Су-өмір нәрі. Тастың қасиеті

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылы
КМҚҚ “Жасұлан” ясли балабақшасы
Тәрбиешісі:Қасымова Мунира Қалымбековна

Білім беру саласы: Қоршаған орта

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің түрі: Айналамен танысу.

Тақырыбы: Су-өмір нәрі

Мақсаты: Су-тіршілік көзі екенін,пайдасы,маңызы,қасиеті туралы білімдерін қалыптастыру.Табиғаттағы судың айналымы туралы білім беру.Судың әр түрлі күйдегі ерекшеліктерімен таныстыру.Жұмбақ шешу арқылы тапқырлық,логикалық ойлауын дамыту.Тәжірибе арқылы бақылау,талдау,қорытынды жасай білу.Судың құндылығын бағалауға,үнемді пайдалануға тәрбиелеу. Табиғатты қорғауға, сүйіспеншіліккке тәрбиелеу

Қолданылатын көрнекі құралдар: буклеттер, суреттер, су, топырақ, тұз, мақта.

Оқу-іс әрекетінің кезеңдері Педагогтың іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті.
Мотивациялық қозғаушылық. Жылы лебіз Айдай арайлап.

Күндей күлімдеп.

Судай таза көңілмен

Сабағымызды бастайық

Ұйымдастырушылық ізденістік Жұмбақ жасыру:

Жылт-жылт етеді.

Жылғалардан өтеді.

Ендеше бүгінгі сабағымыз жер бетіндегі ең көп таралғаан зат-су жайлы болмақ.

Ғаламшардың 4/3 бөлігі көгілдір түспен боялған.Ол су- яғни мұхиттар,теңіздер,көлдер,

өзендер.Табиғаттың көркін ажарландырып,жер бетін саялы баққа айландыратын байлық көзі-су.Адам денесі де судан тұрады.Су жер астында да бар.Сусыз жануарлар,өсімдіктер тіршілігін тоқтатады.Тамақта сусыз піспейді,тазалық та болмайды.Судың адам өміріндегі маңызына баға жетпейді.Судың қасиеттерімен таныстыру.

1 Су- мөлдір,түссіз

2 Су-дәмсіз

3 Су-иіссіз

4 Су-сұйық

5 Су-еріткіш

6 Суда пішін болмайды.

Қызықты фокус!

Тұзды суға жұмыртқаны салғанда ол батпайды.

Неліктен?

Тұз судың тұздылығын артырады.Судың тұзда мөлшері көбейген сайын тығыздылығы күшейіп.ол суға түскен зат бетінде қалқып тұрады.

Жұмбақ:

Өзі судан жаралған,бірақ судан қорқады.

Су табиғатта үш күйде кездеседі:Сұйық,қатты,бу.

Сергіту сәті:

Есік қағып хат келеді.

Хатта есеп-жұмбақ бар:Үстінде жүк артқан екі есек келе жатты.Біреуінің үстінде тұз,екіншісінде мақта.Олар терең өзеннен өтуі керек болды.Үстінде тұз артқан есек судан шыға салып бүлкілдеп жорыта жөнелді.Ал мақта салынғаны аяғын әрең басып,қабырғасы қайысып кетті.Неге?Себебі тұз еріп,жеңілдеп қалды.Ал мақта суды сорып ауырлап кетті.

Су қайдан пайда болады?

Су айналымы жайлы түсіндіру?

Су- табиғат байлығы,тіршіліктің қайнар көзі.Су бар жерде тіршілік бар.

Кей жағдайда өзендер мен көлдер фабрикадан,зауыттардан сарқын су өзендерге құйылады.Олар суды ластайды.Кей жерлерде жауын-шашын болмағандықтан көлдегі сулар тартылып жатады.

Су

Мұқият тыңдау.

Жауабын айту.

.

Рефлексиялық түзетушілік. Балаларды соңынан оқу-іс әрекетке белсенділік танытқаны үшін мақтап,мадақтау Балалар қуанышты сезімде болады.

Білім беру саласы:Таным

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің түрі:Айналамен танысу

Тақырыбы: Тастың қасиеті

Мақсаты: Тастың қасиетімен танысу,тастың құпиясы туралы білімдерін қалыптастыру,құрылымын тамашалау,танымдық қабілеттерін дамыту,ізденімпаздық қызметі арқылы ақыл ой,көз өлшемі,логикалық ойлауға көңіл бөлу.Таным белсенділігін,проблемалық-зерттеу әрекетінің алғашқы дағдыларын бейімделу.Табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыру

Оқу-іс әрекетінің кезеңдері Педагогтың іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті.
Мотивациялық қозғаушылық. Шаттық шеңбері:

Шаттық болып тұрайық,жылы жүзбен

Бізге келсін қуаныш,нұз іздеген

Шуық толған жанымыз,жүрегіміз

Үлгі алсаң көрген жаң мына бізден

Ұйымдастырушылық ізденістік Табиғат дегеніміз не?

Табиғат нешеге бөлінеді?

Тірі табиғат жайлы не білесіңдер?

Ал өлі табиғатқа?

Бірақ тіршілік атаулы оларсыз өмір сүрмейді,сондықтан олар бір-бірімен байланысты.

Кім табиғат жайлы тақпақтар біледі

Балалар,бүл не?

Сендер тастың құпиясын білесің дер ме?

Тастың құпиясын білу үшін оның қасиетін зерттеу қажет.

Біз тасты зерттей аламыз.Заттардың зерттеумен кім айналасады?

Балалар,зерттеулерді қайда өткізеді?

Дұрыс,зерттеуге арналған аспаптармен жабдықталған бөлмені зертхана деп атайды.

Қазір біз зерттеушілер боламыз.Зерттеу папкаларын алып,зертханаға барамыз.

Тәжірибені өткізу үшін бізге зерттеу картасы көмектеседі.Балаларға зерттеу папкасын таратып береді\

№1 тәжірибе.

Сызбаға қарап 1санның жанындағы белгіге қарап не екенін және біз немен айналысатынымызды анықтаңдар.Өте жақсы яғни түсімен пішінін анықтау.Тастарға мұқият қараңдар.олар қандай түсті және пішіні қандай екенін айтыңдар.

№2 тәжірибе

Сызбада үйлердің көлемі әр түрлі.Біз не істейміз қалай ойлайсыңдар?

Ең үлкен,орташа,ең кішкентай тастарды тауып көрсетіңдер.

Тастардың көлеміне байланысты қандай қорытынды жасауға болады.

Тәжірибе №3

Бұл жерде түзу және ирек сызықтар бар.Біз не білуіміз керек?Бізге тастың сыртқы жағын анықтау керек.Тегіс немесе тегіс емес кедір-бұдыр.Ол үшін бізге сезгіш саусақтарымыздың көмегі керек.Қазір біз әр тасты сипаймыз.Ең тегіс және кедір-бұдыр тасты көрсетіңдер.

№4 тәжірибе.

Стакандағы су.

Енді тастың суда жүзгіштігін тексерейік.Салыстыру үшін тасты және поролонды суға саламыз.

Біз не көріп тұрмыз?

Келесі мынау ненің суреті?

Дұрыс.Таразы біздің мына қолымыз болады.Бір қолымызға үлкен тас алайық,ал келесі қолға кішірек тас алыр,өлшейік.

Тәжірибе №ғ

Суретте не көріп тұрмыз?

Балмұздақ қандай?

Шай қандай?

Енді біз тастың температурасын анықтаймыз.Қолымызда алақанын үстелдің үстіне қойып,біраздан соң бетімізге төсейік.Не байқадыңдар,үстел қандай:

Ал бетіміз?

Ендеше біздің денеміз терісіміз ыстық суықты анықтай алады.

Жылытып қойған тасты көрсетеді.Жазда суға шомылуға барғанда,көлдің маңайында тастарда қыздырынамыз.Сол кезде тастар қандай?

Неліктен?

Ал күннің көзі жоғалғаннан кейін ол өз қалпында суық болып қала береді.Енді алақанымызға тастарды қойып мұрнымен дем алып ауызбен шығарайық ернімізді түтік тәрізді ғып тастарды үрлейік.

Сонымен тастар суық және ыстық болады.

Тәжірибе №,

Қалай ойлайсыңдар,тастар қайдан алынады?Балалар мұздатқышқа қойған бөтелкедегі суды алып келуін сұрайды.

Бөтелкедегі суға не болды?

Суық температураның әсерінен су қатып,бөтелке жарылды,сынған бөтелкені тау деп елестетейік,табиғатта да осындай құбылыстар болады.Жаңбыр кезінде жартас арасында енген су қыстың күніі қатады және оларды кеңітеді.Жыл саын жарық үлкейіп отырады.Сонан соң таудан тас бөліктері сынып түседі.Балалар ерте кезде тас дәуірінде тастан үй қаланып,еңбек құралдарын пайдаланыпты.Тіпті екі тасты бір-біріне үйкеп от шығарып,сіріңке ретінде қолданыпты.

Қазіргі кезде тастарды үйдің ауласына төгіп,жерді тегістейміз.Тастарды арнайы өңдейті жерде өңдеп жиһаздар,мүсіншілер мүсін жасайды.Бала жастан асыл тастан демекші асыл тастар болады екен.Ол тастар өте құнды екен.Зергерлік әшекей,бұйымдар жасайды.

Ойын: «Тасты дәлдеп құлатып түсір»

Шарты: Жинап қойған тасты доппен домалатып құлату.

Қорытынды:Балалар біз бүгін сабақта не білдік?

Кімге бүгінгі сабақ қызық болды,өз уақытым бос жұмсаған жоқ деп санаса биік таудың етегіне тастарын қаласын.Кімге қызықсыз,өзімнің уақытымды бос жұмсадым деп ойласа аласа таудың етегіне

Сауат ашу

Мақта қыз бен мысық

Балалардың жауабы.

Жұлдыз

Жұмыртқа.

Ж дыбысы

Жаттығуды орындайды.

Балалар өз жауабын айтады.

Рефлексиялық түзетушілік. Балалардйы соңынан оқу-іс әрекетке белсенділік танытқаны үшін мақтап,мадақтау Балалар қуанышты сезімде болады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше