Сабақ тақырыбы: Көркемдік жазба (батик, гжель, хо хлома)
| Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
2-Бөлім. Сәндік– қолданбалы өнер. |
ШҚО Абай ауданы Саржал ауылы
«Ш. Тоқжігітов атындағы орта мектебі» КММ |
|
| Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Таурбаева Карлыга Достановна | |
| СЫНЫП : 7 | Қатысқандар : 15 | Қатыспағандар: жоқ |
| Сабақтың тақырыбы: | Көркемдік жазба (батик, гжель, хохлома). Жазбалар түрлері. Жазбалардың тәсілдері мен техникасы. Материалдары және құралдары. | |
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.1.2.1-Тарихи және мәдени шығу тегі әртүрлі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін өз бетінше зерделеу және сипаттау7.1.3.1-Шығармашылық жұмыста идеяларын іске асыру мақсатында түрлі ақпарат көздерінің ең тиімдісін таңдай отырып, қолдану (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану арқылы) | |
| Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар:
· Сәндік – қолданбалы өнердің бір түрі – көркем өрнек салу түрлерін біледі. · Көркем өрнек салу тәсілдері мен техникаларын сипаттайды. |
|
| Оқушылардың басым бөлігі:
· Тоқыма, ағаш, керамика бойынша көркем өрнек салу түрлері туралы біледі. · Халық қолөнерінің алуан түрлеріндегі ою-өрнек композициясы ерекшеліктерімен танысады. · Өнер бұйымдарының тұтастығы мен ерекшеліктерін зерттей отырып, өздерінің шығармашылық жұмыстарын жасайды. |
||
| Кейбір оқушылар: Шығармашылық қабілеттерін, шешімдерінің креативтілігі мен ерекшелігін көрсете алады. | ||
| Бағалау критерийі | − көркемдік жазба өнерінің түрлері мен тәсілдерін біледі.
· әр түрлі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін саралайды · көркем өрнек салу үлгілерін дайындайды. · көркемдік жазбаның бір түрін белгілі бір техникада салды; · жұмысын таныстырды. |
|
| Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
· Көркемдік жазба түрлі материалдардан жасалған бұйымдарға салынатын ою-өрнек. Оны бояу арқылы салады. · Гжель тек көк түспен салынғанымен бір бұйымда көктің бірнеше реңктері сипат беруі мүмкін. Себебі,…Менің пайымдауымша, көркемдік жазбаның атауына оның шыққан жері тікелей әсер етті. Өйткені,… Мәселен,… деп сипаттайды. |
|
| Негізгі сөздер мен тіркестер | ||
| Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер | ||
| Көркем өрнек салу қандай негізде орындалады? | ||
| Батик өнерінің ерекшелігі қандай? | ||
| Көркемдік жазба тәсілдері мен техникасының ерекшеліктері қандай? | ||
| Құндылықтарға баулу | Өзге елдердің сәндік-қолданбалы өнерімен танысып, өзгелердің өнерін сыйлауға үйренеді, өнерге құрмет,оқушылар арасында бір біріне сыйластық | |
| Пәнаралық байланыс | Дүниежүзілік тарихы және география, оқушылар сабақта әр түрлі елдердің сәндік – қолданбалы өнер түрлерімен танысады. | |
| Алдыңғы оқу | 6 cыныпта бейнелеу өнері пәнінен сәндік-қолданбалы өнер түрлерін біледі. | |
| Сабақ барысы | ||
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
| Сабақтың басы 5 мин | 1.Ұйымдастыру уақыты:Сәлемдесу. Сергіту сәті «Сіздің жақсы қасиеттеріңіз» психологиялық тренинг)Мақсаты: оқушылардың бір-біріне жақсы қасиеттерін айтқыза отырып, достық қарым-қатынастарын нығайту жұптық жұмыста жағымды қарым –қатынасты орнату 2. Үлестірме суреттер бойынша оқушыларды топқа бөлу:І топ Гжель өрнектеріІІ топ Хохлома өрнектеріІІІ топ Батик суреттері3. Оқушылармен бірге сабақтың мақсаты анықтау | ПрезентацияҮлестірмелер |
| Сабақтың ортасы
30мин |
(Ұ) «Ой қозғау». Презентацияда сәндік-қолданбалы өнер түрлерінің түрлі техникада орындалған түрлері бар. Сұрақтар көрсетіледі.
· Бұл өнер туындыларын не біріктіреді? · Өзара қандай ұқсастықтары бар? · Айырмашылықтары неде? · Қандай материалдардан жасалған? · Қалай әсемделген? · Олардың қалай атайды?(Т) Әр топ оқушылары сәндік-қолданбалы өнердің бір түрі көркемдік жазба және оның түрлерімен танысады, қорғайды.Тапсырманы орындаудың критерийлері: · Анықтамасы; · Пайда болған жері; · Орындалу техникасы; · Қандай материалдардан жасалған; · Көркемдік жазбаның ою-өрнегін қазіргі заманда қайда қолдануға болады? · Үлгілерінің суретін салу. · Таныстырылым жасау.Сергіту сәті: Әр топтан бір оқушыдан шығып, берілгенөрнектерді жалғастыру тапсырмасын орындайды. Бағалау: мадақтау |
ПрезентацияСәндік-қолданбалы өнер Көркемдік жазба, ежелгі ою-өрнектің шығу тарихы мен символикасыttps://kk.wikipedia.org/wiki/Гжель_керамикасыВикипедиядағы мақала Ағаш бетіндегі жазба өнер ретіндеhttp://rospis.ruБатик өнеріru.wikipedia.org›Батик |
| Сабақтың соңы5 мин | Рефлексия:Шығу парағын толтыру:
· Cабақ барысында маған …….. ерекше ұнады. …… қиындық тудырды. · Менің ……………үйренгім келеді. |
Үлестірмелер |
| Қосымша ақпарат |
