konkurs042018

Габдуллина Гулдария Губашевна

Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Қарасу ауылы

Ащысай елді мекені, Ащысай бастауыш жалпы білім

беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Габдуллина Гулдария Губашевна

  • Сабақ тақырыбы: 20-ға дейінгі сандарды қосу.
  • Сабақ тақырыбы: Қазақстанның рәміздері.
  • Сабақ тақырыбы: Өзім туралы өзім айтамын. Қадыр Мырза Әли.
  • Тақырыбы: Қош келдің, әз Наурыз! Ертеңгілік.
  • Тақырыбы: Білім берудің жаңарту жолдары. (Баяндама)

Күні:

Сынып: 1

Пәні: Математика

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Мектеп:

Мұғалім:

Ортақ бөлім: «Менің отбасым және достарым »
Бөлімшелері: 2.1 санды және әріпті өрнектер
Сабақтың тақырыбы 20-ға дейінгі сандарды қосу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.5.2.2 «+», «-», «=», «<», «>» белгілерін пайдалану
Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар: қосу амалын ортақ элементтері жоқ жиын-дардың бірігуі, азайтуды жиынның бөлігін ажыратып алу ретінде түсінеді;

Оқушылардың басым бөлігі:

ондықтан аттамай, 20 көлеміндегі сандарды/ ондықтарды ауызша қосу және азайтуды орындайды;

Кейбір оқушылар:

“+”, “–”, “=” таңбаларын қолданады.

Табыс критерийі Дескриптор

  • «+» таңбасын дұрыс қолданады;
  • «-» таңбасын дұрыс қолданады;
  • «>» таңбасын дұрыс қолданады;
  • «<» таңбасын дұрыс қолданады.
Жетістік критерийлері Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Өнер
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба , таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік Қосу, азайту, теңдік, артық, кем
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Шаттық шеңбері

Ширату «Санамақ»

1-дегенім бесік,шықтым содан өсіп,

2-дегенім елім,далам тауым көлім

3-дегенім үміт,үміт артар жігіт т.б.(жалғасы айтылады)

Ой ашар

1. 8,16,18 сандарының құрамын анықта

2.20-ға дейінгі сандардың ішінен тақ сандарды теріп жаз

3.20-ға дейінгі сандардың ішінен жұп сандарды теріп жаз

4. 20-ға дейінгі сандарды тура және кері сана

Шаттық шебері

Бағалау түрі

Сабақтың ортасы

15 минут

1-тапсырма.

Оқушылардың алдына 1-ден 20-ға дейінгі сандар үлестіріледі.Сол сандардың ішінен 1 оқушы жұп сандарды, 2 оқушы тақ сандарды теріп жазып,тақтадағы «Жұп» және «Тақ»

сандар ұяшығына орналастырады.

Таныстырылым. 7

14 + 3= 4+ 3 + 10 = 17

14=1 онд. 4 бірл.

4 бірл. + 3 бірл. =7 бірл.

1 онд. + 7 бірл. = 1 онд. 7бірл. = 17

Сурет бойынша қосу амалына мысал құрастырып шығар. Берілген тапсырма екінші ондық

бойынша сандық сәулені қолданып, сандарды қосу дағдысын бекітуге арналған. Кірпінің солдан оңға қарай қозғалуына қарап оқушылар бұл жағдайда азайту амалы емес, қосу амалының орындалатынын анықтайды. Содан кейін олар кірпінің алмаға жету үшін неше қадам жүруі керектігін санайды да, теңдік құрастырады:

5 + 10 = 15.

Ойын: «Орнын тап» Қосу амалын орында.

18 17
14 19

13+4=? 11+3=? 11+7=? 14+5=?

Қосу амалының компоненттерін атасаң мына ұяшықтар ашылып, әдемі суреттер шығады.

От шашумен бағалау

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Басбармақпен жұмыс

Сергіту сәті

1 минут

Физминутка. Ведиороликтен көрсетіп қайталау Сергіту сәтіне арналған жинақ
Сабақ соңы

15 минут

Шығарып көр. Оқушылар әр ыдыстағы дәрумендер санын анықтауы керек. Ол үшін бірінші ыдыстағы үлгі ретінде көрсетілген нұсқауды сыныптағы оқушылармен бірге талқылып алыңыз да, жұмысты жұппен орындауды тапсырыңыз.

Тапсырманы орындау қиындық туғызған жағдайда оқушыларға көмектесіңіз.

Жауаптарын ламинатталған қағаздарға жазып, оны бірін-бірі тексергенде пайдалануға болатынын ескертіңіз.

Жауабы:

а) 18; ә) 20; б) 15; в) 19.

Үй құстары. Тапсырманың мазмұнымен танысуды ұсыныңыз. Шешімін табу үшін оқушыларды топтарға біріктіріңіз. Топтардан бір оқушыдан жауабын айтуға ортаға шақырып, жауапты талқылаңыздар.

Жауабы:

13 құс аулада жем шоқып жүр.

Орындап көр. Тапсырманы жұппен немесе топпен орындауды ұсыныңыз. Тапсырманы орындай отырып, оқушылар 20 көлеміндегі мысалдарды шешеді. Алған нәтижесін талдайды және “кез келген санға бірді қосқанда, әрқашан келесі сан шығады” деген ереже тек бір таңбалы сандарды қосқанда ғана емес, сонымен қатар екі таңбалы сандарды қосу кезінде де орындалады деп қорытындылайды.

Түрлі тапсырмалар
Кері байланыс

2 минут

Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.

Бас бармақтар
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Өзіне сенімділігі аз оқушыға таңдау жасатып сандардың орналасуын көрсетуіне мүмкіндік беру Оқушылардың бірін-бірі бағалауы Пәнаралық байланыс

АКТ-ны қолдану

Бірігіп зерттеу жұмыстары

Бағалау критерий

7 минут

Қалыптастырушы

тапсырмалар

Дескриптор: Балл
Білім алушы:

  • Қосындыны және айырманы жазуда «+», «-» таңбаларын дұрыс қолданады.
Тапсырма

Бос орынға «+», «-» таңбаларының тиістісін қойыңыз.

2 □ 3 = 5 9 □ 3 = 6

6 □ 2 = 8 4 □ 2 = 2

Білім алушы:

  • «+» таңбасын дұрыс қолданады;
  • «-» таңбасын дұрыс қолданады.
1

1

Күні:

Сынып: 1

Пәні: Дүниетану

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Мектеп:

Мұғалім:

Ортақ бөлім: «Салт –дәстүр және ауыз әдебиет»
Бөлімшелері: 3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттік және отансүйгіштік
Сабақтың тақырыбы Қазақстанның рәміздері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.3.5.1 Қазақстан Республикасының рәміздерін өзге елдердің рәміздерінен ажырату;
Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар:Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін ажыратып айта алады;

Оқушылардың басым бөлігі:тудағы бейнелердің мағынасын айтады;

Кейбір оқушылар:мемлекеттік рәміздерді құрметтеуді біледі.

Табыс критерийі Дескриптор

  • бейнеленген рәмізді атайды;
  • Қазақстан Республикасының туын анықтайды.
  • Қазақстан Республикасының елтаңбасын анықтайды
  • елтаңбаның элементтерін жазады.
Тірек сөздер: ту – флаг – flag;

елтаңба – герб – coat of arms; әнұран – гимн – anthem;

мемлекеттік рәміз – государственный символ – state symbol.

Ресурстар: Мультимедиапроектор, Мемлекеттік рәміздер бейнеленген плакат, ҚР Мемлекеттік Әнұранның дыбыстық жазбасы, И.Ескендір «Көк Тудың желбірегені» әні, «Ту», «Әнұран», «Елтаңба», «Бәйтерек», «Алтын адам» сөздері жазылған үлестірме парақшалар, флип-шарт, түрлі-түсті маркерлер, «Мемлекеттік ту» тақырыбына таныстырылым, түрлі-түсті қағаздар, қайшы, желім, мемлекеттік рәміздегі бейнелердің элементтері бар суреттер (қыран, жұлдыз, күн, шаңырақ, қанатты тұлпар), жапсырмалар, өрнек жапсырмалар, «Орындап көр» айдары тапсырмасына арналған ту үлгілері.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Ширату

-Қайырлы күн, қымбатты балалар! Бүгін мен сендерді ерекше көңіл-күймен қарсы алып тұрмын. Сендер үшін бір керемет әрі жақсы нәрсе жасағым келіп тұр.

Кәнеки өзіміздің шаттық шеңберімізде тұрып, Махаббат періштесі сыйлаған «сиқырлы таяқшаны» бір-бірімізге бере отырып, жақсы сөздер мен игілікті тілектер айтайық. Осы таяқшаның көмегімен біз мейірімді сиқыршыға айналамыз. Балалар, мен өзімнің тілегімді бірінші айтайын.

Бақыт, шаттық тілеймін,

Ертемен барлық балаға.

-Ал, енді мен Рамазанға «сиқырлы таяқшаны» берейін. Рамазан айта қойшы сен достарыңа не тілегің келеді?

Балалар бір-біріне «сиқырлы таяқшаны» бере отырып, өздерінің игілікті тілектерін айтады.

Мен бәріңе Денсаулық тілеймін!

Мен бәріңе Қуаныш тілеймін!

Мен бәріңе мейірім тілеймін!

Топқа бөлу

Ортада тұрған оқушыларға Қазақстан Республикасының Әнұраның бір-бір жолдан жазылған қиындыларын үйлестіріп, оқушылар өздері ретін анықтап, бірінші шумақ, екінші шумақ және қайырмасы болып үш топқа бөлінеді. Ортада тұрып, әнұранды орындайды.

1-ші топ: Әнұран

2-ші топ: Елтаңба

3-ші топ: Ту

Шаттық шебері

Бағалау түрі

Сабақтың ортасы

15 минут

Ой ашар

Ребус шешу

1-ші топ бірінші ребус. (елтаңба)

2-ші топ екінші ребус (әнұран).

3-ші топ үшінші ребус. (Ту).

Сабақты Ибрагим Ескендірдің орындауында

«Көк Тудың желбірегені»әнін тыңдаудан бастауға болады. Бейнебаяннан әнді тыңдап болғаннан кейін:

«Ән тыңдағанда қандай сезімде болдыңдар?» «Бүгінгі сабақ не туралы болады деп ойлайсыңдар?» – деген сұрақтар қою арқылы сабақ мақсатын ашуға жетелеңіз.

Жауабы: Ту туралы.

Суретке қара.

Бұл суреттердің бәрі бірге қайда бейнеленген? Олардың әрқайсысы нені білдіреді?

От шашумен бағалау

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Басбармақпен жұмыс

Қыран, күн,оюдың суреттері

Сергіту сәті

1 минут

Физминутка. «Қаражорға» Сергіту сәтіне арналған жинақ
Сабақ соңы

15 минут

Анықта.

Мемлекеттік ту қандай жағдайда көтеріледі?

Ойлан.

«Тусыз бірлік болмайды, елсіз ерлік болмайды» деген мақалды қалай түсінесіңдер?

Сен білесің бе?

Орындап көр

*Өз тобыңның туын жаса.

*Тобыңның туы қандай болады?

Оқушы постер қорғайды.
Кері байланыс

2 минут

Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.

Бас бармақтар
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Жұмыс дәптеріндегі «Менің елімнің рәміздері» тапсырмасын орындау ұсынылады. Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы) Пәнаралық байланыс

АКТ-ны қолдану

Бірігіп зерттеу жұмыстары

Бағалау критерий

7 минут

Қалыптастырушы

тапсырма

Дескриптор:
Білім алушы:

  • Қазақстан Республикасының рәміздерін таниды.
  • Басқа рәміздер арасынан анықтайды және көрсетеді .
1-тапсырма

Суретте бейнеленген рәміздің атауын айтыңыз. Қазақстан Республикасын таныстыратын рәмізді белгілеңіз.

2-тапсырма

Қазақстан Республикасының елтаңбасын тауып, белгілеңіз. Елтаңбада бейнеленген элементтерді жазыңы

Білім алушы:

  • бейнеленген рәмізді атайды;
  • Қазақстан Республикасының туын анықтайды.

Білім алушы

  • Қазақстан Республикасының елтаңбасын анықтайды
  • елтаңбаның элементтерін жазады.
1

1

1

1

Күні:

Пәні:Әдебиеттік оқу

Сынып:2

Мектеп: Мұғалімі:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы Өзім туралы өзім айтамын.

Мәтін: Қадыр Мырза Әли. Не үшін?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 2.1.3.1 — шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау
Сабақтың мақсаттары Барлығы: Шығарманың бөліміне сүйеніп оқиғаның соңын болжай алады;

Көптеген: Шығарманың үзіндісіне сүйеніп оқиғаның соңын болжай алады;

Кейбірі:Шығарманың тағырыбына сүйеніп оқиғаның соңын болжай алады;.

Бағалау критерилері − оқиғаның соңын болжап айтады;

− мәтінді тақырыпқа сәйкес құрастырады;

− мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды.

Сөздік қор Қыңбау – қорықпау.
Құндылықтарды дарыту Ақынның өмірімен таныстыру, Адам өзін-өзі құрметтеу
Денсаулық және техника қауіпсіздігінің сақталуы Сергіту сәті, Ведиоролик
Пәнаралық байланыстар Дүниетану, Өзін өзі тану
АКТ қолдану дағдысы Компьютер,
Бастапқы білім Абай атаның сөзін жақсы тыңдаймын

Абай Құнанбаев. Ғылым таппай мақтанба

Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс –әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

2 мин

7 минут

Ширату.

Оқушылар шеңберге тұрады. Барлығына сиқырлы дорбадан ойыншықтар таңдап алуға мүмкіндік жасау. Қолдарына түскен ойыншықты пайдаланып сөйлем бе, тақпақпа әлде өтірік өлеңбе, өз ойларынан құрастырады.

ҚБ: Басбармақпен бағалау

(М; Қ) Ш. Күмісбаевтың «Көз, құлақ, мұрын және ауыздың айтысы» мысалынан үзінді оқылады. Оқушылар шығарманың мазмұнына болжау жасайды. Әдеби шығарманың жанрын анықтау үшін мұғалім мысал жанрының ерекшелігіне тоқталады.

Шәкен Күмісбаев

Көз, құлақ, мұрын және ауыздың айтысы (мысал)Ойда жоқта адамның көзі, құлағы, аузы, мұрны бір уәжге келмей айтысып қалады. — Мен болмасам, адам атаулы өмір сүре алмас еді,- деп бастайды Көз дауын. — Асқар биік тауларды, жазық-жазық белдерді, көк толқын көлдерді мен арқылы көреді. Менсіз бәрі-қара түнек қапас тіршілік. Оның несі сән? Сұлулықты, биіктікті, тереңдікті, қашықтықты адам мен арқылы болжайды. Мына сөзге шыдамай кеткен құлақ көзге дүрсе қоя берді. — Әй, көз бауырым, мен болмасам, адам бұрқана соққан дауылды, көк теңіздің толқығанын, бұлақтың сыңғырлаған сұлу сылдырын, аспанда ұшқан аққудың қанатының суылын, тіпті бірінің сөзін бірі естімес еді,- дейді ол. — Сендер текке тәжікелеседі екенсіңдер,-дейді мұрын араға түсіп. –Мен болмасам, адам атаулы тыныс ала ма, тұншығып өлмей ме?! Таза ауаны, қолқаны қапқан түтінді түйсіне ме?! — Бәріңдікі бос сөз. Мен болмасам, аштан қаларсыңдар. Ащының да, тәттінің де дәмін білмей дал боларсыңдар,-дейді ауыз. Олардың айтыс-таласын тыңдай-тыңдай жалыққан Ми сол кезде қалғып кеткен екен.Міне, ғажап! Көз көруден, Құлақ естуден, Мұрын иісті сезуден, ал Ауыз сөйлеуден қалып, олар да еріксіз ұйықтап қалыпты.

(Ұ) «Шығарма не туралы?» екенін «Үш таяқша» әдісі арқылы шығарманың тақырыбын анықтау.

ҚБ: Басбармақпен бағалау.

Сиқырлы дорба. ойыншықтар

Мұғалім таңдауы бойынша шығарманың кез- келген бөлігін оқып беріп, «Шығарма не/кім туралы болуы мүмкін?» сұрағын қою арқылы оқушыларға шығарманың мазмұнын болжатады. Оқушылар пікірталас барысында басқалардың айтқан сөзін тыңдап, олардың көзқарасына келісетінін немесе келіспейтінін білдіреді. «Шығарма кім/не туралы?» «Үш таяқша» әдісін қолданғанда әр топ 1 сұрақ, 1 жауап, 1 идея дайындап шығарманың тақырыбын анықтайды.

Сабақтың ортасы

6 мин.

Жеке жұмыс.Тізбектетіп оқыту.Саралау.

10мин.

Сергіту сәті

2 мин

Қосымша тапсырма 7 мин

Бүгінгі мақсатымыз: шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау

(Ө). 1. Өзіңді жақсы жағынан қалай таныстырар едің?

Үлгі: Мен мейірімдімін. Өйткені …

Мен өнерлімін. Өйткені …

Мен шыншылмын. Өйткені …

Оқулықпен жұмыс.2-сабақ. 6-8 бет.

Тыңдалым.

Мәтін: Қадыр Мырза Әли. Не үшін?

(Ө). 3. Сызбаны пайдаланып, автор туралы әңгімеле.

ҚБ: Смайлектермен бағалау.

(Ж) Саралау.

А — Өлеңдегі қарамен белгіленген сөздерді дауыс ырғағын дұрыс қойып, мәнерлеп оқы.

Б-Кестедегі сұрақтарға жауап бер.

ҚБ: «Екі жұлдыз,бір ұсыныс»

Сергіту сәті.

Ведио ролик

(Ж) Айнаға қарап, өзіңді сипатта. Мәтіндегі ақын сөздерін пайдалан.

ҚБ: «От шашу»

Оқулықпен жұмыс

Кесте пернетақтада слайдпен көрсетіліп тұрады.

Айналар

Сабақтың соңы

6 мин.

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар

Білім алушы • Тақырыпқа сүйеніп, оқиғаның соңын болжайды

Тапсырма

Мәтіннің үзіндісін мұқият тыңда.

Әділет екінші сыныпта оқиды. Анасы оған жаңа оқу құралдарын сатып әперді. Әділет оларды сөмкесіне салып қойды. Бір кезде ол сөмкенің ішінен шығып жатқан дауыстарды естіді…

Оқиғаның бастапқы бөліміне сүйеніп, «Оқу құралдары арасындағы дау» деген тақырыпқа мәтін құрастырып айт.

Мәтін құрастыруда берілген суреттер мен сұрақтарды пайдалан.

• Дауға қандай оқу құралдары қатысуы мүмкін? • Олар өзі туралы не айтады деп ойлайсың? • Оқиға қалай аяқталуы мүмкін?

Дескриптор Білім алушы − оқиғаның соңын болжап айтады;

− мәтінді тақырыпқа сәйкес құрастырады;

− мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды.

Рефлексия

Жетістік баспалдағы.

Қалыптастырушы тапсырмалар

Оқу құралдар

Саралау – оқушыларға қалай

көбірек қолдау көрсетуді

жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары

оқушыларға қандай міндет қоюды

жоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Денсаулық және қауіпсіздік

техникасының и сақталуы

Саралау.

А — Өлеңдегі қарамен белгіленген сөздерді дауыс ырғағын дұрыс қойып, мәнерлеп оқы.

Б-Кестедегі сұрақтарға жауап бер.

*Оқушылардың ойын, пікірін тыңдау;«Үш таяқша»әдісі.

*мұғалімнің мадақтауы,бағалауы;

* Топтық өзара бағалау,«Екі жұлдыз,бір ұсыныс»;

* Өз-өзін бағалау;

*ҚБ бағалау критерийі мен дескриптор;

*Жетістік баспалдағы

Сергіту сәті,

Перне тақта. Ведиоролик

Қош келдің, әз Наурыз!

Мақсаты:Оқушылардың Наурыз мерекесі жөніндегі білген, түйгенін одан әрі толықтыру, мерекедегі айтылған ұлағатты салт-дәстүрді дәріптеуге, халқымыздың ұлттық мәдениетін дамыт, табиғатпен үндестікке, құрметтеуге тәрбиелеу.

Ресурстар:қанатты сөздер: «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!», «Наурыз тойы құтты болсын!», Шарлар, Домбыра, Киіз үй, салт –дәстүрлерге керекті-жабдықтар, т.б

Ертеңгілік барысы:

Ортаға Қыдыр ата келеді. (жай ғана музыка дыбысы естіліп тұрады).

Қыдыр ата:Ақыл –ойды асырып,

Ата салтын сақтаңдар,

Дұрыс сөзге тоқтаңдар.

Ұлыс күні ұрысты,

Өкпе –назды тастаңдар.

Мынау тұрған халықты

Ынтымақ пен достыққа,

Жақсылыққа бастаңдар.

Айналайын ел-жұртым,

Орындалсын арманың,

Жайқала берсін орманың.

Әумин!

Балапандарым, ата-салтын ұмытпай Ұлыс тойын өткізіп жатқандарың өте жақсы. Ал маған айтатындарың бар ма, күтіп отырған жалпақ ел бар, асығыспын. (Бір екі оқушы өз тілектерін айтады). Жарайды, онда тілегімді айтып аттанайын.

Жарқыра, жайна, Наурызым,

Қабағы жаудың түйілсін.

Береке –байлық –дәм –тұзы,

Халқыма мәңгі бұйырсын!

Сау болыңыздар. Келесі кездескенше. (Қыдыр баба кетеді.)

1-оқушы:Армысыздар, жамағат!

Ару көктем, әз Наурызым, ақ күнім,

Ала келген бар әлемнің шаттығын.

Қазан –қазан көже жасап,

Азан –қазан көңілменен күй кешу

Біздер үшін бақ бүгін.

2 –оқушы:Наурыз келді нұрландырып дүниені,

Жерге басын алтын тәжді күн иді.

Бүкіл әлем жаңарады, түрленеді,

Кәрі дала жасарып гүлденеді.

Жан дүниемде ғажап сезім оянады,

Ой да, қыр да алуан түске боянады.

(Музыка ойнап, шашу шашылады.)

1-жүргізуші:Наурыз –өте көнеден келе жатқан мейрам. Наурыз сөзі парсы тілінде «нау» жаңа, «рыз» күн деген сөздерден шығып, жылдың бірінші күнін білдірген. Бұл күні күн мен түн теңеліп, жан-жануарлар төлдеп, адамдардың ауызы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған.

2-жүргізуші:Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.

Жарығыңмен, шуағымен, Жер Ана,

Алып келдің жер бетіне гүл көктем.

1-жүргізуші:Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,

Қастерледік, қадіріңді білдік те.

Құтты болсын Ұлы күн, жұмылдырған

Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке!

2-жүргізуші:Иә, Наурыз тойына жиналған халайық! Ойын –тойымызды жалғастырайық. Той тойға ұлассын. Бүгінгі күн- салт –дәстүрімізді жаңғыртып, көсегеміз көгерген күн.

1-жүргізуші:Айтпақшы, достым, бүгін Батырбек атаның үйінде қуаныш, той болады деп естідім. Ендеше бекер отырмайық. «Қызықтан құр қалма» деген, неге ойын –тойды тамашаламасқа?! Кеттік Батырбек атаның үйіне. (Кетеді)

Көрініс

(Сахнада асық ойнаған балалар, келіні самаурын қайнатып жүреді, екі жақтан сахнаға атасы мен әжесі шығады.)

Атасы: Оу, кемпір, оның –мұның дайын болды ма? Жақсы хабар жетісімен опынып қалып жүрмеңдер.

Әжесі: Ой, байғұс-ай, тек құлынымның жаны қалсын десейші! Өзгесін сонан соң көре жатармыз.

(Көрермендер залынан бір топ балалар шулап жүгіріп саханаға көтеріледі.)

-Сүйінші, сүйінші!

-Алақай, алақай!

-Дүниеге жас нәресте келді!

-Көкем ұлды болды!

-Әпкем ұл туды! Сүйінші!

-Ата, әже, сүйінші! Өмірге немерелеріңіз келді.

-Ақ түйенің қарыны жарылды.

Әжесі: не дейді? Шын айтып тұрсыңдар ма? Құлыным-ай!

Атасы: Рақмет, қарақтарым! Міне, сүйіншілерің. Алыңдар, қарақтарым, ала қойыңдар. (Балаларға кәмпит, тиын береді.)

Келіншек: Ата, әже, немерелеріңізді әкеле жатыр.

Дауыстар: -Немерелеріңіздің бауы берік болсын!

-Қуаныштарыңыз қызықты болып, ұзағынан сүйіндірсін!

-Жақсылық жақсылыққа ұлассын!

-Жас тума шаңырақтарыңызға бақыт әкелсін!

Атасы: қарақтарым, орта толсын.

(Екі жас келіншек сәбиді үйге алып келеді. Қонақтармен бірге екі жүргізуші же келеді. Әжелер жас тума жолына шашу шаады. Келіншек сәбиді алдымен әжесіне береді.)

Атасы: Ой, құлыным –ай, өмір жолың ұзақ болғай! Тіл мен көзден аман болғай! Тфә, тфә! Құлыным, аумаған атасы ғой. Ал атасы, немереңді сен ал қолыңа.

Қонақ әже: Жо-жоқ, кезекті алдымен бізге бер. Біз атасынан көрімдік аламыз.

Әжесі: Алыңдар, алыңдар, міне атасы екеуміздің көрімдігіміз. (көрімдігін береді.) Төрлетіңіздер, отырыңыздар, құрметті қонақтар. Дәмнен ауыз тиіңіздер! Бүгін біздің үйімізде той-думан, немереміздің дүниеге келген күні.

Атасы:(Немересін қолына алады.) Бақытты, өмірлі бол, қарағым!

1-жүргізуші: Немереңізге ақ жол тілеп, батаңызды беріңіз.

Атасы: Құлыным, үлкен жігіт бол,

Халыққа сенім үміт бол.

Ата-анаңа, баршаға

Ұлы бақыт қызық бол.

Анық ойлы шешең бол,

Ел бастаушы көсем бол.

Қорғансызға қамқор бол,

Елеусізге кешен бол.

Бар қазақтың ұлы бол,

Көп қауымның дүрі бол.

Өзің берік бұтағым,

Қайда жүрсең тірі бол. Әумин!

Әжесі: Құрбыларым, келін, сіңілерім, ата-бабамыздан қалған дәстүр бойынша бала туған күні сол жанұяда той болып, қалжа сойылады. Қалжа дәмінен ала отырыңыздар. Қымтырылмай кең отырыңыздар!

Қонақтар: Рахмет, Батима. Ризамыз саған. Немереңнің бауы берік болсын.

-Халқына қалаулы, еліне елеулі азамат болсын!

-Халқымыз берекелі, үйіміз мерекелі болсын!

Батима әже:Тілектеріңді тәңірім қабыл етсін. Айтпақшы, ауылдың алты ауызын айтайық та.

Келіні: Иә, алты ауыз айтқанға әжемнің сыйлығы бар. Қабыл баста!

Қабыл: Жарайды, қоймадыңдар ғой, айтсам айтайын. Дүниедегі ең қымбат жан –Ана . Ана баланы өмірге әкеледі. Ана балаға өмір бойы қамқор болады. (Ш.Қалдаяқовтың әні «Ана туралы жыр».)

Қонақтардың біреуі: Біз өзімізді марапаттап жүргенде әкелерді де ұмыт қалдырмайық.

-Дұрыс айтасың. Ендеше, әке туралы бір ән айтайық. (Әке туралы ән айтылады. Ән біткен соң Батима әже әнші балаға кәдесін береді.)

Батима әже: Балам, дауысың керемет екен! Менің немереме жұғысты болсын. Мына сыйлығымды шын жүректен беріп отырмын. Ала ғой.

Әнші бала: Рақмет, Батима әжей. Немереңіздің өмірі ұзақ болсын. Амандық болса осы үйде әлі талай қуаныштарда кезігерміз.

Қонақтар: Иә, біраз отырдық. Енді мына дәмге, өмірге келген жас сәбиге ақ батамызды берейік. Әже, бата өзіңізден.

Қонақ әже:(бата береді)

Батима әже: Немеремнің қызығына ортақ болғандарыңызға рахмет айтамын. Енді қырық күннен кейін шілдехана тойына жалғастырмақ ойымыз бар. Одан бұрын жас сәбиге азан шақырып ат қою –парызымыз. Сол рәсімге қатысуға шақырамыз. Ал мынау- той жартысы. Алыңыздар. Тойымыз тойға ұлассын!

(Күй, ән орындалады.)

Білім берудің жаңарту жолдары (Баяндама)

Бүгінгі таңда оқыту бағдарламасы заман талабына сай өз бағытына жаңа әдіс –тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдауды талап етеді. Бүгінгі заманда өркениетті елдердің көшіне ілесу үшін өз білімін жетілдіріп отыруды талап етеді. Біліктілікті арттыру курсында деңгейлеп оқыту бағдарламасының әдіс-тәсілдерінің теориялық негізін меңгере отырып, оқытудың жаңаша әдіс –тәсілдерін деңгейлеп оқыту бағдарламасын оқып үйреніп, практика кезінде бұл оқудың артықшылықтарына көз жеткізуге болады. Қазіргі таңда білімді өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде бұл оқу бағдарламсының алатын орны ерекше. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы –әлемнің түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен бағдарламаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады. Қазіргі уақытта педагогика ғылымның бір ерекшелігі –баланың тұлғалық дамуына бақытталған жаңа оқыту технологияларын шығарып, оқу үрдісін енгізу. Бастауыш мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдері қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды интербелсенді оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл –ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Интербелсенді оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады. Мысалы: сауат ашу кезіндегі сабақтар оқушының дыбыс пен әріпті меңгерумен қатар сөздік қорын арттырады. Тілін дамыту да сабақ барысында жүргізіледі. Сабақта диалогты сөйлеуге үйрету, түрлі тапсырмалар беру, оқушының ой –өрісін арттырады. Әрбір сұрақ оқушының ойын дамытуға лайықтанып берілуі тиіс. Мысалы: «Мына заттың аты не?», «Бұл заттың атынан қандай жаңа дыбыс естіп тұсың?», «Қалай ойлайсың?», «Бұл қандай дыбыс?». Оқушылар жауап беренде бірін-бірі толықтырып, ойланып, түзетіп оытру арқылы есте сақтау, іздену және зерттеу қабілеттерін дамытады. Жазуды ауада жазып, кеспе әріптермен жазып үйренеді. Ол оқумен қатар меңгеріледі, текшелер арқылы қателеспей дыбыстық талдау жасауға үйренеді, буындап оқи отырып, буындарды жазуға, тұтас сөзді жазуға үйренеді. Психолог Л.С.Выгодский айтуынша «Бала дамуының ең шарықтау шегі –бұл тіл мен ойдың шығармашылығы». Оқыту барысында жаңа техноглогиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой-өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді. Оқыту мен дамыту әдістерінің екеуі де жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін маңызды айғақтар болып саналады. Интербелсенді оқытуда оқушының ойлау, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттері артып, талдау арқылы белгілі бір шешімге келуге, оны дәлелдей білуге, қ

Оқушының өз ой –пікірін айтуға мүмкіндік беріледі. Бастауыш саты- бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан бастауыш мектеп- оқушыны түлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Президент жолдауында: «Ұлттық бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен анықталады»-деген байламы жеке адамның құндылықтарын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз. Әрбір талантты бала еңбекке бейім, шығармашылық тапқырлықпен еңбек етеді. «Дарынды ұстаздан дарынды шәкірт шығады» демекші, дарынды оқушылардың көп болуы шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздарға байланысты.

Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Білім беру мекемесінің алға қойған мақсатына жетуі үшін басқаруға ықпал жасайтын (мұғалімдер, мектеп оқушылары) және өзінің басқарушы ішкі жүйесі (әкімшілік, педагогикалық ұжым) біртұтас жүйе болғандықтан, инновацияға үнемі орын табылады. Инновацияның қажеттігі сыртқы себептермен де анықталады, ол мынадай бірқатар себептерге байлагнысты: адамдардың мұқтаждығын қамтамасыз ету қажеттілігі, мектеп оқушыларының білімге, дағдыға, шеберлікке деген ұмтылысы, жоғары сапалы білім алудағы жеке тұлғаның дамуы. Демек жаңалықтың ену қажеттілігі білім алуға деген коньюктураның мұқтаждығынан пайда болады. Білім берудегі жаңалық пен қоғамдық жаңалық бір ғана мақсатты көздейді, олар даму мен прорегртің қабілетін арттыруы қает. Білім берудегі жаңарту туралы айту барлық мағынасы қандай да бір қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған жағдайға ғана байланысты. Қоғамдық қажеттіліктің деңгейі мен сипаты ғана жаңалықты енгізу бойынша істелген жұмыстың бағыты мен жемістігін анықтайды. Сондықтан, оларды негіздеуде тар шеңберде қолданылатын міндеттермен шектеліп қана қоймай, әлеуметтік-педогогикалық дамудың нақты бағыттары мен негізгі мақсатттарын ескеруіміз қажет. Бұл ұсақ ұстанымсыз өз-өзімен, сондай –ақ, қоғамдық міндеттер мен құндылықтармен де еш байланыссыз тәртіпсіз шашырап жатқан инновациядан аулақ болу үшін маңызды» дейді А.Найн.

Облыстық білім жетілдіру институты мен қалалық білім беру департаментінің ұйымдастырған «Бастауыш білім беру сапасын жақсартудың ғылыми –әдістемелік мәселелері» тақырыбындағы конференцияда «Қазақ мектебінің ұлттық тәрбие жүйесі» мәселесі туралы іс-тәжірибеммен бөлісіп, баяндамам сарапшылар тарапынан оң бағасын алды. Бүгінгі таңда жинақтаған тәжірибеме сүйене отыра, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқу әдістемелік жұмысыма бүгінгі күн талабынан шығатындай өзгерістер енгізу керектігі жолында ізденудемін.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.