Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы,
Миролюбовка ауылы «Миролюбовка орта мектебі» КММ
Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі
Жумаканова Жанат Болатбековна
Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын
бір шарт — жас күнде көрген өнеге. Жүсіпбек Аймауытов
Қоғам үшін әркезеңде, әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл — қыздардың дені сау, рухани бай, еңбекке , білімге құштар болып өсуі — ең жоғарғы тілек, ең биік мақсат. Оның қуат алатын қайнар бастауы отбасы. Отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Балаға ата — ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе алмастыра алмайды. отбасы — өмірге сәби әкеліп, оны тәрбиелеп, қалыптастыруда және ұрпақ жалғастыруда теңдесі жоқ орын.
Отбасының балаға тәрбие берушілік қызметінің мақсаты — баланың жасын, жеке ерекшелігін, психологиялық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Көздеген мақсатқа жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді.
– Отбасында баланың өсуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, тазалықты қалыптастыру.
– еңбексүйгіштікке баулу, тұрмыстағы, үй шаруасындағы еңбекке құлшынысын арттыру, өзіне — өзі қызмет етуге үйрету.
– Отбасы мүшелерімен тіл табысып, дұрыс қарым — қатынас жасауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге үйрету .
– Әдебиетке, мәдениетке, өнерге тәрбиелеу. Бұл міндеттер жүзеге асу үшін бала дүниеге келген күннен бастап отбасында, қоғамдық орындарда, мектепте тәлім — тәрбие беріледі.
« Баланы жастан », « Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген даналық сөздердің мағынасы өте терең.
Себебі, есейіп кеткен соң баланың теріс мінезін, қалыптасқан қате көзқарасын өзгерту өте қиын. Осы кезде « Балаңыздың тәрбиесін бастамас бұрын, өзіңіздің мінез — құлқыңызды, өмірге көзқарасыңызды ой елегінен өткізіп, бақыладыңыз ба ? » деген сауал туады.
Ұлы педагог А. С. Макаренко : « Балалардың алдында беделді болуды қаламайтын ата – ана жоқ. Бірақ қалай, қай бағытта өнеге беріп, өсіріп келе жатқанын ойламастан, бала санасын рухани өктемдік жасап тәрбиелейтін ата – ана баршылық. Бұл беделді болудың қандай жолы? Мұндай жолмен келген адал баланың санасы жетілгенде өздігінен жойылады» деген.
Отбасы — барлығының басы, жан — жақты дамуының негізі болатын тәрбие институты. Отбасындағы ата — ана мен баланың қарым — қатынасы нәтижесінде, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгілері қалыптасады. Ал әке мен шеше — баланың алғашқы тәрбиешілері.
Ата — аналар бала бақытының шынайы бағбаны болуы тиіс .
Бала бақыты — білімде. « Білім бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не жасаса да келістіріп жасайды », — дейді А. Байтұрсынов.
Бүгінгі таңда болып жатқан өміріміздегі өзгерістерге байланысты ұстаздар мен ата — аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басым ролін мойындай отырып бірлесе жұмыс жасау керек. Әрбір ұстаз ата — аналармен қарым — қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып, ата — ананың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс жасаса, ата — ананың балабақшаға, тәрбиешіге деген көзқарасы өзгерер еді.