«Қыс кереметі»

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылы
КМҚҚ “Жасұлан” ясли балабақшасы
Тәрбиешісі:Акишева Гүлбаршын Айтқалиқызы.

Білім беру саласы: Коммуникация.

Бөлімі: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: «Қыс кереметі»

Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі және оның ерекшеліктері туралы білімдерін толықтырып жетілдіру.. . Қалтырайды , ағарады , қар , қыс , үлбіреген , аққала сөздерін қолдану арқылы сөздік қорларын кеңейту .Балалардың сөздік қорын молайту, қыс мезгіліне деген қызығушылықтарын арттыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: қыс мезгілі бейнеленген суреттер, буклеттер

Сөздік жұмыс: қыс,қар сөздерін үш тілде айту.

Оқу іс-әрекетінің

кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-

қозғаушылық

Шаттық шеңбері .

Аппақ, аппақ дала,

Аппақ ауыл , қала.

Жапалақтап ақша қар

Жауа берші , жауа.

Көңіліміз қаласа,

Сыртқа шығып таласа

Қар атысып ойнаймыз,

Қыстың күні тамаша ,

Тамаша !

-Балалар , шаттық шеңберімізде не туралы айтылады ?

Балалар шеңбер бойына тұрып , қимылдар жасап , өлең жолдарын қайталайды .

Қыс туралы

Ұйымдастырушылық-

ізденістік

Кіріспе әңгіме .

1. .Бүгінгі оқу іс-әрекетінде ақын Абдрахман Асылбековтың «Қыс» өлеңімен танысамыз.

-Қыста жердің бетін не басады ?

-Қардың түсі қандай ?

«Қыс» өлеңін мәнерлеп оқу :

Қандай суық қыс деген ,

Қалтырайды құс деген.

Құлақшынды кимесең ,

Құлағыңды тістеген ,

Қандай қызық қыс деген ,

Бәрін шебер істеген .

Бақша-бауды , тауды да ,

Бояған ақ түспенен .

2. Сұрақ-жауап арқылы оқылған өлең шумақтарын әңгімелеуге жетелеу .

3. Сергіту сәті :

Ұзын құлақ сұр қоян ,

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірді .

4. Ойын: «Қар лақтырысып ойнау»(иммитация)

5. Қыс мезгілі туралы жұмбақтар жасыру.

6. Көк қағаз бетіне гуашпен сурет салу.

Қар

Аппақ,жұмсақ,суық

Сұрақтарға жауап береді.

Қимылдарын жасайды.

Рефлексиялық-

түзетушілік

Балалардың сабаққа белсенді қатысқандарын марапаттау.

Балабақшаға дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың ерекшеліктері

Балабақшада оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын жаңарту, оны жаңа деңгейге көтеру тәрбиешілер мен мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктейді. Соған орай , қазіргі таңда жаңа әдістер мен тәсілдерді меңгеру, оқыта отырып тәрбиелеудің өзі балабақшадан, яғни тәрбиешілерден басталуы қаажет .

Кәмелетке толмаған балғын шақ баланың адам болып қалыптасуындағы ең күрделі, әрі қызықты шағы. Осыған орай ғылым баланың туғаннан бастап мектепке барғанға дейінгі кезеңін төрт топқа бөліп қарастырады.

  1. Бөбектік шақ (туылғаннан 1 жасқа дейін);
  2. Сәбилік шақ (1 жастан 3 жасқа дейін);

  3. Мектеп жасына дейңгі кезең (3 жастан 7 жасқа дейін );

  4. Төмеңгі сынып жасындағы балалар ( 6—7, 10-11 жас аралықтары).

Мектепке дейінгі балалық –бұл өзін адам қоғамының мүшесі ретінде түсінуден (шамамен 2-3 жас) бастап, жүйелі оқуға (6-7 жас) дейіңгі кезең.

Даму шешуші роль атқармайды, тұлғаның әлеуметтік факторларының қалыптасуы маңызды болып табылады. Бұл кезде балада негізгі дара-психологиялық ерекшеліктер қалыптасады, тұлғаның әлеуметтік –адамгершілік сапаларының бастапқы белгілері көрінеді.

Бұл кезең тән:

  • бала өміріндегі негізгі мұқтаждарын қанағаттандыру үшін үлкендердің көмегімен көп қажет етеді;
  • материалдық ,рухани, танымдық мұқтаждарды қанағаттандыруда отбасының ролі аса маңызды;

  • балада ортаның жағымсыз ықпалынан сақтану мүмкіндіктері шектеулі.

  • Жалпы балалардың дамуының ерекшеліктері олардың іс-әрекеттерінің түрлері мен оларды қоршаған нақтылы орталарына,көзқарастарына байланысты болып келеді.

    Сондай-ақ, балалық шақ кезеңіндегі қоғамның әлеуметтік-экономикалық, этномәдени жағдайының әсері баланың болашақта қабілетінің дамып, жеке тұлға ретінде қалыптасуына тікелей әсер етеді.

    Алжасөспірімдердің тым ерте жастан мектепке дейінгі мекемелерге тартылуы олардың психикалық және дене тұлғалық денсаулығын нығайтуға, тілалғыш, салмақты болуына, ұжымдық ынтымақтастыққа , достыққа адалдық , түр-сипаты мен бітім –болмысы мығым азаматтар болып өсіп – өнулеріне, жетіліп кемелденулеріне ықпал етеді.

    Мектепке деиінгі тәрбиелеу және оқытып , үйрету ұйымдарына : балалардымектепалды тәрбиелеу мен оқыту мекемелері т.б. Балабақша – бұл балдырғандардың ойын дамытуға, оқуға құлшынысын арттыруға, мінез-құлқын көпшілік ортада ұстаи білуге, әдептілікке, имандылыққа , жоғарыадамгершілікке баулитын, сөйтіп отбасымен қатар жасөспірімдердің қабілет – дарындарының дамып , жан-жақты жетілулеріне тікелей ықпал ететін әлеуметік институт.

    Балабақшада тәрбиленуші тұлға бұл – балдырған, бүлдіршін .

    Балдырған –сәби жасынан асқан ойын дамытуға , білуге ұмтылған , мінезқұлқынан әдептілік , имандылық көріністері сүйсіндіретін бала , өсер ұрпақ .

    Балдырған шақта баланың қызығушылығы , әсерленгіштігі айрықша болады да , тәрбиені ,білімді тез қабылдайды .

    -балабақшадағы жұмыс істеитін бағдарлама мазмұның жаңарту мен оны толық меңгерудің тиімдіәдіс – тәсілдерін тандаи білу ;

    -мектепке дейінгі жастағы баланаң өмірің қорғау және іс- әрекетін дұрыс ұйымдастыру;

    -арнаулы мамандармен қамтамасыз ету және тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолдарын менгеру ;

    -оқу- әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету;

    -заттық дамытушылық ортаны жабдықтау , оның тәрбиелік ықпалды болуына көңіл бөлу ;

    • педагогиалық ұжымның басқа да әлеуметтік институттармен , білім беру ұйымдарымен өзара тығыз байланыста болуы ;
  • оқу-тәрбие жұмыстарынан психологиялық қызмет көрсету ;

  • -балабақша менгерушісі мен тәрбиешілердің кәсіби біліктіігінүнемі көтеріп отыру ;

    -мектепке дейінгі ұиымдарды басқарудағы жаңашылдық , ымырашылдық және кәсіби шеберлік , адами қасиеттердің басым болуы шарт .Мектеп жасына дейінгі балалардың бойына оқу қызыметін менгерту ,ол танымдық белсенділікті дамытудың басты бағыты болып саналады .

    Тынымдық белсенділікті психологиялық- педагогиялық құбылыс ретінде анықтау талдау жасауға , тәрбиелеу мен оқыту үрдісің қалыптастыру жағдайларымен құралдарын қарастыруға мумкіндік береді .

    Себебі меңгерілген білімнің сапасы мен беріктігіне тек балаларды оқыту, дамыту, және тәрбиелеудің нәтижесі емес, сонымен қатар балалардың өзіндік танымдық іс әрекетіне қатынасының қатысуымен тәуелді болып келеді.

    Оқуға, ойнауға және ізденуге құмар болу әдептілігі қалыптасады. Осыған қарай бала тәрбиесі балабақшадан терң әлеуметтік , рухани моральдық тәрбие мен білім беруді талап етеді.

    Балабааақшадағы «балалардың балалығын өзіне қайтару», мектептік жүйені қайталамау , балалардың жағдайы жақсы болуы үшін педогогикалық талапт ардың орындалуы, күн кестесі кезендерінің

    Жүйелі дұрыс ұйымдастырылуы , тамақтану мерзімі мен сапасының дұрыс болуы , олардың денсаулығын сақтау, құқығын қорғауды ата аналармен ынтымақтастықта бірлесе еңбек ету маңызды болмақ.

    Бүгінгі таңда балабақшада балалардың алған білім, білік дағдыларын күнделікті өмірде іс әрекетте өз тәжірибесінде қолдана білуге үйрету, яғни өмірлік дағдыны қалыптастыру қажет.

    Бала тәрбиесі әр уақытта үлкен мәселе болып саналады. Әрбір қоғамның дамуына байланысты бұл мәселе әрқалай шешіліп отырған.

    Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса мвңызды мәселе , ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет.

    Мектепке дейінгі мекемелерде білім беру ортасы мен оның тәрбие және білім беру мазмұның дамыту сауатты ұыйымдастырылмаса , баланың оқу мен жазуды игеру мәселесін түпкіілікті шешу мүмкін емес.

    Мектепте оқуға қажетті білік, дағдылардың белгілі бір пәндерге қажет арнайы және кез келген сабақтарға қажетті жалпы түрлері бар. Бұл дағдылар толыққанды кейінірек қалыптассада , бірақ олардың алғы шарттарын осы мектепке дейінгі кезеңннен бастап қалыптастыру жөн.

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

    Больше на

    Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

    Читать дальше