Қағаз, қарындашпен таныстыру. Шырша және балқара ғай.
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылы
КМҚҚ “Жасұлан” ясли бақшасының тәрбиешісі
Тобелбасова Култай Коксегеновна
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет салу.
Тақырыбы: Қағаз, қарындашпен таныстыру.
Мақсаты:
а) көлденеңінен, тігінен, сызықтар сызуды үйрету;
ә) қағазбен, майлы қарындашпен танысырып, жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
б) үстелде дұрыс отыра білуге және еңбек етуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет салуға арналған ақ қағаз, түрлі түсті майлы қарындаштар, “Өз түсіңді тап!” ойынына арналған әртүрлі жолақ қағаздар (немесе ойыншықтар т.б.).
Сөздік жұмыс: қағаз, қорап, бояу.
Іс-әрекет кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Мотивациялық -қозғаушылық Педагог балалардың назарын өзіне аударады. Ертегі айтып береді. – Қазір мен сендерге ертегі айтып беремін. Ерте, ере, ертеде… бір қорап өмір сүріпті. Ол, міне, мынадай екен (қорапты көрсетеді). Сырты қандай әдемі безендірілген (сыртқы суреттеріне тоқталып өтеді де), оның ішінде не бар екен?
Ертегіні тыңдайды. Өздерінің көңіл күйлерін білдіреді. (Қорапты қозғалтып, ішіндегі қарындаштарды тықырлаады). – Тыңдап көріңдерші, бұл қорап ерекше, сиқырлы қорап болды.
Өйткені, ішіндегі таяқшалар да сиқырлы көрінеді. Кәне, ашып көрейік, – деп майлы қарындаштарды жартылай ашып көрсетіп, – бұл таяқшалардың түстері де сан алуан екен. (Қызыл және қара түсті қарындаштарды алып, балалардан олардыңқандай түсті екенін сұрайды).
– Бұл таяқшалар көңілді би билегісі келіп тұр. (Олар қағаз бетіне кезек-кезек шығып би билеп, “Көңілді із” қалдырмақшы болады).
(Қағазбен таныстырғанда ақ қағазды көрсете отырып келесі сұрақтарды қояды).
-Мынау не? Түсі қандай?
Ақ қағазға майлы қарындашпен суре салуға болады, бірақ қарындашты өте қатты бастыру қажет емес. Егер қарындашты қатты бастырсақ, қағаз жыртылып қалады.
Қораптағы дыбысты тыңдайды. Балалар түстерін айтады.
– Ол – қағаз. Түсі – ақ.
Ұйымдастырушылық – ізденістік Сендер қағазды жыртпаңдар, сонда біз көп нәрсенің суретін салып үйренеміз. – Қарындаштар көңілді би билей алады. (Қағаз бетіне жоғарыдан төмен қарай бірнеше түзу сызықтар жүргізеді).
– Қандай әдемі түстер. Мынау қандай қарындаштың ізі, кім айтады?
Қызыл, көк, қара сызықтарды сызғанда қолды батыл, үзіліс жасамай жүргізіп көрсетіп, балалрдың қол, саусақ қимылдарын жетілдіруге көңіл аударады.
Қарындашты қалай ұстау керектігін көрсетіп, 2-3 рет ауада сызық жүргізеді.
– Осы сызықтарды енді алдарыңдағы ақ қағазға түсіріп көріңдер.
– Енді бұдан былай сурет салу бөлімінде қағаз бен майлы қарындаштарды пайдаланып, әртүрлі суреттер салып үйренеміз. Қарындаштарыңды жинап, орнына қойыңдар.
Қарындаштарын жинатады.
Қағаздарды педагог жинап алады да, қарындашпен салынған суреттерді балаларға көрсетіп, әрқайсысын бағалап әңгімелейді.
“Өз түсіңді тап!” ойынын ұйымдастырады.
Балалар “қарындаш” деген сөзді 1 рет қайталайды. Ақ қағазға майлы қарындаштар арқылы сызықтар сызады.
Сызықтарды көбірек сызып, ойын-жаттығуды орындайды. Ауада 2-3 рет саусақтарымен сызықтар жүргізеді. Әр бала өзінің қарындашының қандай із түсіргенін түсіндіріп айтады. Сызықтарды батыл, дұрыс, түзу сыза білуге жаттығады, бірнеше рет сызықтар жүргізеді.
“Өз түсіңді тап!” ойынын ойнайды.
Рефлексиялық түзетушілік Балалар жұмысқа кіріскенде аралап, іс-әрекетіне басшылық жасап, бағыт беріп, жұмыстарын мадақтап, сабақты аяқтайды. Балалар бір-бірінің жұмыстарын қарап, өздерінің еңбектеріне назар аударады. Күтілетін нәтиже:
Біледі: майлы қарындашпен сурет салуға болатынын.
Игереді: қағаз, майлы қарындаш туралы және онымен іс-әрекет жасау туралы түсініктерді.
Меңгереді: қағаз, майлы қарындашпен жұмысты, жұмыс істеу дағдыларын, ұқыпты еңбек етуді.
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу қызметінің бөлімі: «Экология негіздері» Тақырыбы: Шырша және балқарағай.
Мақсаты: Балаларды шыршамен таныстыруды жалғастыру, балқарағаймен таныстыра отырып оның басқа ағаштардан айырмашылығын түсіндіру.Ағаштарды күтіп ұстауға тәрбиелеу,қыс мезгіліне тән негізі белгілерді, қыстағы табиғат көріністерін атау.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, көрсету,түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: шырша,балқарағай туралы әңгімелеу
Қажетті көрнекі құралдар шырша,балқарағай Билингвальды компонент: қыс-зима-winter, шырша-елка- fir-tree, балқарағай-сосна-pain.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешенің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Мотивациялық-қозғаушылық кезңі -Ендеше балалар кезекті оқу іс-әрекетімізді бастаймыз. Бүгін бізде экология ұйымдастырылған оқу іс әрекеті. Амандасу.
Шатық шеңбер
Қай жыл мезгілін көріп отырсыңдар?
-Енді қыс айларын атайықшы?
–
Қысқы ауа-райының белгілерін білеміз бе?
-Қыс мезгілінің ерекшелігін айтайық. Қар жауады,күн суық. Аяз болады. Адамдар жылы киінеді.
-Қыс мезгілінің нешінші айы?
-Сендер қыста далада ойнайтын қандай ойындарды білесіңдер?
-Ал, қыс мезгілінде адамдардың қандай еңбектерін білеміз?
-Орман қандай түске енген? Жерде не жатыр?
-Ағаштардың басын не жапқан?
Қыс мезгілін көріп отырмыз. -Желтоқсан, қаңтар, ақпан
-Қар жауады,күн суық болады. Аяз болады. Адамдар жылы киінеді.
-Екінші айы.Қаңтар айы.
Балалар қысқы ойындарды айтады.
-Қар тазалайды,үй жануарларын баптайды.
-Орман аппақ түске енген.
Жерде қар жатыр.
-Ағаштарды қар жапқан.
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі -Бүгін біз табиғаттың көркі – ағаштар жайлы әңгімелейміз. -Ағаштар өте пайдалы,олар зиянды газдарды жұтып,бізге шипалы ауа береді. Ағаштар болмаса жер бетінде тіршілік болмайды. Ағаштар дәуірмендерге толы,жемістерімен пайдалы.
Биллингвальді компонент: қыс-зима-winter, шырша-елка- fir-tree, балқарағай-сосна-pain.
-Балалар, бүгін біз экология ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде шырша мен балқарағай ағашы туралы білімімізді кеңейтеміз. Енді мен осы ағаштар туралы жұмбақ жасырам,сендер шешуін таба қойыңдар:
Жұмбақ жасыру :
Тікен – тікен тік пісте,
Қысы – жазы бір түсте.
Ол не?(шырша)
-Ендеше балалар сіздер осы шыршаның суретін салғыларың келеме?
Суретімізді салмас бұрын барлығымыз бойымызды жазып серігіп алайық.
Сергіту сәті
-Шырша қылқан жапырақты ағаш. Шырша таулы аймақтарда, орманды үлкен қалаларда өседі. Шыршалар биік, орташа, аласа болады. Жылдың төрт мезгілінде де өседі. Шыршаларды кесуге болмайды. Олар ауамызды тазартып, табиғатымызға көрік беріп тұрады.
-Балалар сурет арқылы шырша мен қарағайды ажыратады. Бұл балқарағай. Ол шыршаға өте ұқсайды.Осындай балқарағайлар біздің жақта өспейді.Балқарағай тек басқа жылы елдерде өседі..Балқарағай-ғажайып ерекше ағаш .
-Балқарағай шипалы ауа береді,қысы-жазы түсі жасыл болады.
-Міне қарағайдың жапырағы қылқан деп аталады, жіңішке ине тәрізді .Тұқымын бүршік деп атаймыз, олар жерге түсіп-өніп өседі екен .Сонымен қатар қарағай ағашы өте ақырын жылдар бойы өседі,күзде оның бүршіктері үлкейген кезде жинап одан әр түрлі дәрі-дәрмек жасайды. Оның құрамында дәуірмендер өте көп.Қабығы аршылған жерінең шайыр ағады,оны адамдар желім ретінде пайдаланған.Қараңдаршы,қарағай бізге қанша пайда береді,ал олар бізден қамқорлық күтеді.
-Балалар ағаштардың пайдасы өте көп екен.
– Балалар сендер шырша туралы не білесіңдер? Қандай мерекеде шыршаны қолданамыз?
-Дұрыс-ақ,жаңа жыл мерекесінде бізге кім сыйлық алып келеді?
-Аяз атаға сендердің айтқан өлеңдерің,билерің өте қатты ұнаған екен,сол себептен сендерге мына шырша ойыншықтарын сыйға беріп кеткен болатын.
Ойын: «Шырша мен балқарағайды безендір»
-Бірақта мына қорапшада шырша ойыншықтарымен бірге балқарағайдың да бүршіктері де бар екен,сол себептен шырша ойыншықтарын шыршаға,ал балқарағайдың бүршіктерін балқарағайға жапсыруларың қажет.
қыс-зима-winter, шырша-елка- fir-tree, балқарағай-сосна-pain. -Шырша
-Ия,салғымыз келеді.
Балалар қимылмен сергіту сәтін орындайды.
Жаңа жыл мерекесінде.
Сол шыршаның қасында ән салып,би билеп Жаңа жыл мерекесін қарсы аламыз.
-Аяз ата мен Ақшақар Ойынды қызығушылықпен ойнайды.
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі -Бүгінгі оқу іс-әрекетте не туралы үйрендік? -Балалар сендер бүгінгі оқу іс-әрекетке жақсы қатыстыңдар.
Сендерге көп рахмет. Келесіде бұданда жақсы қатысатын боламыз.
-Шырша ағашы мен балқарағай ағашы туралы . Балалардың жауаптары.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Қыс мезгілі туралы толық біледі.
Қандай түсініктерді меңгерді: Шырша мен балқарағай ағашы туралы толық меңгерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Осы ағаштар туралы жұмбақ,сергіту сәті, ойындарды меңгерді.
