Көлік түрлері. «1-5 сандары. Тура және кері санау» Үйшік

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылы
КМҚҚ “Жасұлан” ясли бақшасының тәрбиешісі
Тобелбасова Култай Көксегенова

Білім беру саласы:Коммуникация

Бөлімі:Драма

Тақырыбы: Үйшік ертегісі
Мақсаты:
Түрлі эмоцияларды білдіру үшін интонациямен дыбыстау, ертегіні сомдау. Саханалау барысында кейіпкерлердің бейнесіне еніп, олардың мінез құлықын келтіру. Командаға немесе музыкалық белгіге қарай әрекет ету дағдыларын қалыптастыру. Адамгершілікке, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Қолданатын көрнекілік құралдар: Үйшік. Ертегі кейіпкерлері.

Сөздік жұмыс:Үйшік,

Билингвальді комплнент:Үйшік-Теремок-Little House

Іс-әрекет кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Сәлем сөздің анасы» — дегендей сәлемдесіп алайық.

Қайырлы таң! Доброе утра!

Good morning!

«Қайырлы таң, балалар!»

Қайырлы таң!

Бақшамызға барамыз,

Досымызды табамыз.

Сәлемет пе, міне мен,

Доспын енді сенімен.

Қайырлы таң!

Бақшамызға барамыз,

Досымызды табамыз.

Сәлемет пе, міне мен,

Доспын енді сенімен.

Ұйымдастырушылық ізденістік Ашық алаңқайда кіп-кішкентай үйшік тұр. Шиқылдауық тышқан тоқтай қалып сұрайды:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
Ешкім үн қатпады. Тышқан үйшікке кіріп өмір сүреді. Бақылдап бақа келеді:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
— Мен, тықырлауық тышқанмын.
— Ал мен, бақылдаған бақамын.
— Кел, бірге тұрайық! — деп бақа мен тышқан үйшікте бірге өмір сүреді. Секеңдеп қоян келеді. Тоқтай қалып сұрайды:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?

— Мен, тықырлауық тышқанмын.
— Мен,..бақылдаған бақамын.
— Ал сен кімсің?
— Мен, қорқақ қоянмын.
— Кел, бізбен тұр!
Енді олар үшеуі үйшікте тұрады. Терезені Қу түлкі тоқылдатады:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
— Мен, шиқылдауық тышқанмын.
— Мен, бақылдаған бақамын.
— Мен, секеңдеген қоянмын.
— Ал сен кімсің?
— Мен қу түлкімін.
— Кел, бізбен тұр!
Енді олар төртеу болады.
Жүгіріп келіп есіктен сұр қасқыр сұрайды:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
— Мен, тықырлауық тышқанмын.
— Мен, бақылдаған бақамын.
— Мен, қорқақ қоянмын.
— Мен, қу түлкімін.
— Ал сен кімсің?
— Мен, сұр қасқырмын.
— Кел, бізбен тұр! Енді олар бесеу болады. Барлығы көңілді өмір сүріпті, ән айтыпты.

Бір күні қорбаңдаған аю үйшіктен шыққан дауыстарды естіп,

тоқтап айқайға салады:

— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
— Мен, тықырлауық тышқанмын.
— Мен, бақылдаған бақамын.
— Мен, қорқақ қоянмын.
— Мен, қу түлкімін.
— Мен, сұр қасқырмын.
— Ал сен кімсің?
— Мен, қорбаңдаған аюмын.
— Кел, бізге!
Аю кірейін-кірейін деп, кіре алмайды.
— Мен, шатырда тұрайын.

— Бізді басып қаласың.
— Жоқ, қорықпаңдар.
— Жарайды, шық.
Аю отыра қалғанда үй: «тарс» — етіп құлады.
Үйшіктен аман-есен: тышқан, бақа, қоян, түлкі, қасқыр қашып шықты. Барлығы бірігіп бөрене тасып, тақтай аралап үлкен үй салуға кірісті. Үйшіктері үлкен, биік, әдемі болып шықты!

Рефлекциялық-түзетушілік Балалар сендерге ертегі ұнады ма?

-Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтау. Бүгінгі сабақта оларға не ұнағаны, не қызықты болғанын айтуды ұсынады.

Ия

Балалар педагогтің сұрақтарына жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: ертегі кейіпкерлерін тани біледі.

Игереді: сахналау арқылы мазмұнын игереді.

Меңгереді: ертегіні сахналауды меңгереді.

Білім беру саласы: «Таным».

Бөлімдері: ҚМҰҚ

Тақырыбы: «1-5 сандары.
Мақсаты: Балаларға 1 ден 5ке дейінгі сандарымен таныстыру. Тура және кері санау дағдыларын, есептеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту

Костілділік компоненттер: Бір- один, екі- два, үш- три, төрт- четыре, бес- пять

Көрнекіліктер: 1 және 5 сандары.

Іс-әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс-әрекеті. Балалардың іс әрекеті.
Мотивациялық қозғаушылық. «Шаттық шеңбері»

Біз қандаймыз, қандаймыз

Шұғылалы таңдаймыз

Жарқыраған күндейміз

Ренжісуді білмейміз

Балалар бірге қосылып айтады
Ұйымдастыру-іздестіру. – Балалар біз бір аптада неше күн балабақшаға келеміз?

– Неше күн демаламыз?

Балалар бүгінгі сабақта 1-5 сандарын тура және кері санауды үйренеміз.

Алдымен 1 мен 5- ке дейінгі сандардың көмегімен санау.

Балаларға 1-5 сандарын тура және кері санату

Логикалық есептер:

Табақта төрт алма

Қолымда бір алма

Барлығын қосқанда

Болады неше алма?

Ағашқа бес торғай қоңды, оның үшеуі үшып кетті. Ағашта неше торғай қалды?

Төрт қоңжық орманда

Келе жатқан қорбандап

Біреуі шаршады

Әрмен қарай бармады

– Нешеуі кетті алға?

Сергіту сәті:

1 дегенде тұрайық,

2,3,4- алақанды соғайық

Оң жаққа бұрылып

Сол жаққа бұрылып

Бір отырып, бір тұрып, жүгіріп алайық

5 дегенде асықпай, орнымызды табайық

Ойын: «Көршісін тап»

Шарты: Балалар алдарындағы 1-5 сандарының көршісін табу. Мысалы: 3-көршісі 2,4

2-көршісі 1,3

4-көршісі 3,5

1-көршісі 2.

5 күн

2 күн

Балалар 1-5 сандарын тура және кері санайды

Бес алма

Екі

Үшеуі

Балалар қимылмен орындайды

Балалар сандардын көрісін тауыпғ тәрбиешіге көрсетеді

Рефлексифті реттеушілік. Сұрақ- жауап арқылы сабақты қортындылау Балалар сұрақтарға жауап береді

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Бір ден беске дейін санай біледі

Түсінеді: Сандарды тура және кері санауды түсінеді

Қолданады: Сандардың көршілерін табуды меңгерді

Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі:Көркем әдебиет
Тақырыбы: Көлік түрлері.
Мақсаты:.Балаларды таныс көлік түрлерін салыстырып, ажыратып айтып беруге үйрету. Әртүрлі көлік құралдарының түрлі мамандық иелері туралы білімін кеңейту. Олардың еңбегін бағалауға, құрметпен қарауға тәрбиелеу.Сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Көрнекілігі: көлік түрлері, суреттер. Үш тілдік: Трамвай-трамвай-tram-трэм. Ұшақ-самолет- plane-плэйн.Көлік -машина-car-ка Автобус-автобус-bus-бас . Троллейбус-троллейбус-trolley bas. Кеме-корабль-ship-шип Жүк көлікі-грузовик-lorry-лори. Поезд-поезд-train-трэйн . Ұшақ-самолёт-plane-плэйн

Оқу қызметінің түрлері Тәрбиешінің қызметі Балалардың қызметі
Ынталандыру.

Сезімді ояту.

«Сәлем әдебі» атты шаттық шеңберді ұйымдастыру.

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Қайырлы таң балалар!

Қайырлы таң қонақтар!

Балалар шаттық шеңберіне тұрады.
Ұйымдастыру кезеңі 1.Балалар,қазір сендермен көлік деген сөздің төңірегінде әңгіме жүргіземіз.

-Көлік дегеніміз не?

Ол адамға не үшін керек?

2 Балаларға ерте заманғы көліктер туралы қысқаша түсінік беру. Сурет бойынша әңгімелеу.

.Балалар ерте заманда көлік түрлері болмаған кезде адамдар алыс жерлерге қалай барған? Ауыр жүктерді бір жерден екінші жерге қалай жеткізген?

Адамдар көлік ретінде және жүк тасу үшін үй жануарларын пайдаланған. Ат, түйеге арба жегіп адамдар, жүк тасымалдаған. Алыс жерлерге жету үшін айлап, жылдап жүріп барған.

Қазіргі таңда бұл көліктердің маңызы төмен.

3.Қазір көліктердің түрлері өте көп,оларды бірнеше топтарға бөлуге болады:

жерде жүретін,ауада ұшатын,суда жүзетін,темір жолда жүретін.

Сендер оларды атап көріңдер.

-Ал,ауада ұшатын көліктерге ше?

-Суда жүзетін көліктерге ше?

– Жерде жүретін көліктерге нелер жатады?

Сонымен қатар шұғыл оқиғаларға байланысты,асығып жүретін көлік түрлеріде бар.Олар мыналар:

жедел жәрдем,өрт сөндіргіш машиналары.

-Жедел жәрдем не үшін асығып жүреді?

-Машинаны жүргізетін адамды кім деп атауға болады.

-Дұрыс айтасыңдар. Жүргізуші жолда жүру ережесін,көлікті дұрыс жүлгізуді білу керек.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз,

Қанатымызды жаямыз.

Ұшақ болып ұшамыз,

Суда жүйткіп жүземіз,

Кемелерді түземіз.

Жұмбақ шешу

Арқасында ауыл жүр,ала тайым шауып жүр.

Автобуспен қайда баруға болады,ол қайда тоқтайды?

Балалар автобуста өздерін қалай ұстайды?

Тізбектелген көп үйлер,көшіп жүрген көп үйлер.

-Пойыздармен қайда баруға болады,ол қайда тоқтайды

Ойын: «Кім жылдам».

Мақсаты:балаларды шапшаңдылыққа үйрету ойынға деген қызығушылықтарын арттыру

Үш тілдік: Трамвай-трамвай-tram-трэм Ұшақ-самолет- plane-плэйн Көлік -машина-car-ка Автобус-автобус-bus-бас Троллейбус-троллейбус-trolley bas Кеме-корабль-ship-шип Жүк көлікі-грузовик-lorry-лори Поезд-поезд-train-трэйн Ұшақ-самолёт-plane-плэйн

суда жүзетін қайық, және әуеде ұшатын зымыран,жерде жүретін машиналарды түрлі пішіндерден құрастырырады

-Машиналар

– Адамдарды, жүктерді тасиды.

Ұшақ,тікұшақ,зымыран

Кеме,қайық,

– Жеңіл көлік,камаз,

көптеген көлік түрлері бар

-Ал өрт сөндіргіш үй жанып кетпес үшін өртті тездетіп сөндіруі керек.

-Себебі жаны қиналған

-Жүргізуші

Балалар қимылмен көрсетеді.

-Автобус

Базарға,қалаға, баруға болады.

Ол аялдамаға тоқтайды.

-Үлкендерге жол,береді,

жылауға,күлуге,тамақ жеуге болмайды.

–Пойыз

-Үлкен қалаларға,алыс жерлерге баруға болады.

Ол вокзалдарға тоқтайды.

Балалар қимылмен көрсетеді

–

қайық, зымыран машина құрастырады.

Оқу қызметін

қорыту

-Қандай көлік түрлерімен таныстық?

-Балаларды мадақтау

Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:
Біледі:
Көлік түрлері,олардың қызметіне қарай бөлінуі, айырмашылығы мен ұқсастықтарын, олардың қоғамдық көлік деп ататындығын, көліктердің бірнеше топқа бөлінетіндігін, көлік жүргізу үшін де арнайы мамандық иесі болу керек:
Игереді:Автобус, ұшақ,кеме,пойыз,өрт сөндіруші және жедел жәрдем көлігі, олардың әуе көлігі, суда жүзетін, темір жолмен жүретін,жолмен жүретін деп бөлінетіндігі.
Меңгереді: Көлік түрлерін сыртқы құрылысы мен қызметіне қарай ажыратады,жүргізушілер еңбегін бағалайды.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше