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас
Тобы Ортаңғы топ
Бөлімі Тіл дамыту іс-әрекеті
Тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы

Құзыреттілікке жеткізетін ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің мақсат –міндеттері:

Ақпараттық құзыреттілік:

Коммуникативтік құзыреттілік:

Проблема шешу құзыреттілігі:

Балаларға мамандық иелері туралы түсініктерін кеңейтіп, олардың қызметтерімен таныстыру.

Мамандық түрлеріне қызығушылығын оята отырып, еңбекке деген құлшынысын арттыру .

Суреттер арқылы ойлау, қиялдау, салыстыу қабілеттерін дамыту.Өз беттерімен дидактикалық ойынның шешімін таба білу. Шығармашылықтарын, іскерліктерін дамыту. Балалармен болашақ мамандықтары туралы әңгімелесу.

Қолданылатын технологиялар: Дамыта оқыту, ойын,
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелесу,сұрақ-жауап , ойындар ойнау.
Көрнекіліктер: Мамандық иелері бейнеленген суреттер және құралдары.
Беллингвиалдық компонент:
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс -әрекеті Балалардың іс -әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Психологиялық сәт. Амансың ба Алтын-күн,

Амансың ба Көк-аспан,

Амансың ба Жер-ана,

Қайырлы таң бәріңе!

Жарайсыңдар, балалар.

Балалар қолдарын көтеріп амандасады.
Іздену -ұйымдастырушы -Балалар, біздер бүгін мамандық иелерімен танысамыз

-Біздің балабақшада кімдер жұмыс жасайды?

-Дұрыс айтасыңдар.Бізге тақпақ, ән мен биді үйрететін кім? Ал ауырып қалсақ кімге барамыз? Күнде дәмді тамақ пісіретін кім?

-Сонымен қатар балабақшада тігінші мен ұста бар. Біздің мерекелік киімдерімізді тігетін- тігіншілер.Ал сынған орындықтарымызды, шкафтарымызды жөндейтін-ұсталар.

-Ал сендердің ата-аналарың қандай жұмыс істейді? Ата-аналрының және басқа да мамандықтар туралы сурет арқылы әңгіме құрату.

-Балалар енді назарымызды мына суретке аударайықшы. Суретші нені шатастырған?

-Жарайсыңдар, балалар.Дидактикалық ойын: «Артығын тап»

Мақсаты.Мамандық иелерінің құрал-

жабдықтары туралы білімдерін бекіту.

Шарты: Карточкада мамандық иелерінің құрал-

жабдықтары, сонымен қатар артық бір зат бейнеленген, соны балалар тауып айтулары керек.

Ойын қортындысы. Балалар суреттегі заттардың аттарын, не артық екенің айтады.

-Ал балалар айтыңдаршы, сендер өскенде кім болғыларың келеді? Балалармен болашқ мамандықтары тіуралы әңгімелесу. Ол мамандық не себепті ұнайтынын сұрау және мамандықтарды суреттен көрсетеді.

Балабақшада аспзшылар, тәрбиешілер,дәрігер жұмыс жасайды.

Тәрбиеші, дәрігер, аспаз

Өз ата-аналарының қызметтері жайында әңгімелейді.

Балалар сурет бойынша әңгіме құрастырады.

Суретке қарап, мамандық иелерінің өз құралдарын ажыратады.

Балалар бір маманға тиесілі құралдар тізбегінен артық затты

табады

Балалардың болашқ мамандығы жөнінде әңгіме..

Рефлексивті коррекциялаушы Сонымен бүгін біз кімдермен таныстық?

Балабақшада кімдер жұмыс жасайды?

Өте жақсы. Қандай жұмыс жасасақта ол үшін көп еңбектенуіміз керек және өз елімізге пайдамызды тигізуіміз керек.Сонда ғана жақсы маман иесі боламыз.Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Баланың білуі:

  • Ата-анасының қызмет орны мен балабақша қызметкерлерін.

Баланың меңгеруі:

  • Мамандықтар туралы толық мәлімет алады, суреттер бойынша маман иелерін, құрал-жабдықтарын ажырата біледі.
  • Өз бетімен тапсырма орындау, артық затты айту.

Баланың жасай алуы:

Талдау жұмысын жүргізу, нақты сұрақтарға жауап беру

Білім беру саласы: Таным
Тобы: Ересек
Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Тақырыбы: “Кеңістікті бағдарлау”

Құзыреттілікке жеткізетін ұйымдастырылатын оқу іс-әрекеттің мақсат-міндеттері:

А)Ақпараттық құзыреттілік

Ә)Коммуникативтік құзыретілік

Б)Проблема шешу құзыреттілік

А)Балаларға кеңістікті бағдарлай білу (оң, сол, алыс-жақын, жоғары, төмен, ішінде, астында, үстінде) туралы түсінік беру

Ә) Кеңістікті бағдарлау (оң жақта, сол жақта, жоғарыда, төменде, алдында, артында, алыс-жақын, төменгі, жоғарыда, оң жақта, сол жақта) бағдарлай білу дағдыларын қалыптастыру

Б) Заттың қай жерде, қалай, өзіне немесе қай затқа жақын орналасқандығын ауызша жеткізе білу шеберлігін дамыту. Белгілі бір бағытта келе жатып, белгі бойынша бағытын өзгерте білуге жаттықтыру

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің түрі: Ойын технологиясы
Пәнаралық байланыс: Сурет салу
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің әдіс-тәсілдері: Түсіндіру,көрсету, сұрақ-жауап
Қолданылатын технологиялар: Ой қозғау, дидактикалық ойындар, бой сергіту,бағалау, қорыту.

Көрнекіліктер:Кеңістікке байланысты мазмұнды суреттер, карточкалар

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Жылулық шеңберде тұрып, жылы сөздер айту

-Балалар, қуанышыңызды бір-біріңізге жеткізейік

Біз қаңдаймыз, қаңдаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз.

Ренжуді білмейміз.

Қуанамын мен де,

Қуанасын сен де,

Қуанайық достарым!

Арайлып атқан күнге.

Шеңберге тұрып, тақпақтар айту арқылы бір-біріне көтеріңкі көңіл сыйлайды. Тақпақты барлығы бірге қуанышты түрде айтып береді.
Іздену-ұйымдастырушы -Жарайсыңдар, балалар, енді бәріміз күнге қарайықшы. Күн бізге не береді?

-Олай болса, амандасып алайық.

Сәндетіп даламыз,

Сәулетті қаламыз

Сәулеңмен құлпырды,

Сәлем күн анамыз.

-Балалар күн, бір орында тұрмайды, жәймен жылжып көтеріле береді.

-Балалар қараңдаршы күн қайда тұр?

-Аспанда тек күн бола ма?

-Кеңістікке байланысты сендерге көптеген ойындарымыз бар?

1тап.Қандай зат оң жағынан төртінші;сол жағынан үшінші; оң жақтан екінші; сол жағынан бірінші; сол жақтан бесінші;

Қолшатырдан кейін қандай сурет тұр, сәбізден кейін, саңырауқұлақтың алдында, күрек пен шелектің ортасында қандай сурет тұр?

Оң жағында қандай зат орналасқан; қолшатырдың оң жағында; шелектің сол жағында; саңырауқұлақтың астында астында; көбелектің сол жағында қандай заттар орналасқан?

2тап. Дид. ойын:

«Қайсысы алыс, қайсысы жақын?»

3 тап.

Үйшіктің артына күннің суретін сал, жанына –шыршаның, алдына-доптың суретін сал.

4 тап. Логикалық ойын:«Тез жауап бер»

1) Күн қайда тұр?

2)Оң қолын қайда, сол қолың қайда?

3)Бағдаршамның қызыл түсі қай жерінде орналасқан?(ортасында, астында, үстінде)

4)Қолғапта неше саусақ бар?

5 тап: Сергіту сәті

Ал балалар тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Оңға бір қарайық,

Солға бір қарайық,

Алақанды соғайық.

Алға қарай бір қадам,

Артқа қарай бір адым.

Жоғар-төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

-Өте жақсы. Келесі тапсырмаларды орындайсыңдар ма?

6 тап. Дид. ойын:«Пішіңнен 2 топ құрауға жаттықтыру»

Шарты:Көк және қызыл пішіндермен оң, сол жаққа топтастыры білуге үйретіп жинақтау. Оң жаққа бір қызыл пішін, сол жаққа қарай 2 көк пішін қойылып көп-аздығын салыстыру.

-Балалар, сендер ақылды, білімді, тапқыр, әдепті екенсіңдер.Тапсырмаларды жақсы орындадыңдар!

-Күн бізге жарық жылу, қуаныш береді.

Тақпақты хормен айтады.

-Күн аспанда тұр

-Жоқ, ай, жұлдыздар да болады.

-Алма, сәбіз, шар, шелек, гүл, қолшатыр, шар.

-Сәбіз, саңырауқұлақ

Тапсырмаларды түсініп орындайды.

Қимыл-қозғалыспен 2 рет қайталап жасайды.

-Иә

Рефлексивті корркциялаушы КАРТОЧКАЛАРМЕН ЖҰМЫС

Әр баланың алдына карточкалардағы жұмыстарын бақылау.

-Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетінен қандай тапсырмалар орындадық?

-Сабақ ұнады ма?

Балалар карточкамен жұмыстанады.

Өз жауаптарын айтады.

-Иә

Күтілетін нәтиже:

Баланың білуі: Оңжақ, сол жақ, алыс, жақын, астында, үстінде, жоғары, төмен, туралы кеңістіктерді айыра біледі;

Баланың меңгеруі:Кеңістікті бағдарлау (оң жақта, сол жақта, жоғарында, төменде, алдында, артында, алыс-жақын, бағдарлай білу дағдыларын меңгереді;

Баланың жасай алуы: Сұрақтарға толық жауап бере алады, тапсырмаларды өз беттерінше орындай алады; Сергіту

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше