Тақырыбы: «Төрт түлік мал»
Алматы қаласы Алатау ауданы
«№ 152 мектеп-гимназия» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі Жатқанбай Бақытгүл
Тақырыбы: «Төрт түлік мал»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларды төрт түлік малмен таныстыру,мал атауларын, ерекше қасиеттерін, пайдасын, күтім-бағымын түсіндіру.Атакәсіп туралы, олардың өмір салты жөнінде ұғым бере отырып, қазақ халқының табиғатқа, жан-жануарға деген қарым-қатынас,білімін тереңдету.
Дамытушылық: Төрт түлік туралы өлең, жыр, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, мәтіндер оқыту, танымын кеңейту, тілін,шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Еңбекқорлыққа, іскерлікке, шеберлікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Төрт түлік туралы қима қағаздар, суреттер, ойыншықтар т.б.
І. Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Суретер көрсетіп,анықтау.
Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қой)
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар. (сиыр)
Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,
Міңсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ. (жылқы)
Басында таяғы бар,
Төрт аяғы бар.
Екі құлағы бар
Иегінде сақалы бар. (ешкі)
Осындай халық мақалдары әр малдың түр-тұрпатын сипаттап көрсетеді.
ІІ. Мал төлдері туралы түсінік беру.
Оқушыларға мал төлдері бейнеленген суреттер немесе ойыншықтар көрсетіп, содан соң мал төлдерінің атын атап, әр төлді суреттегі енесінің қасына апарып қою.
ІІІ. Мал төлдерінің аттары./слайд көрсету/
Түйе төлі-бота
Жылқы төлі-құлын
Сиыр төлі- бұзау
Қой төлі-қозы
Ешкі төлі-лақ
ІV. Малдардың төлдеуі
Әр түліктің төлдеуіне байланысты айтылатын сөздер болады. Оған байланысты сөздерді дұрыс айтуымыз керек.
Малдың төлдеуі:
Түйе боталайды
Жылқы құлындайды
Сиыр бұзаулайды
Қозы қоздайды
Ешкі лақтайды-деп айтамыз.
-Балалар, малдардың төлдеуін немен байланысты айттық?
- Мал төлдерінің аттарымен байланыстырып айтамыз.
v. Малдардың дыбыстауы:
Әр малдың дыбыс шығаруы нақтылы сөзбен айтылады.
Түйе боздайды
Жылқы кісінейді
Сиыр мөңірейді
Қой маңырайды
Ешкі бақырады
-Қане, балалар, өзіміз дыбыстап айтып көрейікші?
VІ. Түлік сыры
Топпен жұмыс.
Оқушыларға қима қағаздарға жазылған сөйлемдер тобы таралып беріледі. Топтағы оқушылар сөйлемдері талдап,оның қай түлікке тән айтылғанын табады. Сөйтіп,тақырыптық мәні құралады.
1.Түйе.
Төрт түліктің төресі – түйе.Оның еті – тамақ, шұбаты – сусын, жүні – киім.Түйе – таптырмас көлік.Ол шөлге өте төзімді келеді.
2.Жылқы.
Жылқы – ер қанаты.Ол сезімтал, талғампаз жануар.Жылқыда өт жоқ .Сондықтан ол күйіс қайырмайды.Жылқының жүйрігі,жорғасы болады.
3.Сиыр.
Сиыр – ірі қара малға жатады.Сиырдың еті , сүті пайдалы.Сүтінінен айран , қаймақ ,құрт ,ірімшік жасалады.
4.Қой.
Қой уақ малға жатады.Ол төрт түліктің ішіндегі момыны.Қойдың сүйікті шөптері изен, жусан ,ажырық.Қойдың еті , сүті , майы , терісі пайдалы .Жүнінен киіз басылады .Киім – кешек , алаша , кілем тоқылады .
5.Ешкі.
Ешкі уақ малға жатады .Оның мінезі жеңіл , ұшқалақ .Тастан тасқа секіріп, тыным таппайды .Оның сүті , түбіті пайдалы .Ол ағаш қабығына өш .
Оқулықпен жұмыс.
- Оқу,мәнерлеп оқу.
-
Түліктің дауысын тыңдату.
Сөздік жұмыс жүргізу.
VІІ.Қазақ халқында төрт түлік туралы мақал – мәтелдер көп.
1.Түйе атасы – нар.
2.Ат – адамның қанаты .
3.Мал бақсаң – сиыр бақ,
Сүт кетпейді шарадан.
Мал өсірсең – қой өсір,
Өнімі оның көл көсір.
VІІІ. Тыйым сөздер.
1.Малды басынан ұрма.
2.Малға теріс мінбе.
3.Малды теппе,
Ақты төкпе!- деп ескерткен.
Қанекей, дәптерлеріңе малқалдармен тыйым сөздерді жазып алыңдар.
ІХ.Ойын.
Кім тапқыр?
Тақтада малдың суреті ілінген , балалар көздерін байлап,жоқ мүшесін суреттеу қажет.
Кім шапшаң?
Х.Бағалау.
Сабаққа жақсы қатысып , білімдерін көрсеткен балаларды бағалау .
ХІ.Үй тапсырмасын беру .
Сөздерді жаттап , мақал мен тыйым сөздерді мәнерлеп оқып келу .
ХІІ.Қорытынды:
Балалар,төрт түлік туралы не біліп үйрендіңдер? Сабақтан қандай әсер алдыңдар?
Сабақ ұнады ма?
