«Мың көлеміндегі сандар»
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,
№ 12 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Иманбаева Женискул Кошербаевна
Сабақтың тақырыбы: «Мың көлеміндегі сандар»
| Сабақ: Мың көлеміндегі сандар (оқу, жазу, салыстыру, разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жіктеу) | |||||||||||
| Күні: | Мұғалім: | ||||||||||
| Сынып: | Қатысқан: | Қатыпағандар: | |||||||||
| Сабақта меңгерілетін
дағдылық мақсаттар |
Оқушылардың 1000 көлеміндегі ауызша есептер шығару іскерліктерін қалыптастыру. | ||||||||||
| Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар білуге тиісті:
Оқушылардың 1000 көлемінде берілген есептер туралы біледі. |
||||||||||
| Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс: Мың көлеміндегі сандарды оқу, жазу, салыстыру, разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жіктеуді біледі. | |||||||||||
| Кейбір оқушылар білуге тиіс:
Ауызша есептеу тәсілдерін түсінеді. |
|||||||||||
| Бұрыннан бар білімдері | Мың көлеміндегі сандарды оқу және салыстыруды біледі. | ||||||||||
| Жоспар | |||||||||||
| Жоспарланған
уақыттар |
Жоспарланған уақыт (жаттығулар) | Ресурстар | |||||||||
| 0-3 минут
4-6 минут |
Күнделікті емле жаттығулары
Шығармашылық тапсырма: 1 — тапсырма. Математикалық диктант |
Түрлі тапсырмалар
жазылған карточкалар. |
|||||||||
| 7 – 10 минут
10- 20 минут |
Бірлесіп жазу
№1 Мыналарды ата және жаз. А) ең кіші екі таңбалы сан. Ә) ең кіші үш таңбалы санды. Б) ең үлкен екі таңбалы санды. В) ең үлкен үш таңбалы санды. №2 Арасында қалып қойған сандарды ата: 545,546,547,549,552,553,555,558,559,560,563,565. Ә) 0-ден бастап санағанда 565 санының алдында неше сан бар? Б) 565 пен 1000-ның арасында неше сан бар? №3 Салыстыр:
|
Оқулықпен жұмыс. | |||||||||
| 20-35 минут | • Мұғалімнің қолдауы бойынша жазылым:
№4,5 |
||||||||||
| Соңы
35-40 минут |
Есепті шығар «Білгірлер» тобы А) Дүкенде 500 кг пияз болды. Пияздың біраз бөлігі сатылғаннан кейін, онда 140кг қалды. Неше килограмм пияз сатылды? «Алғырлар» тобы Ә) Асханаға 17кг сәбіз, одан 49кг артық картоп әкелінді. Асханаға барлығы неше килограмм көкөніс әкелінді? «Жүйріктер» тобы Б) Анасында 200 теңге болды. Ол 100 теңгеге сүт және 45 теңгеге нан сатып алды. Анасында неше теңге қалды? 6 — тапсырма. 3 топқа теңдеу беріледі 652 — х=14+38 a — 130=420+200 700+x=1000 – 100 |
Өз бетімен жазу
үлгісі сынып оқушыларының барлығы бірдей көре алатындай болса ғана көрсетіледі. |
|||||||||
| Үйге тапсырма: №6, 3-бетте. | |||||||||||
| Дифференциациялау оқушыларға мейлінше қолдау
көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалайша түрлендіресіз? |
Бағалау – оқушы білімін
тексеруді қалайша жоспарлайсыз? Бүгінгі сабақ ұнады ма? Өз көңіл күйлерін стикерге жазу. |
Пәнаралық байланыс –
Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру, АКТ |
|||||||||
| Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері анық па? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? |
Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз? | ||||||||||
| Дифференциялау
жоспарым жүзеге асты ма? Тапсырмалары сәйкес болды ма? Уақыт дәлдігі қалай болды? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім? |
|||||||||||
| Қорытынды баға
1. Оқыту мен үйренудің қайсысы сәтті болды? 2. Оқыту мен үйренудің қайсысы толықтырылуы керек? 3. Келесі сабағымда ескеретіндей сынып пен жеке оқушы жайында қандай мәлімет алдым? |
|||||||||||
