КОНКУРС

Оқушылардың шығармашлық қабілетін дамыту

БЕГЕНДИКОВА ТАНЖАРЫК ТЫНЫШТЫКОВНА
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, С.Бегендікұлы атындағы
№ 4 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау, психология мен педагогика ғалымдарында ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық – әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болғандығы, шығармашылық теориясын, жасауға деген көптеген ізденістердің болғандығынан байқауға болады. Сондықтан шығармашылық педагогикасының негізгі мақсаты – бүгінгі күн талаптарынан туындаған озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптасу және дамытуда тың жолдар мен шешімдер іздестіру болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттерін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді. Қабілет туралы айтқанда, тұлғаның қандай да бір нәрсені істеуге мүмкіншілігі көрсетіледі, ал талант, дарындылық туралы айтқанда, тұлғаның аталмыш қасиеттің туа біткен сапасының сипаты көрсетіледі. Кейде қабілетті «табиғаттан берілген» тума қасиет деп те есептейді.

Шығармашылық деген сөздің сырына үңілсек, «Шығармашылық» сөзінің төркіні «шығару», «іздену», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін – өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірінде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдерді қабылдай білуге үйренуі керек. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі табуына көмектеседі. Өйткені, адам туынды ғана емес, тудырушы, жаратушы да. Философиялық сөздікте: «шығармашылық қайталанбайтын тарихи қоғамдық мән бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс – әрекет» — деп түсіндіріледі. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу іс-әрекеті мен оқудан тыс уақытындағы шығармашылық қабілетін дамыту – өскелең буынға тәлім-тәрбие берудегі күрделі психологиялық әрекет болып табылады. Шығармашылық іс әрекет оқушының өз жеке шығармашылық бағытын таңдау қажеттігін және шығармашылық өнім, нәтиже туғызуға бағытталған жауапкершілігін қамтитын әрекет.

Сыныптағы ерекше эмоционалдық шығармашылық атмосфера және оқушының қызығушылығы, белгілі эмоция, сезімдерінің барлығы оқушылардың шығармашылық әрекетінің шарты ретінде эмоциялық шығармашылық атмосферасы болып есептеледі. Әрекеттердің шығармашылық қабілеттерді дамыту үшін қажетті ахуалдың болуы керектігін және қорқыныш, жалқаулық, өзін-өзі шамадан тыс сынау сияқты психологиялық кедергілермен күресу қажеттігіне тоқталады. Бұдан шығар қорытынды: «шығармашылық қайшылықтарды шешуге бағытталған, ол ұшін жекелік қасиеттердің болуын талап ететін, нәтижеде әлеуметтік не жеке адам үшін мәні бар соны жаңалыққа әкелетін адам әрекеті» — деген тұжырым жасауға болады. Оқушының шығармашылығы тек өзіне ғана жаңалық болып табылатын, субьективті жаңалық. Жеке тұлғаның шығармашылық қабілетінің дамуына бағытталған, оқушының ынтасын, құлшынысы мен ақыл-ойының бағытын анықтайды, белсенді шығармашылық ойлауын қалыптастыруға көмектеседі.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.