КОНКУРС

Бала дағдысын дамытудағы ұстаз бен ата-ананың одағы

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы,
№122 Ақжар жалпы орта мектебінің директоры
Турганбаева Гульжан Абдигаппаровна

Оқушыны саналы, оқу дағдылары жан –жақты дамыған, сергек етіп тәрбиелеуде ата-ананың орны ерекше.Отбасы — адамзат бесігін тербеткен ұя болса, сол отбасындағы баланың бас ұстазы — ата-ана. «Балапан ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі» — демекші, бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Сананы қалыптастыруға мектеп үлкен үлесін қосады . Бала тәрбиелеу оның дүниеге келген сәтінен басталады. Бірақ әлеуметтік тәжірибені саналы түрде меңгеру кешірек қалыптасады. Дұрыс ұйымдастырылған тәрбие тәрбиеленушінің тәрбие барысында қалыптасуға тиіс мінез-құлық ережелерін игеруіне ықпал етеді. Бала белгілі бір қасиеттің мәнін түсінбейінше, оны баланың бойында тәрбиелеу мүмкін емес.

Жеке тұлғаның қасиеттерінің мәнін түсіне келе баланың жас ерекшеліктеріне қарай өзіндік көзқарастары, түсініктері, сенімдері, мұрат-мақсаттары қалыптасады. Бұл міндеттерді шешу үшін жеке тұлғаның санасын қалыптастыру керек.

Береке-бірлігі мол үлгілі отбасында тәрбиеленген баланың таным жүйесі мейлінше кең, болашақ өркениетке қосар үлесі бар тұлға болары сөзсіз. Тәрбиенің бастауы болған отбасы мүшелері тәрбие мен оқу жоспарын іске асыруда мектептің ең басты одақтасы бола алады. Мектеп пен отбасы мүшелері өзара бірлесіп жұмыс істегенде ғана ынтымақтастықпен қарым-қатынас болып, арада түсіністік пен үйлесімділік орнамақ. Себебі, баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы тәлім-тәрбиедегі бір жүйелілікпен, өзін қоршаған ортамен, бірге оқыған құрбы-достарымен, олардың күнделікті іс-әрекетімен, сөйлеген сөзі, жүріп-тұруы тағы басқа қасиеттерімен тығыз байланысты. Орынды тәрбие арқылы адам баласының тағдыры шешіледі, оның білімді тұлға болып қалыптасатынын, елдің берік тірегі болатынын көрсетеді. Ұрпақ тәрбиесіне қай кезеңде, қай елде болмасын үлкен мән берілген. Ұлы педагог В.А.Сухомлинский: «Тек ата-аналармен бірге жалпы күш-жігерді біріктіру арқылы ғана мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақыт беруі мүмкін» деген ұтымды ой айтқан. Ұлтымыздың ұлағатты дәстүрлерін кеңінен пайдаланып, тәрбие ісіне арқау ету де өз пайдасын тигізеді. Жеке адамның санасын қалыптастыру отбасынан басталады

Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері ұғым, пайымдау — пікірін айту, баға беру, сендіру,әңгімелесу, пікірталас, өнеге,көндіру секілді іс-әрекеттер отбасында қалыптасады.

Сананы қалыптастыруда — сендіру әдісі арқылы ата-ана балаға адам мінезіне қойылатын талаптар, еңбектің, басқа адамдармен қарым-қатынастың маңызы туралы айтып, оның дұрыстығына баланың көзін жеткізуге ұмтылдыру ата-ана міндеті. Мектеп қабырғасына өмірлік дағдылары қалыптасқан, жетілген бала келеді. Баланы жақсы сөз бен іске сендіру үшін мұғалім тілді қолданады. Беделді, мәдениетті, тәжірибелі мұғалімдердің сөзі оқушыға өтімді болады. Дегенмен өмірлік дағдылары қалай қалыптасса мектепте де солай оқу дағдыларына машықтанады. Сондықтан ең алдымен дағды ұғымын ата-анаға түсіндіру дұрыс деп ойлаймын.

Отбасы – белгілі-бір дәстүрлерді, адамшылық бейнені, жақсы сөз, ұнамды мінез, ыстық ықылас, қуаныш, ашық әңгімелесу арқылы да баланың көңілін тауып,ішкі сырын ашуға болады. Дегенмен, жұмыс барысында көптеген ата-ана өз міндетін киіндіру мен тамақтандыру аясынан шыға алмай қалады. Осындай жанұяда тәрбие көрген бала тәрбиесіде елеулі қателіктерді байқау қиын емес. Кейбір отбасылар балаға тәрбие мен білім беру ісін мектеп мойнына жүктейді. Енді біреулері баласын орынсыз сөгіп, көңіліне қаяу түсіріп жатса, бірі «адам болар бала өздігінен оқып үйренеді» дегенді алға тартады. Мұндай теріс түсініктер баланың болашағына сызат түсіреді. Ал, орынсыз балағаттап, баланың абыройына нұқсан келтіру ата-ананың бала алдындағы, қоғам алдындағы беделін төмендетеді. Бүгінгі таңдағы бала тәрбиесіндегі кездесетін мұндай олқылықтардың алдын алу үшін ата-ана, мектеп,қоғамдық ұйымдар қай кезде де бірлесе отырып жұмыс жүргізу керек.

Адамның адамшылдығы жақсы ата-ана мен білікті ұстаздан. Тәрбиенің таразы секілді екенін ескерсек, ата-ана мен ұстаздың тең түсуіне көп көңіл бөлген абзал. Тәрбие ісіндегі ең басты жауапкершілік өздерінде екендігін ұмытып, баласының мінез-құлқы үшін қоғамға кінә артатын ата-аналардың кездесіп жататыны өкінішті-ақ.

Бүгінгі кейбір жастарымыздың бойындағы келеңсіз қасиеттер мен жағымсыз мінез-құлықтардың қалыптасуына осындай жауапсыз ата-аналардың кемшілігі де өз әсерін тигізбей қоймайды дер едім. Жас ұрпақты тәрбиелеу жүйесі жаңа заман талабына сай қоғамдық өмірде болып жатқан ұлы өзгерістерге байланысты. Оған қойылар талап жан-жақты жетілген адамды тәрбиелеу. Ойлы ұрпақ тәрбиелегіміз келсе, ата-ана,мектеп пен бала ынтымақтастықта отырып, білім ордасындағы тәрбие отбасында жалғасын табатындай етіп ұштастыра білгеніміз жөн. Қазақ зиялыларының бірі М.Жұмабаевтың: «Тәрбиедегі мақсат баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып шығару» деп айтуы бала тәрбиесіндегі ата-ана, мектеп, қоғам алдында үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын дәлелдейді. Әрине,отбасы өзінің дербес әрекеті арқылы тәрбие саласында ауқымды мәселелерді шешуде әлсіздік танытады .Ол үшін отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастығын нығайту өте маңызды. Ал, тәрбие қоғамдық құбылыс болғандықтан, оны қоғам талаптарынан тыс ұйымдастыру мүмкін емес. Бұл тұста үштік одақ: мектеп, отбасы және қоғамдық мекемелер жұмысындағы өзара сабақтастық және ынтымақтастық өз үйлесімін табуы тиіс.

Сынып жетекшісінің ата–аналармен жұмыс істеу қажеттілігібасым орын алады. Баланың өмірін ұйымдастыруда, оның тәрбиесіне қатысты мәселелелерді шешуде ортақ көзқарастың болуында баланың отбасы мен мектеп жағдайындағы дамуын және әлеументтенуін тиімді ұйымдастыру мақсатында тәрбиенің бірыңғай ұстанымдарын қоюда. Баланың әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық даму жағдайын ескере отыра, тәрбиенің мақсаты және міндеттері дұрыс анықтау, оларды жүзеге асыру басты мақсат. Баланың жан – жақты үйлесімді дамуы үшін тәрбиелік ықпалды тиімді және нәтижелі ұйымдастыру қажет. Балаға мектеп пен мектептен тыс тәрбие мекемелерінің, ата – аналармен жұртшылықтың педагогикалық қолдануын ұйымдастыруда одақтың бірлігі керек. Баланы әртүрлі ортада, әртүрлі жағдайда жан – жақты жақсы танып білуі үшін сынп жетекшінің қызметі зор. балаға ықпал етудің жалпы тәсілімен техникасын ойластыруда, әртүрлі өмір жағдайында оның тұлғасына әсер етуде күш жігерді біріктіру үшін;- сынып жетекшісі, оқушылар және ата – аналардың жағымды көңіл күйін өзара жағымды түсіністік пен ынтымақтастық қарым – қатынасын орнықтыруда. Осы орайда мектеп пен ата-ана бірігіп болашақты тәрбиелеу керек

Ата–аналармен тұрақты байланыс орнату. Ондағы мақсат: отбасының, оның мүшелерінің өзара қарым–қатынасы мәдениет деңгейі, отбасының жеке басқа ықпалы ата–ананың педагогика білім дәрежесінің жай – күйін анықтап, кеңес беріп, оларды бала тәрбиесіне ортақтастыруды көздейді. Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету. Ондағы мақсат өмір сүріп отырған қоғамға сай белгілі бір мінез құлық нормалары балаға үйрету, жаттықтырудың жүйелілігін, тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Сол сыныптағы дәріс беретін мұғалімдерді ата – аналармен ортақ іске ұйымдастыру. Ата–аналар ұжымын құру. Бұл күрделі әрі жауапкершілігі мол маңызды міндет. Бұл бағытта ата–аналар комитетін құру, оның жұмыс жоспарын жасау, оларды мектептегі қоғамдық жұмыстарға қатыстыру, атқарылатын істерге талдау жасап отыру . жұмыстарды міндеттейді. Ата–аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру. Ол үшін ата–аналардың жаппай педагогикалық білім алуларын ұйымдастыру қажет.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.