ШҚО, Ұлан ауданы, Ұлан ауылы «С.Аманжолов атындағы
орта мектеп» КММ бастауыш сынып мұғалімі
Аринова Асем Фазыловна
- Сабақ тақырыбы: Оқиға құрастыра аламын. Сын есім.
- Сабақ тақырыбы: Түбір мен қосымша.
Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7. Қоршаған орта Күні: 18.04.2018 ж. Сынып: 2 |
Мектеп: «С.Аманжолов атындағы орта мектеп» КММ
Мұғалімнің аты-жөні: Аринова А.Ф. Қатысқандар саны: 15 Қатыспағандар саны: 0 |
|||||||||
Сабақ тақырыбы | Оқиға құрастыра аламын. Сын есім. | |||||||||
Оқу мақсаттары | 2.1.4.1 — тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау
2.2.5.1 — дереккөздерден (сөздік, анықтамалық, энциклопедия) мәліметті табу жолын анықтап, берілген тақырып, сұрақ бойынша мәліметті іріктеп алу 2.3.5.1 – жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен түзету |
|||||||||
Табыс критерийлері
Тақырыпты болжайды. Сын есімді ажыратады. |
Дескрипторлар
Сурет бойынша тақырыпты болжайды Тірек сөздер тақырыпты болжайды Мәтіннен сын есімді табады; Сын есімге сұрақ қояды; |
|||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: Сын есімнің анықтамасын біледі. Сын есімге сұрақ қояды.
Оқушылардың басым бөлігі: Мәтіннің мазмұнын болжайды. Кейбір оқушылар:Алған білімін өмірде қолдана алады. |
|||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Пəндік лексика жəне терминология: Қандай? Қай? Талқылауға арналған сұрақтар: Сын есім дегеніміз не? Сын есімнің сұрақтарын ата. Жауабыңды дәлелде. |
|||||||||
Ишара | Сурет арқылы(құлақ-тыңдалым, ауыз-айтылым, көз-оқылым,қол-жазылым) | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Әдебиеттік оқу, жаратылыстану. | |||||||||
Алдыңғы білім | Сын есім | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы
5 минут |
Сәлемдесу.
Психологиялық ахуал қалыптастыру: Шап-шап шапалақ. Шап-шап шапалақ. Бір,екі,үш, Бір,екі,үш. Бойға жинап күш. Тапсырмадан қашпаймыз, Сабақты біз бастаймыз. Топқа бөлу: «Қатар» әдісімен. 1-топ: «Сын есім» тобы. 2-топ: «Зат есім» тобы. 3- топ: «Етістік» тобы «АӘБВ» әдісімен үй тапсырмасын пысықтау. 1.Сын есім дегеніміз не? а)Заттың сынын білдіретін сөздер. ә) Заттың қимылын білдіретін сөздер. б) Заттың атын білдіретін сөздер. в) Заттың санын білдіретін сөздер. 2.Сын есімнің сұрақтары? а)Қандай?Қай? ә)Кім?Не?Кімдер?Нелер? б) Не істеді? Қайтты? в) Қанша?Неше? 3.Сын есімді тап. а)Үлкен,ақ,тәтті. ә)Бес,алпыс,жүз б)Келді,жылады,оқыды. в) Әпке,алмалар,қасқыр. Бағалау: Керемет, ғажап, супер, тамаша, бәрекелді т.б. |
Қимылмен көрсетеді.
Қатар бойынша «АӘБВ» әдісі. |
||||||||
Сабақтың ортасы
20 минут |
Білу және түсіну
Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады. №56. Өлеңді көшіріп жаз. Асау өзен арқырап, Асқар таудан дүркіреп. Айдын жатыр жарқырап, Алды дала бір түлеп. Қасым Аманжолов «Әліпби желісі» әдісі 57-жаттығу. Өзің қалаған бір сурет бойынша сөйлем құрап жаз. Сын есімнің астын сыз. Дескриптор Сын есімді табады; Сурет бойынша сөйлем құрастырады; Сын есімнің астын сызады; Қорытынды жасайды. Бағалау: «Шапалақ» әдісімен Қолдану «Иә, жоқ» әдісі. Ауызша 58-жаттығу. Сын есім қатарын тап Күрек, шеге, жасыл, келу. Піл, мөлдір, тұнық, маймыл. Терең, жарық, қызыл, қою. Балапан, таңқурай, үлкен, жүз. Дескриптор Сын есімді табады, дәлелдейді Бағалау: «Смайликтер» әдісімен Сергіту сәті. «Оқуда озат боламын» |
АКТ
А4 парағы суреттермен жұмыс Оқушылар би билеп сергіп қалады. |
||||||||
Сабақтың соңы
15 минут |
Синтез
«Галереяны шарлау» әдісі. Топтық жұмыс. 48-жаттығу.Суретпен жұмыс.Постер қорғау. 1 – 3 топтар: Сұрақтар бойынша сипаттау мәтінің құра. Түлкі қандай аң? Түсі қандай? Оның құйрығы қандай болады? Түлкі қандай жерді мекендейді? Дескриптор Сұрақтарға жауап бере алады; Түлкіні сипаттап жаза алады; Сипаттау мәтінің құрастыра біледі; Бағалау. Бағалау шкаласы Рефлексия. Ереже құрастыру. Бейнежазба «Сын есім». Үйге тапсырма: 90- бет 59- жаттығу |
А4 форматты қағаз | ||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғарыоқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
||||||||
Оқушылардың бірін – бірі қолдап, жұмыс істеуін ынталандыру | Әр тапсырма барысында кері байланыс алу.
Бағалау кестесі. |
Денсаулық сақтау технологиялар
Сергіту сәттерімен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары |
||||||||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Сабақ мақсаттары шынайы, оқушылардың мүмкіндіктері мен қабілеттері қамтылған.
Оқушылар сабақта сын есіммен танысты. Сыныптағы ахуал жұмыс істеуге қолайлы, оқушылар бір – біріне қолдау көрсетіп, достық қарым – қатынас сезілді. Мен жоспарлаған әдіс – тәсілдер арқылы оқушылар тапсырмаларды орындай отырып, бір – біріне сұрақтар қоюы, оларға дұрыс жауап беруі арқылы диалогтік оқыту түрі жүзеге асты. Мен берілген уақытты тиімді пайдаландым. Өз жоспарымда ешқандай ауытқу болмады. |
|||||||||
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Интернет желісінен алынған бейнежазба. 2: Топтық жұмыс табысты болды. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: «Иә, Жоқ» әдісі, «Галереяны шарлау» әдісі. 2: «Әліпби желісі» әдісі,«АӘБВ» әдісі. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік /қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Келесі сабағымды жетілдіруде осы тақырып жалғасында әртүрлі белсенді әдістерді пайдалану оқушылар үшін өте қызықты және қолайлы болатындығын білдім. |
Пән: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша. Пайдалы Күні:18.01.2018 ж. |
Мектеп: «С.Аманжолов атындағы орта мектеп» КММ
Мұғалімнің аты-жөні: Аринова А.Ф. |
||||||||||||||||||
СЫНЫП: 2 | Қатысқан оқушылар саны: 15 | Қатыспаған оқушылар саны: 0 | |||||||||||||||||
Сабақ негізделген оқу мақсаттары | 2.1.2.1 — мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау
2.2.4.1 — мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау 2.3.5.1 – жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен түзету 2.4.2.1 – мұғалімнің көмегімен түбір мен қосымшаны ажырату |
||||||||||||||||||
Сабақ нәтижесі: | Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
||||||||||||||||||
Бағалау критерийі | Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. | ||||||||||||||||||
Ресурстар | Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. | ||||||||||||||||||
Әдіс-тәсілдер | Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. | ||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Музыка, қазақ тілі. | ||||||||||||||||||
Сабақтың жоспары | |||||||||||||||||||
Жоспарланғануақыт | Сабақ барысы : | Бағалау түрлері | |||||||||||||||||
Басталуы
3 минут |
Сәлемдесу.
Психологиялық ахуал қалыптастыру: Көңіл – күйлерің қалай? -Сабаққа дайындықтарың қалай?
Топқа бөлу: Уақытты үнемдеу мақсатында парта қатары бойынша топқа бөлемін. |
1-топ:Түбір
2-топ: Қосымша 3-топ: Жұрнақ |
|||||||||||||||||
Жаңа білім
3 минут 7 минут |
Білу және түсіну
Бөлім: Тілдік нормалардың қолданысы Бөлімше 4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау Оқу мақсаты 2.4.2.1 Мұғалімнің көмегімен түбір мен қосымшаныажырату Бағалау критерийі Білім алушы • Сөз құрамына (түбір мен қосымша) талдайды Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану Тапсырма Сөздерді оқы. Түбір сөздерге тиісті қосымшаларды сәйкестендір. Дескриптор Білім алушы — түбір сөздерді тиісті қосымшалармен сәйкестендіреді Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады. №38. Өлеңді түсініп оқы. Пайдалы. «Жариялау» әдісі . Топтық жұмыс (Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 минут) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)
|
ҚБ тапсырмасын орындайды
Оқулық, мәтіндер. |
|||||||||||||||||
Ортасы
15 минут |
Қолдану
Шығармашылық жұмыс. Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау. Оқушылар өздері орындайды. Монитор арқылы дұрыстығын тексереді №39. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып, мәтінді көшіріп жаз. Мектепте шахмат үйірмесі бар. Біз сол үйірмеге қатысамыз. Біз шахматтан болған жарыста бірінші орын алдық. «Ойлан, тап» ойыны 40- жаттығу. Бұлттардағы буындар мен сөздерден жұмбақ құрап жаз. Шешуін тап. Айдын суда жалтыр, Құлаштап жүзіп малтыр. ЖҮЗГІШ |
Оқулық, түрлі-түсті маркерлер | |||||||||||||||||
Сергіту сәті
2 минут |
Қыдырып қайтайық | Оқушылар би билеп сергіп қалады. | |||||||||||||||||
Аяқталуы
Сабақты бекіту 5 минут |
Ой қорыту
“Анықтау банкісі” Қайсысы түбір, қайсысы қосымша екенін анықтап, банкіге сал |
Тақырып бойынша түйген білімдерін жазады. | |||||||||||||||||
Бағалау
Кері байланыс 5 минут |
Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау
«Ақылды үкі» |
Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, ақылды үкіге жабыстырады | |||||||||||||||||
Үйге тапсырма: №41. 20-бетте. | |||||||||||||||||||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз
қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау — Оқушылардың
үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пəнаралық байланыс
Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
|||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Сабақ мақсаттары шынайы, оқушылардың мүмкіндіктері мен қабілеттері қамтылған.
Оқушылар сабақта түбір мен қосымша танысты. Сыныптағы ахуал жұмыс істеуге қолайлы, оқушылар бір – біріне қолдау көрсетіп, достық қарым – қатынас сезілді. Мен жоспарлаған әдіс – тәсілдер арқылы оқушылар тапсырмаларды орындай отырып, бір – біріне сұрақтар қоюы, оларға дұрыс жауап беруі арқылы диалогтік оқыту түрі жүзеге асты. Мен берілген уақытты тиімді пайдаландым. Өз жоспарымда ешқандай ауытқу болмады. |
||||||||||||||||||
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Шығармашылық жұмыс 2: Топтық жұмыс табысты болды. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: «Жариялау» әдісі. 2: «Ойлан, тап» ойыны,“Анықтау банкісі” Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Келесі сабағымды жетілдіруде осы тақырып жалғасында әртүрлі белсенді әдістерді пайдалану оқушылар үшін өте қызықты және қолайлы болатындығын білдім. |