Жылкайдарова Жулдыз Токтамысовна
ШҚО Тарбағатай ауданы
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп КММ
Егемен еліміздің болашағы білім мен тәрбиеге байланысты. Заман талабына сай білім беру , оқушылардың шығармашылығын дамытып жеке тұлға дайындау , өз ұлтының тарихын , мәдениеті мен тілін қастерлейтін және оны жалпы адамзаттық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін елжанды тұлға тәрбиелеу-басты мүддеміз.Осы орайда Максим Горькийдің «Балаларды бала тәрбиесіне бейім адам, баланы сүйетін адам, зор төзімділікпен жұмыс істейтін адам тәрбиелеуі керек» деген сөзі еріксіз еске оралады. Ендеше сапалы білім мен саналы тәрбие ұштасқанда ғана ұлт тілегі , мемлекет, халық мүддесі орындалмақ.
Отбасы- мемлекеттің негізгі буыны.Отбасы- болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықты сіңіретін тәрбие ошағы. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты , ой-өрісі, әдептілігі мен мәдениеттілігі отбасынан бастау алады. Сондықтан отбасы тәрбиесі бірінші орында тұруы тиіс.
Тәрбие-отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне,Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалымен қалыптасады.Отбасының екі тірегі – әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға , үлкенге қызмет етіп, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу-болашақ ұрпақтың борышы. Атаны сыйлау, ата-бабаны, елді сыйлау, әжені құрметтеу-өмірді құрметтеу. «Дәулет есіктен , ақыл бесіктен кіреді» дегендей, білім бесігі мектептен , тәрбие бесігі отбасынан бастау алатындығын ата-анаға ұғындыру-ұстаздардың басты парызы.
Отбасы тәрбиесінің құндылығы,бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екендігі сөзсіз.
Отбасы-адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы.Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған. Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке- отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі деп білесің, ана отбасының ұйытқысы, жылуы, шуағы ,жақсы ана отбасына береке әкеліп,жанұясын бақытқа бөлейді.
Отбасы қарым-қатынасында ,олардың ішінен келісім , өзара түсіністік , бірінің екіншісін құптауы секілді қарым-қатынасының қазіргі кездегі басты ерекшелігі – әр тұлғаның мейлі балалары, мейлі ересектері болсын,мағлұмат байлығы болып, өзара қарым-қатынас осы мағлұмат алмасу кезінде өте тығыз орнығуы ықтимал . Өзара мағлұмат алмасу отбасы мүшелерінің рухани кемелденуіне алып келсе, мұндай отбасының болашағы бар.Отбасы мүшелерін қарым-қатынас арқылы біріктіретін,өзара туысқандық байланыстарын нығайта түсетін аса маңызды сфера – мақсатты бірлесіп еңбек ету ,нәтижесіне ортақтасу ,бөлісу.Мұндай қарым-қатынас алдымен,отбасы иелері –әке мен шеше ортасында түсіністікпен орнаса,соның өзі балаға өнеге болатыны өмірден белгілі.Бұдан басқа әке мен ұл, анасы мен қызы , бір туғандардың бірлесіп ,бір мақсатта еңбектенуі өзара түсіністікті нығайтатын аса маңызды құрал – қарым-қатынас екені педагог ,психолог, ғалымдар тарапынан дәлелденген.
Қарым-қатынас барысындағы біреудің екінші бір адамға әсерін, не болмаса өзара қарым-қатынас нәтижесіндегі ықпалдастықтың әдіс-тәсілдері педагогикалық сипатта болғанымен , ішкі тетіктері адамның психологиялық ахуалына, сезімі, ой-санасына, қылық-жорығы ,жүріс-тұрысына тікелей, жанама сөз арқылы әсер ету болып саналады.
Отбасы педагогикасында ықпал етуші мен ықпалға түсушінің орыны алмасып отырады. Мәселен,бірде ересектер балаға ықпал етсе , енді бірде балалар ересектерге әсер етіп отырады. Отбасы қарым-қатынасында ата-ана балаға ықпал етудегі мақсатын,өзінің талаптарын,оған түрткі беріп отырған ішкі мотивтерін қанағаттандыру үшін және мұны кейде тікелей , кейде жанама түрде іске асыруға тырысады.Олардың мүдделері де белгілі: балаға нақты әдет -дағдыларын меңгеру, іскерлікке баулу, ұқыптылыққа, ерінбеуге т.б дағды мен әдет қалыптастыру.
Ықпал ету ересектер тарапынан өз күшін көрсету, бағындыру, баланың әлсіздігі не білместігін пайдаланып, билігін жүргізіп, содан ләззат алу секілді теріс психологиялық мотивтерден туындауы да мүмкін.
Отбасындағы қаталдық , ата-ананың өзара қарым-қатынасындағы олардың балаларға қатынасындағы қаталдық, рақымсыздықпен қатыгездікке,жоқтан өзгені сылтауратып әлімжеттілік істейтін бейбастық, содырлыққа соқтырады. «Таз ашуын тырнадан алады,» дейді қазақ мұндай мінезді.
Орыстың ұлы педагогы К.Ушинскийдің «Тәлім тәрбие дәрменсіз болмауы үшін, ол халықтық болуы тиіс» дегені белгілі.
Жалпы тәрбиелеу әдістері педагогикада сана-сезіміне ықпал ету, іс- әрекетін ұйымдастыру, ынталандыру болып топтастырылған. Отбасы тәрбиесіне байланысты ғылыми-педагогикалық практикалық бағыттағы отбасы тәрбиесінің психологиясына байланысты әдебиеттерді зерттеу және өзіміздің практикалық жұмыстарымыздың нәтижесінде ата-ананың балаға ықпал ету әдістерін топтастыру керек.
Сонымен ұшы қиыры жоқ қажырлы еңбек күн көру үшін күрес,тұрмыс жағдайлары кейде ата-аналардың бала тәрбиесіне көңіл бөліп, жағдай жасауларына мүмкіндік бермейтіні, ақпараттану мүмкіндігінің төмендігі, бала тәрбиесіндегі көзқарастарының жаңсақ тұстары, педагогикалық сауатсыздықтың анықталуы ата-аналарға арнап,отбасы тәрбиесі бойынша сауатын ашу, педагогика ғылымынан мағлұмат беру керек екендігін айқын көрсетеді.
Тәрбие жұмысын жүргізуде ата-анамен мектептің бірлігі қажет.Сонда ғана мәселелерді шешуге болады.
Мектепте, ата-анада,баланың ортасында-тәрбие тұтқасы. Ұлттық педагогиканың «Бала тәрбиесі –баршаға ортақ» деген қағидасын басшылыққа алған халқымыз «Ұлға отыз үйден,қызға қырық үйден тыю» жасаған екен.