«Ғажайып ертегілер». «Қасқыр мен жеті лақ» (ерт егі) Түстер әлемі.
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылы
КМҚҚ “Жасұлан” ясли балабақшасы
Тәрбиешісі: Акишева Гүлбаршын Айтқалиқызы.
Білім беру саласы:Коммуникация.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Ғажайып ертегілер».
Мақсаты: Балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеттері мен жүріс-тұрысын талдауға, оларға қабылданған ережелерге сәйкес баға беруге үйрету. Ертегілерді үзінді және кейіпкерлердің көрсетілу арқылы қай ертегі екекнің тауып айтуға үйрету. Ергегіге деген қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілігі: атрибуттар, театр турлері.
Сөздік жұмыс: ертегі кейіпкерлерінің атын үш тілде айту.
| Оқу іс-әрекетінің
кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| Мотивациялық-
қозғаушылық |
Шаттық шеңбері.
Бір шаңырақ астында Тату тәтті тұрамыз. Бірге ішеміз асты да, Бірге сайран құрамыз. Н.Айтов. |
Қимылдар жасайды. |
| Ұйымдастырушылық-
ізденістік |
Кіріспе әңгіме.
1. Бүгінгі оқу іс-әрекетінде Өзіміз білетін ертегілер туралы әңгімелесеміз.. 2. Балалар біз қандай ертегілерді білеміз. 3. Дұрыс ертегілер өте көп. Ертегілерде көбінесі зұлымдық, жамандықты жақсылық женеді. 4. Ертегілерден үзінділер айтып, кейіпкерлерді көрсетіп қай ертегіден екенің тауып айту. 5. Сергіту сәті. 6. Балалар біз бүгін «Шалқан» ертегісін үстелді театр арқылы көреміз. . Сұрақ-жауап. -Қандай кейіпкерлерді естеріңде сақтадыңдар? -Ата көмекке кімді шақырды? -Әже көмекке кімді шақырды? -Немересі кімді шақырды -Күшік кімді шақырды? -Мысық кімді шақырды? -Сонымен бәрі бірігіп не істеді? 7. Дәптермен жұмыс. Балалар суреттегі ертегі кейіпкерлерінің жағымды деп санағандарын сары қаранадашпен, жағымсыз кейіпкерлерін қара қарандашпен қоршайды. |
Балалар қызықтайды.
Балалар білетін ертегілерді атайды. Ертегіні танып біліп атайды. Қимылдар жасайды. Балалар ертегіні мұқият тындайды. Балалар сұрақтарға толық жауап береді. |
| Рефлексиялық-
түзетушілік |
Қорытынды.
Тәрбиеші балалармен сабақты қорытындылап сабаққа белсенді қатысқандарын марапаттайды. |
Сабақта белсенді қатысқандарды атайды.
. |
Шығыс Қазақстан Облысы
Тарбағатай ауданы
Тұғыл ауылы
КМҚҚ “Жасұлан” ясли балабақшасы
Тәрбиешісі:Акишева Гүлбаршын Айтқалиқызы.
Білім беру саласы: Коммуникация.
Бөлімі: Драма
Тақырыбы: «Қасқыр мен жеті лақ» (ертегі)
Мақсаты:Балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеттері мен жүріс-тұрысына талдау жасауға,жан-жануарларға мейірімділік білдіруге,өзара көмектесу, қабылданған ережелерге сәйкес баға беруге үйрету. Ертегі желісін түсініп оны есте сақтай білуге үйрету. Ертегілерді тыңдауға оны сахналауға деген қыызығушылықтарын арттыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар:атрибуттар, суреттер,буклеттер, үнтаспа.
Сөздік жұмыс: қасқыр, лақ, ешкі.
| Оқу іс-әрекетінің
кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| Мотивациялық-
қозғаушылық |
Шаттық шеңбері.
Анаң-күнің,жүрегің, Әжең-өмір тірегің. Сен бақытты ұлансың, Бәрі саған қуансын! |
Балалар шнңбер бойына тұрып,өлең жолдарын қайталайды. |
| Ұйымдастырушылық-
ізденістік |
Кіріспе әңгіме.
1 .Бүгін біз, балалар, «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісімен танысамыз.Ертегіні оқып беріп, мазмұнын айту 2. Сұрақ- жауап арқылы балаларды жетелеу: -Ертегіде қандай кейіпкерлер кездесті? -Анасы лақтарға не айтты? -Анасы кетіп қалғанда не келді?-Қасқыр қандай? 3. «Қасқыр мен жеті лақ ойыны. Мақсаты: мәнерлеп айтуға, байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру. Ойын шарты: балалар ертегі мазмұнын игегіп, қасқыр,ешкі-лақтардың жауаптарын жақсы білуі керек.Педагог рөлдерді бөліп, атрибуттарды үлестіреді.Сонымен ойын басталады.Педагог балалардың назарын бір кейіпкердің дауыс ырғағы мен екпініне аударады.Ешкі мен лақтар жіңішке дауыспен, қасқыр басында жуан, сонан соң жіңішке дауыспен,өте жіңішке дауыспен сөйлейді.Ойын осылай жалғаса береді.ай аң? 4.Дәптермен жұмыс.Балалар ертегіде ұнаған кейіпкерлерін жасайды |
Балалардың жауабы.
Ойынға белсене қатысады. |
| Рефлексиялық-
түзетушілік |
Балаларды марапаттау, сабаққа қорытынды жасау. | Өздеріне өз жолдастарына баға беру. |
Түстер әлемі.
Мақсаты:Балалардың сенсорлық ой қиялын белгілі дәрежеге өсіру: бастаған ісін аяқтай білуіне жағдай жасау , кейбір сенсорлық әрекетін және заттардың өзіндік қасиеттерін ескеріп отыру. Заттарды түстеріне қарай топтастыруға үйретуді жалғастыру.Балаларға негізгі түстерді есте сақтауға көмектесу. Балалардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.
Құралдар: Көліктердің түрлері, кубизм, бантикті күндер, жалаушалар, ыдыстағы гүлдерге арналған су, фокусқа арналған түрлі түсті қағаздар, текшелер т.б.
Әдіс тәсілдер: Сұрақ жауап, ойын, фокус, түсіндіру, ғажайып сәт.
Сөздік жұмыс (Үш тілділік): Түстерді орысша , ағыылшынша қайталау.
| Әрекеттің кезеңдері | Тәрбиешінің іс әрекеті | Балалардың іс әрекеті |
| Ұйымдастырушылық қозғаушылық. | Би «Көңілді балапандар». | Балалар билеп сабаққа дайындалады. |
| Ұйымдастырушылық ізденістік.
Рефлекциялық түзетушілік. |
1. Өткен сабақты қайталау.(Көліктерді соның ішінде жүк көлігін айтып өту. Бағдаршамды айта кетіп жаңа тақырыпқа көшу)
2. Балалар бүгін біз түстер туралы білімімізді толықтыра түсеміз. Мен сендердің түстерді қалай ұғып білгендерінді тексеремін. 3. Бірінші тапсырма: Үш бала текшелерді түстеріне қарай топтастырамыз. 4. Сергіту сәті. 5. Екінші тапсырма: Балалар күннің мойнындағы бантикке қараңдаршы түстері қандай? Осы түстерге сәйкестендіріп күннің қасына текшелерді қойып шығу керек. 6. Миға жаттығу. Кубизм тәсілімен түстерді үш тілде қайталау. 7. Ойын: « Гүлдің түсін ата» 8. «Текшеде неше стақан сүт».(Сүттің түсін аңықтайды). 9. Дәптермен жұмыс. Балалар ыдыстарды көлеміне және түсіне қарай қарандаштармен қосады. Балалармен сабақты қорытындылау. Марапаттау. |
Балалар тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді, қайталайды.
Балалар түстерге қарап текшелерді топтастырады. Балалар қимылдарды қайталайды. Бантиктермен текшелерді сәйкестендіреді. Үш тілде түстерді қайталайды. Стақандағы сүттің көп екенің айтады. Балалар тәрбиеші берген тапсырманы орындайды. Сабақты қорытындылауға қатысады. |
