Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысын қалыпт астырудың әдістемесі

Алматы қаласы Алатау ауданы

«№ 152 мектеп-гимназия»КММ

Бастауыш сынып мұғалімі Кубашева Асия

Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысын қалыптастыруда бастауыш сынып мұғалімінің атқаратын міндеті зор.

Оқушыларда оқу дағдысын қалыптастырудың ең тиімді жолдарына тоқталсақ:

  1. Оқу дағдысы бір жақты, яғни, бала мен үлкен адамда бірыңғай мақсат, бірыңғай қарым- қатынас жүйесі болады. Оларды біріктіретін оқу мақсаты, бүкіл сыныпқа арналған мақсатты шешуге арналған іс әрекеттің түрлерін іздеуді талап етеді.

2.Баланы өте жақсы оқуға, жазуға, санауға үйретуге, өз құзырлығы шегінде кез-келген міндетті шеше алатын, өте жоғары деңгейдегі маман, шебер етіп дайындауға болады. Өз білмегенін анықтай алатын, өз мүмкіндігінің шегін анықтай білу қабілеті- оның рефлексиялық қабілетін көрсетеді.

Мұғалім, тәрбиеші әр оқушымен жекелей емес, бірлесіп жұмыс істеген балалар тобымен жұмыс істеуі қажет.

Мына жағдайлар қазір тұрақтанды деп айтуға болады.

1.Оқу дағдысының қалыптасқан үлкен мүмкіндіктерін көп жылғы іс- әрекет дәлелдеп берді.

2.Психология ғылымы үлкен адамдармен қарым-қатынас жасаумен бірге өз жолдастарымен де араласып жұмыс істеу баланың психологиялық дамуының негізгі бір факторы екенін мойындаған.

Кез – келген сыныпта бірінші күннен бастап көптеген балалар тенденциясы болады. Мұғалімнің міндеті осы ырықсыз ағыстарды бір жүйеге келтіріп, сабақ симфониясына құйып, жеке дауыста баланың жеке ой әрекетін шығаруға ұмтылуы.

Баланың жеке ой пікірінің туындауы, оның бекуі пікір талас кезінде қалыптасады.

1.Мұғалім сұрақ қояды, бүкіл сыныппен жұмыс істей отырып, бірінші баланың пікіріне қосылады, не өзі қате жауап береді. М: мысық деген сөзде екі дыбыс бар т.б.

  1. Шешуі болмайтын есептер.

3.Шартында берілгені жетіспейді. М: сөзде 6 дыбыс бар қанша буын бар.

Барлық жұмыстың ұйымдастырылу түрлерінің нәтижелерін қоса келгенде былай болады:

  • Меңгерілетін мәтіннің көлемі ұлғайып, оны түсінеді.
  • Түсінікке емес, біріккен дағдыға жұмыс істеледі.
  • Оқушылардың сабақтағы тәртібі түзеледі.
  • Оқушының танымдық қызығушылығы, мұғалімнің шығармашылық дербестігі артады.
  • Оқушылар арасындағы өзара қарым қатынастың түрі өзгереді. Бір-біріне деген көңіл бөлмеушілік жойылады, жылулық, адамгершілік артады.
  • Сыныптың ұйымшылдығы артады.
  • Балалар өз-өзін, бір-бірін жақсы түсіне бастайды. Өзіне сыншыл көзқарас қалыптасады, өз мүмкіншілік деңгейін сезініп, өзін жақсы бақылауға алады.
  • Өз жолдасының сабағына көмектескен оқушылар мұғалім еңбегіне үлкен сыйластықпен қарайды.
  • Олар қоғамда өмір сүруге керекті біліктерді меңгереді: жауапкершілік, өз мінез құлқын басқа адамдардың ыңғайына сәйкестендіре білу, адамгершілік қасиеттер.

Оқушыларда оқудың қызығушылығын арттыуда дамыта оқыту авторлары дағдыны қалыптастыруды ұйымдастыруда рөлдерді бөлісуді, рөлдерді ауысуды қолдайды.

Топпен жұмыста төмендегідей жұмыс түрлері ұсынылады.

І .Балалар бірден пікір таласқа кірісіп кетеді, топта талдап, бір оқушы пікірін айтады.

ІІ .Алдымен тапсырмамен танысып, рольдерді бөледі, кейін орындап қорытынды шығарады.

ІІІ.Есепті шешу. 1 оқушы- модель, 2-ші теңдеу, 3-ші шешуі, 4-ші жауап.

ІY.«Кооперация»әркім өз жұмысының бөлігін орындап тапсырады.

Ү. І кезең. Топ ішінде шағын топтарға бірігіп, жұмысты орындайды.

ІІ кезең талдау.

ҮІ Рольдерге бөлу. Дискуссия, конференция сабақтар.

Оқушылардың бірлескен оқу жұмысын ұйымдастыру,оқу дағдысын қалыптастырудың мақсаты.

1.Әр балаға эмоциялық қолдау көрсетіп отыру керек. Кейбір 1 сынып оқушысы өз бетімен сыныптың жұмысына араласып кете алмайды, жасқаншақ, нашар дайындалған оқушыларда қорқыныш болады, керісінше лидер оқушыларда «Мен бәрін білемін» деген ой болады да, мінез-құлқы дұрыс қалыптаспайды.

2.Әр оқушыда өз күшіне сенуіне жағдай жасап, шағын пікір таласта өзін сынап көруге мүмкіндік беру керек. Бұл кезде ол мұғалім назарынан тыс және бүкіл сынып оқушыларының алдында тұрғаны жөн.

  1. Мұғалім сабақ мазмұнына оқушыларды тартып, сабақта оқыту мен тәрбиелеуді ұштастырып, балалар арасында адамгершілік пен іскерлік қарым-қатынасты құруға ұмтылады.

Топпен жұмысты ұйымдастыру тәртібі.

1.Оқу дағдысын қалыптастыруда, бұрын баланың тәжірибесінде қарым-қатынастың осындай түрі болмағанын ескеру қажет. Сондықтан, оған өте байыппен қарап, ұсақ-түйегіне дейін ескеру қажет. Партада қалай отыру, жолдасыңның пікіріне қалай келісіп, қалай қарсы пікір айту, қалай көмектесіп, қалай көмек сұрау керектігіне дейін үйрету керек.

  1. Топпен жұмысты талдаған кезде мағына жағынан жіберілген қателіктерді емес,топ ішіндегі өзара қарым қатынастың жүру барысын талдау керек.

3.Балаларды дұрыс топтастыра білу керек. М: нашар оқушыға сондай жақсы оқитын бала емес, соншалық шыдамды ,өз ісіне жауапты оқушы жұп бола алады. Екі нашар оқитын оқушы бір жұпта бола алмайды.

4.Топтың жұмылып жұмыс істеуіне ең аз дегенде 3-5 сабақ керек.Топ мүшелерін жиі ауыстыра беруге де және 1тоқсан бойы қалдыруға да болмайды.

  1. Бірлескен жұмыспен 1 сыныпта 10-15 минуттан артық айналысуға болмайды.

6.Сыныпта шудың деңгейін анықтайтын белгі, «шумомер» болуы керек. Өте шу болған жағдайда соны көрсету керек.

Топпен жұмыс істеу кезінде мұғалім әр түрлі функция атқарады.

  • Топпен жұмыстың жүру барысын бақылайды, сұрақтарға жауап береді.
  • Дау-дамайды реттейді, топтарға не жекелеген оқушыларға көмек көрсетеді

Сабақтағы топтық жұмыс түрі түгел дерлік дидактикалық мақсатты шешуге қолданылады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше